Денсаулық сақтау қызметкерлері
Кәсіподағының ІІ съезінде 1995
жылдың 6 қыркүйегінде бекітілді
Денсаулық сақтау қызметкерлері
Кәсіподағының кезектен тыс съезінде
өзгерістер мен қосымшалар 1998
жылдың 22 желтоқсанында бекітілді
Денсаулық сақтау қызметкерлері
Кәсіподағының кезектен тыс съезінде
өзгерістер мен қосымшалар 2000 жылдың 28 маусымында бекітілді
Денсаулық сақтау қызметкерлері
Кәсіподағының IX съезінде өзгерістер мен қосымшалар 2010 жылдың 28 сәуірінде бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫНЫҢ
Ж А Р Ғ Ы С Ы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағы, әрі қарай Кәсіподақ деп аталатын, өз мүшелерін кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде біріктіретін тәуелсіз, дербес мәртебелі қоғамдық ұйым болып табылады.
1.2. Кәсіподақ Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына, халықаралық жалпыға бірдей қабылданған нормаларына және осы Жарғыға сәйкес қызмет істейді.
1.3. Кәсіподақ өз қызметінде мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілерден, саяси және басқа қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, олардың алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды.
-
Кәсіподақ басқа кәсіподақтармен тығыз байланыс жасайды, республикалық және халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысады, шетелдік кәсіподақтармен және басқа қоғамдық ұйымдармен іскерлік байланыс жасайды.
-
КӘСІПОДАҚ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
-
Кәсіподақ мүшелерімен қарым-қатынасын тең праволық, әріптестік, ынтымақтастық негізінде құра отырып, олар еңбек, кәсіптік, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылады және қызметін атқарады.
2.2. Кәсіподақ сайланбалы органдары арқылы өз мүшелерін қорғау үшін:
- кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағдарлама береді және үйлестіреді;
- кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер, сот және басқа органдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды, сонымен қатар прокуратураның бақылауындағы кейбір құқықтық және нормативтік актілерге қарсылығын білдіре алады;
- мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер өкілдерімен келіссөз жүргізеді, келісімдер, ұжымдық шарттар жасайды және олардың орындалуын бақылайды;
- мемлекеттік билік органдарына Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары және мүдделеріне қатысты заң құжаттары мен нормативтік актілерді жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді, олардың құқықтарына шек қоятын нормативтік актілердің күшін жоюды талап етеді;
- еңбек туралы заңдардың және еңбекті қорғау туралы ережелердің сақталуын қоғамдық бақылауға алады, еңбек дауларын шешуге қатысады;
- өмір деңгейі, отбасы бюджеті, инфляция, жұмыссыздық, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік дайындау және білімін жетілдіру және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және мемлекет саясатының әлеуметтік бағытта болуына атсалысады;
- кәсіподақ мүшелеріне дәрігерлік және зейнетақылық, қамсыздандыру, санаторлық-курорттық емдеу, демалыс ұйымдастыруға және мамандығын арттыру мен қайта дайындаудан өтуіне көмек көрсетеді;
- өз мүшелеріне және құрылымдық бөлімдеріне ұйымдастырушылық, кеңестік, құқықтық және материалдық, қайырымдылық көмек береді;
- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша өз өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады;
- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жиналыстар, митингілер, бой көрсету шерулер, ереуілдер және басқа бұқаралық акцияларды ұйымдастырады және өткізеді;
- осы Жарғыда белгіленген мақсаттарын орындау үшін шаруашылық қызмет атқарады, кәсіпорындар, сақтандыру және қаржы қорларын, ынтымақтастық қорын және басқа да қорларды құрады; акциялар және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және кәсіпкерлік қызметті дамытады;
- ақпараттық мәліметтендіру және баспа қызметін атқарады;
Кәсіподақ мүшелері тиісті кәсіподақ құрылымдары арқылы өкілеттік еткен басқа да қызметтерді атқарады.
-
КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІК
-
Дәрігерлік, фармацевтикалық тағы басқа денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда істейтін, басқа да халық денсаулығын сақтау және сауықтыру саласында мүліктік меншік және ұйымдық-құқықтық түрлеріне қарамастан қызмет атқаратын жоғары және арнаулы орта оку орындарында оқитын студенттер мен оқушылар және Кәсіподақ Жарғысын қабылдайтын, кәсіподаққа мүшелік жарна төлейтін кез келген азаматтар Кәсіподаққа мүше бола алады.
Кәсіподақ мүшесі басқа кәсіподақтар қатарында бола алмайды.
-
Кәсіподаққа мүшелік әр адамға ерікті. Кәсіподаққа қабылдау және одан шығу әр адамның сәйкес келетін кәсіподақ ұйымына жолдаған жазбаша жеке өтініші бойынша атқарылады.
Кәсіподаққа қабылдау туралы шешім Кәсіподақ мүшелерінің саны 30-дан кем болған жағдайда бастауыш ұйымның жиналысында, егер 30-дан артса – кәсіподақ бюросының, кәсіподақ комитетінің мәжілісінде қабылданады да, осы шешім бастауыш ұйымның жиналысында /конференциясында/ мәлімденеді.
Кәсіподақ мүшесі болып қабылданған адамға белгіленген түрдегі Кәсіподақ билеті беріледі. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу жұмыс не оқу орнындағы бастауыш ұйымның есеп карточкалары арқылы жүргізіледі.
-
Мекемеде, ұйымда, кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйым болмаған жағдайда кәсіподақ мүшесі болу және одан шығу туралы шешімді жекелеген тәртіппен кәсіподақтың жергілікті филиалы қабылдайды.
-
Кәсіподаққа мүшелік стаж мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап саналады.
-
Кәсіподақ стажы мүшелік жарналарын уақтылы төлеп тұрған мына жағдайдарда сақталады:
- жасына не мүгедектігіне байланысты жұмысын тоқтатқан зейнеткерлер үшін;
- штат қысқарту салдарында, мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жойылып, уақытша жұмыссыз қалғандар үшін, басқа қызметке қабылданғанға дейін;
- кәсіподақтар арасындағы келісім шарт бойынша, басқа кәсіподақ салаларында мүшелікте болған кәсіподақ мүшелері үшін.
-
Кәсіподақ мүшесінің құқылары:
- кәсіподақ және оның органдары тарапынан мемлекеттік билік, жұмыс беруші, сот және басқа органдар алдында өзінің еңбектік, кәсіптік және басқа әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- кез келген Кәсіподақ органы не ұйымынан ақыл - кеңес алып, өзінің өтініші не ұсынысы бойынша нақты жауап алу;
- еңбек және басқа даулар бойынша Кәсіподак органдары көрсететін тегін заңгерлік кеңес алу;
-кәсіподақ қаражатынан материалдық, қайырымдылық көмек алу;
- кәсіподақ органдарын сайлауға және өзі сайлана алу;
- кәсіподақ жұмысына қатысу, оған байланысты сұрақтар ұсынып, оның талқысына еркін қатысу, сайланылған органдардың қызметіне баға беріп, осы органдардың жұмысы туралы кез келген ақпарат алу;
- кәсіподақ жүргізген келісімдер мен шарттарға байланысты көзделген қосымша жеңілдіктер мен үстемелер алу.
3.7. Кәсіподақ мүшесінің міндеттері:
- Жарғыға бағыну, бастауыш ұйымы мен барлық деңгейдегі Кәсіподақ органдарының шешімін орындау;
- ай сайын белгіленген тәртіп пен мөлшер бойынша, кәсіподақ мүшелігінің жарнасын төлеу;
- жеке не ұжымдық еңбек шарттары мен келісімдерде көрсетілген міндеттерді орындау;
- кәсіподақ мүшелері өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға ауызбірлік білдіріп, кәсіподақтың жалпы қозғалысын қолдау.
3.8. Кәсіподаққа мүшелік оның қатарынан шыққанда не шығарылғанда тоқтатылады.
Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ кәсіподақ мүшесінің өзінің жарғылық міндеттерін орындамағанда не кәсіподақ бірлігін бұзатын басқа да зиян келтіретін әрекеттері үшін қойылады.
3.9. Кәсіподақ мүшесі өзінің жарғылық міндеттерін орындамаса, ол 6 айға дейін Кәсіподақ жеңілдіктерінен айырылады.
3.10. Кәсіподақ жеңілдіктерінен айыру және мүшеліктен шығару туралы шешімді Кәсіподаққа қабылдау құқы бар орган не сайланылған жоғары органдар қабылдай алады, ол туралы бастауыш ұйым мәлімденеді.
Осы шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады. Себепсіз жағдаймен кәсіподақ мүшесі осы сұрақ қаралуынан бас тартса, шешім оның қатысуынсыз қабылданады.
Шешім, толық негізі бар жиналысқа не сайланбалы органның мәжілісіне қатысушы адамдардың үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берсе, қабылданған болып саналады.
3.11. Кәсіподақ мүшесі жеңілдіктермен пайдалану құқығынан айырылғаннан не кәсіподақ мүшелігінен шығарылғаннан кейін екі ай мерзімде қабылданған шешімді сайланбалы жоғарғы Кәсіподақ органдарынан қайта қарауды талап ете алады.
3.12. Кәсіподақ мүшелігінен шығарылған адам жалпы негізде, бірақ бір жылдан кем емес уақыттан кейін кәсіподақ мүшелігіне қабылдана алады.
3.13. Кәсіподақ мүшесі бастауыш ұйыммен байланысы үзіліп, жұмыстан шығып не ауысуына байланысты кетіп қалса, ол бастауыш ұйымның санағынан шығарылады.
3.14. Кәсіподақ мүшесі негізсіз себептермен қатарынан үш ай бойы мүшелік жарнасын төлемесе, сол ақысын өтегенге дейін Кәсіподақ қорғауынан ажыратылады. Одан әрі оны Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ шешіледі.
3.15. Кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен не шығарылған адам Кәсіподақ тарапынан қорғау және кәсіподақ меншігімен пайдалану құқығынан айырылады, бұрын төленген жарналардың жалпы құны кері қайтарылмайды.
-
Кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін Кәсіподақ мүшелері мынадай жеңілдіктер мен құрметке ие бола алады:
- кәсіподақтың құрмет белгілері мен атақтарын алу;
- алғыс;
- Орталық Кеңестің және оның құрылымдарының сайланбалы органдарының грамотасымен марапаттау;
- ақшалай, құнды заттай сыйлықтар, сувенирлер беру;
- демалыс, санаторлық-курорт орындарына және туристік жолдамалар беру.
-
КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Кәсіподақ өндірістік көп салалық және аумақтық сипат бойынша құрылады және қызметін мына қағидалар негізінде қалыптастырады:
- салалалық Кәсіподақ қозғалысының бірлігі;
- Кәсіподақ мүшелігіне еркін кіру және еркін шығу;
- Кәсіподақтың төменнен жоғарыға дейін барлық органдарының сайланушылығы, олардың кәсіподақ мүшелері және жоғарғы Кәсіподақ органдары алдында есеп беріп тұратындығы;
- барлық сайланбалы органдар жұмысындағы алқалық қабылданған шешімдер және тапсырмаларды орындау үшін жеке жауапкершілігі;
- Кәсіподақ жоғарғы органдары шешімдерінің төменгі органдарға және кәсіподақ мүшелеріне міндеттілігі;
- Кәсіподақ жоғарғы органдарының Кәсіподақ Жарғысына кайшы қабылданған төменгі кәсіподақ органдары мен ұйымдары шешімдерінің күшін жоюы, тоқтатылуы, жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімдері;
- біріңғай қаржы саясаты.
4.2. Кәсіподақ құрылымы осы біріңғай Жарғы шеңберінде заңды тұлға құқығына ие емес мына құрылымдық бөлімдерді қамтиды;
- бастауыш ұйымдар;
-
филиалдар;
-
Кәсіподақ өкілі.
4.3. Бастауыш ұйым:
4.3.1. Бастауыш ұйым Кәсіподақтың ішкі құрылымына кіреді.
4.3.2. Бастауыш ұйым бір мекемеде, ұйымда, кәсіпорында дәрігерлік, фармацевтикалық және денсаулық сақтау мен сауықтыру салаларында басқа да жұмыс жасайтын немесе оқу орнында оқитын, кем дегенде үш кәсіподаққа кіруге өтініш жасаған азаматтар болғанда құрылтай жиналысында құрылады.
-
Бастауыш ұйымның жиналысы /конференциясы/ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі. Оның өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы кәсіподақ мүшелері кемінде екі апта бұрын хабарландырылады.
Кезектен тыс жиналыс /конференция/ кәсіподақ комитеті өз ынтасымен, жоғары кәсіподақ органының шешімімен немесе ұйым мүшелерінің үштен бірінің талабымен шақырылады. Оның өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы мәлімет кәсіподақ мүшелеріне ең кем дегенде бір жұма бұрын хабарландырылады.
4.3.4. Жиналыс /конференция/ бастауыш ұйымның жұмысына қатысты кез-келген сұрақты қарай алады. Жиналыстың /конференцияның/ тікелей құзырына:
- бастауыш ұйым жұмысының басыңқы бағыттарын анықтау:
- кәсіподақ комитеті, тексеру комиссиясының есептерін тыңдап, талқылау;
- бастауыш ұйым басқарушысын /кәсіподақ ұйымдастырушысын/, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының төрағаларын сайлау;
- кәсіподақ мүшелерінің атынан жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, ұжымдық шартқа кіретін мәселелерді анықтау;
- жұмыс беруші не оның өкілдерінің ұжымдық шартты орындау туралы есебін тыңдау;
4.3.5. Күнделікті жұмысты атқару үшін бастауыш ұйым:
- 30-дан кем Кәсіподақ мүшесі болса, кәсіподақ ұйымдастырушысын;
- 30-дан артық Кәсіподақ мүшесі болса, төраға басқаратын кәсіподак комитетін сайлайды.
- Кәсіподақтың Орталық Кеңесімен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін атқаратын Кәсіподақ өкілі лауазымы тиісті филиалдың шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
Бастауыш ұйым өз қызметін Кәсіподақтың съезімен бекітілген Кәсіподақтың Жарғысы мен Ережесіне сәйкес атқарады.
4.3.6 Кәсіподақ комитетінің мәжілісі қажетіне қарай немесе ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Кәсіподақ комитеті Жарғыда көрсетілген өкілеттігіне байланысты күнделікті жұмыс атқарып, қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды, өз жұмысы туралы жиналыс /конференция/ және жоғарғы Кәсіподақ органдарының алдында есеп береді. Жиналыс /конференция/ құзырына жататын мәселелер туралы шешім қабылдауға құқы жоқ;
4.3.7. Кәсіподақ комитетінің шешімінің бастауыш ұйымның құрылымдық бөлімдерінде кәсіподақ топтары, кәсіподақ бюролары /цехком/ құрылады оларға жұмыс шеңберінде кәсіподақ комитетінің құқы берілуі мүмкін.
4.3.8. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы мөр, бланктер мен тиісті үлгідегі мөртанбаға ие.
4.3.9. Территориалық бытыраңқылықты ескере отырып тиісті филиалдың шешімімен бастауыш ұйымдардың төрағаларының Кеңесі құрылуы немесе Кәсіподақтың өкілі лауазымы енгізіледі.
4.3.10. Заңды тұлға /кәсіпорын, ұйым/ қайта құрылса сондай-ақ меншік ауысқан жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымы алдыңғы әрекет еткен бастауыш ұйымның кәсіподақ мүшелері алдындағы осыдан туындайтын барлық мүліктік, басқа да құқықтары және міндеттерімен бірге заңды мұрагер болып табылады.
4.3.11. Бастауыш ұйымның төрағасы сол ұйымның өкілетті өкілі ретінде келесі мәселелерді шешуге құқы бар:
- комитет құзырына тікелей қатыспайтын жедел сұрақтарды өз еркімен шешуге;
- кәсіподақ комитеті мен кәсіподақ жиналысы, конференциясы, кәсіподақ комитеті мәжілісіне қаралатын сұрақтарды дайындап, олардың шешімдерін әзірлеу үшін тұрақты және комиссиялар құрады және ол жұмысқа сарапшылар тобын және уақытша кәсіподақ активін шақыруға;
- кәсіподақ комитетінің мәжілісін шақырып, оны жүргізіп отыруға, қабылданған шешімдер мен хаттамаларға қол қоюға;
- кәсіподақ комитетінің штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқаруға;
- кәсіподақ мүшелері мен ұйым қызметкерлерінің атынан ұжымдық келісім-шартқа қол қоюға;
- кәсіподақ комитетінің келісімімен қаржы саясатын және соған байланысты басқа да шаруашылық жұмыстарды басқаруға;
- сайланбалы кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастыруға;
- кәсіподақ мүшелерінің жеке талабы және жазбаша өтініші бойынша, сол сияқты ұжым әкімшілігінің келісімімен мүшелік жарнаны әр азаматтың ақысынан ұстау туралы ұсыныс беріп, жоғарыдағы көтерілген мәселе бойынша шешім қабылдауға тиіс. Сонымен қатар жиналған мүшелік жарнаны және белгіленген мөлшерде аталған филиалдың есепшотына аударылуын бақылауға;
- Кәсіподақтың тиісті филиалына кәсіподақтың мүшелік жарнаның дер кезінде және толық аударылуына жеке жауапкершілікте.
-
Кәсіподақтың филиалы
4.4.1. Кәсіподақтың филиалы бір аймақтың құрамында ең кемі он бастауыш кәсіподақ ұйымы болғанда, олардың біріккен құрылтай жиналысында /конференциясында/ Орталық Кәсіподақ Кеңесінің қаулысымен құрылады және өз жұмысын атқарады.
4.4.2.Кәсіподақ филиалы жергілікті әділет органдарында есептік тіркеуден өткеннен кейін сол ұйымның Ережесі бойынша банкте өзінің есеп-шотын ашып, арнаулы бланкілер, мөр, штампқа ие болуға құқы бар.
-
Кәсіподақ филиалының конференциясы бес жылда бір рет шақырылады. Оны шақыру өтетін мерзімі, күн тәртібі туралы кәсіподақ мүшелері ең кемінде бір ай бұрын хабарландырылады.
Кезектен тыс конференция Кәсіподақ филиалының сайланбалы органының ынтасымен, ұйымға кіретін бастауыш ұйымдардың екіден үш бөлігінің талабымен немесе Кәсіподақ Орталық Кеңесінің шешімімен шақырылады. Кезектен тыс конференцияны шақыру туралы шешім кем дегенде екі апта бұрын хабарландыру арқылы қабылданады.
-
Кәсіподақ филиалы конференциясының ерекше құзырына мыналар жатады:
- кәсіподақ ұйымының, оның тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебін тыңдау;
- филиал жұмысының ең басты бағыттарын анықтау;
- Кәсіподақ филиалы Кеңесінің мүшелерін сайлап, олардың өкілеттігін бекіту;
- Кәсіподақ филиалының төрағасын және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
- филиалға қатысты басқа да мәселелерді, филиалды жою мәселесінен басқасын, шешеді.
4.4.5. Конференция аралығында Кәсіподақ филиалының жұмысын конференция шешімімен құрылған Кеңес басқарады. Кеңес жұмысын төраға басқарады. Кеңес мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде жылына екі рет өткізіледі.
4.4.6. Кәсіподақ Кеңесі өз жұмысының басты бағыты ретінде жалпы Кәсіподақтың алдына қойған негізгі міндеттерді басшылыққа ала отырып:
- филиал төрағасының ұсынысымен оның орынбасары сайланады;
- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға нақтылы көмек көрсетеді, сол сияқты кәсіподақ ұйымдары мен оның мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары мен сот және басқа органдар алдына және жұмыс берушілер алдында қорғайды;
- жұмыс берушілер мен олардың өкілдерімен келісім-шарттың негізгі қағидаларын анықтайды;
- бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен Кеңес құрамына ұсынған азаматтардың өкілеттігін бекітеді;
- Атқару комитетін сайлайды;
- филиал төрағасы, оның орынбасары мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан жағдайда, қайтадан сайлау өткізуге құқы бар;
- кәсіподақ жұмысына байланысты бекітілген Кәсіподақ Жарғысы аясында конференцияның ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа сұрақтарды қарауға құқы бар;
- кәсіподақ ұйымы өз жұмысы аясында тек Кәсіподақ филиалы конференциясы мен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі алдында есеп береді.
- құрылымдық бөлімшелердің қызметін тоқтату бойынша шешім қабылданған кезде тексеру комиссиясының қортындысын бекітеді.
4.4.7. Күнделікті жұмыс жүргізу үшін Атқару комитеті сайланады, оның мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
4.4.8. Атқару комитеті:
- жоғарғы Кәсіподақ басқарушы органдарының, конференциялары мен Кеңес мәжілісінің және өз шешімдерінің орындалуын бақылап, оларды орындау шараларын іске асырады;
- мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілермен келісім жүргізу үшін өздерінің арнайы өкілдерін тағайындайды;
- жергілікті жерде денсаулық сақтау саласының мәселелеріне байланысты көтерілген мәселелерге өз үлесін қосып, оны жүзеге асыратын шаралардың орындалуына ықпал етеді;
- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаржы, шаруашылық жұмысын, Жарғыға байланысты іс-әрекетін, жоғарғы Кәсіподақ органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалап, жұмыс бағытына ұсыныстар жасайды;
- кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың Жарғыға және жоғарғы Кәсіподақ органдарының шешіміне қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды;
- негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер кәсіподақ төрағасының іс-қимылы Жарғыдағы бағыт мақсаттарға қайшы келсе, онда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданады, керек жағдайда кәсіподақ комитетінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін;
- пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратып, кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастырады;
- кәсіподақтың филиалға тапсырған мүлкі мен қаржысына иелік етуге, өз жұмысы аясында жұмсауға құқы бар;
- филиалдың жалдамалы қызметкерлер штатының санын, сондай-ақ филиалдың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ бюджетінің сметасын бекітеді;
- бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Қарастырылған кандидатура бекітілмеген жағдайда сайлаудың қайта өтуі туралы шешім қабылдайды.
- құзырына тиісті, мәселелерден басқа, күнделікті өмір аясында кездесетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы;
- өз жұмысы туралы тек конференция алдында, филиал Кеңесінің, Кәсіподақ Орталық Кеңесінің алдында есеп береді.
4.4.9. Кәсіподақ филиалы төрағасы:
- филиал жұмысын басқарып, филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесінің құзырына кірмейтін, жедел қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
- филиал штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқарады, олармен еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес еңбек шартын бұзады;
- Кәсіподақтың атынан жұмыс берушілер және олардың одағымен, кәсіподақ құрылымдары және тағы басқа мекемелермен келісім шартқа қол қойып, оны кейіннен филиалдың Кеңесінде бекітеді;
- Кәсіподақтың жоғарғы органдары және филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесінің берген өкілеттігіне сәйкес қаржы саясатын жүргізеді;
- Кәсіподақ Атқару Комитеті мен Кеңесінің, сондай-ақ филиалдың Атқару Комитеті мен Кеңесінің шешіміне сәйкес басқа да оған жүктелген міндеттерді атқарады.
- жарғылық міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте;
- филиалдың Атқару комитетінің атынан негізгі қызметінен босатылған кәсіподақ комитеттерінің төрағаларымен еңбек шартына отырады және еңбек шартын бұзады;
4.5. Бастауыш ұйымның, Кәсіподақ филиалдарының қызметі осы Жарғыға және олар туралы Кәсіподақ съезі бекіткен Ережеге сәйкес атқарылады.
4.6. Сайланбалы органдардың мәжілістерінің, кәсіподақ жиналыстарының шешімі, егер жиналыстар мен мәжіліс отырысына кәсіподақ мүшелерінің тең жартысынан астамы қатысқан жағдайда, ал конференциялар мен съездердің шешімі сайланган делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда, егер Жарғының өзге пункттерінде басқаша көрсетілмесе, қабылдануға негізі бар.
4.7. Сайланбалы органдардың мәжілісінің, жиналыс, конференциялардың және съездің шешімі тек кворум және көпшілік дауыс алған жағдайда қабылданады және ол шешім заң талабына сәйкес келеді, егерде Жарғы бойынша басқа тұжырымдамалар болмаса.
-
Съезд, конференция, жиналыс сайланбалы органдардың мәжілісінің күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша шешім, осы шараларға қатысушылардың ұсынысымен ашық немесе дауыс беру арқылы қабылданылады.
-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ
ОРГАНДАРЫ
5.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы оның қызметі республика облыстарының жартысынан артығын қамтитын жағдайда кұрылады.
5.2. Съезд – Кәсіподақтың ең жоғарғы органы болып табылады және ол кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Съезд өтетін күн, орын, күн тәртібі съезд басталудан кем дегенде екі ай бұрын хабарланады.
Кәсіподақтың кезектен тыс съезі Орталық Кеңестің шешімімен немесе салалык кәсіптік одақ құрамына кіретін ұйымдардың ең кем дегенде тең жартысының талабы бойынша шақырылады, ол туралы шешім кем дегенде бір ай бұрын қабылдану керек.
Съезд сайланған делегеттардың үштен екісінен кем емес бөлігі қатысса, өз жұмысын бастауға құқықты болып саналады.
5.3. Кәсіподақ съезі:
- Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Кәсіподақ тексеру-бақылау комиссиясының өз жұмысы туралы есебін тындайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді;
- іс-әрекеттердің бағдарламасын және Кәсіподақтың кезекті мәселелерін айқындайды;
- Кәсіподақтың Жарғысын бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, кәсіподақтың құрылымдық бөлімдері туралы Ережелерді, Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы және құрылымдық бөлімдерінің Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекітеді. Съездер аралығында Кәсіподақтың Жарғысы және Ережелерге қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқы Орталық Кеңестің құзырында, бірақ ол өзгерістер кейін съездің күн тәртібінде қаралып, бекітіледі;
- Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мүшелерін сайлайды немесе тікелей өкілеттік негізде сайланған жағдайда олардың өкілеттігін бекітеді;
- Кәсіподақ төрағасын және Тексеру-бақылау комиссиясының мүшелерін сайлайды;
- Кәсіподақтың мүшелік жарнасы туралы ережені қабылдайды, онда кәсіподақ мүшелерінің жарнасының міндетті түрде аударылатын мөлшері белгіленеді.
- Кәсіподақ қызметінің қысқарғаны туралы шешім қабылдайды;
- Кәсіподақ қызметімен байланысты басқада шешімдер қабылдайды;
-
Съездер аралығында Кәсіподақтың басқарушы органы Кәсіподақтың Орталық Кеңесі болып табылады. Орталық Кеңестің мәжілістері қажетіне қарай ең кемінде жылына бір рет өткізіледі және құрамына қарай ең кемінде мүшелердің жартысынан көбі қатысқан жағдайда құқықты болады.
5.5. Орталык Кеңес өз жұмысын бекіткен Ережеге сәйкес және келесі мәселелер бойынша өз шешімін қабылдауға құқы бар:
- съезде көтерілген мәселелер, Жарғыдағы көрсетілген кәсіподақтың негізгі мақсаттары, принциптерінің орындалуын қадағалайды;
- салалық кәсіподақтың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік, сот, шарушылық органдар мен басқа қоғамдық құрылымдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды;
- өз құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға кеңес береді, құқықтық көмек көрсетеді;
- егер Кәсіподақ төрағасы немесе оның орынбасары /лары/ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтадан сайлау өткізеді;
- салалық келісім-шарттың негізгі бағыт бағдарламасын белгілеп, олардың орындалуын қадағалайды;
- одақаралық кәсіподақ ұйымдарына өз өкілдерін сайлап оларға тапсырыс береді, олармен ынтымақтастықта жұмыс атқарады;
- Кәсіподақта есеп беру және қайта сайлау туралы және олардың өткізілетін мерзімі мен реті туралы шешім қабылдайды;
- Кәсіподақ төрағасының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (ларын) сайлайды;
- Кәсіподақтың Тұрақты қызмет атқаратын комиссияларының жұмысы туралы Ережені бекітеді.
- Съездің шешімімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
5.6. Жедел және күнделікті жұмыстарды атқару үшін құрамында кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары /лары/ және мүшелері бар Аткару комитеті сайналады. Аткару комитетінің мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіліп, құрамына сайланған мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда оның шешімдері құқықты болып саналады.
5.7. Аткару комитеті:
- Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісін шақырып, оның күн тәртібімен өткізілетін орнын белгілейді;
- съезд және Орталық Кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалайды;
- кәсіподақ қызметкерлері мен активінің оқуын ұйымдастырып, пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратады;
- Орталық Кеңесің ішкі құрлымы мен штат кестесін бекітіп, төрағаның ұсынысымен бөлім меңгерушілерін бекітеді;
- Кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың қызметі туралы статистикалық мәліметтердің жүйесін бекітеді, олардың уақытында тапсырылуын қадағалайды;
- Орталық Кеңес өкілеттілігі аясында Кәсіподақтың мүлкі мен ақшалай қаржысын қолданады;
- Кәсіподақ кіріс-шығыс сметасын бекітіп, белгіленген өкілеттік шеңберінде, қарауындағы мүліктің сақталу және оны қолдану туралы нормативтік актілер қабылдайды;
- Кәсіподақтағы еңбекақы төлеу мөлшері мен жүйесін белгілейді;
- өзінің құрылымындағы ұйымдарының Жарғыда көрсетілген ережелер мен міндет-мақсаттарын орындау барысы және қаржы шаруашылық жұмысын тексеру туралы шешім қабылдап, егер де тексеру барысында жұмыс аясында жіберген кемшіліктері болса, онда істің аңық-қанығы шешілгенше банкідегі қаражатын пайдалануға тыйым салады;
- Кәсіподақ Жарғысы мен алқалы органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;
- Кәсіподақтағы кадрлар саясатын анықтайды;
- негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін кәсіподақтың құрылымдық бөлімінің төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Кәсіподақ Жарғысы өрескел бұзылған жағдайда төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды, керек жағдайда қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;
- Кәсіподақ филиалдарының төрағаларын сайлау туралы шешімді бекітеді. Кандидатура бекітілмеген жағдайда сайлауды қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
- Орталық Кеңес жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.
5.8. Кәсіподақ төрағасы:
- Кәсіподақ мүддесін мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдарда, жұмыс берушілер бірлістіктерінде, халықаралық ұйымдарда өкілеттейді;
- қажет жағдайларда Кәсіподақ атынан мәлімдеме жасайды, өтініш, үндеулер жолдайды;
- Кәсіподақ атынан жұмыс берушілермен немесе олардың өкілдерімен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдар, кәсіподақ бірлістіктері және тағы басқа да мекемелермен келісім-шартқа отырып, кейінен ол қол қойылған келісім-шартты Орталық Кеңес мәжілісінде бекітеді;
- Орталық Кеңестің аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысына басшылық ете отырып, олармен шарт жасасады және оны тоқтату туралы бұйрықтарға қол қойып, басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
- бекітілген смета бойынша Орталық Кеңестің еншісіндегі қаражатты жұмсауға құқы бар;
- жарғылық міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте;
- Кәсіподақ Орталық Комитетінің Атқару Комитеті атынан Кәсіподақ филиалдарының төрағаларымен еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес жеке еңбек шартын бұзады;
- Орталық Кеңес пен Аткару комитеті жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.
5.9. Кәсіподақ төрағасының орынбасары /лары/ өз қызметін, төраға тапсырмасын және ол жоқта оның қызметін аткарады.
-
КӘСІПОДАҚТАҒЫ САЙЛАУ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ
ОРГАНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
6.1. Кәсіподақта сайлау төменнен жоғарыға дейін бір мерзімде өтеді. Өкілетті мерзімдер:
- кәсіподақ топ жетекшісі, кәсіподақ ұйымдастырушысы, цехтық жене бастауыш ұйымдардың кәсіподақ органдары үшін - екі - үш жыл;
- Кәсіподақтың және оның филиалының басқарушы органдары үшін - бес жыл.
6.2. Кәсіподақта сайлау науқанын өткізу мерзімі туралы шешімді Орталық Кеңес қабылдайды.
6.3. Өкілдік мөлшерін және конференцияға делегаттар сайлау тәртібін, сонымен қатар оны өткізу мерзімі мен орнын бастауыш ұйымның тиісті филиалы, съезге – Кәсіподақ Орталық Кеңесі белгілейді.
Бастауыш және облыстық ұйым төрағалары, олардың орынбасарлары осыған сәйкес конференциялардың, ал Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары /лары/ қызметіне сәйкес съезд делегаттары болып танылады.
6.4. Филиал Кеңестері және Кәсіподақ Орталық Кеңесі тікелей конференцияларда және съезде, сонымен қатар кейін шақырып алу, ауыстыру құқығымен, белгіленген мөлшер бойынша тікелей өкілеттік арқылы жасақталуы мүмкін.
Кәсіподақ ұйымдары басшыларын және органдарын сайлауда дауыс түрін конференция, съезд анықтайды.
Кәсіподақтың және оның филиалдарының басшылары қызметіне сайланатын кандидатуралар кәсіподақ оқу курстарында дайындықтан өткен және кәсіподақ жұмысында үш жылдан кем емес стажы бар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының мүшелері қатарынан ұсынылады.
6.5. Ең көп немесе өзге кандидаттарға қарағанда көбірек және жиналысқа, конференцияға, съезге қатысушы делегаттардың, Кәсіподақ органы мүшелерінің жартысынан көбінен дауыс алған. Мәжілістің өткізілуі құқықты деген жағдайда ұсынылған кандидаттар сайланды деп саналады.
6.6. Жиналыста, конференцияда, съезде, Кәсіподақ органының мәжілісінде сайлаған кәсіподақ ұйымдарының басшылары тиісті кәсіподақ органының мүшесі болып қызметіне сәйкес бір уақытта сайланады деп саналады.
6.7. Қажетіне қарай кейбір кәсіподақ мүшелерінің филиал Кеңесі және Кәсіподақтың Орталық Кеңес құрамына қосымша өтулері мүмкін. Құқықты қуаты бар болған жағдайда, тиісті кәсіподақ органы мүшелерінің жартысынан көбінің даусын алған кәсіподақ мүшесі сол орган құрамына сайланды деп саналады.
6.8. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының мүшелері байланысы үзіліп, кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен жағдайда тиісті сайланбалы органның шешімімен сол құрамнан шығарылады.
6.9. Қажетті жағдайларда кәсіподақ органдарына қосымша сайлау немесе оларды мерзімімен бұрын сайлау өткізілуі мүмкін:
- бастауыш ұйымдарда - жиналыстарда, конференцияларда;
- Кәсіподақтың филиалдарында - филиал Кеңесі мәжілістерінде;
- Кәсіподақта - Орталық Кеңес мәжілісінде.
Кәсіподақ органдарына қосымша сайлау өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған не оларды шамалап өзгерту қажет болған жағдайда өткізіледі.
Кәсіподақ органдарын мерзімінен бұрын сайлау Кәсіподақ мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің талабымен немесе Кәсіподақ органының шешімімен, кәсіподақ органының, оның басшысының қанағатсыз қызметі, Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда өткізіледі.
-
КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕНШІГІ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
7.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы өзіне белгіленген тәртіп бойынша берілген, кәсіподақ мүшелік жарналардан табылған, шаруашылық, баспагершілік, және де басқа қызмет кірістерінен құрылған меншік иесі болып табылады.
7.2. Кәсіподақ мүлкі біртұтас болып, меншік болып табылады. Иелік ету, пайдалану және қолдану түрін өзгерту тәртібін Кәсіподақ Орталық Кеңесі анықтайды.
7.3. Бастауыш ұйымдар мен филиалдар қарауына Кәсіподақ тапсырған меншіктің пайдаланушысы болып табылады.
7.4. Кәсіподақ ақшасы ай сайын төленетін жарнадан, шаруашылық, кәсіптік қызметтен түсетін пайдадан және басқа көздерден құралады.
7.5. Әр айлық мүшелік жарна мына мөлшерде белгіленеді:
- жұмыс істейтіндер үшін айлық жалақысының 1 пайызы;
- штат қысқарып, мекеменің жойылуы салдарынан, балаларын үш жаска дейін тәрбиелеу үшін, уақытша жұмыссыз қалған адамдар үшін үкімет белгілеген ең төменгі жалақы мөлшерінен 1 пайыз;
- жұмыс істейтін зейнеткерлер үшін зейнетақыдан 1 пайыз;
- студенттер мен оқушылар үшін стипендия мөлшерінен 1 пайыз.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шешімі бойынша кәсіподақ мүшелік жарнасының жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.
7.6. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағында мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау және бөлу біріңғай тәртібі белгіленеді.
Кәсіподақ мүшелік жарналарын кәсіподақ мүшелері төлейді, олар кәсіподақ мүшелерінің мемлекеттік баскару және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында көпшілік келіссөз және ұжымдық шарт жасасқанда білікті мамандарды шақырып, олардың өтемақысын төлеуге, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуге. Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған ауызбірлік және де басқа қорларды құруға, кәсіподақ мүшелерінің заңды талаптарын қорғауға арналған акцияларды дайындауға және өткізуге, заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, сараптық бағалау жұмысын ұйымдастыруға, ақпараттық және әдістемелік жұмыстарға, кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуға және басқа да жарғылық қызметтерге жұмсалады.
Мүшелік жарна ақшалай немесе кәсіподақ мүшесінің өтініші бойынша еңбекақысынан аудару арқылы төленеді.
Қолма-қол төленбейтін кәсіподақтың мүшелік жарналарының тәртібі ұжымдық келісім-шартпен немесе әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы арасындағы келісім-шартпен Кәсіподақ Жарғысы анықтаған мөлшерде белгіленеді.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарында жиналған мүшелік жарна толығымен (100 пайыз) тиісті аумақтық филиалдың шотына аударылады,
Кәсіподақ филиалы түскен мүшелік жарналардың 60 пайызын бастауыш кәсіподақ ұйымына, 10 пайызын- кәсіподақтың Орталық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аумақтық кәсіподақ бірлестіктерімен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі белгілеген мөлшерде бағыттайды.
Кәсіподақ ОК Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына жиналған кәсіподақ мүшелік жарналардан кәсіподақтар Федерациясы Жарғысы белгілеген мөлшерде аударады.
7.7. Кәсіподақтын сайланбалы органдарының бюджеттері осы Жарғыда көрсетілген қызметтерді атқаруға бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады.
7.8. Қаржы есептері жоғарғы Кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет жіберіледі.
7.9. Негізсіз себептермен жоғарғы органдарды қаржыландырмайтын Кәсіподақ ұйымдары сол органның шешімімен үш айдан кейін оған деген өзінің қорғау міндетін тоқтатады деп ескертіледі.
-
Кәсіподақ құрылымдық бөлімдерінің /органдарының/ төрағалары мүшелік жарнаны толық жинау, міндетті түрде бөлу және аудару тәртібін сақтау үшін жеке басымен жауапкершілікте.
-
КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫ
8.1. Кәсіподақтың Бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ съезінде, құрылымдық бөлімдердің тексеру комиссиялары олардың жиналыстарында және конференцияларында сайланбалы органдардың мерзімдік өкілеттігіне сәйкес кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімдерінің есептік-шаруашылық қызметін, олар кұрған ұйымдардың қызметін бақылау үшін, кәсіподақ мүшелік жарналарын дұрыс есептеу, жинау, аудару және жұмсау, қаражаттар мен меншіктегі кұнды заттарды дұрыс пайдалану мәселелерін тексеру үшін сайланады да олар өз жұмысында съезд бекіткен Ережелерді басшылыққа алады.
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің тексеру комиссиялары жұмыс барысында Кәсіподақтың Тексеру-Бақылау комиссиясымен өзара іс-қимылда болып, оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Кәсіподақ Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы съезд делегаты, филиалдар мен бастауыш ұйымдары тексеру комиссияларының төрағалары тиісті конференциялар делегаттары болып табылады.
-
КӘСІПОДАҚТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ТАРАТУ ТӘРТІБІ
9.1. Кәсіподақты қайта құруға мыналар негіз болады:
- Кәсіподақ мәртебесінің өзгеруі;
- бастауыш және облыстық ұйымдардың құқықтық жағдайының өзгеруі;
- Кәсіподақ құрылымының өзгеруі және т.б.
Қайта құрылғанда Кәсіподақтың барлық құқықтары мен міндеттері оның заңды мирасқорына ауысады.
9.2. Кәсіподақ қызметі съезд шешімімен егер оның құрылымдық бөлімдерінің саны Жарғыда белгіленген мөлшерден кем болса не сот шешімімен тоқтатылады.
-
Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің қызметі конференцияларда (жиналыстарда) Кәсіподақ ОК шешімімен тоқтатылады. Ұйымдар мен кәсіпорындар құрылымы өзгеріп не жұмыскерлер босатылып жабылса ішкі құрылымдарға өзгеріс енгізу Орталық Кеңес шешімімен тоқтатылады.
-
Шешім қабылданды деп саналады:
- Кәсіподақ қайта құрылғанда, өз жұмысын бастауға негізі бар съезд делегаттарының кем дегенде үштен екісі дауыс берсе;
- Кәсіподақты және оның құрылымдық бөлімдерін таратуда, егер ол үшін құқықтық негізбен ашылған съезд, конференция делегаттарының немесе кәсіптік мүшелерінің кем дегенде төрттен үш бөлігі дауыс берсе.
9.5. Кәсіподақтың бөлімнің жұмысын тоқтату не жою туралы шешім шараларын осы құрылымдық бөлімнің тексеру комиссиясы аткарады:
Тексеру комиссиясының бастауыш ұйымды жою туралы шешімін тиісті филиалдың Кеңесі бекітеді.
Тексеру комиссиясының филиалды жою туралы шешімін Кәсіподақтың Орталық Кеңесі бекітеді.
9.6. Бастауыш ұйымның жиналысы, конференциясының хаттамасы және тексеру комиссиясының шешімі тиісті филиалға және Кәсіподақ Орталық Кеңесіне жою туралы шешім қабылданған соң үш күн ішінде жіберіледі.
9.7. Егер Кәсіподақ жұмысын тоқтату /жойылуы/ туралы шешім қабылданса съезд құрамында Кәсіподақтың Бақылау-Тексеру комиссиясының мүшесі бар жою комиссиясын құрады.
Қабылданған шешім туралы тиісті әділет органдары мәлімдендіріледі.
9.8. Заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне жазу енгізілген сәттен бастап Кәсіподақ өз қызметін тоқтатады және тарату аяқталған болып саналады.
-
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы заңды тұлға құқығына ие. Бұл құқық Кәсіподақтың Орталық Кеңесі мен Атқару Комитеті, төрағасы мен оның орынбасарлары, белгіленген заң шеңберіндегі осы Жарғы, съездер мен Кәсіподақтың басқару органдары шешімдерімен, сондай-ақ заңды тұлға берген сенім хат бойынша әрекет етуші филиал төрағалары арқылы іске асырылады.
10.2. Кәсіподақтың банкілерде есеп шоттары, бекітілген түрдегі мөрі, штампттары, бланкілері және өз символикасы болады (қосымша №1).
-
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы Орталық Кеңесінің тұрған жері: Астана қаласы, Абай даңғылы, 38 үй.
Достарыңызбен бөлісу: |