«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы
– Энеолит (мыс-тас дәуірі).
Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы
– Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.
Б.з.б. І мыңжылдықтың басы
– Темірді игеру басталды.
Б.з.б. I мыңжылдық
‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.
Б.з.б. І мыңжылдық
– Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
Б.з.б. VІІІ ғ.
‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары.
Б.з.б. ІІІ ғ. Соңы
‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі.
Б.з.б. 530 ж.
‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
552–603 жж.
‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
603–704 жж.
‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
704–756 жж.
‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі.
751 ж.
‒ Атлах (Талас) шайқасы.
756–940 жж.
‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
870 ж.
– Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы.
942-1212 жж.
‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
ІX ғ. Соңы‒XI ғ. Басы
(ІX ғ. Соңы‒XI ғ. Ортасы)
‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
ХІ ғасыр.
– Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты.
ХІ ғасыр.
– Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі.
ХІІ ғасыр.
– Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі.
960 ж.
‒ Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы.
XI ғ. Басы‒XIII ғ. Басы
‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі.
1236/1237‒1242 жж.
‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы.
XIV ғ. І жартысы
‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі.
1465 ж.
‒ Қазақ хандығының құрылуы.
XVI ғ. Басы
‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
XVI ғ. Басы
– «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты.
1538‒1580 жж.
‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
1582/1583‒1598 жж.
‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
XVI ғ. Соңы–XVIІ ғ. Басы
– «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты.
1628/1629–1652 жж.
– Жәңгір ханның ел билеуі.
1643 ж.
‒ Орбұлақ шайқасы.
1680‒1715/1718 жж.
‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты.
ХVII ғ. Соңы.
‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
1723 ж.
‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы.
1726/1728 ж.
‒ Бұланты шайқасы.
1729/1730 ж.
‒ Аңырақай шайқасы.
1731 ж.
– Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
1771‒1781 жж.
‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
1783‒1797 жж.
‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1835–1865 жж.
– Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
1836‒1838 жж.
‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
1837‒1847 жж.
‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
1841 ж.
‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
1841–1889 жж.
– Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
1845–1904 жж.
– Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
1866–1937 жж.
– Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты.
1893 ж.
– В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты.
1913‒1918 жж.
‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
1916 ж.
– Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
1917 ж., шілде
‒ «Алаш» партиясының құрылуы.
1917 ж., желтоқсан
‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
1918–1920 жж.
– Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат
Соғысы.
1920 ж.
‒ Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы.
1925 ж., сәуір
‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді.
1925 ж.
– Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға
Көшірілуі.
1928 ж.
– Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк
Педагогикалық институтының ашылуы.
1929 ж.
– Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі.
1931-1932/1933 жж.
‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.
1932 ж.
‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері:
Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев.
1936 ж.
– Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы
(ҚазКСР).
1937 ж.
– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1939 ж.
– Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы.
1941 ж.
– Ұлы Отан соғысының басталған жылы.
1946 ж.
– Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
1949 ж.
– Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
1949 ж.
– М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі.
1954 ж.
– Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
1957 ж.
– Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
1959 ж.
– Теміртаудағы жұмысшылар толқуы.
1961 ж.
– «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
1960-1962, 1964-1986 жж.
– Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары.
1963 ж.
– Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт.
1969 ж.
– Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы.
1978 ж.
– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1979 ж.
– Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері.
1986 ж.
‒ Желтоқсан оқиғасы.
1988 ж.
– Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.
1989 ж.
– Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi.
1989 ж.
‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
1989 ж.
‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
1991 ж.
‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
1991 ж., 29 тамыз
– Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы.
1991 ж.
‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
1991 ж.
– Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы.
1991 ж., 16 желтоқсан
‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
1992 ж.
– Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.).
1992 ж., маусым
‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі
1992 ж.
‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
1993 ж., қараша
‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
1995 ж.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
1995 ж., 30 тамыз
‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
1997 ж.
‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1997 ж.
– Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
1999 ж.
– ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі.
2003 ж.
‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі.
2010 ж.
‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
2011 ж.
‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
2017 ж.
‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
2019 ж.
‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі.
2019 ж.
– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.
® 2010-2020
Барлық құқықтар қорғалған
Байланыс Реквизиттер Төлемдерді жеке тұлғаларға қайтару
Мекенжай:
Нұр-Сұлтан қ.,
Родниковая көшесі 1/1
uto@testcenter.kz
Call center: +7 (7172) 69 50 69
ҰБТ/ЕНТ: ішкі 132, 186, 193
ҰБТ/НКТ: ішкі 169, 194
Магистратура: ішкі 133
Бухгалтерия: ішкі 143
Апелляция: ішкі 164, 200
ҚАЗТЕСТ: ішкі 190, 191
Кеңсе: ішкі 173
Мемлекеттік сатып алу: ішкі 141, 135
Яндекс.Метрика
/press-tsentr/novosti/detail.php
Достарыңызбен бөлісу: |