Сабақтың мақсаты: 1 Жол ережелерін еске түсіріп,пысықтау. Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту



Дата21.06.2016
өлшемі26.6 Kb.
#151749
түріСабақ
Қостанай қаласындағы № 9 орта мектеп

5 Ә сынып

Сынып жетекшісі: Кункенова Ж. А.

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»



Сабақтың мақсаты:

1)Жол ережелерін еске түсіріп,пысықтау.Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту.

2)Танымдық,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3)Сақ жүруге,абай болуға,жауапкершілікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:жол белгілерінің суреттері.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Сынып 2 топқа бөлінеді.



Жүргізуші: Сәлематсыздар ма,балалар.Балалар өмірін кездейсоқ жол,көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор,үлкен мәселеге айналып отыр.Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған ойынымызда балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттауға арналады.Бұл ережелер балалар өмірін,денсаулығын сақтаудың бірден бір кепілі.

1-оқушы.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

2-оқушы.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен

(Екі топ қатарласып тұрады)

«Жолдан өте біл ойыны»

Жүргізіушінің қолында қатырма қағаздан қиып жасалған,ұстайтын сабы бар екі дөңгелекше болады.Біреуінің бір беті жасыл түспен,екінші беті сары түспен боялған.Ал екінші дөңгелекшенің бір беті қызыл түс,екінші жағы жасыл түске боялған.Ойын шарты:Жүргізуші балалаоға жасыл белгіні жоғары көтеріп көрсеткенде ойынға қатысушылар алға бір адым жылжиды,қызыл түсті көрсеткенде бір адым артқа шегінеді,ал сары түсті көрсеткенде орындарынан қозғалмауы керек.Жүргізуші қолындағы бағдаршам жарықтарын кезекпен ауыстырып тұрады.

Сұрақ-жауап викториналық сұрақтарға жауап беру.

1.Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

2.Көлік жолдарынын адам өміріне қауіптілігі неде?

3.Жол бойында велосипедпен ,қол шанамен,сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

4.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынуы себебі неде?

5.Жолда бағдаршамның сары немесе қызыл жарығы жанғанда өтуге тыйым салынады неге?

6.Балалар кейде жолдың екінші бетіндегі танысына тез жүгіріп барғысы келеді,оның қауіптілігі қандай?
Бағдаршам киімін киген оқушы:

Менің атым «Бағдаршам»,мекен-жайым тұрақты,

Жақсыц білім міндетімді,мүдірмеймін сұрақтан.

Жол сілтейтін белгі біткен бөлінеді төрт топқа,

Адастырмай ап барады, жақын етіп жырақты.

Ескерту белгісін киген оқушы:

Өзі қызыл,үшбұрышты ескертуін мен боламын,

Хабарлайтын бар қауіпті,оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші,жаяу да.

Жолы болып,сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.
Анықтама белгісін киген оқушы:

Белгімін көрсетер,жылдамдық,бағытты,

Ой-шұңқыр,бұрылыс,қатерді,қауіпті,

Барлығын анықтап,көрсетіп жіберем

Сондықтан бәріде мені тез таныпты.
Көрсеткіш белгісін киінген оқушы.

Баратын сапардың қашығын,тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.

Күгдіз де,түнде де от болып жанады,



Көкпенен боялғакн төртбұрыш шырағы.
Әртүрлі белгілердің киімін киген оқушылар топтағы оқушылардан «мен қандай белгімін,білсең айтшы»-деп сұрайды.

«Жол тәртібін білейік ,аман-есен жүрейік» балалар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет