«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының жанындағы Тәуекелдерді басқару комитеті Туралы ереже



Дата12.06.2016
өлшемі89.73 Kb.
#131019



«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының жанындағы

Тәуекелдерді басқару комитеті

Туралы

ЕРЕЖЕ



  1. Мәні

Осы Ереже «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының жанындағы Тәуекелдерді басқару комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мәртебесін, мақсаттарын, функциясын, құрамын, құқықтарын, жауапкершілігін және қызметінің регламентін айқындайды.




2. Әрекет ету саласы
Осы Ереже Комитеттің және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне таралады.

3.Жалпы ережелер


    1. Комитет Қоғам Басқармасының үнемі істеп тұратын алқалық, консультативтік органы болып табылады, ол Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің функциялау және даму процесін үйлестіреді.

    2. Өз қызметінде Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін, Қоғам органдарының шешімдерін, осы Ережені, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын және тәуекелдерді басқару жөніндегі халықаралық институттардың регламенттерін басшылыққа алады.

    3. Комитет Қоғам Басқармасының алдында есеп береді және Басқарма оған осы Ережеге сәйкес берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.

    4. Комитеттің қызметін Тәуекелдер менеджменті және бизнес-әкімшілік департаменті қамтамасыз етеді.

    5. Комитет шешімдерінің, тұжырымдамаларының Қоғам Басқармасы үшін ұсынымдық сипаты бар.


  1. Комитеттің мақсаты

Қоғам Басқармасына Қоғамның және Қоғамның еншілес және тәуекелді ұйымдарының тәуекелдерін корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге және нығайтуға қолдау көрсету Комитетті құру және оның қызметінің мақсаты болып табылады.





  1. Комитет функциялары




    1. Комитет белгіленген күн тәртібінде тұрақты (тоқсан сайынғы) отырыстарын жүргізіп тұрады, бұған жаңа және бар тәуекелдер, қаржылық шығындар, ішкі/сыртқы аудиторлық есеп берулер, тәуекелдерді реттеу мәселелері, сондай-ақ Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін ұзақмерзімдік дамыту стратегиясын дамыту жұмыстары көлеміндегі прогресс және/немесе елеулі өзгерістер де кіреді.

5.2. Комитет мына функцияларды жүзеге асырады:

1) Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі (соның ішінде Қағидаларды басқару жөніндегі Саясат пен Қағидаларының) және өзге құжаттарының жобаларын қарап, мақұлдау;

2) құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді анықтау, топтастыру және бағалау қорытындысы бойынша ұсынған тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттардағы тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы әдістемелер тізімінен ұсынылып отырған тәуекелдерді басқару әдістемелерін келісу;

3) тәуекел жағдайына, Қоғаммен тәуекел бойынша ең жоғары рұқсат етілген лимиттердің сақталуына және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен тәуекелдерді басқарудың ішкі құжаттарының орындалуына бақылау мен мониторингті жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды қарап, дайындау;

4) тәуекелдерді басқару жөніндегі автоматталған ақпараттық жүйеге қойылатын функционалдық талаптарды қарау;

5) қолайсыз жағдайлар туындаған кездегі іс-шаралар жоспарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау (соның ішінде, қоршаған ортаға, нарық шарттарының өзгеруіне, форс-мажор жағдайларының туындауына және т.б.);

6) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару процесіндегі өзара әрекеттерін үйлестіруді жүзеге асыру;

7) Басқармаға тәуекелдерді басқару жөнінде есепті ұсыну;

8) қабылдауға болатын тәуекел-аппетит деңгейінің, негізгі тәуекелдерге қатысты толерантность деңгейлерінің алдын ала есептеуін қарау және мақұлдау;

9) контрагенттер-банкілеріне арналған лимиттерді және депозиттеріне уақытша бос ақшаны жайғастыруға болатын екінші деңгейдегі банк тізімін қарау және мақұлдау;

10) тәуекелдер регистрін және соған арналған тәуекелдер картасын жылсайын қарау және мақұлдау;

11) негізгі тәуекелдік көрсеткіштерді қарау және мақұлдау;

12) тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын қарау және мақұлдау;

13) тәуекелдерді тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсыныстарды дайындау;

14) сыртқы аудиторлардың, кеңесшілердің және Қоғамның Сыртқы аудит қызметінің тәуекелдерді басқару туралы ұсынымдарын қарау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, сыртықы аудиторлар, кеңесшілер және Қоғамның Сыртқы аудит қызметі анықтаған мәселелерді шешу үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін қарау;

15) Қоғамның басқармасына Комитет қызметінің қорытындысы туралы есепті ұсыну;

16) Қоғамның тәуекелдерді басқару туралы бекітілген құжаттардың кезең-кезеңмен жаңартылып, жетілдірілуін, сондай-ақ Қоғамның басшылары мен қызмтекерлерін аталған құжаттардың талаптары мен аспекттеріне жүйелі түрде оқыту ұйымдастырылуын бақылау;

17) тәуекелдер регистрі шеңберіндегі тәуекелдер иелерін қарап, мақұлдау;

18) Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарының жоспарын жыл сайын қарау және мақұлдау.




  1. Комитет құрамы




    1. Комитет Басқарма шешімі негізінде құрылады. Комитеттің саны мен персонал құрамы Басқарма шешімімен айқындалып, бекітіледі.

    2. Комитет қызметіне басшылықты Комитет Төрағасы – Басқарма Төрағасы жүзеге асырады. Басқарма мүшесі Комитет Төрағасының орынбасары болып табылады, ол Комитет Төрағасы жұмыста болмаған жағдайда оның міндеттерін орындайды.

    3. Комитет құрамына Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің өкілі (байқаушы ретінде дауыс беру құқығынсыз) кіруге тиіс.

6.4. Комитет жұмысына Комитет мүшесі болып табылмайтын Комитет Хатшысы қатысады, ол Комитетті ұйымдастыру және ақпараттық қамту жұмыстары жөніндегі фукцияларды іске асырады. РМжБӘД қызметкері Комитет Хатшысы болып тағайындалады.


7.Комитеттің құқығы


    1. Комитет функционалдық міндеттер шеңберінде құқылы:

  1. Комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ бастамалы тәртіпте және/немесе Қоғам Басқармасының тапсырмасы бойынша осы Ережемен оның құзыретіне қосылған кез келген мәселелерді алдын ала зерттеуге және қарауға;

  2. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен және еншілес/тәуелді ұйымдарынан тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу үшін қажетті ақпаратты сұрауға;

3) басшылармен келісіп, Комитет отырыстарына қатысу үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен және еншілес/тәуелді ұйымдарынан қызметкерлерді, сондай-ақ сыртқы сарапшылар мен кеңесшілерді тартуға;

4)  оның алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін қажетті өзге де шараларды қабылдауға;

Қоғам басшыларымен келісіп, Қоғамның немесе Қоғам кәсіпорындарының тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесулеріне Комитет мүшелерін тартуға;


    1. Комитет Хатшысы өз міндеттерін орындау үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен Комитет отырыстарында қаралуға жоспарланған мәселелер жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың орындалу барысы туралы ақпаратты сұрауға.


8.Комитеттің жауапкершілігі


    1. Комитеттің Төрағасы, Төрағасының орынбасары мен мүшелері Комитет алдында қойылған мақсаттар мен функциялардың орындалуына, сондай-ақ, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес, Комитеттің жұмысы шеңберінде алынған ақпараттың құпиялығы жариялғаны үшін жауапты.

    2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комитетке расталмаған немесе дұрыс емес ақпаратты ұсынғандары үшін жауапты. ол Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген.

    3. Комитет мүшелеріне және Комитет құрамына кірмейтін тартылған қатысушыларға құжаттардың уақытылы ұсынылуына Комитет Хатшысы жауапты. Комитет Хатшысы сондай-ақ Комитет жұмысы шеңберінде алынған құпиялылы ақпаратты таралмауна жауапты.



9.Комитет қызметінің регламенті


    1. Комитеттің отырыстары көзбе-көз түрінде жүргізіледі (тоқсанда кем дегенде бір рет).

    2. Комитеттің отырыстары, Комитеттің Комитет Төрағасымен бекітілген Жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ:

1) Басқарма мүшелерінің және Комитет мүшелерінің;

2) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.



    1. Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді қарау мақсатында Комитет Төрағасының атына қызметтік жазбахат рәсемделеді, мына құжаттар қоса беріледі:

  • ұсынылатын мәселені Комитеттің талқылауына шығаруды негіздеп, түсініктеме жазба;

  • Комитеттің қарауына шығарылатын мәселе жөніндегі шешімнің жобасы;

  • Презентациялық материалдар, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің тұжырымдамалары (қажет болған жағдайда);

  • Күн тәртібінің аталған мәселесі бойынша Комитет отырысына шақырылған тұлғалар тізімі.

Комитет Төрағасының қарары бар жазбахат және оған қоса құжаттар пакеті Комитеттің Хатшысына Комитеттің отырысына материалдарды енгізу үшін жіберіледі.

    1. Комитет отырысының Күн тәртібі Комитет Хатшысымен, Комитеттің бекітілген Жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ осы Ереженің 9.3 тармағында көрсетілген ұсынылып отырған құжаттар негізінде ресімделіп, Комитеттің Жұмыс жоспарымен көзделген жоспарлы мерзімдерге сәйкес Комитет мүшелерінің қарауына шығарылады.

    2. Комитет Хатшысы Комитеттің күн тәртібі шақыру қағазын, қаралатын мәселелер бойынша материалдармен қоса, Комитеттің барлық мүшелеріне және Комитет отырысына шақырылған қатысушыларға Комитет отырысын өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Комитет мүшелері отырыстың күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін 1 (бір) күннен кешіктірмей Комитет Хатшысына жібереді.

    3. Ерекше жағдайларда, Комитеттің отырыстары Комитет Төрағасының (Төрағасы орынбасарының) тапсырмасы бойынша жедел түрде өткізілген кезде, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері Комитет отырысының күн тәртібіне сәйкес материалдарды Қомитеттің Хатшысына Комитеттің отырысын өткізу күнінен екі күн бұрын немесе өтетін күні енгізе алады. Бұл ретте, Отырыстың күн тәртібіне сәйкес материалды Комитет Хатшысы Комитет мүшелеріне тікелей Комитет отырысында жеткізеді.

    4. Комитет отырысы құқыққа сай деп табылады (кворумы бар), егер де оған Комитет мүшелерінің жартысынан көбі қатысса. Кворум жоқ кезде, Комитет төрағасы отырыстың мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Комитеттің әр мүшесінде бір дауыс бар. Дауыстар тепе-тең болған кезде, Комитет Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    5. Комитет мүшесімен дауыс құқығын Комитеттің басқа мүшесіне немесе Қоғам қызметкеріне тапсыруға тыйм салынады.

    6. Комитет мүшелері дәлелсіз себептермен үнемі келмей жүрген жағдайда, Комитет Төрағасы осындай мүшелерге белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені көтеруге құқылы.

    7. Комитеттің отырысын Комитет Төрағасы бекітілген күн тәртібіне сәйкес ашады.

    8. Комитет мүшелері Комитет отырысының күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін, дауыс берудің мына нұсқаларын «ия», «қарсы», «қалыс қалу» деп белгілеп, білдіреді. Комитет хатшысы отырыс өткеннен кейін өткізілген отырыстың хаттамасын 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей құрастырады. Комитет отырысының хаттамасына Комитет Төрағасы және комитеттің қатысқан мүшелері, Комитет Хатшысы қол қояды.

    9. Комитет Қоғам Басқармасына Комитетпен мақұлданған материалды Комитет отырысының хаттамасы негізіндегі отырыстың күн тәртібіне сәйкес қарауға, мақұлдауға немесе бекітуге ұсынады.

    10. Комитеттің қарауына шығарылған мәселелер бойынша Комитеттің шешімдері көзбе-көз дауыс беру арқылы қабылданып, хаттамалармен ресімделеді.

    11. Комитет мүшесінің Комитет отырысына шығарылатын мәселелер бойынша келіспеушіліктерімен байланысты ерекше пікірі болған жағдайда, мұндай пікір дәлелді болуға тиіс және Комитет отырысының хаттамасына тіркелуге тиіс.

    12. Комитет шешімдерінің (отырыстар хаттамаларының) түпнұсқалары, сондай-ақ Комитет отырысында қаралған мәселелер бойынша құжаттар пакеті Комитет хатшысында сақталады және Комитет шешімдері папкасына қыстырылады.

9.16. Комитет Хатшысы хаттама шешімдерін немесе оның үзінділерін Комитеттің барлық мүшелері хаттамаға қол қойған сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде Қоғам басшыларына, құрылымдық бөлімшелері басшыларына және Комитет шешімдерінің (тапсырмаларының) орындалуына жауапкершілік жүктелген Комитет мүшелеріне ұсынуға тиіс.

    1. Комитет Хатшысы, Комитет отырыстары Хаттамаларының үзінділерінде көрсетілген Комитет шешімдерінің (тапсырмаларының) орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

    2. Комитет Хатшысы болмаған кезде (демалыс, іссапар және т.б.) оны ТМжБӘД-ті қызметкерінің бірі уақытша ауыстыруына рұқсат етіледі.



10. Комитет қызметінің есептілігі мен бағалауы


    1. Комитет Қоғам Басқармасы алдында Комитет қызметі туралы жарты жылда 1 (бір) рет 15 шілдеге дейінгі мерзімде – бірініші жарты жылда және 15 қантарға дейін - екінші жарты жылға тиісінше есеп береді.

    2. Қоғам Басқармасы Комитет қызметіне бағалауды Комитет қызметі туралы есептілік негізінде жыл сайын жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет