Қазақстанның саяси жүйесі



Дата27.10.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463513
Лаура

Қазақстанның саяси жүйесі


Орындаған: Роман.Л
Қабылдаған:Қылышбаев.А

Саяси жүйе

  • Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси жүйелердің жіктелуі

  • Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық демократиялық деп бөлінуі.

Тоталитаризм

  • Тоталитаризм (лат.totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун,Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде,фашистік Италия мен Германияда орнады.
  • 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп;
  • 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

Авторитарлы

  • Авторитарлы (лат. autoritas)- билікке сөзсіз бағынуға негізделген. Мемлекеттік құрылыстағы өктемшілік бір адамның (монарх, диктатор) әміршіл билігіне байланысты.

Демократия

  • Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

  • Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
  • 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
  • 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
  • 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
  • 4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
  • 5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Қоғамның саяси жүйесі

  • Қоғамның саяси жүйесі .Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы. Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер. Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

Қазақстанның саяси жүйесі

  • Саяси жүйе 2-ге бөлінеді:
  • 1) Ішкі
  • 2) Сыртқы

Ішкі саясат

  • Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды

Сыртқы саясат

  • Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады

Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, азаматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

  • Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, азаматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

  • Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1)Қ.Ж. Рахметов, А.Н. Болатова «Саясаттану» Алматы – 2005. 66-бет
  • 2)Д. Жамбылов «Саясаттану» АЛМАТЫ ЖЕТІ ЖАРҒЫ. 61-бет
  • 3)Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы. 1995. 4-бет


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет