Бекіту сұрақтары:
-
Курск шайқасының маңызы қандай болды?
-
Қай қазақстандық ерлік көрсеткен партизандарды білесіңдер?
-
Мәскеу түбіндегі шайқастың тарихи маңызы қандай болды?
№21 Соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі.
Мақсаты: Қазақстанда соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі жайында баяндап түсіндіру.
-
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.
-
Қазақстандағы лагерьлер
-
Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі»
Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы , тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға , демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл – бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама – қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.
1936 жылғы сталиндік КСРО Конституциясы елде әміршіл - әкімшіл жүйені одан әрі нығайтты. Социализм тоталитарлық , казармалық сипат алды. Қазақстанда жазалау шаралары басталды. Жазаға ұшырағанда: Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар ; партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері ; революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер ; қазақ әдебиеті мен ғылымның белгілі өкілдері; орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қайраткерлері.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер партия пайда болды.
1918 жылы 5 қыркүйектегі РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің арнаулары қаулысында: «Кеңес Республикасын тап жауларынан құтқару үшін, оларды концлагерьге қамау қажет», - делінген. 1929 жылдың өзінде – ақ Сталиннің бұйрығы бойынша елде еңбекпен тезеу лагерьлерінің торабын ұлғайту жоспары жасалған.1930 жылы 4-шілдеде осындай лагерьлер құру туралы арнаулы ереже қабылданды. ГУЛАГ осылай құрылған , оның құрамында 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері болды.
Сөйтіп Қарағанды облысының аумағында 1930 – 1950 жылдар аралығында 9 лагерь ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең үлкен және танымалы – ҚАРЛАГ. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда , орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында құрылды. ҚАРЛАГ-тың аумағы оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 шақырымға , шығыстан батысқа қарай 200 шақырымға созылып жатты. Оған 120 мың га шабындық жер бөлініп берілді.
ҚАРЛАГ-ты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде буырқана дами бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинатына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Осынау өнеркәсіп салаларын құрып , дамытуға арзан жұмыс күші де қажет болатын. ҚАРЛАГ аумағында 80 мың тұрғыны бар 4000 қазақ киіз үйі және немістердің , орыстардың, украиндардың 1200 барағы болды.
ҚАРЛАГ басқармасы тек қана ГУЛАГ-қа , Мәскеуге бағында. Республикалық және облыстық партия, Кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Мұның өзі тізгіні Мәскеудегілердің қолында болған орталық үлгідегі құрылымы еді.
ҚАРЛАГ шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облысының аумағында жатты. Егер 1931 жылы ҚАРЛАГ тың аумағы 53 мың га болса, 1941 жылы 1780650 га болды. 1931 жылы 22 бөлімше , 159 учаске болса, 1941 жылы 26 бөлімше , 192 учаске болды. Әрбір бөлімше бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп; учаске, нүкте, ферма деп аталды. Лагерьде 106 мал шаруашылық фермасы , 7 бақша учаскесі , 10 егістік учаскесі болды. ҚАРЛАГ аумағы 1950 жылы 20 млн 87646 га, яғни 20876 шаршы шақырым болды.
1942-1943 жылдары 6 ай ішінде 17042 адам ауруханаға жатқызылса , сол уақытта 3372 адам өлді. 1948-52 жылдары лагерьде 8294 адам мүгедек, 2349- туберкулез, 3544 адам ауруханада болды. Көптеген аурулар мен мүгедектер аса ауыр жұмысқа шыдамай мерзімі біткенше өліп жатты. Толық емес деректер бойынша 1940-50 жылдар аралығында ҚАРЛАГ та 40 мыңға жуық тұтқын өлген. 1943 жылы ай сайын 1000 адам өліп отырған . Бала өлімі де көп болған , тек 1945 ж қыркүйек – қазан айларында 98 бала өлген. ҚАРЛАГ азабын 1 млн-нан артық адам көрді.
1953 ж 8 мамырдағы Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес ҚАРЛАГ шаруашылығы таратылды. Басқарма жойылды. Осы уақытта ҚАРЛАГ-та 226 елді мекен болды, ол таратылғаннан кейін оның аумағына 16 жоғары өнімді совхоздар ұйымдастырылды. 40 жыл өткен соң 1993 ж 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығын ақтау туралы» заңы шықты. Занның күші 1917 ж 25 қазаннан кейін Қазақстанның аумағында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығына таратылды.
Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс» , «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.
Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.Ж.Дужинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылары кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп саналды, басқа біреулері «Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап» деп сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдаң 20-40 жж Қазақстан» (1947) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 1950 ж «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.
«Правданың» мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951 ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті » Правда» газетіндегі мақал туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». 1951 ж маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақалаға қайта оралып , 1951 ж 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.
Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылады, сөйтіп ол 1951-1952 жж Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.
40 – жылдары және 50 – жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейаменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақатан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылдық қатерліктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғалым академиясының Президенті Қ.Сатпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.
Бекіту сұрақтары:
-
Қарағанды облысының аумағындағы ең үлкен және танымал лагерьлерін атаңыз.
-
Қазақстан Республикасында «саяси қуғын сүргінге ұшыраған барлығын анықтау туралы» заң қашан қабылданды.
-
Бекмахановтың кітапбын айыптауы қай жылы, қай газетте шықты?
Лекция №22
Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Мақсаты: Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығында алатын орнының маңыздылығы.
-
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру.
-
Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығындағы экстенсивті дамыту жағдайы.
-
Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары.
-
Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шаруашылығына әсері және оларды дамытуға арналған шаралар.
1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игкруге Қазақстан кеңінен қарастырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35млн. Гектарға дейін жкткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп , оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.
Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде 1954-1956 жж 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бареді.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. Тоннаға жетті. Қазақстан бұл жылдар ішінде мемлекетке 63,4 млн. Тонна астық тапсырды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнер кәсіп орындары көптеп салынд. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.
Тың игеру қарабайыр «экстенсивті» әдіспен жүргізілді. Мұның өзі гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайыншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.
50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің құны екі еседен астам өсіп және ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қордары көбейді . Еңбек күнніңт құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олрдың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерді ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп- интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт- дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады.
Тың игеру мал шарулығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл- село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық- түлік мәселесін шиеленістірді.
Бекіту сұрақтары
-
Тың және тыңайған жерлерді игерудің маңызы неде?
-
Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шарушылығына әсері қандай?
-
Тың игеру қандай әдістермен жүргізіледі.
Лекция №23
1960 жылғы Қазақстанның саяси әлеуметтік жағдайы.
1. Қоғамдық саяси өмірі.
2. Л.И.Брежневтің билікке келуі.
3. Халықтың әлеуметтік жағдайы.
Кеңес елінде 20-жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің арықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән еді. Елде В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды даланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық рөлі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік халық шаруашылықтың және әлеуметтік-мәдени міндеттерді дауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тарқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке кезеңінің нақты көрінісі болды.
Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамды-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.
40 және 50-жж. басында социализм идеалогиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылым-комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайына ВҚП/б/ Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14 тамыз) қаулысы теріс әсер етіп, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді.
1960-64 ж. СССР Жоғ. Советі Президиумының Председателі болды. 1963 ж. июньнен КПСС ОК-нің секретары міндетін қоса атқарды. Ол мемл. аппаратты жетілдіру, соц. демократияны дамыту және заңдылықты нығайту, лениндік сыртқы саясатты жүзеге асыру жөнінде көптеген жұмыс істеді.
Л. И. Брежнев партия мен еліміз өмірінде тарихи маңызы зор КПСС ОК-нің Октябрь (1964) пленумы жұмысына белсене қатысты. ОК-нің Октябрь пленумы партия өмірінің лениндік нормалары мен басшылық ету принциптерін қатаң сақтау және дамыту жөніндегі партияның мызғымас еркін білдіре отырып, Л. И. Брежневті КПСС ОК-нің 1-секретары етіп сайлады, 1964 ж. ноябрьде КПСС ОК РСФСР жөніндегі Бюросының председателі болып бекітілді.
Л. И. Брежнев СССР-дің халықар. байланысып дамыту, дүн. жүз. соц. системаны, халықар. коммунистік және жұмысшы қозғалысының бірлігін сақтау, бүкіл ел еңбекшілерінің рев. ынтымағын нығайту мәселелеріне күш-жігерін аямай жұмсап келеді.
Жұмысшы табының ұйтқысы өнеркәсіп жұмысшысы екені мәлім, 1970 ж. ол оның бүкіл құрамының төрттен бірінен астамы болды.
1960—1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (53 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарын машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды .
Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндірісі адамдарының қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары — Қарағандыда, Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны неғұрлым көп болды.
Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды. Мәселен, I мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істеі жұмысшылардың үлес саны 1960 ж. 42,4 проц. болса, 1973 ж. 56,1 процентке дейін өсті. 1973 ж. жұмысшылардың 28,2 проценті мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардыя проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға шоғырлану Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды металлу және Ащысай полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды.
1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту Одақта 8-орында еді. Мұнай кейінгі дәуірде әйелдерді өнеркәсіпке тарту едәуір кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 44,4 проц. дейін көтерілді.
Әйелдер еңбегінің дәстүрлі салалары жеңіл және тамақ
өнеркәсібінде жұмысшы коллективтерінің басым бөлігі әйелдер болды. Алайда, республикада өндірісте жұмыс істейтін еңбек қабілетті әйелдердің саны көп еді. Мұның негізгі себебі балалар бақшалары жүйесі құрылысының жеткілікті салынбауы, тұрмыс қызметі өнеркәсібінің нашар дамуы немесе бірсыпыра қалаларда салалық құрылымның біржақтылығы, көп балалы аналар үшін
толық емес жұмыс күнін және үйге жұмыс беруді мардымсыз пайдалану болды.
Бекіту сұрақтары:
-
Мәскеуде КОКП-ның 20 съезі қай жылы өтті?
-
Брежнев қай жылдары, қандай отбасында дүниеге келген?
-
1957 – 1973 жылдары жұмысшылардың арасында қазақтардың үлес саны неше пайызға дейін азайып кетті?
№24 лекция
Экономикалық басқарудағы реформалар
Мақсаты: студенттерге ел тарихының ХХ ғғ. 60 жылдарының екінші жартысында болған экономикалық-саяси өзгерулерді оқыту, тарихи көзқарастарын қалыптастыру.
-
Экономикалық реформалардың мәні.
-
1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары.
-
Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы.
-
Тілдік мәселелер.
-
1965ж. шаруашылық реформалары.
1960-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады.
Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогресстің табыстары кең көлемде еңгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вогондарына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрі түрлерінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын кеңінен еңгізіле берді, тиеу-тасымалдау процесстері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлнмде қолданылды.
І965 жылғы наурыз, қыркүйек және қазан айларында өткен КОПК Орталық комитетінің Пленумдары өнеркәсіпті басқару жөніндегі шаралардың арттырылғанын және жоспарлаудың жетілдірілгенін, өндірістің экономикалық тиімділігінің күшейгендігін атап көрсетті. Соған сәйкес кәсіпорындарда өндіріс салаларында есеп айырысудың пәрменділігін кеңейте түсу мәселесі қаралды, кәсіпорын қызметінің жетімсіз жақтарын түзеу көзделді, олардың шаруашылық дербестігі кеңейтілді, экономиканың мәнді тетіктері: кіріс, баға, сыйлық, несие тиімді пайдаланылды. Жұмысшылар мен ұжымдардың материалдық қызығушылығы артты. Жоғары жоспарлық міндеттер өндіріс қорларын, жұмысшы күшін,
материалдық және қаржы қорларын өндірісте толық пайдалану,
өндіріс техникасын жетілдіру және өнімнің сапасын арттыру
көзделді. 1960-шы жылдардың соңында республикада материалдық ынталандыру мен жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге 1467 кәсіпорын көшті, немесе барлық өнеркәсіп орындарының 80% осы
негізде жүмыс істеуге бағытталды. Шаруашылық реформа республика экономикасын дамытуға белгілі жағдайда көмек берді. Реформаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын о баста іс жүзіне асыруға, жоспарлаудың жаңа принциптерін экономиканы ынталандыруды жетілдіруді жүзеге асыруда белгілі күштер толық пайдаланылмады. Жаңадан құрылған экономикалық басқару жүйесінің бағыты тұрақсыздыққа айналды(жоспарларды қайта қарау, кәсіпорын құқықтарын шектеу, орталықтың әміршілдігінің күшеюі және басқалар етек алды). Реформа кәсіпорын деңгейінде ғана нақты жұмыс орнына жетпей, екінші жағынан басқару тетіктерін нақты қозғамай бір орнында тоқырап қалды. Реформаны төменнен қозғау әрекеті экономикалық бағдарлауға ұласып кетті.
Бұл жылдары республика өзінің рөлін сақтап қалу үшін КСРО аймағындағы ірі кәсіпорынның біріне айналу үшін елеулі жұмыстар атқарды. Хром өндірудің көлемін арттыру бойынша Қазақстан Одақта алдыңғы қатарга шықты, көмір, темір, марганец рудалары бойынша үшінші орында болды. Республика бүкіл Одақ бойынша сары фосфор, шығаруда 90%, жемдік фосфор шығаруда 40% және мыс, мырыш, қорғасын өндіруде 30 дан 70% дейін көрсеткішке жетті.
Мұнай өңдеу, оны қайта өңдеу, оны іздестіру барлау жұмыстарында жаңа техникалар мен технологиялар жетілдірілді. 1965 ж. 308 мұнай скважинасы кешенді автоматтандырылды. Мұнай қазу процесінде тетіктер механизмдері жүзеге асырылды. 198 мың т. мұнай жер қабатына жасанды жолмен әсер ету тәсілі арқылы өндірілді. Машина құрылысында қаттау, техниканы жинау, ұста, пресс және т.б. цехтардың жұмыстарын прогрессті даму жолдарын жетілдіру шаралары үздіксіз қолданылды.
Электр қуатында құрал-сайманмен жабдықтау құрылымы өзгертілді. Электр станцияларында аса қуатты дара агрегаттар жұмыс істеді. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін агрегаттар саны артты. Автоматтандыру, телемеханика, электрондық есептеуіш техникасы көбейді. Осының нәтижесінде республика өнеркәсібін қайта құруда, кәсіпорынды техникамен қайта жабдықтауда, жаңа техниканы енгізуде, прогрессшіл техниканы енгізуде белгілі табыстарға қол жеткізілді.
Осының өзінде ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуде, сол кездегі шаруашылық механизмінің жетілмеуі салдарынан үлкен қиыншылықтар кездесті. Жоғары өнімді прогресті және технологияны енгізу өте баяу іске асырылды. Шығарылатын өнімнің құрылымында жаңа прогрессшіл материалдар - полимер, ағаш қаттамалары т.б. қолданылмады. Кәсіпорындар және оның тұтас салалары іс жүзінде өнімнің техникалық деңгейін арттыруға ынталы болған жоқ, себебі бұлардың үстінен жоспар, көлем, вал зорлап танылған еді.
Тың игерудің әлеуметтік жағдайға келтірілген зиянын айтқан кезде, аймақтық-проблемалық қайшылықтардың арасындағы шиеленісті мәселелерді көтерді. Қазақстанның өндіріс күштерін дамытудағы қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Тың, өнеркәсіпті Шығыс сияқты, мемлекеттік инвестицияны тартудың негізгі орталығына айналды. Республиканың басқа аймақтары мұндай қатынаста шектеу көрді, құқықтары кемітілді. Соның салдарынан өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымда даму тепе-теңдігі бұзылды. Өндіруші күштерді пайдалануда, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, демографиялық және экологиялық мәселелерді шешуде қолайсыздықтар туды. Осының барлығы «Солтүстік-Оңтүстік» проблемаларының туындауына, әр түрлі жобалардың көлеңкелі жақтарының шоғырлануына тиісті база болды.
Бекіту сұрақтары:
-
Экономикалық реформалардың мәні неде болды?
-
1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары қандай мәселелерді қозғады?
-
Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы қалай көрінді?
Дәріс № 25
1970 – 1980 жылдардағы Қазақстан
Мақсаты: Қоғамдағы саяси жағдай және завод фабрикалардың ашылуына байланысты адамдардың көзқарастары.
-
Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі.
-
Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп аймағы.
-
Отын энергетикалық кешенің дамуы.
-
Машина жасау өндірісінің дамуы.
1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проценті жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 процентке артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашмлық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердін, басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кенейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже приициптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістін, тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларынын 22,4 проц. еді.
1970—1985 жж. республиканың индусгриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістік комплекстері қалыптасты.
Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі күрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одактық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отыраған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды, Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканын орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды.
Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстын сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті сьездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардын қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.
Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985 жылдары республикада әртұрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бірқалыпты дамымауына алып келді.
Бекіту сұрақтары
-
1970 жылы Реформаның негізгі мақсаты.
-
1970 жылы Инфляциялық процестердің сақталуына не себеп болды.
-
1970 жылы-1980 жылы ғылым мен техниканың өндіріске тигізген әсері.
Дәріс №26
1970 – 80 жылдардағы әлеуметтік – демографиялық процестер
Мақсаты: 1970 – 80 жылдардағы әлеуметтік – демографиялық процестерді қарастыру.
-
Жұмысшы кадрлардың дамуы
-
Халықтың әлеуметтік дамуы.
-
Желтоқсан оқиғасы
-
Экологиялық қозғалыстар
-
Ұлттық қатынастар
1960 - 1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (530 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарында машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды.
Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндіріс адамдарының қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары — Қарағандыда, Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны неғұрлым көп болды.
Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды. Мәселен, I мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың үлес саны 1960 ж. 42,4 проц. болса, 1973 ж. ол 56,1 проц-ке дейін өсті. 1973 ж. жұмысшылардың 28,2 проц. 3 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардың 10 проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға шоғырланды. Соколов - Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды металлургия және Ащысай полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды.
1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту жөнінде Одақта 8-орында еді. Мұнай кейінгі дәуірде әйелдерді өнеркәсіпке тарту едәуір кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 ж. 44,4 проц. дейін көтерілді .
Жұмысшы табы құрамының ұлттық құрамы да өзгерді, бірақ өнеркәсіпке тұрғылықты халық өте нашар тартылды. Мәселен, 1957 - 1973 жж. жұмысшылардың арасында қазақтардын, үлес саны тіпті 17,4 проц. 11,7 проц. дейін азайып кетті. 1970 ж. басында қазақтар тек мұнай шығаратын және газ өнеркәсібінде ғана басым еді. (олар тиісінше 69,5 және 53,6 проц. болды). Ұлттық кадрлардың біршама ірі тобы мұнай өндіруде (36,7 проц.), баспаханада (27,8 проц. тамақ өнеркәсібінде (20,3 проц.), ағаш дайындауда (28,8 проц.) жұмыс істеді. Жұмысшы қазақтардың үлес саны энергетикалық машина жасауда (1973 ж. —2,2 проц.), прибор жасауда (4,7 проц.), электротехника өнеркәсібінде (6,6 проц.), тоқыма (13,6 проц.), тігін өнеркәсібінде (15,7 проц.) төмен болып келді.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкшеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
1970—1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жүмсалған қаржының 32 проц. жүмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті.
Казақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанмен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Ол саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты.
Желтоқсан уақиғаларының сипаты, оның көлемі мен зардаптары туралы шындық айтылмады. КОКП Орталық Комитетінің «Казақстан республикалық партия ұйымының еңбекшшерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысынан уақиғаға терең талдау, жан-жақты әділ баға беріледі деп күтідгеніне қарамастан, ол жұртшылықтың өкінішін туғызып қана қоймай, бүкіт бір халықты орынсыз айыптау болып шықты.
Орталық ведомстволар тұрғылықты халықтан маман кадрлар даярлауға қамқорлық жасамады, олар жұмысшы күшін тасып әкелуді артық керді, мұнын, өзі экономикалық жағынан тиімсіз болды және ақырында ұлтаралық қатынаста алакөздік туғызды. Мұнын, үстіне кәсіпорындар мен кәсіптік-техникалық училищелерге қазақ жастарын қабылдауға, оларды ана тілінде бағалы мамандықтарға даярлауға, онан әрі олардың өндірісте тұрақтап қалуына шындап көңіл бөлінбеді.
Бекіту сұрақтары:
-
Қай жылы КСРО өз әскерлерін Ауғанстанға кіргізді?
-
1970 жылы Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту жөнінде Одақта нешінші орынды иеленді?
-
Невада – Семей қозғалысы кезіндегі белгілі қоғам қайраткері?
-
Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаев қай жылы Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды?
№ 27 дәріс
Қазақстандағы қайта құру
Мақсаты: Қайта құру саясатының мақсатын түсіндіру.
1. 1985 жж. ортасындағы Қазақстан
КПСС Орталық Комитетінің сәуір
1985 ж. Плениум
2. Демократия мен жариялылық
3. Қайта құрудың мәні
80-жылдардың басында КСРО экономикалык, әлеуметтік, саяси дағдарыс алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе казіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді. Қоғамның барлык жақтарын, оның экономикалық негіздерін, әлеуметтік өмірді, саяси құрылымды, рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді.
Жеделдету бағыты.
• 1982 жылты 10 караша — Л.И.Брежнев қайтыс болды.
Партия мен үкімет басшылыгына Ю.В.Андропов келді. Ол 80-жылдардың басындағы елде калыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді:
-
Өкіметтін жоғары эшелонында жүйелі түрде тортіп орнатуды бастады.
-
Өндірісте реттілік пен тортіпті жолға коюды колға алды.
Алайда, бұл шешімдерді іске асыруда дәстүрлі әкімшілдік-бюрократтық рухтары жергілікті органдар зандылықтың өрескел бұзылуына жол берді.
-
1984 жылғы акпан - Ю.В.Андропов қайтыс болды. Саяси басшылық КОКП Орталык Комитетінің Бас хатшылығына
К.У.Черненконы сайлады.
-
1984 жылғы ақпан — 1985 жылғы наурыз аралығы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады:
-
Молотовтың партиялылығын қалпына келтірді.
-
КОКП ОК-нің ғылыми-техникалык, саясат жөніндегі пленумы өткізілмеді. (1984 ж.).
-
Елді күйзеліске ұшырататын, орасан зор қаржыларды мағынасыз жұтатын гидромелиорациялық жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берілді.
• 1985 жылғы наурыз - К.У.Черненко қайтыс болды.
КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды.
1985 жылғы сәуір - КОКП Орталық Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.
1985 жылғы сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалык дамытуды жеделдету бағыты.
-
Жеделдету бағыты концепциясыз, анық жүргізілді.
-
Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта
құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси
тәрбиені күшейту арқылы жоюға болады деп есептеді.
-
Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары
жекелеген басшылар деп жарияланды.
-
Мәскеуде - В.В.Гришин; Ленинградта- Г.В.Романов; Қазақстанда - Д.Қонаев; Әзірбайжанда — Г.Алиев.
Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы» күрес қаулысы жарияланды. Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша науқан өрістеді:
-
Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жарияланды.
-
Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді.
-
Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді.
Өкімет орындарының шалағай шараларының салдарлары:
-
Самогон қайнату күшейді. Спиртті ішімдіктерге алыпсатарлық өсті.
-
Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты.
- Ұрлық, қылмыс көбейді. «Көлеңкелі экономика» нығая түсті.
Қайта кұру бағытының қарама-қайшылығы.
• 1987 жылғы қаңтар - КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Кемшіліктері:
-
Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
-
Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
• 1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта кұру
мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды:
-
Тауар-ақша қатынастарының ролі айқындалды.
-
Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.
-
Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге
көшуге негіз жасалды.
-
Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылыгындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сорелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
Қазан тоңкерісінің 70 жылдығындағы мерекелік мәжілісте М.С.Горбачев қоғам дамуының негізгі кезендеріне талдау жасады:
-
Тарих «ақтандақтары» жаңа тұрғыдан қаралды.
-
Сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды.
-
1987 жылғы қазан - КОКП ОК-нің Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Н.Ельцин қайта құру барысына, реформа баяулығына наразылық білдірді. Алайда оның сөзі «қайта
құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылданып, баспасөзде жарияланбады.
Б.Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді.
-
1988 жылғы маусым - КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды.
Шешімдері:
-
Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.
-
Демократияландыру мен жариялылық.
-
Төрешілдікке қарсы күрес.
-
Халықтық реформа жүргізу.
-
Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар
Әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар:
-
Жоспарлау және жаңа кен орындарын игеру кезінде республикам мүддесі есепке алынбады.
-
Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы ғана бөлігі беріліп, жергілікті халыққа ештеңе тимеді.
- Қаржының көп белігі өндіруші салаларға жіберілді.
-
Халыққа қажетті тауарлардың 60%-на жуығы шеттен тасымалданды.
-
Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы
сақталды.
-
Барлық ғылымдар ресми саясаттың елгезек «қызметшілеріне»
айналды.
айырыла бастады.
-
Қазақ тілі қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге
айналды. Нәтижесінде 1954-1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды. Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Жоғары жақтан келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, қатал жазаланды.
-
Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, Семей полигонында үздіксіз жарылыстар болып жатты.
-
Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті.
-
Парақорлық, маскүнемдік, адамдардың әлеуметтік немқұрайлылығы күшейді.
• 1986 жылғы ақпан-наурыз - Қазақстан Компартиясының XVI съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасамай, жекелген кемшіліктерді сынаумен шектелді.
Республика басшысы, дарынды қайраткер Д.А.Қонаевтың (1986 ж.) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің окілі ғана болып қалды. Оған КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш морте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Д.А.Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді.
• 1986 16 желтоксан – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:
-
КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен
Д.А.Қонаев қызметінен алынды.
-
ҚазақстанҮкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық
комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді.
• 1986 жылғы 17 желтоксан — Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы - Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі:
• Орталықтық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама- қайшылықтар.
Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ. Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне тонген қатер деп бағалап, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы болімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:
• 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.
-
99 адам айыпталып, бас бостандығынан айрылды (46-сы кейін ақталды). 2 адамату жазасына кесілді, 83 адам - 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айрылды.
-
52 адам партия қатарынан шығарылды.
-
787 адам комсомол қатарынан шығарылды.
-
1138 адам комсомолдық сөгіс алды.
-
Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
-
271 студент оқудан шығарылды.
-
Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік
министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.
1970 — 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз коғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемл., әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылыктарға байланысты қорытылған пікір еді. Әлеум. саладағы киын мәселе — тұрғын үй таншылығы болды. Қордаланған әлеум.-. экон. қайшылыктар — еңбекке немкұрайды қарау, өндірістегі ұрлық маскүнемдік, қылмыс жасау, енбек тәртібінін кұлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз кұбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеум. саладағы дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып келгсн занды себептер еді. 1985 жылғы наурызда өткен КОКП ОК-нің сәуір Пленумында қоғамнын әлеум.-экон. ламуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" — автон. жонс одақтас республикалардан басталды. Қазақстанда респбликаның өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда Қазакстан аумағындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жаблықтарына республиканың меншіктік кұқы дәлелденді, елдің егеменлігін саяси және экон. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажстгігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ мұның бәрін жүзеге асыруға мемл. баскару кұрылымының Коммунистік партияның қатаң белігі кедергі жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазакстан компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаеавты қызметінен босатты да, орнына осыған кейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин қойыллы. Сөйтіп, Казақстанды баскару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша — Қазакстанның сыртынан шешілді. Бұл жайт жергілікті қазақ жастарының карсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан аланға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация бірнеше күнге созылды, оны обл. орталыктарындағы жастар қолдады. Жастардың Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты. Ереуілге қатынасқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды, жүздеген адам партиялық комсомолдық жазалар берілді. 1987 жазда КОКП ОК-нің «Қазақсатан партия ұйымдарындағы интернационалдық тәрбиелік кемшілітері жөніндегі» қауылысы шығып, желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірні жандандырудың басы болады, қасаң әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске жаңа серпін берді (к. Желтоқсан көтерілісі). Республика жұртшылығының 1989 ж. акпандағы митингісі «Невада — Семей» халықаралық қозғалысынның мақсатымсн 1990 ж. мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықар. конгресс өткізілді.
Бекіту сұрақтары:
-
Қайта құру саясатының жеделдету бағыты.
-
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
-
Қайта құру саясатының нәтижесі.
лекция № 28
Саяси өзгерістер
-
Желтоқсан оқиғалары.
-
Тәуелсіз ұйымдар мен партиялардың қызметі.
-
Д.А.Қонаевтың қызметтен кетуі.
-
«Невада-Семей» қозғалысы.
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының нәтижесі еді.
Халық шаруашылығының салалық құрылымдары да кеселді қалыпқа түсе бастады. Орта машина жасау министрлігі, Қорғаныс министрлігі дейтіндер республика территориясының нағыз қожалары болып алды. Әр түрлі жоспарлар жасау, жаңа кен орындарын игеру кезінде, іс-жүзінде республика мүдделері есепке алынбады. Ведомстволардың қанжығасына түскен миллиардтаған табыстардан республикаға оған титімдей бөлігі ғана бөлініп, ал жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді. Мұншалықты «бұрмаланған, отарлық құрылымды экономикасы» бар ел әлемде сирек еді. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» принципі адамдардың рухани дүниесінің дамуына кеселді әсер етті. 1954-1986 жж. 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.
Қазақ тілінің жағдайы төзіктіз халге жетті Ол қоғамық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Тілдің өзіндік өрісі де тарыла түсті, өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай тұрсын, тіпті оларда ана тіліне деген менсінбеушілік пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тілден аластатудың осындай ұзақ процесі мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге келтірді. Осындай факторлардың салдарынан қазақ ұлтының көңіл-күйі ауырлай түсті. 1986 жылдың ақпан-наурызында Қазақ Комунистік партиясының XVI съезі болып өтті. Алайда бұл съезд де республиканы қаусатқан әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасай алмай, тек жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д.А.Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды.
Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай да болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле-шала қатаң жазаланды.
Қазақстанда Д.А.Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Сондай-ақ, Д.А.Қонаев жұмыс барысында принйипсіздік пен өзімшілдікке де жол беріп отырды. Қазақстан басшыларының мкөз алдында Арал құрғап, қазақ тілінің қолданылуы аясы тарыла түсті, Семей және басқа плигондарда үздіксіз жарылыстар жүргізіліп, әкімшіл жүйенің мәңгілік сыңарлары: парақорлық, тамыр-таныстық, маскүнемдік пен халықтың әлуметтік немқұрайлығы кең құлаш жайды.
Д.А.Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 жылғы желтоқсанның 16-ы күні таңертеңгілікте Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің V пленумы болды. Плнумда КОКП ОК хатшысы Г.П.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа ғана созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзім ішінде шешілді. Д.А.Қонаевтың орнына Г.П.Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г.В.Колбин тағайындалды.
Желтоқсанның 17-і күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейін ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ.
Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының студент жастары мен жұмысшы топтары еді.
Өкімет орындарының жағдайды болжай алмауы қасіретті салдарларға әкеліп соғып, демонстранттар тарапынан да, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар тарапынан да адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.
Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың санының өзі 8,5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғау, сот-тергеу жұмыстары кезінде көптеген дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді. Мысалы, айыпталған 99 адамның 46-сы біршама уақыттан кейін ақталды, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің ішінде желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орындарынан қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орындарынан кетуге мәжбүр болды. Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.
Қазақстанның егемен мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың республикамызда өріс алуына жол ашты.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Қазақстанның халық конгресі», Комунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада – Семей» азаматтық «Азат» және «Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. Сонымен қатар саяси процестерге көптеп саналады. Олардың қатарына Қазақстанның демократиялық партиясы, «Желтоқсан» қоғамдық комитеті, Социал-демократиялық партиялар т.б. қосуға болады.
Қазақстанның саяси қозғалыстардың ішінде «Қазақстанның халық бірлігі» Одағы беделдердің бірі болды. Бұл Одақ өз құрамына әр түрлі әлеуметтік топтарды біріктірді.
Қазақстанның социалистік партиясы өзінің ұйымшылдығын нығайту, материалдық-техникалық базасын жақсарту жолында жұмыстар атқарды.
ҚХК-нің төрағасы О.Сүлейменов ресейлік «Азаматтық Одақ» және «Демократиялық реформалар қозғалысымен», еуразиялық, дәлірек айтқанда Ресей мен Қазақстандағы интеграция идеясына сүйене отырып, тығыз байланыс орнатты
№29 лекция
Достарыңызбен бөлісу: |