Қазір бірқатар мекемелер көмір сутегілерінен азықтық белок алады. Алынған ашытқы құрама азықтарға қосылады



Дата02.01.2022
өлшемі15.6 Kb.
#452743
түріҚұрамы
сөж-4 бт негіздері Рыспағанбетова Алма БТ-202 (копия)


Құрамында протеині, түрлі амин қышқылдары мен витаминдері тапшы азықтардың құндылығы шамалы. Қажетті мал өнімін алу жолында мұндай азықтардың қазіргі кезде мол рационын құру үшін, оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері толық ескеріледі.

Күйіс қайыратын малдың асқазанында азықты түрлі өзгеріске түсіретін микроорганизмдердің алуан тобы тіршілік етеді. Солардың көмегімен мал организміне аса қажетті қоректік заттар синтезделеді. Сондықтан да күйіс малы жемшөптегі элементтердің жетіспеуінен көп зардап шекпейді.

Ал күйіс қайырмайтын мал бұл тапшылықты бірден сезеді. Өйткені оларда азықта жетіспейтін заттарды синтездейтін микробтар болмайды. Сондықтан жетіспейтін қоректік заттарды, оларға қолдан беру керек. Әсіресе азықта алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспейді. Оларға лизин, треонин, метионин жатады.

Әрине белокты мал азығын белогы мол дәнді дақылдарды селекция жолымен шығарып, бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көптеп өсіру арқылы молайтуға болады. Бірақ бұлардын, барлығы көп қаражат қажет етеді. Бұған қарағанда микробтардан алынатын белок өте арзанға түседі. Олар жоғары сатыдағы организмдерге қарағанда өте шапшаң өніп-еседі. Мәселен, келемі шағын ашытқы заводы тәулігіне құрамында 15 тоннадай белогы бар 30 тоннадай микроб массасын береді. Мұны малға беріп отырғанда қосымша 5,5 мың тонна өнім алынады.

Қазіргі кезде  мал азығындық ашытқы спирт, кант, целлюлоза өнеркәсібінің қалдықтарынан өндіру толық игерілді. Соңғы жылдары мал азығындық ашытқы үшін мұнайдан парафин айыру кезінде шығатын, құрамында көмір сутегі бар өнімді кеңінен пайдалану қолға алынды Осындай ортада Кандида туысына жататын ашытқы қолданылады. Мұнда азот кезі ретінде аммоний тұздары пайдаланылады.

Қазір бірқатар мекемелер көмір сутегілерінен азықтық белок алады. Алынған ашытқы құрама азықтарға қосылады.

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Микробиология және вирусология институтында Candida тобына жататын ашытқыны ұнда, жармаларда және басқа да қоректік заттарда өсірім, белокқа кедей азықтарға қосу ұсынылады. Мұндай азықты малға берер алдында жақсылап қыздырады, сонда ашытқы клеткалары бөлінеді де, азықтың сіңімділігі артады. Мал азығын ашытқылауды ашытқы емес, шаруашылықта жүргізеді. Бізде және шет елдерде микробалдырларды да азық ретінде қолдану зерттелуде. Бірақ балдырлар құрамындағы бағалы заттар мал организмінде дұрыс қорытылмауы бұл әдістің одан әрі етек алуына кедергі келтіріп отыр. Осыған қарамастан Chlorella деп аталатын балдырлардан жасалған сұйық препараттардың тиімділігі мол екенін зерттеулер дәлелдеп берді. Бұл препаратта белок аз болса да, басқа азықтық бағалылығы жоғары, биологиялық активтігі зор қосылыстар бар екені анықталды.

Ал Швецияда крисосиорум лигнорум саңырауқұлағын ағаш өнеркәсібінің қалдықтарында өсіру мәселесі толық игерілді. Бар-жоғы 4–5 сағатта бұл саңыраукұлақ клетчатканың 65 проценттейін ыдыратып, ортаны белокқа байытады. Финляндияда Пессилломицес саңырауқұлағын сульфит сақарында өсіру нәтижесінде, белокқа бай «Пекило» деп аталатын препарат алынды. Әрине бірқатар микроорганизмдерден белокты, жасанды химиялық элементтерден қоректік орта дайындап, сонда өсіру арқылы алуға болады.

Азықты байытқан кезде қымбат тұратын мал белогының орнына арзан өсімдік белогын қосуға болады. Мұнда мал өнімділігі төмендемейді. Әрине медицинадағы сияқты мал азығына арнап өндірілген микробтық препараттардың аса таза болуының қажеті жоқ. Сондықтан да мұндай азықтар арзанға түседі.

Микроорганизмдер көмегімен аса бағалы амин қышқылдарын алуға болады. Мәселен, кейбір микроорганизмдер бір литр қоректік ортада 200 грамға дейін аспарагин қышқылын, 100 грамдай глютамин қышқылын, 16 грамдай валинамин қышқылын түзе алады. Бұл микроорганизмдерден бағалы азықтық заттарды алуды өнеркәсіптік жолға қоюды талап етеді. Әрине кейбір заттарды химиялық синтез жолымен де өндіруге болады. Бірақ микробиологиялық тәсіл анағұрлым арзанВалин, лизин, амин қышқылдарын қазір микробиологиялық жолмен алу өндірістік жолға қойылды.

Мал өз организміне қажетті витаминдерді азықтан қамтиды. Кейбір витаминдерді олар өздері синтездей алады. Күйіс малы витаминдерді қарындағы микробтар көмегімен синтездейді. Әрине басқа малға витаминдер рационмен бірге берілуі тиіс. Витаминдер жетіспегенде олар түрлі ауруларға шалдығады. Барлық малға ең алдымен А, Е және Д тобындағы витаминдер керек. Ал В тобындағы витаминдер тек шошқа мен құсқа ғана қажет. Өйткені ол витамин азықта болмайды.

В тобындағы витаминдерді ашытқылар көптеп түзеді. Ал В витаминін метан, пропион қышқылы бактериялары және кейбір актиномицеттер түзеді. Бұл витаминді микробиологиялық жолмен өнеркәсіпте алу жолға қойылды. Ал Блоксела деп аталатын саңырауқұлақтардан провитамин А, яғни каротиннің құрамдас бөлігін алуға болатыны анықталып отыр. Д тобындағы витаминдерді ашытқыларға ультракүлгін сәулемен әсер ету арқылы алуға болатыны анықталды.



Көрсетілген витаминдерді микробиологиялық жолмен алу, біздің елімізде толық игерілді. Соңғы жылдары мал азығына түрлі ферменттер–амилиза, глюкоамилаза, липаза, пектиназа, целлюлоза қосудың пайдалы екені дәлелденді. Әсіресе бұл тәсіл құс шаруашылығында қолданылғанда айта қаларлықтай нәтиже берді. Олар, әсіресе Америка Құрама Штаттары мен Жапонияда кеңінен қолданылады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет