ƏЛ-ФАРАБИ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Аманжол Қалыш
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ЭТНОМƏДЕНИ ПРОЦЕСТЕР
Оқу құралы
Алматы
«Қазақ университеті» 2015
Оқу құралы полиэтникалық Қазақстан жағдайында этномəдени үрдіс- тердің этнология саласындағы рөлін айқындайды. Жүзден астам этностар мекендеген Қазақстандағы этникалық процестерді, этносаралық қатынас- тарды, этностың əлеуметтік-мəдени қалпының жалпы жəне ерекше түр-си- паты беріледі. Онда республика халықтарының этникалық жəне этномə- дени процестерінің өрбу, даму, қалыптасу мəселелері теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар аталмыш көп ауқымды мəселеге қатысты ғылыми еңбектермен жан-жақты таныстырады. Оқу құралы «Археология жəне этнология» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, магис- транттарға, PhD докторанттарға, оқытушыларға, зерттеушілерге арналған.