ҚазақстандағЫ Қонақ Үй бизнесін дамыту жолдары амангелдинов Еламан



Дата17.07.2016
өлшемі284 Kb.
#205250
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Амангелдинов Еламан

amangeldinov@mail.ru

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ туризм кафедрасының оқытушысы, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Б. Шарапаева
Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға байланысты түрлі шаралар қолданылуда. Солардың бірі «Туристік саланы дамытуға бағытталған 2020 концепциясы». Қонақ үй бизнесі туризммен тығыз байланыста болғандықтан, қонақ үй бизнесін дамытуда қолға алынған.

Маңыздылығы: Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесін сараптау және шет ел тәжиірбесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесінің даму жолдарын іздеу.

Өзектілігі: Қонақ үй бизнесі өте тиімді, әрі көп кіріс, пайда алып келетін бизнес болып есептеледі, сонымен қатар, келушілердің, яғни туристердің мемлекет, қала туралы әсері де дәл осы қонақ үй туралы әсерінен басталады. Нәтижесінде, жалпы мемлекет «қонақжайлылығына» баға беріледі.

Осы жұмыс шегінде біз келесідей міндеттерді орындаймыз:



  • Қазақстан Республикасының қонақ үй шаруашылығын сараптау;

  • Әлемдегі қонақ үйлердің тәжиірбесін қарау;

  • Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесінің даму бағыттарын қарастыру.

Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақүй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды.

Әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның шаруашылығының интеграция стратегиясын анықтағанда, туризм үшін Қазақстанның қолайлы имиджі бар ел ретінде көрінісін қалыптастырады, халықаралық деңгейде туристік ұйымдар мен қазақстандық туристерді қорғау мен қолдауды жүзеге асырады.[1]

Қорыта келгенде, мұндай жағдайды жасағаннан кейін қонақүйдің кәсіпкерлік қызметі дамиды, сонда да, мұндай нормативтік-құқықтық актілердің молдығы құқықтық нормаларда бағдарлау қиындықтарын тудырады.

Моральді ескірген заңдарды сақтау және жаңалармен олардың ұстанымдарын қайталау – құқықтық анықтамаларды «еркін» түсіндіруіне, бюрократиялық іркушілікке жағдай жасайтын нормативті қоспа пайда болады, және жалпы қонақүй қызметі кәсіпкерлік ортаның қалыптасуы бойынша заңнамалық шараларды жүзеге асыру үдерісін тоқтатады.



Кесте-1. Орналастыру орындарымен кызмет көрсетілген кіру келушілері (резидент еместер) [2]

 

2010 жылға

2011 жылға

2012 жылға

2013 жылға

Қазақстан Республикасы

594 161

584 303

519 222

586 038

Ақмола

3 043

2 850

3 616

9 260

Ақтөбе

8 633

8 979

9 327

8 520

Алматы

858

1 013

1 342

1 065

Атырау

226 332

138 713

110 362

122 074

Батыс Қазақстан

15 743

11 491

7 698

13 241

Жамбыл

1 581

2 052

1 155

1 290

Қарағанды

13 866

15 319

13 691

15 918

Қостанай

4 454

5 358

5 947

6 820

Кызылорда

1 685

1 576

1 450

1 262

Маңғыстау

48 855

43 833

32 835

29 162

Оңтүстік Қазақстан

7 700

7 160

8 012

14 638

Павлодар

2 552

3 482

8 082

7 835

Солтүстік Қазақстан

3 031

3 686

3 982

3 145

Шығыс Қазақстан

15 892

19 588

18 317

18 846

Астана қаласы

95 922

119 734

103 305

109 952

Алматы қаласы

144 014

199 469

190 101

223 010

Кестеге назар салсақ, Қазақстан Республикасына келген басқа ел азаматтарының саны әр жылы әр түрлі бірақ салыстырмалы түрде бір деңгейде болғанын көре аламыз. Шетел меймандарының орналасуының негізгі аймақтары ретінде Астана, Алматы қалалары, Атырау, Маңғыстау облыстары екенін көре аламыз. Яғни бұл аймақтар «іскерлік қалалар» деп айтуға болады, себебі қазіргі кезде Қазақстанға келушілердің негізгі лебі діл осы іскерлік мақсатта келеді. 2011 жылы Астана және Алматы қалаларына орналасушылар саны күрт артқан бұл сол жылы өткен Қысқы Азия ойындары себеп. Қазіргі кезге дейін ең жоғарғы көрсеткіш 2010 жылы байқалған – 594161 келуші.

Кесте-2. Орналастыру орындарының толтырылымдылығы (төсек-тәулік), %

 

2013 жыл

Қазақстан Республикасы

21,4

Ақмола

21,8

Ақтөбе

20,4

Алматы

13,6

Атырау

52,6

Батыс Қазақстан

23,3

Жамбыл

28,6

Қарағанды

12,2

Қостанай

23,8

Кызылорда

21,9

Маңғыстау

35,1

Оңтүстік Қазақстан

17,2

Павлодар

14,5

Солтүстік Қазақстан

14,6

Шығыс Қазақстан

14,6

Астана қаласы

33,9

Алматы қаласы

27,4

Кестеде 2013 жылғы жалпы толтырымдылық көрсетілген. Пайыздық өлшемде ең толтырымды облыс – Атырау болып табылады (52,6%). Сонымен қатар, Маңғыстау облысы және Астана қалаларында да салыстырмалы түрде жоғары деңгейді көрсеткен (тиісінше, 35,1% және 33,9%). Жалпы, Қазақстандағы толтырымдылық салыстырмалы түрде төмен деңгейде, Бұл көрсеткіш Ресейде 36% ал Түркияда 86,2%.



Сурет-1. Орналастыру орындарының бір уакыттағы тортырымдылығы.


Суретке назар аударсақ, Бір уақыттағы тортырымдық бойынша алдағы орында Шығыс Қазақстан болып табылады. Оның негізгі себебі Шығыс Қазақстандағы туристік потенциалдың жоғары деңгейдігімен байланысты, яғни Шығыста орналасқан Алакөл, Сібі, Бұқтырма, Катон-Қарағай курорттық аймақтары көп туристерді қабылдайды және орналастырады.

Қорыта келгенде, біздің айтатынымыз қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі жоғары деңгейде емес, бірақ ол әлі өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ, яғни болашағы алда. Оның дамуы туризмнің дамуымен тығыз байланыста. Ал туризм біздің болжауымызша 2017 жылдан кейін, яғни EXPO-2017 соң қарқынды түрде дамиды.

Қарап отырғанымыздай, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету және осыған сай жоғары бағалар. Бұл қонақ үй желілер Қазақстанда ғана емес сонымен қатар басқа елдерде де танымал бренд болып табылады. Бірақ Түркия және басқа туристік дамыған елдерде бағалар басқа деңгейде және 30-40 % арзан болып келеді Мысалға Rixos Downtown Hotel Antalya біркүндік түнеу 200 $ болады.[4]

Сурет-4. Rixos Downtown Hotel Antalya

Қазақстан қонақ үй желілері үшін өте тартымды мемлекет болып келеді. Өйткені алпауыт Four Seasons Hotels and Resorts атты компания өзінің қонақ үйлерінің бірін дәл осы Астана қаласында салмақшы. Бұл компанияның 47,5% атақты Билл Гейтске тиесілі.[5]



Менің ойымша, танымал шетел желілерін Қазақстанға өз қонақ үйлерін салдырғаннан гөрі, отандық компанияларды дамытып қонақ үй желісіне айналдырған жөн. Мысалы Алматы қаласындағы «Достық Плаза» сияқты қонақ үйді, қонақ үй желісіне айналдыру, яғни дәл сондай отельдерді Қазақстанның басқа жерлерінде салу. Нәтижесінде отандық желілер шетел желілерімен бәсекеге түседі, кейін бағалар арасындағы түсім байқалатын болады. Нәтижесіне «бір оқпен екі қоянды» ата аламыз. Біріншіден, отандық брендтің нарыққа шығуы, екіншіден бағалардың қолжетімді болуы.

Тағы бір дамыту жолы ретінде, қонақ үй бизнесіндегі бағалар сәйкестігін қамтамасыз ету. Нәтижесінде, бағалардың белгілі бір межеден аспауы. Бұл менің ойымша, бәсекелестіктің қарқындауына және қонақ үй нөмірлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытындылай келе, қонақ үй шаруашылығы өте маңызды шаруашылық түрі болып саналады, және ол жоғарыда айтып өткендей туристік саламен тығыз байланысты. Ал туризм бұл ешқандай шикізатты қажет етпейтін, экологияға зиян көп келтірмейтін экономика саласы. Нәтижесінде, бұл жалпақ тілмен айтқанда «ауадан ақша жасау». Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақүй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі жоғары деңгейде емес, бірақ ол әлі өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ, яғни болашағы алда. Оның дамуы туризмнің дамуымен тығыз байланыста. Ал туризм біздің болжауымызша 2017 жылдан кейін, яғни EXPO-2017 соң қарқынды түрде дамиды. Бірақ 2017 жылға дейін Қазақстан үшін платцдарм орнату қажет, яғни жоғарғы деңгейдегі қонақ үйлер салынуы тиіс, себебі 3 миллион адамды күтіп алатындай қазіргі кезде Астана қаласының күші жоқ. Нәтижесінде жаңа қонақ үйлер салынуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген дамыту жолдарын қолдана отырып Қазақстанның тек қонақ үй бизнесін ғана емес сонымен қатар жалпы туризмді дамытуға септігін тигізеді деген үміттемін.




  1. Мазбаев О.Б., Омаров К. М. Қонақ үй шаруашылығы және туристік бизнес, Астана-2003ж.; 35-36 б

  2. http://www.stat.gov.kz/

  3. http://www.astanahotels.kz/

  4. http://www.tez-tour.com/

  5. http://forbes.kz/


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет