«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
Осы ұсыныста тексеру жүргізу барысында назар аударуды қажет ететін бақылау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, тексеру жұмысының негізгі бағыттары, іс жүргізу және мұрағат ісінің мәселелері көрсетілген.
Әдістемелік құрал Кәсіподақтың сайланбалы органдарына, бақылау-тексеру комиссияларының мүшелеріне арналған.
МАЗМҰНЫ:
-
Кіріспе.
-
Кәсіподақтың қаржы жұмысы.
-
Тексеру комиссиясы қызметін реттеудің нормативтік құқықтық, жарғылық мәселелері.
-
Кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізудің жеке мәселелері.
-
Тексеру нәтижелерін ресімдеу.
I. КІРІСПЕ
Кәсіподақ ұйымдары бақылау-тексеру органдарының дұрыс, ең бастысы пәрменді жұмысын ұйымдастыру – қазіргі кезеңдегі олардың қызметіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе қазіргі таңда, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңын тәжірибелік жүзеге асыру кезеңінде аса маңызды болып отыр.
Саладағы барлық кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеттері ретінде 2014 жылдың 9-қазанында өткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Съезі қаржы жүйесін әрі қарай нығайту мен тұрақтандыруды анықтады. Съезд кәсіподақ бюджетінің қаражатын толықтыру мен орынды жұмсауға жауапкершілікті арттыру, аумақтық ұйымдар деңгейінде жарғылық міндеттерді жүзеге асыруға кәсіподақ қаражатын нығайту жұмысын жалғастыру жөнінде міндеттемелер қойды.
Кәсіподақтың, оның бастауыш және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының өкілеттік және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру Кәсіподақтың қаржы саясатына, барлық деңгейдегі кәсіподақ құрылымының қаражатын анағұрлым тиімді және орынды жұмсауға басты назар аударуды талап етеді.
Кәсіподақтың бастауыш және аумақтық ұйымдарының сайланбалы кәсіподақ органдары жинақталған тәжірибені ескере отырып, қазіргі таңда кәсіподақ ұйымдарының қаражатын жарғылық қызметтерді жүзеге асыруға, сайланбалы кәсіподақ органдары қызметінің нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ кәсіподақ жұмысын кадрлық қамтамасыз етуге, кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық базасын нығайтуға, ақпараттық жұмыстың жаңа түрлерін дамытуға, кадрлар мен активті оқытуды, кәсіподақ ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге күш салып отыр.
Барлық деңгейдегі басқарушы органдардың қызметіне тиісті бақылаудың болмауы, тексерулер жүргізуге формальды қарау, әдетте, кәсіподақтар туралы заңнаманы, көптеген Кәсіподақ Жарғысын бұзушылықтарға, қаржы-шаруашылық қызметінде жекеленген теріс пайдаланушылықтарға әкеп соғады.
Қазіргі таңда барлық кәсіподақ мүшелері салалық кәсіподақтың құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының қызметін қатал және озық бақылауға мүдделі болулары қажет деген тезистің растығына көзіміз жетіп отыр.
2014 жылдың 9-қазанында өткен Кәсіподақтар Съезінің шешімдерін ескере отырып, кәсіподақтың басқарушы органдары мен бақылау-тексеру органдарының мүшелері, салалық Кәсіподақтың Жарғысымен анықталған кәсіподақ ұйымдары қызметінің барлық бағыттарына тиісті бақылауды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйені құрулары қажет.
Бақылаудың бірыңғай жүйесін құру арқылы:
- бірыңғай нормативтік базаны жетілдіру;
- кәсіподақ бюджеті баптарының бірыңғай классификациясын, жоспарлау және есеп беру әдістемесін енгізу;
- қаржы құжаттары формаларының біртұтастығы, кәсіподақ жүйесі ішіндегі барлық звенолардың қаржылай есебінің қол жетімділігі;
- мүшелік жарналардың міндетті аударылуын қадағалау және мүшелік кәсіподақ жарналарын есептеу мен төлеуге қатысты қажетті ақпараттарды ұсыну қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда Кәсіподақтың бақылау-тексеру органдарының жұмысын ҚР Бас Кеңесімен бекітілген Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының қаржы саясатының Тұжырымдамасында көрсетілген негізгі принциптерге сәйкес құрған жөн.
II. КӘСІПОДАҚТАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҰМЫС
Кәсіподақ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі қаржылық жұмыс болып табылады.
Қаржылық жұмысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Жарғысымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген мүшелік кәсіподақ жарналары мен басқа да кәсіподақ бюджетінің кірістерін жұмсау және есептілікті, сайланбалы кәсіподақ органдарының, бухгалтерлік есеп ұйымдарының шотына қаражаттардың түсуін, жинауын ұйымдастыруды қосатын сайланбалы кәсіподақ органдарының ұйымдастырушылық-қаржы шараларының жүйесі жатады.
Кәсіподақ қаржы жағынан тәуелсіз, өз мүлкі бар. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес қоғамдық ұйымдағы мүшелік кәсіподақ жарналарының да меншік иесі заңды тұлға ретінде сол қоғамдық ұйымның өзі болып табылады. ҚР Азаматтық кодексінің 106-бабы 1-т.сәйкес қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді. Кәсіподақ мүшесінің мүшелік кәсіподақ жарнасы ретінде Кәсіподаққа төлеп отырған қаражатқа құқығы жоқ.
Мүшелік кәсіподақ жарналарынан құрылатын Кәсіподақ қаражаты жарғылық нормаларға сәйкес, Кәсіподақ Жарғысымен, мүшелік ұйымдардың жарғыларымен көзделген тәртіпте Кәсіподақтың, оның барлық құрылымдық звеноларының (бастауыш және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының) қызметтерін қаржылай қамтамасыз етуге бағытталады.
Аталған заңнамалық нормаларға және Кәсіподақ Жарғысының нормаларына сәйкес кәсіподақ ішіндегі құрылымдар (кәсіподақ ұйымдары) арасында қаражаттарды бөлу жоғарыдан төмен сайланбалы алқалық кәсіподақ органдарының немесе кәсіподақ конференцияларының, съездерінің шешімдерімен жүзеге асырылады.
Кәсіподақ Жарғысына сәйкес кәсіподақ мүшесі айлық жалақысынан, шәкіртақысынан ай сайын 1% мөлшерде мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеп тұрады.
Кәсіподақ ұйымының ақшалай қаражаты, Кәсіподақ ұйымының (Комитеттің, Кеңестің, Атқару комитетінің Пленумымен) сайланбалы уәкілетті алқалық органының шешімімен бекітілген смета негізінде жұмсалады.
Уәкілетті органның ұйымдастыру-қаржы жұмысының
негізгі бағыттары:
- мүшелік кәсіподақ жарналарын жинауды және сақтауды қамтамасыз ету;
- уәкілетті органның мәжілісінде бір күнтізбелік жылға арналған кәсіподақ бюджетінің табыс және шығыс сметасын құрып бекіту;
- кәсіподақ ұйымы сметасының орындалуын ұйымдастыру;
- кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы аппаратының штатын қаржылай қамтамасыз ету;
- кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды, сайланбалы кәсіподақ органының ақпараттық, әдістемелік және басқа да ұйымдастырушылық қызметін қаржылай қамтамасыз ету;
- кәсіподақтың құрылымдық ұйымдарындағы кәсіподақ қаражатының жұмсалуына қаржылай бақылауды қамтамасыз ету;
- кәсіподақтың қаражатын үнемді, тиімді және орынды жұмсау жөніндегі шараларды дайындау;
- ұсыныстар дайындап, мүшелік кәсіподақ жарналарын аударым түрінде жинау туралы ережені өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттарға енгізу;
- бюджет қаражатын мәдени-бұқаралық жұмысқа, кәсіби мерекелерді, «Жыл мұғалімі», «Білімдегі көшбасшы» және т.б. байқау-сайыстарды өткізуге бағыттау туралы өңірлік келісімдерге ұсыныстар дайындау;
- кәсіподақ ұйымындағы ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың есебін жүргізу;
- жартыжылдыққа және күнтізбелік жылға арналған кәсіподақ бюджеті сметасының орындалуы туралы қаржылық есепті құрып, оны өкілетті органның комитетіне бекітуге енгізу;
- белгіленген нысандар бойынша салық органдарына қаржылық есептер;
- мүшелік ұйымдардың, филиалдардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және т.б. бақылау-тексеру комиссияларының жұмысына жәрдемдесу.
Кәсіподақтың сайланбалы алқалық органының сметасы
Кәсіподақ ұйымдары Кәсіподақтың Жарғысына сәйкес өз қаржылық жұмысын сметалар негізінде құрады.
Кәсіподақ ұйымының сметасы – кәсіподақ ұйымының қарамағына тиісті бір күнтізбелік жылға түсетін ақшалай қаражаттарды қалыптастыру мен пайдаланудың қаржылық жоспары.
Кәсіподақ органының сметасы кәсіподақ комитетінің келешектегі жұмыс жоспары және оның жарғылық міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты комиссялары негізінде әрбір күнтізбелік жылға бекітіледі.
Сметаның жобасын Кәсіподақ ұйымының атқарушы органы алдын ала талқылап, қарайды және кәсіподақ ұйымының өкілетті органына бекітілуге енгізіледі.
Уәкілетті орган жоғарғы кәсіподақ органдарымен анықталған жағдайлардан басқа, сметаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгертулер енгізуге құқылы (жоғарғы сайланбалы кәсіподақ органына қаражаттарды аудару пайызы, сондай-ақ қаржылық жұмыстың бағыттары (көрсеткіштері) бойынша қаржылық шығындардың шектеулі нормалары).
Сметаның баптары абсолюттік цифрлармен де, кәсіподақ ұйымының жалпы табысына пайызбен де көрсетіледі.
Смета кәсіподақ ұйымындағы екі маңызды қызметті атқарады:
- өкімдік (қаражаттардың тиісті шығынына құқық беріледі, өйткені сметаны кәсіподақ ұйымының тиісті уәкілетті органы бекітеді);
- тәртіптеу (шығындарды тәртіптеп, кәсіподақ ұйымының қаржы қызметін реттейді).
Смета табыс және шығыс бөлімдерінен тұрады.
Кәсіподақтың Жарғысына сәйкес кәсіподақ ұйымдарына олардың қарамағындағы қаражаттарды пайдалануға кеңінен еркіндік берілген.
Сметаларды құру кезінде кәсіподақ комитеттері басшылыққа алатын негізгі принциптер:
-
орынды;
-
ұтымды;
-
үнемді;
-
жарғылық қызметке бағыттылық.
Сонымен қатар, Кәсіподақтың Жарғысына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы алқалық кәсіподақ органдары Кәсіподақтың құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарындағы қаражаттың орынды жұмсалуына, қаржылық жұмыстың жағдайына ішкікәсіподақтық (ведомстволық) бақылауды жүзеге асыруға құқылы (тексерулер жүргізу, қаржылық жұмысты талқылау және сайланбалы кәсіподақ органдарының мәжілістерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау, тәуелсіз аудит жүргізу).
III. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НОРМАТИВТІК-ЖАРҒЫЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіподақтағы бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ Жарғысымен, мүшелік ұйымдардың жарғыларымен, кәсіподақтың тиісті құрылымы туралы ережелермен (филиал туралы, бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы), Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиялары туралы Ережемен белгіленеді.
Бақылау-тексеру комиссиясының негізгі міндеті кәсіподақ бюджетінің сметасын орындау жөніндегі кәсіподақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметінің құжаттамалық тексерулерін жүргізіп, сонымен қатар кәсіподақ органдарының қызметіндегі жарғылық нормалардың қадағалануына, кәсіподақ статистикасының анықтығына, іс жүргізу мен істердің өтуінің дұрыстығына, съезде, кәсіподақ конференциясында, жиналыста айтылған сын ескертулер мен ұсыныстардың орындалуына, кәсіподақ мүшелерінің пікірлері мен шағымдарының уақытында қаралуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Бақылау-тексеру комиссиясы өз қызметі жөнінде кәсіподақ ұйымының сайланбалы кәсіподақ органымен қатар жиналыста, конференцияда, съезде есеп береді.
Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі
Бақылау-тексеру комиссиясы мен олардың сандық құрамын сайлау тәртібін кәсіподақ ұйымының жиналысы, конференциясы және съезі анықтайды. Бақылау-тексеру комиссиясы өз құрамынан төрағаны ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
Бақылау-тексеру комиссиясы бұрын өткізілген тексерулер нәтижесі бойынша ұсыныстардың орындалуын, тексерулер жүргізу мерзімін анықтайтын жоспар бойынша жұмыс жасайды. Қажет жағдайда қаржылық жұмыстың жеке учаскелерін тексеру жоспарланады. Жұмыс тәртібін, тексерулер жүргізу тәртібі мен олардың нәтижелерін, сондай-ақ алдыңғы тексерулер бойынша ұсыныстардың орындалуын комиссия өз мәжілістерінде қарайды.
Комиссия мәжілісі қажет жағдайда өткізіледі.
Кәсіподақ органының құжаттамалық тексерісі соңғы тексеріс күнінен бастаған мерзімге, кемінде жылына бір рет, ал маңызды қателіктер мен теріс пайдаланушылықтар анықталған жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің тексеру жүргізілген мерзіміне де жүргізіледі.
Қажет жағдайда бақылау-тексеру комиссиясы кезектен тыс (жоспардан тыс) тексерулер жүргізеді. Құжаттамалық тексерулер кәсіподақ жиналыстары, конференциялары мен съездерінің алдында өткізіледі.
Тексерілетін кәсіподақ органы бақылау-тексеру комиссиясының ұсынысымен келіспеуі мүмкін, бірақ ол бақылау-тексеру комиссиясының ұсынысын жоққа шығаратын шешім қабылдай алмайды. Кәсіподақ органы мен бақылау-тексеру комиссиясының арасында мұндай жағдайда туындаған келіспеушіліктерді жоғарғы сайланбалы кәсіподақ органы немесе тиісті кәсіподақ ұйымының жоғарғы басқару органы болып табылатын кәсіподақ жиналыстары, конференциялары мен съездері қарайды.
Жоғарғы кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы тексеру комиссиясына қатысты басқарушы органның төменгі кәсіподақ ұйымы болып табылмайды.
Кәсіподақ тікелігі бойынша бақылау-тексеру комиссияларының өзара қарым-қатынастары әріптестік, өзара көмек және өз қызметтерін жүзеге асыруда қолдау көрсету принциптері негізінде құрылады. Жоғарғы кәсіподақ ұйымының бақылау-тексеру комиссиясы төменгі ұйымның тексеру комиссияларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіп, жоғарғы кәсіподақ органының шешімі бойынша төменгі кәісподақ органдарының қызметіне тексерулер жүргізе алады.
Төменгі аумақтық кәсіподақ ұйымы мен оның сайланбалы кәсіподақ органдары мүшелік жарналарды толық мөлшерде аудару туралы шешімді 3 айдан артық орындамаған жағдайда, кәсіподақ ұйымы комитетінің бастамасы бойынша бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ Жарғысын бұзған ұйымның бақылау-тексеру комиссиясымен бірге оның қаржылық қызметіне талдау жасап, Кәсіподақ Жарғысына сәйкес шара қабылдау үшін ұсыныс енгізе алады.
Конференциялар арасындағы мерзімде бақылау-тексеру комиссиясы жоғарғы кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының басшылығымен жұмыс жасайды.
Тексеру комиссиясы жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны
Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ ұйымында төмендегідей нормативтік-жарғылық және құрылтай құжаттардың болуын тексереді:
- кәсіподақтың Жарғысы;
- мүшелік кәсіподақ ұйымының Жарғысы;
- филиал туралы Ереже;
- бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ереже;
- заңды тұлғаны, филиалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- БСН болуы;
- банктік қызмет көрсету шартының болуы.
Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ ұйымында Кәсіподақтың Атқару Комитетімен бекітілген Есептік саясаттың болуын тексереді.
Есептік саясат төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:
а) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру (бухгалтерлік есеп қандай тәсілмен жүргізіледі, ұйым бухгалтерлік есептің қандай көрсеткіштерін пайдаланады);
б) бухгалтерлік есептік әдістемесі (мақсаттық түсімдердің, негізгі қаражаттар мен материалдық-өндірістік қорлардың есебі);
в) салық салу мақсаттары үшін есептік саясат.
Есептік саясатта:
- бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары;
- шаруашылық қызмет фактілерін ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының формасы;
- түгендеуді жүргізу тәртібі;
- құжат айналымының тәртібі;
- шаруашылық операцияларын бақылау тәртібі көрсетілуі тиіс.
Кассалық операцияларды жүргізу тәртібін тексеру
Бақылау-тексеру комиссиясы кассалық операциялардың қолма-қол ақшалай қаражаттармен жұмыс тәртібі туралы қолданыстағы талаптар мен ережелерге сәйкес дұрыс жүргізілуін тексереді.
Тексеру басталғанға дейін бақылау-тексеру комиссиясы:
1. Бухгалтер-кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың болуын тексереді.
2. Банктік шоттың шартын талдап, ұйымның кассадағы қалдық лимитін қадағалауды тексереді.
3. Кассалық кітаптың, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналының дұрыс жүргізілуін, кіріс және шығыс ордерлерін ресімдеу тәртібін, заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол ақшалар есебін тексереді.
Кассаны тексеру кезінде кассадағы ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтар толық есептеп саналады. Кассадағы ақшалай қаражаттың қалдығы кассалық кітап бойынша есеп деректерімен салыстырылып тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша комиссия «Қолма-қол ақшалай қаражатты тексеру туралы» актісін жасайды. Кассадағы құндылықтардың жетіспеушілігі немесе артықтығы анықталған жағдайда, актіде олардың сомасы мен туындау себептері көрсетіледі. Акт аумақтық ұйымның кассасындағы ақшалай қаражаттардың нақты болуын (қолма-қол ақшаның, құнды қағаздардың және т.б.) тексеру нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Акт 3 данада жасалып, оған тексеру комиссиясы мен материалдық жауапты тұлға қол қояды.
Актінің бір данасы бухгалтерияға беріліп, екіншісі материалдық жауапты тұлғада, үшіншісі – кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясының істерінде қалады.
Материалдық-жауапты тұлға ауысқан жағдайда акт 3 данада жасалады (материалдық жауапты тұлғаға, құндылықтарды қабылдаған тұлғаға және бухгалтерияға).
Банктің есептік шотындағы ақшалай қаражаттарды тексеру ұйым бухгалтериясының мәліметтері бойынша тиісті шоттардағы қалдық сомалармен, банк көшірмелерінің мәліметтерімен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалай қаражаттарды жұмсау тәртібін тексеру
Бақылау-тексеру комиссиясы:
1. Қызметкерлерге есеп берілетін соманы беру тәртібі туралы кәсіподақ ұйымының алқалық органы шешімінің немесе кәсіподақ ұйымының төрағасы өкімінің болуын (өкімде есеп беретін тұлғалардың тізімі және аванстық есептерді тапсыру уақыты көрсетілуі тиіс).
2. Кәсіподақ ұйымы уәкілетті органының әрбір жарғылық іс-шараларға бекіткен сметаларының болуын.
3. Есеп беруші тұлғалардың шығындарды растайтын (тауарлық және кассалық чектер, кіріс кассалық ордерлерінің түбіртектері және т.б.) бастапқы құжаттар тіркелген аванстық есептерін тапсыру мерзімін.
4. Жұмсалған сомаларды есептен шығару актісін дұрыс ресімдеуді тексереді.
Мақсаттық түсімдерді қолдану және олардың түсімін талдау
Бақылау-тексеру комиссиясы ұйымның есептік шотына мүшелік кәсіподақ жарналары аударылуының уақтылы және тәртібін тексеруі қажет. Қаражаттарды алу кезінде төлем тапсырмасындағы төлем мақсатында көрсетілетін тұжырымдарға аса назар аударған жөн. Мүшелік кәсіподақ жарналарын аудару кезінде төлем мақсатында «Мүшелік кәсіподақ жарналары (мерзімін көрсету)» деп көрсетіледі.
Жарналарды аударым арқылы төлеу тәртібі заңнамамен анықталған.
Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымының шотына қызметкерлердің жалақыларынан кәсіподақ мүшелері-қызметкерлердің арызы болған жағдайда ай сайын және тегін түрде мүшелік кәсіподақ жарналарын аударады. Бақылау-тексеру комиссиясы мұндай арыздардың болуын тексеруі тиіс.
Кәсіподақ ұйымының жарғылық қызметіне кәсіпорындар мен ұйымдардан мақсаттық түсімдерді тексеру кезінде, бақылау-тексеру комиссиясы бөлінген қаражаттардың мақсаттық пайдаланылуының дұрыстығына талдау жасауы қажет (мөлшері, мерзімі, нақты бағдарламалары).
Мақсатсыз пайдаланылған қаражаттар жүзеге асырылудан тыс кірістердің құрамында салық базасын анықтау кезінде ескеріледі.
Бақылау-тексеру комиссиясы аумақтық ұйымның бекітілген сметасына сәйкес жарғылық қызметке жұмсалған шығындарды тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақтың аумақтық ұйымында кәсіподақтың басқарушы органдарының кәсіподақ бюджетінің қаражатын жұмсау ұтымдылығы бойынша нұсқаулықтарының:
- сайланбалы қызметкерлер мен кәсіподақ органдары аппараты қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлеуге - 40 % аспайтын;
- ұйымды ақпараттық қамтамасыз етуге мүшелік кәсіподақ жарналарының кемінде 5 %;
- кәсіподақ активінің біліктілігін арттыруға және оқытуға мүшелік кәсіподақ жарналарының кемінде 10 %;
- мәдени-бұқаралық іс-шараларға 8-10 % аспайтын;
- спорттық іс-шараларға және әсіподақ мүшелерін сауықтыруға 25-30% аспайтын;
- әкімшілік-шаруашылық шығындарға 8-10% аспайтын мөлшерде орындалатынына көз жеткізулері тиіс.
Жалақыны төлеу дұрыстығын тексеру
Бақылау-тексеру комиссиясы:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес штаттық қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару туралы өкімдерді, еңбек шарттарын жасасу тәртібін;
- Кәсіподақтың Атқару Комитетінің қаулысымен бекітілген кәсіподақ ұйымының қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек ақыларын төлеу Ережесінің болуын;
- штаттық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының тәртібі және оның болуын;
- заңды тұлғалардың кірістеріне салықты есептеу бойынша жеке карточкалардың, дербес шоттарды және әлеуметтік аударылымдарды толтыру тәртібін;
- бір жолғы сыйақылар төлеудің әрбір жағдайы бойынша өкімдердің болуын;
- кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жалақыны төлеуге есептік-төлем ведомстволарын толтыру тәртібін;
- жеке тұлғалардың кірістеріне салықты және әлеуметтік салықты есептеу мен төлеуді;
- зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы қорына міндетті жарналар бойынша жеке есепке алуды енгізуді;
- еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық қағаздары есебінің дұрыстығын тексереді.
Материалдық және қайырымдылық көмек көрсету, оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру
Кәсіподақ бюджетіндегі маңызды үлестердің бірі кәсіподақ ұйымдарындағы материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар, сондықтан тексеру комиссиясы шығындардың бұл бабын мұқият бақылауға алғаны жөн.
Кәсіподақ мүшелеріне ақша беру төлем көзі - кәсіподақ ұйымынан ақшалай қаражатты алатын жеке тұлғаның табысы болып саналады.
ҚР Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағы, 18-тармақшасына сәйкес, «күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1-қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер. Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады».
Кез-келген басқа материалдық көмекке:
-
егер материалдық көмек алушы ұйымның қызметкері болса, онда жалақы сияқты салықтың барлық түрі;
-
егер материалдық көмек алушы ұйым қызметкері болып табылмаса, онда – төлем көзі сияқты (қандай да бір шегерусіз) жеке кіріс салығы салынады.
Әрбір берілген материалдық көмекті ресімдеу ұйым Жарғысының талаптарына сәйкес дайындалған бастапқы құжаттар негізінде және кәсіподақ ұйымының Есеп саясатымен бекітілген нысандар бойынша жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттар Жарғы талаптарына сәйкес бекітілген кәсіподақ ұйымының табыс және шығыс сметасымен көзделген сомалардан асып кетпеуі қажет.
Бақылау-тексеру комиссиясы материалдық көмекке арналған шығындардың ұйымның сметасында қарастырылған мөлшерден асып кетпеуін тексереді. Олар тұрақсыз сипатта болып, төтенше жағдайларда төленуі тиіс.
Бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету туралы белгіленген тәртіпте бекітілген ереженің болуын тексереді.
Кәсіподақ мүшесінің арызында оған материалдық көмекке жүгінуге түрткі болған себеп көрсетілуі тиіс.
Кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек шығыс кассалық ордері бойынша төленуі қажет.
Мұндай операциялар айналмалы-сальдолық ведомостегі бухгалтерлік өткізулермен тексеріледі.
Кәсіподақ ұйымдары түрлі корпоративтік іс-шараларды өткізеді. Оларды өткізу шығындары:
а) шығындардың мақсаттық бағытын бақылап, бұл шығындарды есептен шығару актісін ресімдейтін бақылау-тексеру комиссиясының құрамын;
б) қолма-қол ақшаға қажетті сатып алулар жасалатын есеп беру арқылы есеп беруші тұлғаларды;
в) іс-шараны өткізуге жоспарланған сомаларды көрсете отырып, іс-шараны өткізуге комитеттің қаулысы немесе өкімімен ресімделеді.
Мұндай жағдайларда есеп беруші тұлғалардың аванстық есептері бойынша жүргізілген шығындардың да сомасы көрсетіліп, іс-шараларды өткізу жөнінде шығындарды есептен шығару актісі жасалады (аванстық есептің № және күнін көрсету).
Бұл мақсаттарға бөлінетін қаражаттар Жарғы талаптарына сәйкес бекітілген кәсіподақ ұйымының табыс және шығыс сметасымен көзделген сомалардан асып кетпеуі тиіс.
Бухгалтерлік өткізулер Кәсіподақтың Есеп саясатымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспарына сәйкес стандартты түрде құрылады.
Негізгі қаражаттарды есепке алу дұрыстығын тексеру
Бақылау-тексеру комиссиясы негізгі қаражаттарға мүлікті жатқызу үшін шарттардың қадағалануын тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы сметаға сәйкес негізгі қаражаттарды алу туралы шешімнің болуын, негізгі қаражаттар есебі бойынша бастапқы құжаттар ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы мүлікті өтеусіз алу және оны өтеусіз пайдалану туралы шарттың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы айналмалы-сальдолық ведомості бойынша бухгалтерлік өткізулерді құрудың дұрыстығын тексереді. Бұл жерде негізгі қаражаттардың бастапқы құнының дұрыс құрылуына және тозу есебіне басты назар аударған жөн, себебі олар мүлікке салық төлеу үшін салық базасын анықтайды.
Материалдарды есепке алу дұрыстығын тексеру
Бақылау-тексеру комиссиясы материалдарға сатып алынатын немесе алынатын мүліктерді жатқызу дұрыстығын тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы сметаға сәйкес жарғылық іс-шараларға материалдарды алу туралы кәсіподақ ұйымы шешімінің болуын тексереді.
Бақылау-тексеру комиссиясы материалдарды алу кезінде бастапқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексереді:
аударым есебі бойынша материалдарды алу кезінде: шот, шот-фактура, банктің көшірмесі, накладной.
қолма-қол ақшаға материалдарды алу кезінде: есеп беруші тұлғаның тауарлық және кассалық чектер қосымшасымен аванстық есебі.
жарғылық іс-шараларға пайдаланылған материалдарды есептен шығару актісі.
Бақылау-тексеру комиссиясы материалдар есебінің дұрыстығын айналмалы-сальдолық ведомості бойынша бухгалтерлік өткізулермен тексереді.
Бухгалтерлік және салық есебі
Шаруашылық қызметін жүргізетін кез-келген заңды тұлға сияқты кәсіподақ ұйымы салық агенті болып табылады. Салық кодексінің 12-бабы 1-т.31-т.сәйкес, «салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға». Яғни, егер кәсіподақ ұйымында қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес салық салынатын объектілер болса, онда салық агенті ретінде осы салықтар мен төлемдерді есептеп, шегеріп және аударуы қажет. Түрлі салықтар мен міндетті төлемдер бойынша уәкілетті органдар салық агенттерінің өздерінің салықтық тіркеу орындары бойынша салық басқармасына белгіленген мерзімде толтырып ұсынатын түрлі салықтық есептерін бекітті.
Мысалы: өз қызметкерлеріне төленетін табыстар бойынша (табыстар СК 163-165,268, 184-баптары бойынша анықталады), кәсіподақ ұйымы «Жеке кіріс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» 200.00 нысанымен салық есебін тапсыруға міндетті, онда субъектінің жеке кіріс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандырудың міндетті жарнасы бойынша міндеттері анықталады.
Есеп тоқсан сайын тапсырылады.
Ұйым қызметінен алынған табыс бойынша, кәсіподақ «Корпоративтік кіріс салығы бойынша декларация» 130.00 нысанымен есеп беру жылынан кейінгі жылдың 31-наурызына дейінгі есеп беру мерзіміне есеп тапсырады.
Салық есебінен басқа, кәсіподақ ұйымы мемлекеттік статистика органдарынан субъект ақпаратты алатын статистикалық есепті тапсыруға міндетті.
Кәсіподақ ұйымдары бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды реттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуге тиіс коммерциялық емес ұйымға жатады:
-
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР 2007 жылғы 28-ақпандағы № 234-III Заңы (29.12.2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
-
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14-қазандағы №1172 қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу ережесі;
-
ҚР қаржы Министрінің 2007 жылғы 23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары;
- ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі;
-
«Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» ҚР қаржы Министрінің 2012 жылғы 20-желтоқсандағы № 562 бұйрығы;
-
ҚР қаржы Министрінің 2013 жылғы 31-қаңтардағы № 50 «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» бұйрығы.
Бақылау-тексеру комиссиясы бухгалтерлік есепті тапсыруды тексеру кезінде оның заңнамамен анықталған мерзімде тапсырылғанына көз жеткізуі тиіс.
Кәсіподақ мүшелерінің хаттарын, арыздары мен шағымдарын қараудың дұрыстығын тексеру
Кәсіподақ мүшелерінің арыздары (хаттары) 1 айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерттеп тексеруді қажет етпейтіндері – келіп түскен күнінен бастап кемінде 15 күн ішінде қаралады. Кәсіподақ комитетінің уәкілеттігіне жатпайтын хаттар (арыздар) тиістілігіне қарай 3 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Кәсіподақ органдарының конференциялары мен мәжілістерінде кәсіподақ комитетінің атына айтылған кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тиісті хаттамаларда тіркеліп, жұмыс ұйымдастырылады және бұл жөнінде арызданушыға ақпарат беріледі.
Орындау мерзімінің басталуы құжатты (хатты) тіркеу күні болып саналады.
Құжат хат-хабар алушыға мәселеге тікелей қатысты жауап берілгеннен кейін орындалған болып есептеледі.
Аумақтық ұйымнан шығатын құжаттар, оларға төраға немесе төрағаның орынбасары қол қойғаннан кейін шығыс хат-хабарлар журналында тіркеледі.
IV. ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ МҰРАҒАТТЫҚ САҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кәсіподақтың аумақтық ұйымының құжаттары ақпараттық дерек көздері және заңды дәлелдің құралы болып табылады.
Іс жүргізу – кәсіподақ құжаттамасын ресімдеу, есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ететін және құжаттармен жұмысты ұйымдастыратын кәсіподақтың аумақтық комитетінің қызметі.
Құжат айналымы – құжаттың аумақтық кәсіподақ ұйымында құрылған кезінен (қабылдануы, алынуы) бастап орындалуы немесе жіберілуі аяқталғанға дейінгі айналымы.
Іс – кәсіподақ құжаттарының жиынтығы болмаса бір мәселеге немесе кәсіподақ қызметіне бағытталған және жеке жинақтау папкасына орналастырылған құжат.
Кәсіподақ ұйымындағы іс жүргізуді ұйымдастыру Атқару комитетімен анықталады.
Кәсіподақ ұйымындағы құжаттардың жағдайына, жүргізілуі мен сақталуына осы ұйымның төрағасы жауап береді.
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы кәсіподақ органдары қызметінің нәтижесінде құрылған және жарғылық функциялар мен өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған құжаттар төмендегідей бөлінеді:
1) Кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушылық құжаттары:
-
Ұйымның Жарғысы, кәсіподақ ұйымы туралы ереже, сайланбалы алқалық кәсіподақ органы мәжілістерінің хаттамалары, тұрақты комиссиялар туралы ережелер, ұйымдастырушылық-жарғылық ұсыныстар, нұсқаулықтар және т.б.
-
Өкімдік (басқарушылық) құжаттар:
-
Сайланбалы кәсіподақ органдарының қаулылары, өз уәкілеттіктері шегінде қабылданған тұрақты комиссиялардың шешімдері, кәсіподақ ұйымы төрағасының өкімдері және т.б.
-
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар:
-
Анықтамалар, талдау есептері мен баяндау хаттар, актілер, хаттар, арыздар, өтініштер және т.б.
Істер номенклатурасы
Істер номенклатурасы - мұрағат органының талаптарын ескере отырып белгіленген нысан бойынша жасалған, кәсіподақтың аумақтық ұйымында сақталу мерзімдері көрсетіліп ресімделетін істер атауының жүйеленген тізімі.
Кәсіподақ ұйымында жүргізілетін істер номенклатурасы (құжаттар тізімі) кәсіподақ ұйымының уәкілетті органының қаулысымен бекітіледі.
Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, істер номенклатурасының қорытынды бағанына кәсіподақтың аумақтық ұйымында күнтізбелік жыл ішінде жүргізілген істер саны туралы жазылады.
Кәсіподақ ұйымының штаттық кестесі
Штаттық кесте- қызметкерлердің тізімі, штаттық бірлік саны туралы мәліметтер, біліктіліктерін, лауазымдық айлықтары мен тұрақты сипаттағы басқа да төлемдерді көрсететін лауазымдар (мамандықтар, кәсіптер) атауы, еңбекке ақы төлеу қорын көрсету.
Істерді қалыптастыру және оларды жедел түрде сақтау
Істерді қалыптастыру – істер номенклатурасына сәйкес орындалған құжаттар топтамасы және іс ішіндегі құжаттарды жүйеге келтіру.
Істерді қалыптастыру кезінде мынадай жалпы талаптар сақталады:
- іске орындалған құжаттар ғана салынады (бір данада);
- іске бір күнтізбе жылының құжаттары, сондай-ақ келер жылға өтетін құжаттар бірге топтастырылады;
- сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша құжаттар іске бөлек-бөлек топтастырылады;
- факсограммалар мен телефонограммалар іске басқа құжаттар сияқты салынады;
- істе бірнеше бөлімдер (томдар) бар болса, онда олардың индексі және істің тақырыбы әрбір томға қойылып, нөмірленеді;
- істер ішіндегі құжаттар хронологиялық тәртіпте орналастырылады;
- өкімдік құжаттар түрлері мен хронологиялары бойынша қосымшаларымен бір іске топтастырылады;
- негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттама жеке құрам бойынша құжаттардан бөлек топтастырылады;
- сайланбалы кәсіподақ органдары мәжілістерінің хаттамалары хронологиялық тәртіпте орналастырылып, нөмірленеді;
- сайланбалы кәсіподақ органдары мәжілістерінің хаттамаларына құжаттар тиісті хаттамалардың нөмірлерімен жеке істерге жасақталады;
- құжаттар жобасы бекітілген құжаттардан бөлек топтастырылады;
- хат алмасулар іс жүргізу жылымен хронологиялық ретте жүйеленіп, мұнымен бірге сұраным-құжаттан кейін жауап-құжат салынады;
- тұрақты және ұзақ мерзімге (10 жылдан жоғары) сақталатын құжаттар 2 жыл ішінде ұзақ мерзімге сақталу орындарында болып, кейін шарт бойынша мұрағатқа жіберіледі немесе Кәсіподақтың аумақтық ұйымының мұрағатында сақталады;
- басқа ұйымдарға істерді беру кәсіподақтың аумақтық ұйымы төрағасының рұқсатымен жазбаша сұраныс негізінде жүзеге асырылады;
- ұзақ мерзімге сақталатын істерден жеке құжаттарды алу тек кәсіподақтың аумақтық ұйымы төрағасының рұқсатымен және құжатты алу себептері мен күні туралы акті толтыру арқылы жасалады (істе құжаттың куәландырылған көшірмесі қалады).
Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға және жоюға әзірлеу
Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға және жоюға әзірлеу үшін құжаттар құндылығын анықтау үшін сараптама жасалады.
Құжаттар құндылығын сараптауды кәсіподақ ұйымы төрағасының өкімімен кемінде 3 адамнан құрылған сараптау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына, әдетте, тексеру комиссиясының төрағасы және мұрағат мекемесінің өкілі кіреді.
Құжаттар құндылығын сараптау нәтижесі бойынша тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтау істері, жеке құрам бойынша істердің тізімі, сақталмайтын істерді жоюға бөлу туралы актілер жасалады.
Егер істің сақталу мерзімі акт жасалған жылдың 1-қаңтарында аяқталса, жойылатын істер актіге қосылады. Мысалы: 2013 жылы аяқталған 5 жыл сақтау мерзімі бар істер актіге 2014 жылдың 1-қаңтарынан аспай қосыла алады.
Сақталу мерзіміне байланысты істер толық немесе жартылай ресімделеді. 10 жылға дейін сақталатын істер жартылай ресімделеді, яғни іске жүйелеу жүргізбеуге болады.
Толықтай ресімделуге сақтау мерзімдері тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) және жеке құрам бойынша істер жатады:
- құжаттарды тігу;
- іске қосылған барлық құжаттардың парақтарын нөмірлеу;
- куәландырма – қорытынды парақты құрастыру;
- іске қосылған құжаттар тізімін жасау (қажет жағдайда);
- іс мұқабаларындағы деректемелер: ұйымның атауы, істің тіркеу индексі, соңғы уақыты, тақырыбы.
Кәсіподақ ұйымын тарату кезінде оның құжаттары акті бойынша жоғарғы Кәсіподақ ұйымының сайланбалы кәсіподақ органына немесе құқық қабылдаушы кәсіподақ ұйымына беріледі.
Уақытша сақталатын істерді жою үшін акт жасалып, онда жоюға бөлінген барлық істер көрсетіледі.
Актіні сараптау комиссиясы мен мұрағат жасап, оны Кәсіподақ ұйымының төрағасы бекітеді.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ауысқан жағдайда істерді тапсыру актісі жасалады.
Құжаттардың жеке түрлерін әзірлеу және ресімдеу ерекшеліктері
Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар дұрыс ресімделген жағдайда заңды күшке және ресми құжаттың мәртебесіне ие болады.
Қаулылар, өкімдер, хаттамалар, актілер және басқа ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар Кәсіподақта қабылданған іс жүргізу бойынша нормативтік құжаттарды есепке ала отырып жасалады.
Қаулылар, өкімдер
Сайланбалы кәсіподақ органының шешімі қаулы түрінде қабылданады. Қаулыға, өкімге кәсіподақ ұйымының төрағасы, ол болмаған жағдайда орынбасары қол қояды.
Қаулы сайланбалы алқалық кәсіподақ органы уәкілеттігі мерзімінің шегінде реттік нөмірмен нөмірленеді.
Басқа органдармен немесе ұйымдармен бірлесіп әзірленген қаулылардың, өкімдердің жобалары құжатты басып шығаруға қатысқан ұйымның атауы көрсетіліп, бланкісіз қағаздың стандартты парағында басып шығарылады.
Құжаттың күні сайланбалы кәсіподақ органының мәжілісінде қаулы қабылданған күн немесе Кәсіподақ төрағасының қаулыға қол қойған күні болып табылады.
Өкімдер бір күнтізбелік жыл ішінде реттік нөмірмен нөмірленеді. Негізгі қызмет бойынша және жеке құрам бойынша өкімдер бөлек нөмірленеді.
Кәсіподақ ұйымының толық атауы, құжат түрінің атауы (қаулы, өкім), күні, нөмірі, құжатты шығару орны ресімдеудің міндетті бөліктері болып табылады.
Қаулы мен өкімде құжаттың мазмұнын анықтауға болатын қысқаша тақырып болуы тиіс. Тақырыбы құжаттың мәтін бөлімінің жоғарғы сол жағында орналасады.
Сайланбалы кәсіподақ органы мәжілісінің хаттамасы
Хаттама – бұл сайланбалы кәсіподақ органының мәжілісін өткізудің барысы және олардың қабылдаған щешімдері жүйелі және толық көлемде жазылған Кәсіподақтың аумақтық ұйымының ұйымдастырушылық құжаты.
Хаттама ақпараттың толықтығы, шынайылығы талаптарына сәйкес болып, онда барлық қажетті деректемелердің болуымен, олардың дұрыс толтырылуымен анықталатын заңды толық жарамдылықты қамтамасыз етуі тиіс.
Хаттамаға Кәсіподақ ұйымының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасары қол қояды.
Кәсіподақ ұйымының атқарушы немесе уәкілетті органы мәжілістерінің хаттамаларын нөмірлеу уәкілеттік мерзімі шегінде жүргізіледі.
Хаттаманы ресімдеу күні тиісті сайланбалы алқалық кәсіподақ органы мәжілісінің күні болып табылады. Күні ауызша-цифрлық немесе цифрлық тәсілмен жазылады (мысалы: 12.04.2004ж. немесе 12-сәуір 2004ж.)
Бірлескен мәжілістер хаттамаларында мәжіліске қатысқан ұйымның реттік нөмірлері қосылған құрама нөмірлері болады.
Акт
Акт, әдетте, ұйымның бланкісінде ресімделіп, онда: ұйымның атауы, құжат (акт) түрінің аты, күні, нөмірі, жасалған орны, мәтіннің тақырыбы, мәтін, қолдар, неше данада жасалғаны және олардың орны сияқты деректемелер көрсетіледі
Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ауысқан жағдайда құжаттарды (істерді) тапсыру тәртібі туралы
Есеп беру-сайлау кәсіподақ конференциясынан кейін (төраға ауысқан кезде) бұрынғы төраға тексеру комиссиясы төрағасының қатысуымен кәсіподақ құжаттарын (істерін) тапсырады.
Істерді қабылдау-тапсыру жөніндегі актісі Кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясынан кейін бір апта мерзімнен кешіктірілмей жасалады. Оған тексеру комиссиясы төрағасының қатысуымен кәсіподақ ұйымының бұрынғы және жаңадан сайланған төрағалары қол қойып, бұл жөнінде актіге жазылады.
Акт кәсіподақ комитетінің мәжілісінде қаралып бекітіледі.
Кәсіподақ комитетінің істерді қабылдау-тапсыру актісі үш данада жасалып, оның біреуі ұйымдағы істерде сақталады, екіншісі – жоғарғы кәсіподақ органына жіберіледі, үшіншісі ұйымның бұрынғы төрағасына беріледі (актіде кәсіподақ комитетіндегі кәсіподақ істері (номенклатураға сәйкес), қаржылық құжаттар, материалдық құндылықтар және т.б. көрсетіліп, жаңа төрағаға беріледі).
V. ТЕКСЕРУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІН РЕСІМДЕУ
Тексеру қорытындысы тиісті актілермен ресімделіп, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар дайындалады.
Бақылау-тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша жасалған барлық материалдарда заңнаманы, нұсқаулықты бұзушылықтар, нормативтік құжаттың қандай ережесі бұзылғаны, сондай-ақ оған тікелей кінәлі тұлға да көрсетіледі. Шығын келтірілген жағдайда оның мөлшері анықталып, материалдық жауапкершілікті кім және қандай дәрежеде көтеретіндігі белгіленеді. Актіде құжаттарға сүйене отырып фактілерді көрсетіп, оларға бағаны қысқаша берген жөн. Тек жетіспеушіліктерді тіркеумен шектеліп қоймай, бұзушылық себептерін ашып көрсету қажет.
Бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін тексеру материалдарын тексерушілер талқылап, оған тексеруге қатысқан бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері мен кредит басқарушылар қол қояды. Фактілер бойынша келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді.
Тексеру актісі тексеру органына, бақылау-тексеру комиссиясына және жоғарғы органға беру үшін үш данада жасалады. Бақылау-тексеру комиссиясының қатысуымен кәсіподақ органы бір айлық мерзімде тексеру материалдарын қарап, тексеру комиссиясының ұсыныстарында көрсетілген комиссияның пікірлерін ескере отырып, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
Тексеру комиссиясы кемшіліктерді жою барысын бақылауды жүзеге асырады.
ЖЕКЕ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ АКТІСІНІҢ ҮЛГІСІ
БЕКІТЕМІН
_______ кәсіподақ ұйымының төрағасы
___________________________________ (қолы) (қолдың мағынасын ашу)
"__"________ 20__ж.
Материалдарды есептен шығару
АКТІСІ
"___"__________ 20__ж.
___________________________________ кәсіподақ ұйымы
(атауы,мекен-жайы)
Осы акт жарғылық іс-шараларға (қандай іс-шаралар екендігін жазу)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
есептен шығарылғандығы жөнінде жасалды.
Барлығы осы акт бойынша жалпы сомасы ___________теңгеге материалдар есептен шығарылды.
___________________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша көрсетіледі)
Бухгалтер _______________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
ТАПСЫРЫС ҮЛГІСІ
Ақшалай қаражатты есепке беру
ТАПСЫРЫСЫ
«___» _______20__ж.
____________________________________ бастауыш кәсіподақ ұйымы
(есеп беруші тұлғаның аты-жөні, тегі)
______________________________________________________________________________
(лауазымы, бөлімшенің атауы)
Ақшалай қаражаттарды жұмсаудың нақты мақсаты:
- мәдени-бұқаралық шараларға ______теңге (есеп беруші тұлғаға беріледі);
- кәсіподақ мүшелеріне ссыйақы беру ______теңге (ҚР кассасы арқылы сыйақы алатын әрбір тұлғаға жеке беріледі);
-
материалдық көмек көрсету ______теңге (бастауыш кәсіподақ ұйымы мәжілісінің шешімінен көшірме және өтініші негізінде иесіне жеке беріледі).
Барлығы тапсырыс сомасы ______теңге (Сомасы жазбаша көрсетіледі)
Ақшалай қаражаттарды жұмсаудың жоспарлы күні «___» ___________20___ж.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы______ ____________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ АКТІСІНІҢ ҮЛГІСІ
БЕКІТЕМІН
ҚР Кәсіподағының төрағасы
_________________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
"__"________ 20__ж.
________________________бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімі негізінде өткізілген кәсіподақ мүшелерін құттықтау шарасына (қандай шара екенін көрсету, кәсіподақ мүшелерін «Мұғалімдер күнімен», Жаңа жылмен, мерейтойлармен және т.б. шаралармен құттықтау) жұмсалған қаражаттарды есептен шығару
А К Т І С І
- комиссия төрағасы (аты-жөні, тегі) _______________________
- комиссия мүшелері (аты-жөні, тегі), кәсіподақ комитетінің мүшесі ___________________
-
тексеру комиссиясының төрағасы ______________________________
кәсіподақ мүшелерін «Мұғалімдер күнімен» құттықтауды ұйымдастыру үшін жарғылық мақсаттарға осы шараны өткізудің бекітілген сметасына сәйкес ________________ теңге сомасында мүшелік кәсіподақ жарналары жұмсалғаны жөнінде осы актіні жасадық.
Кондитерлік өнімдер, гүлдер, залды безендіруге шарлар, ұтылыссыз лотереяны ұйымдастыру үшін сыйлықтар сатылып алынды.
Салтанатты түрде 20__ ж. _____ қыркүйегінде кәсіподақ мүшелерін Мұғалімдер күнімен құттықтадық. «Швед үстелі» ұйымдастырылып, гүлдер мен шарлар залды безендіруге пайдаланылды, сыйлықтар ұтылыссыз лотереяда ойнатылды.
Кассалық және тауарлық түбіртектер «__» _________20__ж. № __ аванстық есепке тіркеледі. Есеп беруші тұлға _________________(аты-жөні, тегі)
Комиссия төрағасы (аты-жөні, тегі) _______________________________
«___» __________20__ж.
Комиссия мүшелері: (аты-жөні, тегі) ________________________________
«___» __________20__ж.
________20__ж. № ____ бухгалтерлік өткізулер
Есептің дебеті ____________________
Есептің кредиті ___________________
Бухгалтер _________________
ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІНІҢ ҮЛГІСІ
БЕКІТЕМІН
ҚР Кәсіподағының төрағасы
_________________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
"__"________ 20__ж.
«___» ________ 20___ж. № ___ шартқа
қызметтерді қабылдау-тапсыру
АКТІСІ
Біз, төменде қол қоюшылар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы _____________________________ (аты-жөні, тегі) және ____________________________ (аты-жөні, тегі, лауазымы) «___» ________ 20___ж. № ___ шарт бойынша қызмет (қандай қызмет екенін көрсету) толық көлемде және тиісті сапада орындалғаны жөнінде осы актіні жасадық.
Тапсырыс беруші тарапынан шағым жоқ.
Қызмет құны ______________ теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС __________ теңге.
Тараптардың қолдары:
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ОРЫНДАУШЫ
________________________
__ _____________
__________________________________
бастауыш кәсіподақ ұйымының
_________________________төрағасы
М.О. М.О.
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАР ШЫҒЫНЫ СМЕТАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ
ҚР Кәсіподақтарының
__________________ Пленумымен
Бекітілді
«___»_____________ 20__ ж.
№_______хаттама
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің _______________ облыстық ұйымының __________ жылға арналған
СМЕТАСЫ
I. Табыстар
|
|
|
|
№
|
Операция атауы
|
1
|
Жарналардың түсімі
|
2
|
Басқа көздер
|
|
Барлығы
|
|
|
II. Шығыстар
|
|
|
|
№
|
Шығыс баптары
|
1
|
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар
|
2
|
Спорттық шаралар
|
3
|
Материалдық және қайырымдылық көмек
|
|
Есептеулерімен жалақы салық
|
|
5
|
6
|
Кәсіподақ активіне сыйақы
|
7
|
Әкімшілік-шаруашылық шығындар
|
8
|
Кәсіподақ активін оқыту
|
|
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру
|
10
|
Ақпараттық жұмыс
|
11
|
Корпоративтік шаралар (конферен-циялар, Пленумдар және т.б.)
|
12
|
Жоғарғы кәсіподақ органдарына аударымдар
|
№ ____ ОМ бастауыш кәсіподақ
ұйымының кәсіподақ
комитеті мәжілісінде
бекітілді
«___» ____________20__ ж.
Кәсіподақ мүшелерін Мұғалімдер күнімен құттықтауды өткізуге арналған
С М Е Т А
Кәсіподақ мүшелерінің саны - 67
1. Швед үстелі _______ теңге.
Соның ішінде:
Шұжықпен жасалған бутербродтар
Шұжық ( 0,5 кг. * 1200 теңге.) ________ теңге
Батон (2бөлке* 60 теңге.) ________ теңге
Майонез (0,250гр.1 б. * 1800 теңге) ________ теңге
Шәй (1 қорап 50 пак.*800 теңге) ________ теңге
Конфеттер 1,5 кг. * 1200 теңге ________ теңге
Печенье 0,5кг. * 900 теңге ________ теңге
Сулықтар (1п.* 340) ________ теңге
Минералды су (2 * 250) ________ теңге
Шампан 1 бөт.*2800 теңге ________ теңге
2. Бөлмені безендіру үшін гүлдер ________ теңге
3. Сыйлықтар _________теңге
БАРЛЫҒЫ сомаға (сомасы жазбаша көрсетіледі) теңге
Сметаны мәдени-бұқаралық іс-шараларға жауапты кәсіподақ комитетінің мүшесі
А. Қалдыбекова _____________ жасады.
БЕКІТЕМІН
ҚР кәсіподағының төрағасы
_________________________________
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
"__"________ 20__ж.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының (кәсіподақ ұйымының атауы)
шешімі негізінде өткізілген іс-шараға жұмсалған қаражатты есептен шығару
АКТІСІ
Комиссия құрамында 3 адам:
Комиссия төрағасы ________________________________________(аты-жөні, тегі, лауазымы)
Комиссия мүшесі __________________________________________(аты-жөні, тегі, лауазымы)
Комиссия мүшесі _____________________________ _____________(аты-жөні, тегі лауазымы) __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
өткізу үшін осы актіні құрды.
Сметаға сәйкес кәсіподақ комитетінің мәжілісінде бекітілді, ____ _________20_ ж.№ __ хаттама , ___________________________________________________________ теңге жұмсалды.
Кассалық және тауарлық чектер № _______________аванстық есепке тіркеледі.
Есеп беруші тұлға ______________________________________(аты-жөні, тегі, лауазымы)
Комиссия төрағасы _____________________ __________________________
«___» ___________ 20_ж.
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
Комиссия мүшелері _____________________ __________________________ «___» ___________ 20__ж.
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
_____________________ _________________________ «___» ___________ 20__ж.
(қолы) (қолдың мағынасын ашу)
Достарыңызбен бөлісу: |