«Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы»



Дата02.07.2016
өлшемі161 Kb.
#172042

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

«Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы» пәні бойынша


050103, 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Б.Х.Галиева


Психология және педагогика кафедрасы

«Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы» пәні бойынша
050103, 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы _______________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ ____________ 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама

Қазіргі заманғы өркениет білімді, интеллектуалды қоғамға бетбұрыс алып келе жатыр. Заманауи әлемде білім жеке бір тұлғаның ғана емес, сондай-ақ әр түрлі қауымдастықтардың, қоғамдардың да дамуының өзегі болып табылады. Білімге көзқарастың өзгеруі ірбір жеке елдің ұлттық бірегейлігін ұғынудың өсуімен ұштасып келеді. Білім беру – Қазақстанның даму стратегиясының тұғыры, ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ететін, оның барлық халықтарының өзіндік мәдениетін сақтап, дамытатын фактор. Қазақстан мемлекет пен қоғам тұрақты дамудың сапасына ортақ жауапты, білімді әрі білікті ел ретінде ғана дами алады.

«Білім мұраты» ұғымы білім саясаты мен педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау-болжау және құндылықтық-бағдарлау бастауларын қамтиды. Қазақстанның қазіргі білім мұраты еліміздің білім беру жүйесінің құндылықтары мен дүниежүзілік мәдениет құндылықтарының біртұтастығында, ұлттық ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің озық технологиялық үлгілермен тоғысып, адамның кәсіби құзыреттілігі мен сыни-рефлексиялық ділі тәрізді қасиеттерінің үйлесуінде көрініс алады. Қазақстанның білім мұратының қалыптасып даму тарихын зерделеу білім берудің қазіргі жағдайын түсініп, оның болашақ дамуын белгілеу үшін өте маңызды.



Пәннің мақсаты: әлемдік және отандық қоғамдық-педагогикалық ойының тарихында Қазақстанның білім мұратының даму эволюциясы, сондай-ақ білім мұратының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы мәселелері туралы түсінік беру.

Пәннің міндеттері:

  • студенттерді Қазақстанда ұлттық білім мұратының қалыптасып даму факторлары мен тарихи перспективаларын талдауға үйрету;

  • білім алушыларды білім мұратының Қазақстанның көпмәдени қоғамы контексіндегі біріктіру әлеуетін түсінугеге жағдай жасау, осы әлеуетті студенттермен тәрбие жұмысын жүргізгенде қолдану.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • «білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырларды;

  • білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттарын;

  • білім мұратының қазіргі әлемде дамуының тенденцияларын;

  • қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • білім мұратының қалыптасуы мен дамуының факторларын талдай алу;

  • қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін айқындау;

  • нормативтік құжаттарды, білім беру тұжырымдамаларын олардың білім беру мақсаттары мен мұраттарына сәйкестігіне орай талдауға дағдылану.

Пререквизиттер: философия, педагогика, жалпы психология.

Постреквизиттер: этнопедагогика, педагогикалық тәжірибе.

Курстың соңында студенттердің білімдерін тексеру үшін емтихан енгізілген.


Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.

Дәрістерге дайындалу үшін мынадай тапсырмалар орындалу қажет

1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар.


Тапсырма: «Білім мұраты» ұғымының анықтамасын философиялық және педагогикалық сөздіктерден жазып алыңыздар.
2-тақырып. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары.

Тапсырма: «Педагогика тарихы» оқулығынан білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттарымен оқып танысыңыздар.
3-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты.

Тапсырма: «Қазақстан тарихы» оқулықтарынан, «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясынан» кемел адам мұратының VI ғасырдың көне түркі жазбаларындағы көрінісін, Қорқыт ата шығармашылығындағы (IX ғ.) адам туралы пікірді зерделеңіздер.
4-тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Шығыс ойшылдарының ізденістеріндегі (әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Жүйнеки және т.б.) білім және тәрбие мұраты.


5-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Асан Қайғы, Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Шал ақын, Бұхар жырау, т.б. жыраулардың шығармаларындағы тәрбие, тәрбиелік туралы ойлары.


6-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Қазақ философтары мен педагог-ағартушыларының білімді адам туралы ой-толғаулары (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев). ХХ ғасырдың басындағы көрнекі ойшылдардың Қазақстанда білім беру туралы идеялары (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б.).


7-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Білім мұратын қалыптастыруға аксиологиялық тұрғыдан келу. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы гуманистік құндылықтардың рөлі. Білім өтпес құндылық ретінде.


8-тақырып. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Білім мұратының қазіргі әлемде және Қазақстанда дамуының тенденциялары. Еуразиялық идеясы қазіргі қазақстандық қоғамдағы білім мұратын қалыптастырудың негізі ретінде.
9-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Мемлекеттік білім беру саясаты мен білім мұратының арақатынасы. Қазіргі білім мұратының мемлекеттік білім беру стандарттарында бейнеленуі.


10-тақырып. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі.

Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар:

Жаһандану үдерісі. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігі. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі білім мұраты феномені.


Семинарларға дайындалу үшін мынадай тапсырмалар орындалу қажет
1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар.

  1. Философия мен педагогикадағы «идеал (мұрат)», «тәрбие мұраты», «білім мұраты» ұғымдары.

  2. Білім мұратының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне аксиологиялық тұрғыдан келу.

  3. Білім мұраты мәселесін акмеологиялық тұрғыдан шешу.


2-тақырып. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары.

  1. Білімді адам мұратының антика дәуірінің ой мұрасында қалыптасуы және дамуы (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және т.б.).

  2. Орта ғасырлардағы батыс қоғамының тәрбие және білім мұраты.

  3. Қайта өрлеу дәуірінің және Жаңа ғасырдың білімділік мұраттары.

  4. Индустриалды қоғамның білімді адамған қойған талаптары.


3-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты.

  1. Халықтық ертегілеріндегі, жырларындағы, мапедагогиканың әр түрлі жанрларында мақал-мәтелдеріндегі, жұмбақтарындағы кемел адам бейнесі.

  2. Кемел адам мұратының VI ғасырдың орхон-енисей жазбаларындағы бейнесі.

  3. Қорқыт ата шығармаларындағы (IX ғ.) адам және қоғам кейпі.


4-тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі.

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидің білім және тәрбие мұраты.

  2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі».

  3. Басқа Шығыс ойшылдарының ізденістеріндегі білім және тәрбие мұраты.


5-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.

  1. Асан Қайғы шығармаларындағы тәрбие.

  2. Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Шал ақын тәлім-тәрбие туралы.

  3. Бұхар жырау, т.б. жыраулардың шығармаларындағы тәрбие, тәрбиелік туралы ойлары.


6-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.

  1. Қазақ философтары мен педагог-ағартушыларының білімді адам туралы ой-толғаулары (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев).

  2. ХХ ғасырдың басындағы көрнекі ойшылдардың Қазақстанда білім беру туралы идеялары (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Домұхамедов, С.Торайғыров, М.Тынышпаев және т.б.).

7-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы.

  1. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы гуманистік құндылықтардың рөлі.

  2. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы ұлттық білім беру жүйесінің құндылықтары туралы.

  3. Білім мемлекеттік, қоғамдық және адами құндылық ретінде.

8-тақырып. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.



  1. Білім мұратының қазіргі әлемде және Қазақстанда дамуының тенденциялары. Л.Гумилёвтің, П.Н.Савицкийдің, Л.П.Карсавиннің, т.б.шығармашылығындағы еуразиялық идея.

  2. Еуразиялық идеясы қазіргі қазақстандық қоғамдағы білім мұратын қалыптастырудың негізі ретінде.

  3. Қазақстан Республикасының даму стратегиясын белгілейтін құжаттарды талдау («Қазақстан-2030», «Қазақстан-2020», білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары).


9-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы.

  1. Мемлекеттік білім беру саясаты мен білім мұратының арақатынасы.

  2. Қазіргі білім мұратының мемлекеттік білім беру стандарттарында бейнеленуі.

  3. Оқу орны түлегінің моделі білім мұратын іске асырудың көрінісі ретінде.


10-тақырып. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі.

  1. Жаһандану үдерісі.

  2. Білім берудегі заманауи үдерістер.

  3. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігі.

  4. ХХІ ғасырдың білім мұраты.



Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет




1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.

2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек..

6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады



Ұсынылатын әдебиет:


  1. Аксиологические аспекты историко-педагогического обоснования стратегии развития отечественного образования. - М., 1994.

  2. Ахметова Г.К. Образовательный идеал в теории и практике подготовки педагогических кадров. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. -124 с.

  3. Ахметова Г.К. Трансформация образовательного идеала в подготовке учительских кадров в Республике Казахстан. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 203 с.

  4. Ахметова Г.К. Ұстаз даярлаудың өзекті мәселері. - Алматы: Ғылым, 1998. 154 б.

  5. Бондаревская Е.В., Кульневич С.В. Педагогика: личность в гуманистических теориях и системах воспитания. - Ростов н/Д, 1999.

  6. Равкин З.И., Пряникова В.Г. Теоретические вопросы исследования приоритетных национальных ценностей образования (историко-педагогический аспект). Национальные ценностные приоритеты сферы образования и воспитания. Под ред. З.И. Равкина. - М., 1997.

  7. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы: Қазақ университеті, 1989.

  8. Әбілова 3. Этнопедагогика. -А., 1997.

  9. Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы. -А., Мектеп, 1984.

  10. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - М., 1999.

  11. История педагогики в России. Хрестоматия. - М., 1999.

  12. Нұрланова Г. К. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары. -Алматы, //Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет