Қазақстандағы жоғары білім


//Казахстанская правда.-2013.-30 ноября.-С.9



бет3/8
Дата20.06.2016
өлшемі2.62 Mb.
#149186
1   2   3   4   5   6   7   8

//Казахстанская правда.-2013.-30 ноября.-С.9

Қазақстандағы жоғары білім

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ,



Жоғары оқу орындарын жекешелендіруге

қалай қарайсыз?
Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі:

– Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес университет деудің өзі орынсыздау сияқты. Өйткені мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыспен (грантпен) оқитындар үлесі әрі кетсе 10 – 15 пайыз ғана, қалғандары ақылы негізде білім алады. Сондықтан да университеттерді мемлекеттік не мемлекеттік емес дегеннен гөрі – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және өзін-өзі қаржыландыратын университет деп атаған қисынға келетін секілді. Ал мемлекеттік университеттерді жекешелендіргеннен ешнәрсе өзгере қоймайды. Осы сияқты сынақтар талай жасалғанын халық әлі ұмыта қойған жоқ. Кезіндегі мемлекеттік жоғары оқу орындар ашық немесе жабық акционерлік қоғамдарға айналдырылып, бәсекелестік ортаға жіберілген еді. Осыдан нені ұттық, неден ұтылдық?! Мемлекеттік университеттерді жекешелендірмес бұрын осы жағын терең талдап, тәуелсіз сарапшылардың, Үкімет басшысы С. Ахметов атап көрсеткендей, қоғам тарапынан қолдау табу жағын жан-жақты қарастырған дұрыс.

Білім және ғылым министрлігінің халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жоғары оқу орындарына дербестік беру, университеттердің арасында бәсекелестікті қалыптастыру және сол арқылы білім беру мен білім бағдарламаларының сапасын арттыруға деген құлшынысы құптарлық жай. Бірақ әлі де болса сарапшы мамандардың қорытындыларына құлақ асып, қоғамдық пікірді зерделеп, көпшіліктің қолдауынан кейін ғана мақсат-міндеттерін жүзеге асырғаны жөн болар еді.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор:

– Бұл – өте қате дүние болмақ. Егер салыстырып қарайтын болсақ, қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беру сапасы тек мемлекеттік жоғары оқу орындарының арқасында ғана тұр. Егер жаппай жекешелендіреміз десе, онда еліміздегі білім беру ошақтары күйреді дей бер. Бұл – үлкен қауіп.

Менің түсінбегенім, министр мұны неге сүйеніп айтты мұны? Бәлкім, оның артында кооперативтік қаржылық топ тұрған болар. Бұл солардың мүддесі шығар. Оқу орындарын жекеге өткізе отырып, баюды армандаған. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Керісінше, мемлекет ғылымнан қаржы аямау керек емес пе? Елді алға сүйрейтін мұнай мен газ емес, сапалы білім болмақ. Ұмытпасам, еліміздегі 136 ЖОО-ның 60 пайызы жекеменшік. Егер министр соларды дамытайық, кеңейтейік десе, әңгіме басқа. Мемлекеттік, Ұлттық университеттерге тиісуге болмайды. Тек оның зардабын шегеміз. Қысқасы, бұл білім саласына төнер үлкен қауіп деп есептеймін.
Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылымдар докторы, профессор:

– Жоғары білім беру ошақтарын жекешелендіру – меніңше дұрыс емес. Біз бұл кезеңнен бұдан біраз жыл өттік емес пе? Ол тәжірибе жемісін бермеген соң, саңырауқұлақша қаптап кеткен университеттерді қысқарттық, қостық, ақыры жер-жерде бірден-екіден ғана қалдырдық. Енді келіп қайтадан жекешелендіреміз деуіміз қисынсыз. Сонда бүгінде Ұлттық деп, Мемлекеттік деп әр салаға бөліп, мәртебесін анықтап алған жоғары оқу орындары кімнің қолына өтпек? Осы қажет пе? Жекеге өткен білім ошағында білім сапасы қалай болмақ? Ақылы етеміз деп ақша қуып кетпейміз бе? Осының бәрін таразылап, талдап барып қана тәжірибені іске асырған жөн. Бар дүниені талқандап алмайық.

//Айқын.-2013.- 1 қараша.- 1 б.

Тлектес ЕСПОЛОВ, ректор Казахского национального аграрного университета, академик НАН РК

На пути к самоуправлению вузов

Чрезвычайно большое значение автономии вузов придает Болонский процесс: это не только самостоятельность высших учебных заведений в осуществлении образовательной, научной, финансовой, международной и иной деятельности, но и большая ответственность вузов за качество образования, востребованность выпускников и их будущую карьеру.

Среди проблем, с которыми на рубеже XXI столетия столкнулись университеты, на первое место выдвинулась проблема их взаимодействия с глобальным рынком. Она проявляется в том, что вузовские программы обучения не успевают адаптироваться к темпам инновационного развития и динамике изменений требований рынка труда к компетенциям выпускников. Это и определяет трансформацию университетов в сторону свободной активной деятельности, направленной на удовлетворение современных запросов образования, науки и бизнеса.

В соответствии со Стратегией «Казахстан-2050» и Государственной программой развития образования на 2011–2020 годы Министерством образования и науки разрабатываются принципы автономизации вузов. Она начала развиваться уже с появлением первых университетов. Высшие учебные заведения постепенно преобразовывались в сообщества преподавателей и студентов, академически свободных и наделенных широкими правами самоуправления. Такой облик вуза сохранился в развитых странах и до наших дней. Так, университеты США, Великобритании, Дании, Финляндии, Ирландии могут самостоятельно решать вопросы, связанные с организационной деятельностью, создавать как коммерческие, так и некоммерческие организации без вмешательства государства.

В Азиатско-Тихоокеанском регионе за годы проведения экономических реформ быстрые социально-экономические изменения оказали сильнейшее воздействие на темпы экономического роста. Это послужило основой для разработки повышенных требований к подготовке кадров и, соответственно, выдвинуло задачу перехода вузов к автономии.

Министр образования и науки Аслан Саринжипов, говоря об автономии университетов, отметил необходимость системного подхода к ее развитию: создание новой организационно-правовой формы вуза, предоставление вузам возможности формирования индивидуальных программ своего развития, обеспечение финансирования, ориентированного на результат, введение корпоративного управления, поиск эффективных форм борьбы с коррупцией. Ставя перед собой такую важную государственную задачу, Казахстан должен опираться на зарубежный опыт вузов и адаптировать его к своим условиям.

Представляет интерес и формирующаяся модель автономии в Назарбаев Университете и Назарбаев Интеллектуальных школах, для которых создано правовое поле, позволяющее иметь большую финансово-экономическую самостоятельность. Этот опыт уже распространяется на другие учебные заведения страны. Переход к автономии позволит вузам в академической сфере самостоятельно определять порядок приема на обучение, адаптировать образовательные программы к рынку труда, использовать свою систему организации учебной, методической и научной деятельности, выдавать документы об образовании собственного образца.

Автономия предоставит возможность реально интегрировать научные исследования в производство, тесно взаимодействовать с ведущими зарубежными университетами, внедрять корпоративное управление, интенсивно развивать инфраструктуру, разветвленную систему дополнительного образования, а также разрабатывать конкурентоспособные на международном рынке образовательные программы. Получат развитие информационная открытость и прозрачность вуза по отношению к внешней среде и к собственному коллективу. Этому будет способствовать и независимая аккредитация вуза, которая позволит повысить качество образования и позиционирование в мировых рейтингах. В автономных вузах будет действовать система постоянного мониторинга и долгосрочного прогнозирования рынка образовательных услуг.

В экономическом аспекте университеты смогут реализовывать различные коммерческие виды деятельности, в том числе предпринимательскую, распоряжаться доходами, полученными от самостоятельной деятельности, привлекать различные финансовые источники, реализовывать продукцию, результаты работ, оказывать коммерческие услуги. Автономный вуз самостоятельно сможет решать вопросы увеличения доходной части бюджета, тем самым обеспечивая дополнительное финансирование развития нематериальных активов. При этом сохранится связь с государством: вуз будет выполнять госзаказ на подготовку высококвалифицированных специалистов и реализовывать научные проекты в рамках госпрограмм. Одновременно будут выполняться программно-целевые проекты, направленные на развитие вуза.

Взаимодействие автономного вуза с обществом и бизнесом будет осуществляться через попечительские и наблюдательный советы, которые определяют основные направления стратегии его развития и несут ответственность за формирование фондов устойчивого финансирования. В состав создаваемых попечительских советов включаются представители Министерства образования и науки, других отраслевых министерств, Национальной палаты предпринимателей, бизнес-структур, а также местных исполнительных органов. Государственные органы через своих представителей будут способствовать улучшению условий обучения студентов и трудоустройству выпускников, развитию международного сотрудничества и созданию дополнительных социальных гарантий сотрудникам вузов. Представители бизнес-структур примут участие в интеграции образования и науки с производством, привлечении дополнительных финансовых средств и развитии инфраструктуры вузов.

В нашем вузе наблюдательный совет создан в 2012 году. Его работа позволяет повысить качество образовательных услуг, прозрачность деятельности и эффективность принимаемых управленческих решений. В Казахском национальном аграрном университете имеются и другие предпосылки для перехода к автономии вуза. Внедрены механизмы проектного управления, действует развитая инфраструктура, созданы условия для коммерциализации результатов научных исследований. Вместе с тем полноценный переход к автономии мы сможем завершить, только имея право на создание коммерческих структур на базе вуза и с его участием.

Получив это право, мы готовы создавать мини-предприятия по внедрению новых технологий, оказывать услуги по повышению квалификации и переподготовке научных и научно-педагогических кадров, специалистов различного профиля, оказывать экспертные услуги, в том числе по определению качества продуктов и сырья растительного и животного происхождения и многое другое. Убежден, что автономия как реальный инструмент демократизации управления вузами уже в ближайшее время даст мощный импульс повышению конкурентоспособности отечественного образования на мировом рынке.


//Казахстанская правда.- 12 ноября.- С. 5

Айгүл СЕЙІЛОВА,

Болашаққа бағдар
Кеше Білім және ғылым министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен еліміздің 2014-2016 жылдарға арналған білім берудің басым бағыттарын талқылауға арналған алқа мәжілісі өтті.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне қатысты алдағы міндеттерді баяндады. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту қазіргі кезде 71,5 пайызды құрап отыр екен. Ал оны 2016 жылы 80,2 пайызға жеткізу, бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының нақты саны 8729 болса, 2016 жылы оны 10259-ға көбейту жоспарлануда. «Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Бірақ бағдарлама сапасы мен тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлінуі тиіс. Осы орайда мектепке дейінгі білім беруді бақылау тетіктерін күшейту, мектепке дейінгі білім бағдарламаларын 30 пайызға жаңарту арқылы мазмұнды жақсарту, кадрлық әлеуетті күшейту қажет», – деді Білім және ғылым министрі.

Орта білім мазмұнын жаңартуда Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі ескерілмек. Оны кезең-кезеңмен енгізу қолға алынып, нәтижесінде 2015 жылы 1-сыныптан бастап барлық пәндер жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқытылады. 2015-2016 оқу жылына дейін жаңа оқу жоспарларын, бағдарламалар мен оқулықтарды әзірлеу, педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді курстар шеңберінде 135 мың және Кембридж үлгісі бойынша 108 мың мұғалімді оқумен қамту жоспарланған. Мектептерді басқаруды жетілдіру, ауылдағы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту да орта білімнің сапасын арттыруға қажет алғышарттардың бірі болмақ. Бұл жерде негізгі проблема ретінде білім беруде ауыл мен қала арасындағы алшақтық әңгіме өзегіне айналды. Атап айтқанда, қала мен ауыл бөлінісіне шаққанда апатты жағдайдағы, үш ауысымды және спорт залы жоқ мектептердің үлес салмағының көптігі, жоғары санатты мұғалімдердің үлес салмағының аздығы сапалы білім беруге кедергі келтіруде. Алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы білім беру жүйесінде ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты халықаралық сарапшылар да растап отыр. Бұл мәселе ауыл жастарының біліктілік жағынан өсуіне кедергі келтіреді. Ауылдық жерде орта мектепті бітірген жастар сапасы төмен білім алғандықтан жүйеден ығыстырылып шығып, шетқақпай көреді», – деді министр. Оның мәліметінше, ауылдағы білім мәселесі тиісті шешімін таппаса, маргинал (шетқақпай) топтардың қатары көбейіп, білім беру мен құқық қорғау органдарына салмақ түседі.

Білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім беру жайын баяндай келе, саланың дамуына білім мен бизнестің әріптестігі қажет екенін, сондай-ақ, кадрлар даярлауды Үкіметтің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басымдықтарымен байланыстырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындары жүйенің жоспарлы қағидаттары негізінде жұмысын жүргізуде. Бұл ретте жоғары білімді Білім және ғылым министрлігі ұсынады және реттейді. Ұлттық және мемлекеттік ЖОО-лар барынша төмен бағамен оқытады. Мемлекеттік кәсіпорын және акционерлік қоғам түріндегі ЖОО-лардың шаруашылық қызметі 16 кодекспен және 48 заңмен реттеледі. Білім беру мазмұны «Білім туралы» заңмен реттеледі. Шығатын қорытынды – ЖОО-ларға өз бетінше дамуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Кешегі жиында жаңа министр бұқаралық ақпарат құралдарында біраздан бері талқыға түскен тақырып – ЖОО-ларды мемлекет иелігінен алып, оларға дербестік беру жайын қозғады. «Нарықтық бәсекелестік жағдайында ЖОО-ларды мемлекет иелігінен босату және оларға дербестік беру профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер үшін бәсекелестікті арттырады. Оған жету үшін ЖОО-ларға жаңа ұйымдық-құқықтық форма, өздерінің даму бағдарламалары, нәтижеге бағытталған қаржыландыру, алқалық басқару керек», – деді А.Сәрінжіпов. Бұл орайда, 2014 жылдан бастап ЖОО-лардың басқару кеңестері арқылы корпоративті басқаруды енгізу жайы баяндалды. Яғни, 2014 жылдан бастап құрамына жергілікті атқарушы органдар мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген бақылау кеңестері корпоративті түрде басқарады. Бақылау кеңесінің өкілеттігіне мыналар жатады: ректорларды тағайындау, ЖОО-лардың даму стратегиясын келісу және қаражатты нысаналы пайдалануды бақылау.

Жиында сөз кезегін алған Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын қолдайтынын айта келе, министрліктің алдына нақты тапсырмалар қойды. «Білім жүйесін жаңғырту мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Біз тек заман талабына сай мамандарды даярлап қана қоймай, келешекте болатын өзгерістерге өз білімімен жауап қата алатындай білімді ұрпақ өсіруіміз керек. Алдағыны болжау қиын. Сол үшін қандай да өзгеріске дайын саналы ұрпақ даярлау бүгінгі күннің басты талабы. Министр ауыл мен қала мектебіндегі білім сапасында алшақтық бар екенін айтты. Жою үшін ресурстық орталықтар (тірек мектептері) ашу және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануды ұсынамын», – деді Вице-премьер.

Ол ЖОО-ларға дербестік беру сынды үлкен мәселенің біртіндеп шешілетінін баяндады. «Ең алдымен жұмыс бақылаушы кеңестердің құрылуымен басталады. Екіншіден, соған сәйкес заңнама түзу керек. Сосын министрлік оларды басқармайтын болады. Академиялық еркіндікке қатысты да сөз сол. ЖОО-лар зерттеу университеттеріне қарай ойысу керек. Олардың экономикаға үлес қосуы керектігі туралы тапсырма берілетін болады. Ал, ректорды тағайындау туралы біздің позициямыз мынадай: тағайындау ашық болуы керек. Түрлі шенеуніктердің қатысы бар «керек адамды керек орынға отырғызу» дейтін негативті тәжірибемен қоштасатын кез келді. Ректорларды келісіп тағайындау қабылданған шешім», – деді Е.Орынбаев. Ол залға қарата «идея ұсыныңыздар, бағдарламалар ұсыныңыздар, өздеріңіздің ректор бола алатындарыңызды дәлелдеңіздер» дегенді айтты. Е.Орынбаев сөз соңында Білім және ғылым министрлігінің алдына білім туралы заңды жетілдіру немесе жаңадан заң дайындап шығудың, оны қоғамдық талқылауға, сосын Парламентке ұсынуды міндет етіп қойды.




//Егемен Қазақстан.- 2013.- 14 қараша.- 2 б.

ҚазҰАУ баспасөз қызметі,

Министр дәріс оқыды

Елбасы Н.Назарбаевтың өз қарамағындағы жауапты салалардың тізгінін ұстап отырған лауазым иелеріне міндеттеп отырған тапсырмасының жауапкершілігі мен жүгі салмақты екенін халық жақсы біледі. Бір жағы марғаулыққа салынып кеткен басшылардың қолдан келгенше қонышынан басып бара жатқаны Елбасымызды бей-жай қалдыра алмағаны халықтың тарапынан қанағаттанарлық сезімін туғызды. Онысы өте құптарлық жайт болды.

Жақында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы келіп, ауыл шаруашылығы ауқымында болып жатқан жайларға байланысты ашық дәріс өткізді. Бұл шараға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер, сонымен қатар онлайн режимде Жәңгірхан атындағы, Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университеттердің және Құдайберді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ұжымы мен студенттері және де ауыл шаруашылығының сан-салалы мамандары болды.

Министрмен басқосу барысындағы кездесуді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов ауыл шаруашылығына қатысты ойларын көпшіліктің назарына ұсына отырып, үлкен жиынды ашып берді. Бұдан кейін сөз алған министр Асылжан Мамытбеков нақтылы дәлелдерге сүйеніп, ауыл шаруашылығындағы орын алып жатқан реформалардың игілікті нәтижелері бар екенін бүкпесіз ортаға салды.

Дәл қазіргі уақытта халқымыз азық-түлікке өз қажеттілігін 80 пайызға дейін қамтамасыз етуге қол жеткізген екен. Бұған келтіре кетер дәлелдер баршылық. Мәселен, орташа есеппен алғанда, жылына 15,5 миллион тонна астық өндіріп, орташа есеппен алғанда оның 6 миллион тоннасы экспортқа жіберіліп келеді. Бұл ойлап қараған адамға оңай көрсеткіш емес. Осындай құлшыныс пен ұмтылыстың арқасында әлемдік экспорттаушы елдердің алдыңғы топтағы оныншы қатарына, былайша айтқанда, сапына кіріппіз.

Министр соңғы 12 жылда ілгерілеушілік қадамдарының бар екенін қадап айтты. Осы уақыт аралығында жалпы өнім көлемі төрт есеге ұлғайып отырғандығын, өткен жылы 2 триллион теңгедей көрсеткішке жеткенімізді айта келіп, оған тәптіштеп тұрып тоқталды. Мұнда өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі осы кезеңдер ішінде үш есеге, мал шаруашылығы өнімінің өндірісі бес есеге дейін артып отырғандығын ашық түрде айтып өтті. Аталған мерзім ішінде атқарылған жұмыстар аз емес көрінеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі былтырғы жылы 3 миллиардтан астам АҚШ долларын құрап, одан бұрынғы 2011 жылдың деңгейінен салыстырмалы түрде қарағанда 60 пайызға көтеріліпті. Сол сияқты 2009 жылдан бастап өткен жылға дейінгі аралықты былай қойғанда, 2012 жылы шағын шаруашылық және фермерлік қожалықтардағы мал басының саны 20,1 пайызға өскендігі бұл бағытта өрлеу барын көрсетеді. Осы жерде қателікпен артық санап жіберген 1 миллион малды қоспағандағы көрсеткіш шығар деп түйін жасауға әбден болады.

Бүгінгі қойылып отырған талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығын дамыту барысында мемлекет пен Үкімет тарапынан кеңінен қарастырылған алуан түрлі бағдарламалар мен жобалардың өмірге жолдама алып жатқанынан жан-жақты құлағдар екеніміз анық. Олардың да жүктер жауапкершілігі жоғары. Солардың қатарындағысы «Сыбаға» бағдарламасы ірі қара малының жалпыламалық санынан аналық мал басының үлесін 2009 жылдағы 37,2 пайыздан өткен жылы 43,9 пайызға дейін өсіріп, өркендетуге айтарлықтай сәтті қадамдар жасағаны ап-айқын көрініп тұр. Бұл қуанарлық жайт.

Осы жерде министр тілге тиек еткен мына бір жайды айта кетпесе болмас. Өткен жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестициялар мөлшері 22 пайызға (133,9 миллиард теңгеге) өскендігі де тегін болмаса керек. Ашығына келгенде ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның көлемі мен мөлшері экономиканың басқа салаларына тартылған инвестицияның көлемінен көп-көрім көтеріңкі болып тұр. Осыған байланысты айтылып жатқан ашық сындарды да бүгіп қала алмаймыз. Оның ауылды жарылқай алмай келе жатқаны да жасырын емес. Еліміздің 40 пайыздан астам халқын қамтып отырған ауыл тірлігінің тынысы кімді болса да ойландырмай қоймайды.

Азық-түліктің ішінен елдің еңсесін тіктейтін ет өнімдері емес пе. Алдағы 2016 жылға қарай экспортқа жылына 60 миллион тонна ет шығару нақтылы белгіленіп отыр. Осыны орындауға, бір сөзбен айтқанда қол жеткізуге мүмкіндік көзі бар ма? Бұл жағынан қазақстандықтардың беларустардың талапқа сай келмейтін малына тәуелді болып отырғаны ақылға сия бермейді. Бұған министрдің берер жауабы нарыққа әкеп тіреледі. Келер жылдары іс-әрекет қандай болады? Халық осы жағынан жанды жауап күтуде. Оны уақыт көрсете жатар.

Асылжан Мамытбековтің баса көңіл бөлгені мал шаруашылығында болып жатқан өзгерістер. Ол — қазақтың ақбас ірі қарасының басын көбейту, оның тұқымын барынша асылдандыру. Қазіргі пайдаланып отырған сүттің талапқа сай емес екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Халықтың мұны анық та қанық көріп отырғанына көз жұмып қарай алмаймыз. Бұл орайда да министрдің техникалық регламентті күшейту қажеттігіне қатысты айтқан тұжырымы ойға қонымдылығымен көңілден шықты.

Дәріс біткеннен кейін Асылжан Мамытбеков қатысып отырғандардың қойған сұрақтарына жауап беруге де дайындығының жақсы екенін көрсетті. Ауыл шаруашылығында айтылып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің әлі күнге тиянақты шешімін таппай келе жатқанынан да министр жалтара алған жоқ. Оның нақты дәлелі «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасының жанды мысал боларын да жасырмады. Жастардың бұл бағытта бүгінгі күнге дейін сенделісте жүргенін ашына айтқан адамдарды ол сабырлы қалпымен сабасына түсірді. Бұл мәселеге әлі де тікелей ықпал жасайтынына жұртшылықты сендірді. Оның берген уәдесі қалай боларын уақыт көрсетіп береді деген үміт жетегінде қалды қалың қауым. Министр сонымен қатар жұртқа жағымды жаңалық та жеткізді. 2012 жылы ЖОО-ларды үздік бітірген 10 түлек министрліктің орталық аппаратына жұмысқа қабылданыпты. Алдағы уақыттарда олардың қатары бұдан да көбейе түссе нұр үстіне нұр болар еді.

//Класс Тайм.-2013.- 20 қараша.- 3б.

Ғылым мен техника саласындағы жетістіктерге мемлекеттің жоғары наградасы

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және Мемлекет басшысы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін; қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін; техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 679 Жарлығына сәйкес Ғылым мен техника сала­сындағы Мемлекеттік сыйлық 19 жұмыстың ішінен іріктеліп алынған үш жұмысқа берілді.

«Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» атты жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Автор «Кәлменов максимум қағидасы» атты әдебиетте кездесетін айғақтардың ауытқуының дифференциалды теңдеулерінің спектральды теориясы мен аралас түрлері үшін экстремумның жаңа қағидасына негізделген асимптотикалық шешімдердің жаңа құрылысының әдістемесін әзірледі. Аталған қағиданың арқасында аралас түрлердің спектральды теңдеулер теориясы – жаңа перспективті ғылыми бағыт ашылды.

Зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейі жоғары рейтингтік шетел басылымдарында бірқатар жарияланымдармен (30-дан аса) расталды. Алынған нәтижелер маңызды ғылыми бағыттардың бастамасы болды. Оның негізінде зерттеу саласы толық жүзеге асуда.

Автор Қазақстанда әлемге танымал ірі математика мектебін құрды. Оның қатысушыларының жұмыстары (9 доктор және 50-ден астам ғылым кандидаттары) қазіргі заманғы дифференциалды теңдеулер теориясы мен қазіргі спектральды теориясында лайықты орын алуда.

Жұмысқа 47, оның ішінде шетел ғалымдарынан 37 пікір келіп түсті: пікірлер географиясы өте кең – бұл М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РАҒ Сібір бөлімі, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Испания, Италия, Бразилия, Қытай, Израиль және басқа елдердің университеттері.

Жоғары наградаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы ұсынған, авторлары Серік Қуандықұлы Ақшолақов, Талғат Тынышбайұлы Керімбаев, Eрбол Тарғынұлы Махамбетов, Айса Захарұлы Нұрпейісов, Марат Рабандиярұлы Рабандияров, Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев болып табылатын «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» жұмыстар топтамасы ие болды.

Нейрохирургия паталогиясын емдеудің инновациялық әдісі бойынша көпжылдық кешенді зерттеулердің қорытындысын ұсынады. Аталған әдістің жетістіктері тек алдыңғы қатарлы шетелдік клиника жағдайында орындалған күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беру болып табылады. Оның маңыздылығы барлық әлемдегі нейрохирургия патологиясының кең таралуымен, операцияның күрделілігімен, сондай-ақ, арқа және бас ми ауруынан қайтыс болу және мүгедектіктің жоғары деңгейімен анықталады.

Жұмыс нейрохирургия саласында инновациялық сипатқа ие. Әлемдік стандарттарға сәйкес нейропатологияны емдеудің 40-тан аса жоғары технологиялық әдісі ендірілген. Аталған әдісті қолдану арқылы 1394 операция жүргізілді. 11 облыстық орталықтар мен қалаларда инновациялық технологиялар ендірілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы ашылды. Орталық қызмет ету жылдарында қазіргі технологияларды ендіру және бәсекеге қабілетті нейрохирургия жүйесін құру бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізді, сондай-ақ, дүние-жүзілік деңгейдегі мамандармен танылды. Қазіргі таңда тек Қазақстанның жетекші клиникаларында ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азияның дүние-жүзілік стандартқа сәйкес емдеу-диагностикалық, хирургиялық және қалпына келтірудің барлық кешенін ұсынатын орталық болып табылады.

Жұмысқа 57 пікір, олардың 10-ы шетел ғалымдарынан: (АҚШ, Израиль, Швейцария, Германия, Чехия, Жапония, Ресей) келіп түсті. Бұл нейрохирургия бойынша ірі халықаралық орталықтар мен оқу-мамандарынан түсті.

Жоғары наградаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» География институты ұсынған, авторлары Ахметқал Рахметоллаұлы Медеу, Фарида Жианшинқызы Акиянова, Әлия Сәрсенқызы Бейсенова, Виктор Петрович Благовещенский, Мирғали Сапарғалиұлы Кунаев, Игорь Михайлович Мальковский, Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетов болып табылатын «Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» ие болды.

Қазақстанда алғаш рет орындалған атластың көп функционалды жиынтығы ұсынылды. Әзірленген атлас картогра­фиясының тұжырымдамасы мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Атластар жаңа геоақпараттық технологияларды пайдалану арқылы құрылған (ГАТ) және жоғары деңгейдегі полиграфия­сымен ерекшеленеді. Үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалған.

Карталарда табиғаттың, қауымдастықтың және экономиканың қазіргі жағдайы туралы ақпарат көрсетілген. Эконо­микалық нәтижесі шекараны дамытуда тиімді жоспарлауды жоғарылатуға бағытталған материалдардан тұрады. Техногендік мәселелер жөніндегі карталар тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеудің негізін құрайды.

Жұмысқа 29 пікір түсті. Олардың 14 пікірі шетел ғалымдарынан: (АҚШ, Франция, Германия, Австрия, Қытай, Нидер­ланды, Ресей, Өзбекстан, Украина) келіп түсті.

Бұл ірі орталықтар – Ресей ғылым академиясының География институты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, АҚШ Аляска Фербенкс университетінің Геофизика институты, Мюнхен университетінің География департаменті, Қытай ғылым академиясы, Австрия ғылым академиясы және басқалар.

Қазіргі кезде Қазақстан ғылымының дамуы көптеген параметрлер бойынша оң серпінге ие. «Ғылым туралы» жаңа Заңға сәйкес басқарудың жаңа моделі және ғылымды қаржыландырудың нысандары ендірілді. Осы механизмдер ғылым саласын дамытуға, ғалымдар мен ғылым ұжымдарының ғылыми бастамаларын ынталандыруға, ғылыми идеяларды жүзеге асыруға оң ықпал етуде.

Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жөнінде Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруға ел ғалымдары өз үлестерін қосуға күш жұмылдыруда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет