Қазақстан тарихы кафедрасы. Ғылыми тарих мамандығы. Орындаған: Балтабай Жандаулет



Дата04.11.2022
өлшемі27.59 Kb.
#463971
Балтабай Ж СӨОЖ 2



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Тарих,археология және этнология факультеті.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Ғылыми тарих мамандығы.

Орындаған: Балтабай Жандаулет
Қабылдаған:Абдуқадыров Нұржігіт
Алматы 2022
СОӨЖ 2.Қытайдағы апиын соғыстары
1.«Апиын соғысы» – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғысы. Мақсаты – сауда-саттықты бақылауда ұстап қана қоймай, қытайлықтарды өздеріне тәуелдеу болды. Еуропада Қытайдың тауарлары сәнге айналған кез болатын. Алайда, Қытай өзге елдердің ықпалынан өздерін алыс ұстауға тырысты. Еуропалықтар өздерінің тауарларын Қытайға сату үшін, ашық тұрған жалғыз порт арқылы ғана кіруге мәжбүр болды.Бұл бірінші мақсаты еді.
2. Ағылшындардың отары – үнділер арқылы Қытайға апиын таси бастады. Ол британдық басшылықтың толық қолдауымен жүзеге асты. Апиын сату – ағылшындар үшін Қытаймен сауда-саттық орнатудың ең қолайлы әдісі. Өйткені, оны шенеуніктер де, императорлар да, әскери адамдар да тартты.
3. Қытайлықтар портты жауып, саудагерлерден апиындарды тәркілей бастады. Нәтижесі соғыспен, Қытайдың жеңілісімен аяқталды. Салдарынан Қытай Англияның шығынын өтеп, территориясының бір бөлігін берді. Содан кейін, апиын саудасы Қытайда заңды деп есептелген. Алайда, бұл елді дағдарысқа әкелгендіктен, ағылшындар пайда көре алмады. Аталмыш дағдарысты коммунистер мен Мао Цзедун тоқтата алды
Бірінші апиын соғысы 1840-42 жылдары болды. Англия Қытайды тәуелді ел ету үшін соғысқа кірісті. 1840 жылы маусымда басталған соғыстың сылтауы 1839 жылы Қытай үкіметінің уәкілетті өкілі Лин Цзы-сюдің ағылшын отаршылдарының апиын контрабандасын жоюы болды. 1839 жылдың аяғында британдық және қытайлық әскери кемелер арасында қарулы қақтығыстар басталды. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямэнь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алып, 1842 жылы тамызда Нанкинге жақындады. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандун провинциясындағы шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі ел қорғанысын ұйымдастыруда дәрменсіздігін көрсетіп, халықтың қолдауына ие бола алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин шартына қол қойылды. Франция Англиямен бірге екінші «апиын» соғысына (1856-60) қатысты. Қытайдағы азаматтық соғысты (Тайпин көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу аймағында соғыс қимылдарын бастады. Франция 1857 жылдың басында қосылды. 1858 жылы соғыс қимылдары астананың Ужили ауданы аумағына жылжыды. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз әскері Дагу портын басып алып, Тянь Цзинь мен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен келісім жасауға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу үшін Англия мен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзинді, қазан айында Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа шарттар қойылды.Апиын соғыстары Қытайдың жартылай отаршылдық түрленуінің маңызды кезеңі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет