Қазақстандағы мәдени орындар



Дата11.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#480392
Қазақстандағы мәдени орындар

Қазақстандағы мәдени орындар

Орындаған:Сапар С.

Тобы:ЭФ-22-3K

Қабылдаған:Айнұр Абдрахмановна

Халықтық музыкалық аспаптар музейі

  • Бұл – іші ән мен жырға толы сән-салтанаты жарасқан ғимарат. Мұнда кірген адам өзін күй шерткен Ықылас, Құрманғазының заманына саяхат жасайды. 1980 жылы ашылған бұл музей ішінде 40-тан аса қазақтың халықтық музыкалық аспаптары бар. Олардың қатарында домбыра, қобыз, даңғыра, сылдырмақ және орыс, ұйғыр, дүнген және өзге де ұлт өкілдерінің аспаптарын да тамашалауға болады.
  • Алматы қаласында бой көтерген музей ғимараты ел тарихында маңызды ескерткіш болып есептеледі. Көненің көзі болып табылатын орын XIX-XX ғасырларда атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлының құрметіне орай аталған.
  • Рухани азық іздеп келушілер бұл жерден кезінде Абай және Біржан салдың өздері тартқан домбырасы мен халық ақыны Шашубай Қошқарбаевтың сырнайын өз көздерімен көріп қайтуға таптырмас мүмкіндік. Хакім Абайдың домбырасын немересі музейге әкеліп тапсырған екен.

«АЛЖИР» мемориалды-музей кешені

  • Музей елордадан жарты сағаттық уақытта жететін Малиновка деген жерде орналасқан. 2007 жылы мамыр айында ашылған нысан саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған. Кеңес Одағы кезінде коммунистердің саясаты салдарынан жазықсыз миллиондаған адам жапа шекті.
  • Мұнда жансыз мүсіндер түрғанымен, осыдан қаншама жыл бұрын жазықсыз темір торға түскендердің тартқан азабы мен мұң-шері сезіліп тұр. Елде 1920-жылдары қуғын-сүргін басталған кезде вагондармен жазықсыз мыңдаған адамды осында алып келген. Еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қартқа дейін вагондармен Қазақстанға жеткізілген.
  • Репрессия құрбаны болғандардың өздері тұтқындалып, атылып қана қоймай, олардың жұбайы мен балалары да қиыншылық көрген. Қатал саясаттың кесірінен олардың тартқан зұлматтарын қазіргі кезде барлығы осы жерден көріп, сезіне алады.
  • Қазіргі кезде мемориалды кешен құнды жәдігерлермен толыққан. Елде жыл сайын 31 мамыр – Саяси-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
  • Орналасқан мекен-жайы: Ақмола облысы Малиновка селосы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

Елорданың Тәуелсіздік алаңында орналасқан музей осыдан бес жыл бұрын яғни 2014 жылы ашылған. Бас қаладағы бірегей музей кешені 74 мың шаршы метрді құрайды. Көркіне көз тоймайтын нысан 14 залдан тұрады. Олар Астана, Алтын, Тәуелсіздік, Тарих, Этнография, Ежелгі және орта ғасыр тарихы, Қазіргі заманғы өнер залдары мен Ұлттық қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі

Орталық Азия елдеріндегі ең ірі музейлердің біріне Алматыдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі жатады. Бір қызығы мұнда қойылған алғашқы коллекциялар XIX ғасырдың 30 жылдарында «Орынбор өлкесін музейінен жинақталыпты. Кейіннен қор өзге де әскери музейлердің коллекцияларымен толыққан.

Қазір музейде жеті экспозициялық зал жұмыс істейді. Мұнда келуші қонақтар республикамыздың архелогиялық орындарынан табылған артефактілерді өз көздерімен көре алады. Сондай-ақ, Ұлы отан соғысынан бастап тәуелсіздік алғанға дейін уақытты кезең-кезеңімен көруге саяхат жасайды.

Алғашқы зал палеонтология және археология кешендерінен тұрады. Мұнда Қазақстанның 300-ден аса орындарынан табылған артефактілер, миллиондаған жылдар бұрынғы түрлі жәндіктер мен балықтардың іздері, тасқа айналған ағаш діндерінің фрагменттері қойылған.

Елордадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы

  • Ашылғанына отыз жылдан асқан бұл мұражай өмірін тар жол, тайғақ кешумен өткізген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оны жұртқа насихаттаумен айналысады.
  • Атақты ақын әрі революционерге арналған бұл мұражайда барлығы 8 зал бар. Келушілер ақынның жатын бөлмесі, қоғамдық, педагогикалық қызметіне арналған залдар мен жұмыс кабинетіндегі заттарды көріп, тамашалай алады.
  • Мұнда ақынның өміріне қызығушылық танытқандар көпшілікке көп көрсетіле бермеген фотосуреттер мен құжаттарының көшірме нұсқаларын келіп көре алады. Сондай-ақ, жалынды жазушының сирек кездесетін кітаптарын оқып, кезінде өзі қолданған заттарын көзбен көруге де ерекше мүмкіндік бар.
  • Жалпы мұражай қос ғимараттан тұрады. Бұл таза сүргіленген бөрене ағаштарынан жасалған. Әсіресе шаһарда мұндай нысандар көп сақталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет