Негізгі мəселелер.
Жастардың ата-анасының ұлтына байланысты этникалық ұқсастығы.
Негізгі мəселелер
Қазақстандағы ұлтаралас отбасыларынан шыққан жастар- дың этникалық идентификациясы мəселесінің қоғамда алатын орны өзекті жəне маңызды. Кеңес дəуірі кезіндегі бір жəне көп этникалық ортада ұлтаралас отбасылардан шыққан жасөспірім- дердің тиістілігін жəне ерекшеліктерін анықтау қажет.
Біздің жинаған материалдар бойынша Қазақстан аймағында- ғы ұлтаралас некелердің жекешеленуі бойынша төрт топты қам- тиды: орыстар мен украиндар, орыстар мен басқа этнос өкілдері, қазақтар мен орыстар, қазақтар мен украиндардың басқа этнос- тық өкілдерінен құралады. Олар аталмыш некелердің 91,8%-ын құрайды.
Алғашқы екі топтың өкілдері жалпы алғанда барлық ұлтара- лық некелердің ішінде 55,7%-дан 65,8%-ға дейінгі аралықты қам- тиды. Өздерінің этникалық идентификациясын анықтаған кезде осы топтардағы жастардың көпшілігінің орыс ұлтын қалайтын- дығында. Осындай орыс-украин некелерінде жастардың 70,7%-ы өздерін орыс деп есептейді. Бұл көрсеткіш орыс-белорус, орыс- неміс жəне т.б. отбасыларында үлкен дəрежеде болады.
Ал ерлі-зайыптылардың бірі қазақ болған некелерде жастар- дың айрықша қазақ ұлтын қалайды. Мысалы, қазақ-орыс отба- сыларында 87,3-тен 95,8%-ға дейінгі жасөспірімдердің өздерін қазақ ұлтымыз деп есептейді. Ал қазақ-татар отбасыларында қа- зақ ұлтын алатындардың көрсеткіштері одан да жоғары болды (97,9%-дан 100%-ға дейін).
Украиндықтардың басқа этностармен құралған отбасыла- рында жасөспірімдердің, шамамен, сол немесе басқа ұлттың адамдарымыз деп есептеген. Осыған орай, жасөспірімдердің өз- дерінің этникалық тиістілігін таңдауда арнайы заңдылықтар бай-
қалады. Республикадағы этносаралық процестер үш бағытта жү- зеге асады жəне оларға орыстар мен қазақтар белсенді қатысуда. Бірінші бағытқа орыстармен украиндықтар, белорустар, сонымен қатар поляктардың ең көп қосылатын этностар тобына жатады. Тіпті бір ұлтты украиндық отбасыларда жасөспірімдердің көпші- лігі өздерін орыстармыз деп армандайды. Жұбайлардың бірі ук- раин болып келетін аралас некелердегі жасөспірімдердің өздері жиі орыстармыз деп жазылады. Мұндай жағдайдың неміс ұлты- ның жастары арасында да байқалады.
Екінші жəне үшінші бағыттардағы татар, орыс, украин, не- міс, тағы басқа ұлттардың өкілдерінің қазақтармен жақындасу- ындағы байланыстылық көрініп тұр. Бұл этносаралық процестер қазақ ұлтының басым орналасқан аудандарында айқын байқала- ды. Сонымен қатар өз қазақ əкесінің ұлтын қабылдаған жастар отбасы құрған жағдайда орыс немесе басқа ұлт өкілдерін таңдау жағдайының да кездесетінін айтып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |