Қазіргі Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, ерекшеліктері мен даму сатылары, мәселелері



Дата20.02.2024
өлшемі7.99 Mb.
#492484
Педагогика 2-семинар (копия)


Қазіргі Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, ерекшеліктері 
мен даму сатылары, мәселелері
Қолданбалы қазақ тіл білімі мамандығының 1-курс магистранты
Асанова Сымбат
Қазақстанның жоғары оқу жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары бар. Біз осы талдауда жоғары оқудың барлық деңгейлерін талдамақшы болғанымызбен бірінші деңгейге ерекше назар аударамыз. Айырмашылықтарды былай мазмұндауға болады:
  • Біріншіден, мамандық (специалист) деген дәреже батыс елдерінде жоқ. Оларда бакалавр ғана бар және Қазақстанның мамандық дәрежесі оларда бакалаврға тең деп есептеледі. Экономика және менеджменттегі мамандықтар әрі бакалаврдың бағдарламалары 4 жыл тұрады, ал басқа салалардағы мамандықтар 5 жыл.
  • Екіншіден, Қазақстанның оқу бағдарламаларында пәндердің саны және сағаты батыс елдерімен салыстырғанда 2 есе көп бірақ әр пәнде үйретілген тақырыптар жеткіліксіз.
  • Үшіншіден, әсіресе экономика мамандықтарында оқытылған мамандық пәндерінің саны жеткіліксіз, өзекті пәндер жеткілікті оқытылмай менеджмент пәндерімен толықтырылыпты, пәндердің мазмұндары өте ұқсас және қайталанып отыр.
  • Төртіншіден, экономика және менеджментте онға жуық, бір-біріне ұқсайтын мамандықтар бар.»

Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі Болон процесінің параметрлері тұрғысынан келесі құрылымдарды атай аламыз:
Бакалавриат тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауғабағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары.
Магистратура білім беру бағдарламалары тиісті мамандықбойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауғабағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары оқу орындарыныңбілім беру бағдарламалары негізінде екі бағыт бойынша жүзегеасырылады:
1) кемінде екі жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық;
2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен мамандандырылған.
Докторантура білім беру бағдарламалары философия докторы(PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауғабағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білімберу. Докторантурада кадрлар даярлау магистратура білім беру бағдарламалары негізінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) кемінде үш жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық;
2) кемінде үш жыл оқу мерзімімен мамандандырылған.
Күшті тұстары
Дарынды жастардың "Болашақ" халықаралықстипендиясы бойынша әлемнің үздік жоғары оқуорындарында білім алуға қол жеткізуі;
• Еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау жәнемамандарды даярлау бағыттарын айқындау үшін жаңакәсіптер атласы құрылды; 
•Болон процесінің қағидаттарына сәйкес академиялықжәне басқарушылық дербестікті, интернацияландыруды, академиялық адалдықты кеңейту; 
•Қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның әлемдік университеттеррейтингтерінде ұсынылуы.
Гранттар санын көбейту арқылы жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту;
•Білімге қолжетімділікті кеңейту үшін МБЖЖ тетігін заңнамалық реттеу;
•Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарға арналған гранттарды квовталау (гранттардың жалпы санының 53,3%-ы);
•ҰБТ-ны бірнеше рет өткізу тетігі
Әлсіз тұстары
•ҰБТ тапсырмаларының нақты болмауы;
•Грант мөлшерін саралау жүйесінің болмауы; 
• Инклюзивті біліммен толық қамтылмауы; 
•Жоғары білім беру жүйесінің өңірлік және салалықбөлінісіндегі еңбек нарығының ағымдағы қажеттіліктеріменәлсіз үндестірілуі; 
•ЖЖОКБҰ жатақханаларында орын тапшылығы; 
•Жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы мен зертханалықбазасының жеткіліксіз дамуы;
•Импакт-факторы жоғары халықаралық басылымдардаЖЖОКБҰ-ның ПОҚ жарияланымдарының жеткіліксіздігі; 
•Жаңа сын-қатерлермен жұмыс істеуге бейімделген ЖЖОКБҰ-лардың топ-менеджментін даярлау жүйесінің кадрлық резервіжасалмаған; 
•Әлеуетті шетелдік студенттер үшін Қазақстанның жоғары білімберу жүйесі 
Туралы онлайн қолжетімділікте жүйеленгенақпарат жоқ.
Қауіп- қатер негізі
1.Жоғары білім беру жүйесіне өсіп келе жатқандемографиялық жүктеме;
2. Қазақстандық ғылымның әлемдік рейтингтердегіпозицияларының құлдырауы; 
3."Ақыл ойдың жылыстауының" арта түсуі және жасоқытушылар мен өзге де салалардағы ғылымикадрлардың кетуі
Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.
Жоғары кәсіби білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және оны интернационализациялауды арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше білім беруге кредит беру жүйесін одан әрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен әріптестікті дамыту; техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізуге тиіс. Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек.
Назарыңызға рақымет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет