Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді
Қазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
арналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.
№
|
Бөлім
|
Тақырып
|
01
|
Ежелгі Қазақстан
|
Ежелгі Қазақстан
|
Қазақстан ерте темір ғасырында
|
02
|
Орта ғасырлардағы Қазақстан
|
Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан
|
ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан
|
ХV ғасырдың екінші жартысы-ХVІІ ғасырдағы Қазақстан
|
03
|
Жаңа замандағы Қазақстан
|
Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
|
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
|
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
|
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
|
ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
|
04
|
Қазіргі заманғы Қазақстан
|
1917-1941 жж. Қазақстан
|
Қазақстан 1941-45 жж.Ұлы Отан соғысы кезінде
|
1946-1991 жылдардағы Қазақстан
|
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен нығаюы
|
Саяси жүйедегі модернизация
|
Қазақстанның экономикалық дамуы
|
Қазақстанды әлеуметтік дамыту. Қазақстандағы этнос және конфессияаралық ынтымақтастық. Қазақстандағы демографиялық жағдай.
|
Қазақстан Респуликасындағы рухани-мәдени өмір
|
«Қазақстан - менің тағдырым»
|
Ұлттың қауіпсіздігі
|
Қазақстанның сыртқы саясаты
|
Қазақстан бүгінгі әлемде
| Тест жоспары:
Ежелгі Қазақстан – 4 тапсырма.
Орта ғасырлардағы Қазақстан – 5 тапсырма.
Жаңа замандағы Қазақстан – 7 тапсырма.
Қазіргі заманғы Қазақстан – 9 тапсырма.
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Ежелгі Қазақстан: жыл мен ғасыр арақатынасы, оқиғаның реті мен ұзақтығы, тарихтағы жыл санау; ежелгі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
Орта ғасырлардағы Қазақстан: орта ғасырлар тарихының хронологиясы, қоғамындағы адамның жағдайы; қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы; қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күресі.
Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шегі; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмысы, даму ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы Қазақстан: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы; тәуелсіз Қазақстан Республикасының жариялануының тарихи маңызы. Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |