Бүгінгі біздің сұхбатымыз ауылдағы сән салонының иесі, жас кәсіпкер Айжан Балтабай



бет1/11
Дата27.10.2023
өлшемі46.45 Kb.
#481732
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Á?ã³íã³ á³çä³? ñ?õáàòûìûç àóûëäà?û ñ?í ñàëîíûíû? èåñ³, æàñ ê?ñ³ï


Бүгінгі біздің сұхбатымыз ауылдағы сән салонының иесі, жас кәсіпкер Айжан Балтабай.
- Айжан Балтабай өзіңізді жақынырақ таныстыра кетсеңіз.
Айжан:
- Мамандығым бойынша медбике, алайда сұлулыққа жаным құмар жан болғандықтан салон шебері қызметін таңдадым. Міне, он жыл бойы нәзік жандыларға сұлулық сыйлап келемін. Осы жылдар аралығында салондарды жалға алып, шаш үлгілерін сәндеп, арулардың кірпік, саусақтарын әсемдеп жүрдім. Бұрын мен өзге адамдардың қарамағында, бөлмелерді жалдап жұмыс істеп келдім. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан алған білімімнің арқасында өзіме деген сенімділік артты. Жолын білсең, кәсіп ашу қиын мес екен. Әдемі болуды армандамайтын әйел кем де кем. Сол себепті нәзік жандыларға қызмет көрсететін сұлулық салонына әрқашан сұраныс болады деп ойлаймын.
- Ауылда сән салонына сұраныс болмайды деген қорқыныш болдыма?
Айжан:
- Әрине, ауылда тойхана жоқ. Десе де аудан орталығындағы біріне баруы үшін осы сән салонына бас сұғады. Мұнда қызметтің барлық түрі бар. Мәселен, шаш сәндеу, бояу, қию, бет әрлеудің барлық түрі, сондай-ақ тырнақ сәндеу де бар. Ал бар қызметті кәсіпкердің өзі-ақ атқарады. «Басты көмекшім – екінші анам».
- Сізге қолдау білдірушілер болдыма? Бастапқы салым қанша болды?
Айжан:
- Ауылда бос отқанша кәсіп ашайын деген ой келді. Әрине, ең алдымен қолдау білдірген жақындарыма алғысым шексіз. «А студио» сән салонынан, Айзада, Айгерім Асқарбектерден тәжірибемді шыңдадым. Баста тұтынушыларды үйден қабылдап жүрдім. Уақыт өте жоба әзірлеп, 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткіздім. Барлық құрал-жабдығымды алып, міне жұмысымды бастап та кеттім.
- Болашақта кәсібіңізді ұлғайту ойыңызда барма?
Айжан:
- Негізінен бірнеше жыл сән салонында жұмыс жасап, кейін өз кәсібімді бастадым. Бұл кәсіпке келмес бұрын арнайы курстарда оқыдым. Басқа салондардың жұмысымен таныстым. Әрдайым тұтынушы талғамынан шыға білуге жұмыс жасаймыз. Келген адамдар біздің жұмысымызға өз ризашылықтарын білдірсе, еңбегіміздің жемісі сол. Сондықтан да ең бірінші сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз, – дейді жас кәсіпкер.
Айта кетейік, Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жыл сайын жан-жақты қолдау көрсетіліп, соның нәтижесінде жастар кәсіптің сан-саласын игеруде. Бизнестің тетігін тауып, кәсіптің қыр-сырын меңгерген Айжан да мемлекеттік бағдарлама арқылы үстемақысы жеңілдетілген 2 млн теңге несие алып, өз ісін кеңейтуге мүмкіндік алды. Кәсіпкер алдағы уақытта тұрғындардың сұранысы бойынша басқа да қызмет көрсету орталықтарын ашуды көздеп отыр.
- Осы кәсіпті бастағысы келетін, кәсіпкер болғысы келетін жандарға берер кеңесіңіз.
Айжан:
- Кәсіппен айналысу кез кел­геннің қолынан келеді. Бас­тысы ниеті болса болғаны. Жастарға кәсіп ашуға, сол арқылы өзін-өзі қамтуға кеңес беремін. Нарықтық қоғам «алма піс, аузыма түс» деп жатуды көтермейді. Бұл мен армандаған ойдың бірінші сатысы. Ендігі мақсат – осы кәсіпті одан әрі дамыту, үлкейту. Ауыл жастарын жұмыспен қамту, – дейді жас кәсіпкер.
Ауылдағы жаңа, жалғыз сән салоны тұрғындарға барынша қызмет көрсетпек. Өйткені, сән мен салтанат құрған жерде кәсіп те дөңгелейді.
Адам алдына мақсат қоя білуі керек. Менің ақыл-есімнің дұрыстығынан асқан бақыт жоқ. Көшеде қайыр сұрап жүргендердің арасынан мүгедекті де, дені сау адамды да кездестіруге болады. Ондай адамдардың өздерінде ынта-жігер жоқ. Бос уақытта кітап оқып, түрлі кино көремін. Осының өзі маған көп жаңа дүние ойлауыма себеп болады.
- Кәсібіңіз алға басып, жаңа жетістіктерге жетуіңізді тілей отырып сұхбатымызды аяқтаймыз. Ақыл-кеңестерге толы сұхбат үшін көп рахмет.

6 тақырып. Бизнес-ойлар генерациясы.


Семинар сабақтарының сұрақтары:

Семинар сабағының сұрақтары:


1. Ойлаудың жаңа түріне дайындық.
2. Бизнес-идеяларды генерациялау ұсыныстары мен әдістері
Семинарда талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1 тапсырма. Өз іскерліктеріңізді және қалауыңызды
сипаттаңыз.
2 тапсырма. Белгілі компаниялардың миссиясы мен
стратегиялық көрінісі туралы мәлімдемелердің мысалдарымен
танысыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет