Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының



Дата03.07.2016
өлшемі39.5 Kb.
#175012
1 қосымша

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының

мүшелік ұйымдарының қызметіне рейтингілік

бағалау жүргізу туралы

Е Р Е Ж Е
Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің 2015 жылғы 21-желтоқсандағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарының қызметін рейтингілік бағалау туралы» № 5 8-т. Қаулысына сәйкес жасалды.

Мүшелік ұйымдар қызметіне рейтингілік бағалауды жүргізудің негізгі мақсаты - білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі салалық кәсіподақтың облыстық, аумақтық ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру, салалық кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамыту және нығайту болып табылады.

Ереже салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары қызметінің тиімділігін рейтингілік бағалау нәтижелерін анықтаудың негізгі принциптерін белгілейді.

Рейтингілік бағалау жүргізудің ұйымдастырушысы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті болып табылады.


Рейтингілік бағалау жүргізудің принциптері
Мүшелік ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалау мен рейтингілік бағалау жүргізу әдістемесінің негізгі принциптері:

кешенді тәсіл – бағалау мүшелік ұйымдар жұмысының барлық негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі;

нақтылық принципі – бағалау нәтижелерінің тиісті құжаттармен расталуы;

айқындық принципі – ақпарат көздерінің пайда болуын тексеру мүмкіндігі;

жариялық – рейтинг нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында, салалық кәсіподақтың сайтында, ақпараттық бюллетеньдерде жариялау.
Рейтингілік бағалау жүргізу үшін қызмет

бағыттары мен ақпарат көздері
Мүшелік ұйымдар қызметінің критерийлерін анықтау көрсеткіштері: ұйымдастырушылық жұмыс, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік, құқықтық қорғау жөніндегі кәсіодақтың қызметі, қаржы тәртібін нығайту мәселелері, ақпараттық және оқу-әдістемелік жұмысы, атқарушылық тәртіп жағдайы болып табылады.

Көрсетілген жұмыс бағыттары бойынша облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тиімділігі көрсеткіштерін анықтау және рейтингілік бағалау үшін ақпарат көздері белгіленген нысан бойынша есеп беру мерзімінде жүргізілген жұмыс туралы ақпараттар мен есептер, білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының алқалы органдары шешімдерінің орындалу барысы, ресми статистикалық деректер мен мәліметтер, сондай-ақ мүшелік ұйымдар қызметін мақсатты тексерулер мен зерделеу нәтижелері, әлеуметтік әріптестік туралы облыстық, аумақтық келісімдерді жүзеге асыру болып табылады.

Тиімділікті рейтингілік бағалау мүшелік ұйымдар қызметінің төмендегідей бағыттары бойынша жүзеге асырылады:


  • ұйымдастырушылық және ынталандыру қызметі;

  • әлеуметтік әріптестік;

  • кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы;

  • қаржы қызметі;

  • ақпараттық жұмыс;

  • кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелерін оқыту.

Қызметтің әрбір бағыты бойынша мүшелік ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен критерийлері әзірленіп белгіленеді.

Тиімділік критерийлері мен көрсеткіштерінің талаптары: көрсеткіштер ақпаратты әділ тексеруге тиісті ресми статистикалық мәліметтер мен деректерге негізделуі және белгілі мерзімге салыстырымды (салыстырмалы) түсіндіру үшін бір мағыналы және т.б. болуы тиіс.

Салалық кәсіподақ органдарының шешімдерін орындауды бағалау кезінде анықтаушы фактор оларды орындаудың уақыттылығы, сапасы мен толықтығы болып табылады.
Рейтингілік бағалауды қорытындылау әдістемесі
Мүшелік ұйымдар жұмысының тиімділігін рейтингілік бағалау есеп беру (күнтізбелік) жылының қорытындысы бойынша салалық кәсіподақ Кеңесінің аппаратымен жүзеге асырылады.

Қорытындылау кезінде қызметтің барлық бағыттары бойынша көрсеткіштер баллға ауыстырылып, нәтижелері бойынша Кәсіподақтың барлық мүшелік ұйымдары әрбір көрсеткіш бойынша топтамаға сараланып, кейін топтамалар бойынша қорытынды баллдар қойылып, рейтингтің қорытынды кестесі шығарылады. Мүшелік ұйымдар баллдарының өсу шамасына қарай орналасады.

Рейтингілік бағалау жүргізудің қорытындысы салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің қарауына және бекітуге енгізіледі.

Рейтингілік бағалау жүргізу үшін есептер мен ақпараттар ұсынудың анықтығы, толықтығы мен уақыттылығына жауапкершілік мүшелік ұйымдардың басшыларына жүктеледі.


Жеңімпаздарды марапаттау және марапаттау рәсімі
Рейтингілік бағалауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау наурыз-сәуір айларында мүшелік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен көпшілік алдында жүргізіледі. Жеңімпаздарды құттықтау және марапаттау салтанатты жағдайда осы Ереженің шарттарына сәйкес Дипломдар мен ақшалай сыйақылар тапсырумен өткізіледі.

Рейтинг жүргізудің қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын тағайындалады:

бірінші орынға – 3 000 000 (үш млн) теңге сомасында ақшалай сыйлық;

екінші орынға – 2 000 000 (екі млн) теңге сомасында ақшалай сыйлық;



үшінші орынға – 1 000 000 (бір млн) теңге сомасында ақшалай сыйлық.

Рейтингілік бағалау жеңімпаздары – мүшелік ұйымдар бөлінген ақшалай қаражатты жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерін ынталандыруға жұмсай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет