Билет билет билет



бет1/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Билеты МОӘТ-2


1 билет
2 билет
3 билет
4 билет


5 билет

  1. Қазақтың халық санамақтарындағы әдістемелік-математикалық идеялар

Қазақ отбасында жас балалардың қарапайым математикалық бiлiм-түсініктерін қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарған. Қазақтың халық санамактары ең алдымен, жас балага сан үйретудің әдістемелік құралы, әсіресе он колеміндегі сандардын нумерациясын игертудің өзіндік әдіс-тәсілдерi ретiнде колданылған. Казак арасында елен турiнде айтылатын санамақтардың сан алуан түрлері бар. Олардың көпшілігі онға немесе беске дейiн санаумен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, алтыга, жетіге дейінгі сандарды камтитын санамақтар да бар. Бiздiн ойымызша, қазақтың халық санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне қарай колданылуына байланысты екi топка болуге болады:
1) жас балаларды санай білуге, сан және санау ұғымдарын игеруге дайындау мақсатында колданылатын санамақтар (буларды саусақ ойындары деп те атайды);
2) он келемiндегi сандардын ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім-түсініктерді қалыптастыру максатында пайдаланылатын санамактар тобы.
Казак отбасында жас баланың тілі алғаш шығып, былдырлап сөйлей бастасымен, ата-ана онын алаканын қытыктап немесе саусақтарын бүгіп-жазып, саусақ ойындарын ойнатады және осы арқылы оны сан ұғымын игеруге дайындай бастайды. Мұндай саусақ ойындарының көптеген түрлері бар. Мәселен, қазақ арасында "Қуыр-қуыр, куырмаш" деген атпен белгілі саусақ ойыны кең таралған. Мунда балалардың саусақтарын бүгіп, "Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек!" деп саусақтарға ат қояды да оларды ретімен жұмып шығады. Әрі қарай баланы бір сарынды әуенмен жалықтырмау үшін дауысты да, қимылды да өзгерте отырып: тұр, койына бар! Сен тұр, жылына бар! Сен тұр, түйеңе бар! Сен тұр, сиырына бар!" деп төрт саусағын біртіндеп ретімен жазып шығады және олардың әрқайсысын төрт түлік мал аттарымен сәйкестендіреді де: "Сен қария, үйде жат! Қуыр-қуыр,қуырмаш...", - деп баланың көңілін көтере отырып: "Мына жерде май бар, мына жерде құрт бар,..., мына жерде түлкі бар, мына жерде күлкі бар, қытық, қытық..." деп, аяғын ойынға айналдырып әкетеді. Осы тұста ерекше тоқталып, қадап айтар бір жайт бар. Мұнда саусақтарды біртіндеп ретімен жаза отырып, баланын алғашқы төрт натурал санды төрт түлік мал аттарымен байланыста түсінуіне жағдай жасалады. Қазіргі әдістемелік-математикалық тілмен айтсақ, бұл жерде айқын емес түрде шектеулі тең қуатты жиындар арасында өзара бірмәнді сәйкестік тағайындау тәсілі тиімді қолданылады. Саусақ ойындарының осы сиякты сипаттары олардың тәрбие құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар, жас балаларды санау өнеріне және сан ұғымын игеруге дайындаудың тамаша әдіс-тәсілі ретінде де колданылғанын аңғартады. Мұнда баланың жас және соған сәйкес психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның ынта-ықыласын тез баурап алуға болатын ойын әдiсi тиiмді пайдаланылады . Балалар есейген сайын, олардын жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай, тәжiрибелік және тұрмыстык муктаждыктарынын ұлғаюына байланысты, казак отбасында сан ұғымымен таныстыру жұмыстары да бірте-бірте күрделене береді. Енді алғашкы алты санды енгізу келесі санамак негізiнде жузеге асырылады:
Бір дегенің – білеу
Екі дегенің - егеу
Үш дегенің – үскі
Төрт дегенің – төсек
Бес дегенің - бесік
Алты дегенің - асық
Жеті дегенің - желке
Сегіз дегенін - серке
Тоғыз дегенің - торқа
Он дегенің - оймақ
Он бір – қара жұмбақ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет