«казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»



Дата04.03.2016
өлшемі61.32 Kb.
#36866

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ



ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ


«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»


АТҚАРУ КОМИТЕТІ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫЙ КОМИТЕТ

ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
26.08.2015 ж. № 4 т.6
Оңтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жарғылық

міндеттерді орындау жөніндегі жұмысы туралы
Салалық Кәсіподақтың Атқару комитеті Оңтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ә.Қ.Шалқардың ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, облыстық ұйымның қызметінде жұмыстың басымды бағыттары кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету жөнінде жарғылық міндеттерді жүзеге асыру мәселелері, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIII съезінің шешімдері тұрғысынан кәсіподақ ұйымдарының қызметін жаңарту және ұйымдастырушылық нығайту болып табылатынын атап өтеді.

Соңғы жылдары облыстық кәсіподақ комитеті әлеуметтік әріптестікті дамыту және жетілдіру жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған облыстық келісім, сондай-ақ аудандық және қалалық келісімдер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттары шеңберінде қалыпты жұмыс жағдайын жасау, жалақыны уақытында төлеу, тегін медициналық тексеріс, ауыл мұғалімдеріне коммуналдық қызмет өтемақысы сияқты және басқа мәселелер білім беру қызметкерлерінің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер қамтамасыз етіледі.

Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелерінде көптеген аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері белсенділік танытты. Мысалы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті мектептің кітапхана қызметкерлеріне жалақы бойынша қарыздың төленуіне, коммуналдық қызмет үшін төлем мөлшерінің 1,0-нан 4,7 мың теңгеге дейін көбеюіне қол жеткізді. Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті аудандағы білім беру мекемелерінің техникалық қызметкеріне демалыс күндеріндегі жұмыс және кезекшілік күндері үшін қосымша төлемақы мәселесін шешті. Облыстық, аймақтық келісімдерді жүзеге асыру мәселелері кәсіподақтың алқалы органдары Пленумдарының мәжілістерінде қаралады.

Қоғамдық инспекторлардың білім саласындағы еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысы едәуір жандандырылды, 2014 жылы олар 862 тексеру жүргізіп, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 380 ұсыныс енгізілді. Облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым кәсіподақ комитетінің бірлескен шешімдерімен бірінші тоқсанда еңбекті қорғау жөнінде кәсіподақ ұйымдарының байқау-сайысы өткізілді.

ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңының және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жарғысының ережелеріне сәйкес облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымы реттеліп, қоғамдық бірлестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, кәсіподақ органдары мен ұйымдарын ұйымдастырушылық нығайту жөнінде нақты шаралар қабылданды. Кәсіподақтың облыстық комитетінің, аудандық және қалалық комитеттері қызметінің негізгі бағыттары кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, кәсіподақтың мүшелік базасын нығайту болып табылады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде 1350 кәсіподақ мүшесімен 40 бастауыш кәсіподақ ұйымы қайта құрылды. Жалпы, 2010 жылы 105547 кәсіподақ мүшесі бар облыстық кәсіподақ ұйымы 2015 жылы 120190-ға дейін көбейді.

Облыстық кәсіподақ ұйымының барлық құрылымдарында бірыңғай қаржы саясатын жүзеге асыру, қаржы тәртіптемесін нығайту жөнінде жүргізілген жұмыс оң нәтиже беріп отыр. Салалық кәсіподақтың нұсқауларын орындай отырып, мүшелік жарналарды төлеу, жинау және есепке алу тәртіпке келтірілді; бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жоғарғы органдарға мүшелік жарналарды аудару мөлшері 20-дан 23 пайызға дейін өсті, мүшелік кәсіподақ жарналарының жалпы түсімі көбейіп, жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының алдында жарғылық қаржы міндеттемелерінің орындалуына септігін тигізді.

Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып, облыстық кәсіподақ комитеті кадрлармен және кәсіподақ активімен жүргізілетін жұмысқа үлкен мән береді. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларының резерві құрылды, олардың орташа жасы 41 жас болып табылады. Кәсіподақ кадрларымен жұмыста оқу-әдістемелік қызметіне, олардың білімдері мен біліктілік деңгейлерін арттыруға басты назар аударылады. Тұрақты негізде, облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің базасында 5 оқу-әдістемелік кабинеті ашылып, жұмыс жасайды; соңғы бір жарым жылда тек облыстық кәсіподақ комитетінің курстарында негізінен еңбек заңнамасының мәселелері бойынша 8 оқу семинары өткізілді. Облыстағы оқу-әдістемелік кабинеттерінің оң жұмыс тәжірибелерін ескере отырып, сол базада республиканың басқа аймақтарының кәсіподақ қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізіледі. 2014-2015 жылдар ішінде кәсіподақ активіне көмек ретінде кәсіподақ жұмысының түрлі бағыттары бойынша 19 әдістемелік ұсыныстар, 5 оқу дискілері, 25 слайд әзірленіп, 37 бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесі талдап қорытылды.

Соңғы жылдары бастауыш ұйымдардың кәсіподақ жұмысының көптеген бағыттары бойынша қызметі едәуір белсендендірілді. Мысалы, Шымкент қаласындағы №107 лицей кәсіподақ ұйымының педагог қызметкерлердің мәртебесін арттыру (жыл сайын мұғалімдер арасында 6 номинация бойынша байқаулар өткізіледі), қызметкерлердің демалысы мен сауықтырылуы, оларға кәсіподақ ұйымы мен ата-аналар комитетінің бастамасымен құрылған қор есебінен материалдық және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі жұмыс тәжірибелері назар аударуға тұрарлық.

Кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыра отырып, соңғы 2 жылда облыстық кәсіподақ комитеті пленумының 5 мәжілісі және төралқасының 17 мәжілісі өткізіліп, онда аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарының нәтижелілігін арттыру жөнінде түрлі мәселелер қаралды. Бұл жұмыста кәсіподақ қызметкерлерінің жарғылық міндеттерді, кәсіподақ ұйымдары алқалы органдарының шешімдерін орындау жөніндегі есептерін тыңдауға маңызды рөл бөлінеді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылық жағдайлары әлі де орын алып отыр. 2014-2015 жылдары облыстық кәсіподақ комитетіне мұғалімдерден жұмыстан заңсыз шығару, еңбек демалысының жәрдемақысын, жалақыны дұрыс есептемеу және басқа да заң бұзушылықтарға байланысты 27 арыз бен өтініш түсті.


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы төрағасының ақпараты ескерілсін.

2. Облыстық кәсіподақ комитетінің жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек және кәсіптік құқықтарын қорғау және өкілдік ету жөніндегі кәсіподақ органдары мен ұйымдары қызметтерінің нәтижелілігін арттыруға, билік органдарының өкілдерімен және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамытуға, облыстық кәсіподақ ұйымын ұйымдастырушылық-қаржылық нығайтуға бағытталған белсенді жұмыс атқаратыны атап өтілсін.

3. Оңтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетіне кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау мәселелесіне назар аудару, білім саласы ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ мүшелерін қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің қадағалануына қатысты еңбек заңнамасының ережелеріне оқытуды белсенді жүргізу, кәсіподақ органдарының аппараттарын білікті маман-заңгерлермен күшейту жөнінде шаралар қабылдау, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік жасау ұсынылсын.

4. Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдарына жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау кезінде:



  • әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін, тәжірибесін үнемі жетілдіру, қызметкерлердің өмірлік маңызды мәселелерін шешу мақсатында білім ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен келіссөздер жүргізу және әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

  • жұмыстың басымды бағыттары ретінде кәсіподақ органдарын ұйымдастырушылық және кадрлық нығайту деп санау, кәсіподаққа жаңа мүшелерді тарту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, кәсіподақтың құқық қорғау жұмысында заң қызметінің рөлін арттыру, оларды білікті кадрлармен және мамандармен күшейту;

  • кәсіподақ ұйымдарында қаржылық жұмысты нығайту жөнінде шаралар қабылдай отырып, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау мәселелері бойынша салалық кәсіподақтың ұсыныстары мен нормативтік-құқықтық актілерінің ережелерін жергілікті жерлерде орындауға, кәсіподақ кадрларының қаржы тәртіптемесінің жағдайына жеке жауапкершіліктерін арттыруға қол жеткізу ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау салалық Кәсіподақ төрайымының орынбасарлары А.М.Мұқашеваға, В.Ф.Беженаровқа жүктелсін.


Төрайым М.Т.Амантаева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет