Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және xixғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі Жоспар



бет2/8
Дата19.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470969
1   2   3   4   5   6   7   8
сөж4-5

Батыс зерттеушілері, кандай да болсын факторлар мен себептерді (қазақтарға жоңғарлардың қауіп төндіруі, Ресейдің сауда-экономикалық, әскери-саяси мүдделері, орыстардың өзіндік мінез ерекшеліктері, олардың менменшілдігі, онтүстік теңіздерге шығуға ұмтылысы, қазақ хандарының саясаты, жайылымдардың тарылуы және тағы басқа) көрсетсе де, Қазақстан мен Орта Азияны қосу жаулап алушылық сипатта болды дегенге келіп саяды. Жалпы алғанда, XVIII ғасырдың басына дейін орыс-қазақ қатынастары азды- көпті бейбіт сипатта болды, олардың арасында сауда, дипломатиялық байланыстар жасалды деп керсететін авторлар да Қазақ даласы бекініс шептермен қоршалып, «бөлшектеліп жаулалынды» деп санайды. Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Э.Олуорд қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауын «күш көрсету жағдайында мәжбүр болып қабылданған әрекет» деп қарастырады. Сондықтан 1731 және 1734 жылдары Әбілқайыр, Сәмеке және олардың ізбасарлары берген антты «олардын бодандары өздері үшін міндетті деп съезінен жок». Қазақтардың XIX ғасырдың ортасына дейін жартылай тәуелсіз болғаны, олардың Ресеймен қатынастары вассалдық сипат алғаны және олардың қатер төндірген сыртқы саяси жағдайлар себебінен ғана Ресейдің «қамқорлығында» болғаны атап өтіледі. Тек кейіннен, «әскери, бейбіт құралдардың ұштасуы» салдарынан ғана «вассалдық қатынастар жойылды».
Кейінгі уақытта батыс тарихнамасында Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы үрдісіндегі қазақтардың рөлі мен жоңғар-қалмақ факторына назар аударылуда. Егер 1970 жылдардың басына дейін бұл проблемалар Р. Пирс пен Г. Ланцевтің бірлескен еңбегінде ғана қозғалса, 10-15 жыл өткен қалмақ қатынастары туралы, Э. Соколдың - еділ және жайық қазақтары туралы, Э. Ситон мен Х. Макнилдің патша өкіметінің Шығыстағы, соның ішінде қайсар да асындағы отарлау саясатының да қаруы ретіндегі қазақтар туралы зерттеулері жарияланды.
I Петрдің Азия елдеріне «қақпаны ашатын кілт» ретінде Қазақ даласын «иелену» жөніндегі жоспарын іске асырудың бастапқы кезеңін Э. Донелли, Д. Коллинз, Д. Б. Ярошевски, А. Вуд және басқа тарихшылар Ресейдің Башқұртстан мен Сібірді жаулап алуымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет