Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі КІРІСПЕ Зерттеу өзектілігі. Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі Зерттеу мақсаты. Әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Міндеттері: - 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелерін айқындау;
- Жалпы орта білім берудің құрылымын сипаттау;
- Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесін талдау;
- 12 жылдық білім беру жүйесін басқаруды талдау.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) еліміздің орта жалпы білім беру жүйесінің мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру принциптері мен бағыттарын көрсететін негізгі құжат болып табылады. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) еліміздің орта жалпы білім беру жүйесінің мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру принциптері мен бағыттарын көрсететін негізгі құжат болып табылады.
Тұжырымдама келесі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибені ескере отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Орта жалпы білім берудің құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Орта жалпы білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шарттары
адами капитал құнының өсуі.
экономиканың серпінді дамуы, бәсекелестіктің күшеюі;
қоғамды демократияландыру;
халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілетін жаһандық мәселелердің пайда болуы мен өсуі;
постиндустриалды, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениетаралық өзара әрекеттесу ауқымының кеңеюі;
қоғамның даму қарқынын жеделдету;
Білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер әкелетін әлемдік дамудың негізгі тенденциялары:
Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибені ескере отырып, 12 жылдық білім беруге көшудің негіздемесі
Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін факторлар:
Мектептегі білім беруде диагностикалық мақсат қоюдың болмауы.
Тұлғалық дамуға емес, ресми нәтижелерге жетуге бағдарлану.
Оқу жетістіктерін бағалаудың ынталандырушы емес ескірген жүйесінің сақталуы объективтілікті қамтамасыз етпейді және стресстік жағдайларға әкеледі.
Егде жастағы жасөспірімдерде тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттердің жеткіліксіз дамуы, өзін-өзі анықтаудың жетілген мотивтерінің болмауы, өз мүдделері мен келешегі туралы хабардарлық деңгейінің төмендігі
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары:
білім беру мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи талаптарына сәйкес келтіру;
білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның өзгермелілігін қамтамасыз ету;
білімді өз бетінше алу және тәжірибеде қолдану қажеттілігі мен қабілетін тәрбиелеуге бағытталған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;
танымдық мотивацияны қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын таңдау;
білім беру мазмұнын оқушыларды танымның ғылыми әдістерімен және өз бетінше ізденуімен мақсатты және жүйелі түрде таныстыруға бағыттау;
тәрбие мазмұнын ұлтты құрметтеуге тәрбиелеуге бағыттау
Достарыңызбен бөлісу: |