Қазақстанның Каир қаласындағы Елшілігінде ҚР-дағы кезектен тыс сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы брифинг өтті
http://goo.gl/8FA5Op
Ү.ж. 27 сәуірде ҚР Елшісі Берік Арын мысырлық БАҚ өкілдері үшін 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың қорытындылары туралы брифинг өткізді.
Аталмыш шараға мысырлық ірі ақпараттық агенттіктер мен басылымдардың, соның ішінде «Әл-Аһрам», «Әл-Гумхурия», «Ахбар Әл-Йаум», «Таяу Шығыс ақпараттық агенттігі», «Әл-Йаум Ас-Сабиа», «Иджипшн газет», «Әл-Маса», «Әл-Каһира» телеарнасының өкілдері және т.б. қатысты.
Елші сайлау үдерістері, Президент мансабына үміткерлердің сайлау алдындағы тұғырнамалары және алдын ала дауыс беру қорытындылары туралы кеңінен мәлімет берді.
Осы ретте ол мыңнан астам бақылаушылардың, соның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және басқа халықаралық ұйымдардың, БАҚ және 37 шетелдік мемлекет өкілдерінің бағалағандарына сүйене отырып, сайлау толық халықаралық стандарттарға және Қазақстан Ата Заңы мен сайлау туралы заңнамасына сәйкес ашық және жариялық түрде өткенін атап өтті.
Дипмиссия басшысы сайлаушылардың белсенді қатысуы азаматтардың құқықтық мәдениеті мен саяси белсенділігін және олардың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылатын дәйекті реформаларды қолдайтынын білдіреді деп айтты.
Сайлау үрдісі, сонымен қатар, Каир және Александрия қалаларында ұйымдастырылды. Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі жанында ашылған №201 сайлау учаскесінде 250 отандасымыз дауыс беріп, жалпы тіркелген сайлаушылар санының 97,6 пайызын құрады.
Брифингтің соңында Елші журналистердің сайлаудан тыс басқа маңызды оқиғалар, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне дайындық барысы, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесі, еліміздің таратпау және жаппай қарусыздандыру салаларындағы бастамалары және т.б. сұрақтарына жауап берді.
Елшілік тарапынан берілген ақпараттың негізінде мысырлық БАҚ өкілдері еліміздегі сайлау науқанының ашық және әділ саяси күресте өткенін, ал оның нәтижелері Қазақстан халқының бірлігін, қазақстандық қоғамның өзінің негізгі құндылықтары – тәуелсіздік, бейбітшілік пен татулыққа беріктігін көрсетеді деген пікірмен келісті.
В Посольстве Казахстана в Каире состоялся брифинг по предварительным итогам внеочередных выборов в РК
http://goo.gl/OPU6Gt
27 апреля т.г. Посол РК в Египте Берик Арын провел брифинг для представителей египетских СМИ по итогам внеочередных президентских выборов, состоявшихся в Казахстане 26 апреля 2015 г.
В мероприятии приняли участие представители таких крупных египетских информационных агентств и изданий, как «Аль-Ахрам», «Аль-Гумхурия», «Ахбар Аль-Йаум», «Новостное агентство Ближнего Востока», «Аль-Йаум Ас-Сабиа», «Иджипшн газет», «Аль-Маса», телеканал «Аль-Кахира» и др.
Посол подробно рассказал, как проходил выборный процесс, о предвыборных платформах кандидатов на пост Президента и предварительных итогах голосования.
При этом он отметил, что согласно оценкам наблюдателей, количество которых превысило тысячи, включая представителей БДИПЧ/ОБСЕ и других международных организаций, СМИ и представителей 37 иностранных государств, выборы прошли открыто и гласно, в полном соответствии с международными стандартами, а также положениями и нормами, предусмотренными в Конституции и выборном законодательстве Казахстана.
Глава дипмиссии подчеркнул, что высокая явка избирателей продемонстрировала уровень правовой культуры и политической активности граждан, которые вновь выразили поддержку последовательно осуществляемым под руководством Президента Н.А. Назарбаева реформам.
Голосование также было организовано в гг. Каир и Александрия для проживающих и временно пребывающих в Египте казахстанских граждан. Так, на избирательном участке №201, образованном при Посольстве РК в АРЕ, проголосовало 250 наших сограждан, что составило 97,6% от общего числа зарегистрированных избирателей.
В заключение брифинга Посол ответил на интересующие журналистов вопросы, которые касались не только выборного процесса, но и таких важных событий в жизни страны, как 20-летие Ассамблеи народа Казахстана, подготовка к V Съезду лидеров мировых и традиционных религий, международной специализированной выставке «ЭКСПО-2017», инициативы Казахстана в сфере нераспространения разоружения и др.
На основе представленной Посольством информации, представители египетских СМИ сошлись во мнении, что избирательная кампания в стране прошла в честной и открытой политической борьбе, а ее итоги еще раз продемонстрировали единство народа Казахстана, приверженность казахстанского общества своим базовым ценностям – независимости, миру и согласию.
Достарыңызбен бөлісу: |