АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр


Қозғалыс қарсаңындағы қиын күндер



бет3/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Қозғалыс қарсаңындағы қиын күндер

Менің ес біліп қоғамдық қызметтерге араласқан кезім бір түрлі күрделі заман болды. Адам айтқысыз, қым-қуыт қоғамдық түзімдер, Ресей жағынан көшіріліп әкелінген өте қорқынышты саяси тәсілдер Шынжаң халқын, оның ішінде Алтай халқын қауіпті жайдайға түсіріп қойды. Монғолия қазақтары мен Қазақстандағы қазақтарға жүргізіліп жатқан орыстардың диктатурасы есіткен елді түршіктірді. Қазақстандағы жаныштаудан қашып келген қазақ туыстардың бізге айтып келген үрейлі сөздері біздің елімізді, соның ішінде Алтай халқын бір түрлі тынышсыздыққа түсіріп қойды. Оның үстіне Шынжаңның өз ішінен Шың Сысай атты бір залым қытайдан шығып алты саясат6 жариялап, барлық жақта Ресейдің басшысының тәсілімен елді басқаруға ұмтылды. Сөйтіп орыс-монғол басшыларына сүйенген Шың Сысайдың бір апаннан бір күнде шыға келуі халықтың тыныш жатуына жол қоймады.

Шың Сысай ең алдымен оқ, дәрі, мылтық жинады. Көшпелі қазақтарда мылтық завотының жоқ екендігін түсіне тұрса да, оны өзіне қауіпті деген адамдарды қолға алудың бір түрлі саяси тәсілі етті. Ел бастықтарын ұстау, діни адамдарды ұстау, Құран кітаптарды өртеу мұсылман халықтарының қатты қарсылығына ұшырады. Ал орыс, монғол, қытай саяси алаяқтарының іздеп отырғаны болса, осы еді. Олар мұны, елді мекеннен, орманнан қуаң бір жазыққа түсіріп қазақтарды жоюдың бірден бір дұрыс жолы деп таңдап алды. (6)

Менің ержеткен кездерім міне осындай күрделі жағдайға ғана жасауыма жол қойды. Өзім үлкен білімнің иесі болмасам да, көшпелі ұлтымның келешегіне төніп жатқан саяси жағдайларды түсініп тұрдым. Ұлт басына төнген қауіптің барлығы бірдей орыстан болып жатқандығын парықтап тұрдық. Ресейден мұзды мұхиттан соғып жатқан дауылдар қазақтардың үрейін ұшырып тұрды. Жұт жеті ағайынды дегендейін қыстың қатты болуы, малдың жұтауы, жердің жиі жиі сілкініп тұруы, ақыр заман болғандай адамдардың да адам шошырлық кереметтер мен түстерді көруі, түнде аруақтардың шуылдары секілді жағдайлар да болып жатты. Халықтың барлығы жер жерде, ата бабасының басына апарып мал сойып, Құран хатым түсіріп, Алладан ізгіліктер тілеп жатты.



Алтайда бізге дейін болған қозғалыстар

Асса Шынжаң, қала берсе Алтайда болып жатқан жарты ғасырдағы қозғалыстар қазірге дейін аз сөйленіп келген жоқ. Олардың кінәsы мен қылмысы күні бүгінге дейін көшпелі тұрмыста жасап келе жатқан, әлі күнге орта ғасыр дәуірін басып өтпеген немесе орта ғасыр дәуіріне әлі күнге кірмеген натурал тұйыққа, төрт түлік малға сүйенген халықтардың мойнына жазып қойды да, орыс, қытай, монғол халықтарының ішінен шыққан тонаушы саяси алаяқтар өздерін ақтап келе жатыр. Жарты ғасырдан бері қазақтарға жасалып келген фашистік тәсілдер негізінен орыс, қытай, монғол халқының ісі емес, сол ұлттың ішінен шыққан қан құйлы, надан, саяси әккі алаяқтардың ісі болып отыр. Біздің көзіміз бұған бүгінгі күнде әбден жетті. (7) Мен ат жалын тартып мінген кезде, Алтайда болып жатқан уақиғалар мынау болды. Ресейден қашып өткен қазақтар жан түршігерлік хабарларды әкеліп жатты.7 Орыстар да жанталасып Шынжаңды қолына түсіріп қалуды ойлады. Америкаға сүйеніп, енді тіріліп келе жатқан Нанжиң үкіметі де Шынжаңнан айрылып қалмауға тырысып жатты.

Үрімжідегі орыс консулы Абласов ең алдымен Үрімжі уәлиі Пан Яунанды қолға түсіріп, Шынжаңды Яң Менжын үкіметін аударып тастауға ұрынып 1928 жылы 1 шілде күні зияпат үстінде Пан Яунан, Яң Зышынды атып өлтірді. Істің сәті болмады. Пан Яунанды атып тастап Ян Зынның орнына Жын Шурын отырды. Орыс сайқалдығының сәті болмай қалды. Жын Шурын Алтайды тыныштандыру және Монғолиямен де, Ресеймен де болған тығыз байланысты күшейту үшін Бурылтоғай ауданына Төре Шәріпханды шән етіп тағайындап, Зуқаның басын алдырды. Бұл бұйрықты ол кезде орындаған Алтай уәлиі Уый Жыңғо болатын.

Ал 1930 жылы Монғолияға жолаушылап барған Қабадан Жанат ішінде Тоқай елінен Ыбыке бастық бес семьяны (24 адам, ылғи қатын-бала) Монғолия әскерлері сотсыз, тергеусіз Қалқын көлі жағасында түгел атып тастады. 1931 жылы Буыршын ауданынан сырт Монғолияға жолаушылай барғандардан, ішінде Омар зәңгі, Айтбай бастық бар, тоғыз адамды ұстап алып Шеруші Дүлденбай аулына алып келіп кезеңді асырып Алтай жеріне әкеліп атып тастады. Оның ішінен Сапарғали дейтін адам қашып келді.

1932 жылы 5 көкекте ІІІ Коминтерн8 “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жарнама жариялағанда Монғолия арқылы 12 адам Қожаниязға 4.000 мылтық әкеліп таратып берді.9 Бұл екі арада Нанжиң үкіметінің 36 дивизиясының бастығы болған Ма Жұңюң Алтайға Қи Силиңді жіберді. Ма Фұңкөй Шынжаңды дүңген сұрайды деп еліріп Қи Силиңге (8) қашып келіп әскер бастап Алтайды алып Бұқат бейсіні шән етіп кетті. Қи Силиң армиясы Құмдағы Ақ Орыстар құрған орыс армиясына бармақ болған кезде, орыс армиясы Ресейден қашып өтіп Қом Қанасты мекендеген Қаратай елінен 152 адамды атып кетіп, жөней өткен партизан ретінде көрінген Капитан Қайдармен бірлесіп Қи Силиңге қарсы соғысып дүңген армиясын Шәуешекке аударып жіберді.

Зуқаның өлтірілуі, Қалқын уақиғасының тууы панасында орыстар 1930 жылы Шынжаңға дантай өткізіп, кең көлемде шпиондар әкеп, ел арасында тыңшылар басты орын иелене алды. Уақиғалар бірінің артынан бірі туылып отырды. Мұның үстіне Жантайлақтың өлтірілуі қосылып, Алтай қазағы арасындағы саяси өмір сөзсіз бұзылуға мәжбүр болды.

1931 жылғы дүрбелең кезінде Буыршын ауданында Қуанған қозғалысы пайда болды. Монғолиядан құн даулаған Қуанған сол елден 500 жылқы қуып келді. Шәріпхан Төре таққа шыққаннан кейін Қуанғанды қолға алып түрмеге салды. Сол кезде мен жаңа құрылған әскери бөлімнің бастығы едім. Жақып Амбының күштеуімен Қуанған тобы түрмеден босатылып кетті. 1933 жылы күзде Шіңгіл ауданы қуаңшылық болып қалғандықтан Шіңгіл елі Қобда аймағына барып қыстады.

1934 жылы монғолдар бұл елді қайта жеріне қайтармай, Кенжебек полковникті жіберіп Ұлынғұға жер аударды. Керей, Әкім батырға екі қос атбен Нұрқасымды жіберіп Монғолияға қарсы бұзылды. Олар Кенжебекті өлтіріп, Әкім батырдың бес жүз әскер күшінің көмегімен Шіңгілге қайтып келді. Бірақ, сол жерде 18 мың төл бірақ қалып қойды. Мал төлеуі үшін Керей Монғолиядан қайта мал қуды. Бір қанша ауылдарды Монғолия алып қалды. Бір қанша адамдар қырылды.

Енді сол жылдың күзінде Монғолияның Серин армиясы Шіңгіл ауданына (9) басып кіріп, Ханкелді Секелден 584 адамды қырып, Жылмасбай Үкірқайды кескілеп өлтірді. Осы кезде мен Баймоллаға еріп барып, осы уақиғаларды Қаратүңкеге қашып келген Байқадамның аузынан естідім. Сол жылы шабылған ел сол бойы Бәйтік тауына шығып кетті.

1936 жылы 5 желтоқсанда Бәйтік Ғұң Ан Жүйі қонаққа шақырып алдап Әкім батыр мен Жетібұт батырды қолға алып, Үрімжіге апарып атып тастады. Қыстаубай Қыраубай мергенді (23 жастағы бала еді) сырттан атқызып кетті. 1936 – 1937 жылдары Монғолиядан төрт мың үй Керей Құмыл аймағына қашып өтті. Генерал Серин армиясы Құмылға өткен Керейді әскери күшпен Қобда аймағына айдады. Ақтышқан тәйжі бастаған 84 адамды қолға алып Ұлұлан облысындағы Лауғай алаңында өлтірді. Сол себептен 1938 жылдың басында Монғолиядан Қу Ертіс басына Шегіртайдан Әбден батыр (Базаркұл), Қашкей (Шыбарайғыр Үмбет залыңның інісі) 500 семья қашып өтті. Бұл елді Қалел тәйжі тығып қойды.

Оның үстіне сол жылы Қалелдің ұлы Рахат Көксеркеде отырған Қожамберген аулына барып қалыңдығын алып келеді. Мәнкей, Қалел бастаған Өралтай10 керейлері Гансуға өтіп кеткен. Олар Адубайға Арғын Темірғалиді жіберіп қоныс дайындауды, жолдың суын көруді, сөйтіп елдің көшуіне көмектесуін сұрайды. Темірғали шолақтың Шың Сысай армиясының қолына түсіп, осы мәселе ашылып қалғандықтан 1938 жылы маусымда Мәнкей мен Қалел тәйжі ұсталды. Ал Қалелдің ұлы Рахатты Бәйтіктен келе жатқанда жолдан ұстап кетті. Шың Сысай үкіметі мен Алтай халқы арасында уақиға барған сайын шиеленісе түсті.

1938 жылы тамызда Нори ауданында, ішінде Сақаба үкірдай, Қожамберген, Қазы, Қақан, Әйкебай, Жеңісхан, Қайдар, Баймолда бар, 17 адамды ұстап кетіп, Үрімжіге апарып атып тастады. 1932 жылы Жемсарыда Ыбырай, Әлімхан, Қанымхан, Пазыл, Дүзелбай, Шәмси, Мамырбай, Ережеп, Байқабыл, Шақан (10) секілді 12 адамды атып кетті. Көбі Уақ азаматы еді. 1933 жылы тамызда Әліптің басы алынып, 10 адаммен қырып тастап Әліптің әйелі және бір жас баласын бандит Шың Сысай олжалап кетті. Бұл үшін Шың Сысай Баймолланы жіберген.

1938 жылы Буратайдың төрт баласының қолға алынуы, Сақаба үкірдай, Қожамберген қатарлы 21 адамның қолға алынып Үрімжіге апарып өлтірілуі - бүкіл Құмыл аймағындағы қазақтардың да тыныш ел болып жатып тұруына жол бермеді.

Сонымен Құмыл аймағынан бес мың үй Керей төртке бөлініп Гансу, Шынқай өлкелеріне кетуге мәжбүр болды. 13 айырпланның ұдайы көшкен елді 11 күн бомбылауы қазақ өмірінде тарихта болмаған қырғынға себеп болды.

Бір миллион қой, алты жүз мың жылқы, бес жүз мың сиыр бомбанын өртінде кетті. Бұл малдың бір бөлімі Монғолия жеріне, бір бөлімі қытай қолына, тіпті Баркөлге дейін қашып келіп Шың Сысай әскерінің азығына айналды. 1928 жылдағы Яң Зышынның өлтірілуінен тартып 1938 жылға дейінгі қу заманда Алтай, Құмыл арасында болып жатқан сұм сұрқия уақиғаларда айналып келгенде сойылдың екі басы бірдей қазаққа тиіп жатты.

Оның үстіне орыс бандиттері Ресейден қашып өткен қазақ азаматтарын сыр табақтай қағыстырып түк қоймай Ресейге алып кетіп жатты. 1935 жылы Қаратай Мұқтарханды ұстап Айдархан Манойлап деген қазіргі Сарсүмбе қаласынын дөң базарында жатқан орыс гарнизоны Саркобыға апарып, сыртынан атқызып тастады.

Орыстын бір батальон армиясы Алтай қаласына 1933 жылдан бастап келіп алды да, біреуді біреуге салып өлтіртіп жатты. Орыстың бір батальоны Бұлғынға түсіп, полковник Зубатов сонда жатып алды. (11) Орыстардың сегіз қызыл белгі генерал Корякский армиясы Құмылға түсіп алды. Орыстар 1937 жылы Мәскеуге апарып Коммунистік Партияға өткізіп алып, Шың Сысайды батыр деп құтыртып алтын орден қадады. Соңында Шың Сысай арқылы Шынжаңда қанды қырғын жүргізді. Орыстар Қожанияз күнше, Шың Сысай күнше, Ма Жұнйың күнше, Ресейден келген ұйымдастырушылар, Жұнго Күң Сандаңның Атқару Комитеті қатарлы бес күшті бірдей қолына ұстап бірін біріне салып “Қашқанда құдай депті, қуған да құдай депті” дегендей, қуып жүргендері де “орыс” деп айғай салыпты, қашып жүргендері де “орыс” деп айғай салыпты. (12)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет