Қазіргі әлемде қауіпті тудырушы факторлардың бірі өрт болып табылады



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі387 Kb.
#142575
  1   2   3   4   5
Кіріспе

Аз ғана уақыттан соң адамзат өркениеті өзінің тарихи межесіне жақындайды. Екінші мың жылдық аяқталып, адамзат тарихының жаңа үшінші мың жылдығы басталды.

Адамзаттың жедел және көбінесе қарама- қайшы жағдайлар туғызып дамуы жалпы адамзатқа өркениетті планетамыздың болашағына тауелді мәселелерді туындатты. Осы мәселелерге: қоршаған ортаны сақтау, жаңа энергия көздерін пайдалану, космос, әлемдік мұхит тағы басқалар жатады.

Осылайша үшінші мыңжылдықта адамзат сипаттамасы жағынан қоршаған ортаға планетамыздың табиғи күштеріне өлшемдес құралдар ойлап тапқан ең жаңа заманға қадам басты. Бұл бізге мақтаныш пен қатар өркениетті, тіпті жердегі бүкіл тіршілікті жоюға апаратын, бізді кезінде ойландырмаған қауіп тудырады.

Бұл дегеніміз ғылыми- техникалық даму, одан әрі оның жетістіктерін практикалық мақсатта пайдалану үшін нақты шарттар қоюды талап етеді: табиғи ортаның шыдамдылығын ескеру, оның беріктігінің шегінен асырмау, оған тән қиын және өзара байланысқан көріністердің мән- жайына тереңірек үңілу, қайтымсыз процестерді болдырмау үшін табиғи заңдылықтарға қарсы шықпау.

ғылыми- техникалық процес әлеуметтік процестен және адамзат дамуының биологиялық процесінен әлде қайда жылдам дамып жатқанын сезінуіміз қажет.Бұл ретте техникалық процес өз кезегінде ғылыми жетістіктер толық және жан жақты зерттелмесе де оның жетістіктерін пайдаланып, кей кезде ғылыми дамудан алда жүреді.

Осы үшін адамзат табиатқа әзірге ауыр әлеуметтік- экономикалық шығындарға апаратын жарақат алу, апаттар санының артуы, жарылыс, өрттің толассыз осуі сияқты жалпы адамзаттың, әлемнің жахандық мәселелер тудыруымен үлкен шығындарға түсіруде.

Қазіргі әлемде қауіпті тудырушы факторлардың бірі өрт болып табылады.

Өрттің адамзат тарихындағы рөлін бағалау мүкін емес. Өрттің жану процесін басқару, табиғатта кеңінен таралуы адамзат өркениетін құрды. Бұл сөздерді асыра үлкейтіп айтып жатқан жоқпыз, бұл қосымша растауларды қажет етпейді, бұл анық. Бірақ адамзат дамуының тарихының диалектикасына қарасақ өрттің әр түрлі себептермен бақылаудан шығып, басқара алмайтындай болып , алдын алуды қажет ететін, күресуге тұратындай, оны болдырмайтын, адамдарға үлкен шығындар мен бақытсыздық алып келетін алып тілсіз жауға айналғанын көреміз.

Бірақ әзірге өрт тактикасы мен техникасының, өртке қарсы қызметті ұйымдастыруды, қазіргі таңдағы оларға қойылатын талаптардан артта қалдырмауға болады. Бұны ғылыми- техникалық революцияда технологиялық процестерді, материалдарды, конструкцияларды, құрылғыларды практикаға енгізумен түсіндіріледі. Жоғарыда айтылғандардың толықтай газ өндірістеріне қатысы бар.

Сұйытылған көмірсутекті газдарды өндірудің өсуі оларды халықтық шаруашылық жұмыстарға кеңінен қолдануға мүмкіндік берумен қатар елді- мекендердің, ауылдардың қалалардың газификациясының қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Сұйытылған газды коммуналды- тұрмысты өндірістерде, ауыл- шаруашылық обьектілерінде, автотранспорт сияқты нысандарда пайдалану тиімді болып табылады. Және де сұйытылған газды өндіру әрдәйім өсуде. Газ өңдейтін заводтардағы газдың ауқымды бөлігі газ толтыру станцияларға, газ толтыру пунктерге, баллонды қоймаларға жеткізіліп, жанар- жағармайдың бұл түрімен тұтынушыларды қамтамасыз етеді. Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету газ өндіру буындарының жұмысшыларының қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асырылады.

Негізгі жауынгерлік тапсырманың орындалуы өртке қарсы қызметінің басқ ару органдарының жеке құрамымен және бөлімшелерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларымен, ал өртке қарсы режим жағдайларында сол сияқты өрт-техникалық оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамымен және ғылыми –зерттеу мекемелерінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.

Жауынгерлік тапсырманы үздік орындау үшін қажет:



  • өртте уақытында күштер мен құралдарды жұмылдыру;

  • шешуші бағытты ескере отырып, белсенді іс-қимылдар.

Осының барлығы жоғары әмбебап деңгеймен, физикалық және психологиялық дайындықпен жүзеге асады.

Өртті сөндіру бұл заттарды, адамдарды құтқаруға және өртті тоқтатуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі функциясы болып табылады. Өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдар тізімі келтірілген.

Өрттердi сөндiрудегi жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:


  • шақыруларды өңдеу;

  • шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;

  • өрттi барлау;

  • адамдарды және мүлiктердi құтқару;

  • жауынгерлiк қанат жаю;

  • жануды жою;

  • арнаулы, апаттық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;

  • жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.

Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.

Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.

Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар өрттi сөндiруге қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы ерекше жағдайда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру басшысының шешімі бойынша ғана немесе АҚЖ) орындалады.Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады. Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.Қажеттiлiгiне қарай және техникалық мүмкiндiкке байланысты өрт туралы қосымша (анықталған) ақпарат кезекшi диспетчерімен өрт орнына бағыт алған күзет бастығына дереу радио байланысы арқылы беріледі.

Негізгі жауынгерлік тапсырма жауынгерлік іс-қимылдар деп аталатын бөлімшелердің түрлі қимылдарды орындау жолымен жүзеге асырылады, өйткені олар күні-түні жауынгерлік жағдайында, жоғары және төмен температураларда, түтінденген және улы ортада, биіктерде және жер төрелерде, жарылыс, бұзылу, жер сілкінісі және т.б. табиғат апаттарында өткізіледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының сапалығы мен тиімділігі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде ең бастылары болып табылатыны: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы және қабілеттілігі.

Жауынгерлік дайындық – Жарғымен талап етілген, тапсырмалардың табысты орындалуын қамтамасыз ететін гарнизондардың, бөлімше, қарауыл, өртке қарсы қызметінің кезекші смендерінің, өртке қарсы құрулардың күштері мен құралдарының күйі.

Жауынгерлік қабілеттілік бөлімшелердің өздерінің негізгі жауынгерлік тапсырмаларын өз тактикалық мүмкіндіктер шегінде орындау қабілеттілігімен түсіндіріледі.

Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігі – бұл әрбір қарауыл және бөлімшенің кезекшілік күйден жауынгерлік күйге тез арада ауысуын қамтамасыз ететін қабілеттілік күйі, өртте минималды уақыт аралығында шешуші және тиімді қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізінде объективті сипатқа ие анықталған заңдылықтар жатыр. Осылайша, өртте бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ең басты заңдылықтармен байланыстырылады.

Бөлімшелерде заманға сай құралдардың саны мен түрі ұлғаюынан жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекет ету ролі біршама өсті. Сондықтан да, әрбір өрт жауынгерінің білім деңгейі, шыдамдылығы жоғарылады, сол сияқты бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі қателіктері де өсті.

Әрекеттестіктен басқа, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарында нақты жағдайлармен анықталатын басқа да заңдылықтар орны бар. Бұл жағдайлар былайша түсіндіріледі: жауынгерлік тапсырманы орындайтын бөлімшелер күйінің саны мен сапалығы, олардың техникалық жабдықталғандығы, өрттің таралу параметрлері, өртті сөндіру және адамдарды құтқарудың әдістері. Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының заңдылықтары басқа да практикалық аумақтардағы заңдылықтары сияқты объективті сипатқа ие.

Бірақ, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының объективті сипат бар болуының заңдылықтары бұл қимылдарға субъективті факторлар әсерін керек етпейді. Керісінше, айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлау кезінде олармен басқару оңай емес.

Объективті жағдайларда бөлімшелердің табысты жауынгерлік іс-қимылдары мүмкін табысқа тәуелді, олар өз беттерімен оң нәтижеге әкеледі. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының табыстылығы, өртте негізгі тапсырмаларды щбъективті және субъективті орындау болып табылады. Сондықтан өртте жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуына өртке қарсы қызметінің басқарушы құрамының ұйымдастырушылық қабілеттілігі, бөлімшелермен басқара білуі әсер етеді.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына тек заңдылықтар ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлар да әсер етеді. Кездейсоқтылық себебі ең алдымен біздің қызметтік жетіспеушіліктеріміз болуы мүмкін - бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының нашар ұйымдастырылуы, олармен басқару жетіспеушілігі, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшелердің жеке құрамының жетіспеушілігі және т.с.с.

Айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына кері әсер ететін кездейсоқтылықтан басқа, тапсырманы шешуге әсер ететін қосымша жағдайлар болуы мүмкін: табиғи жауынның түсуі, жел бағытының өзгеруі және т.с.с. Сондықтан да жауынгерлік іс-қимылдар барысында тек қолайсыз жағдайларға қарсы тұру ғана емес, сонымен бірге өртті сөндірге пайдалы қимылдарды қолдану қажет. Бұл іске басқарушы құрамның ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы тактикалық және бөлімшелер жеке құрамының психологиялық дайындылығы тікелей байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары әрдайым кеңістік және уақытпен шектелген. Олар салыстырмалы түрде кіші аумақтарда және қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының ұзақтылығы өртте жауынгерлік тапсырманы орындауға қажетті уақытпен анықталады, және жауынгерлік жағдайға, санына, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігне байланысты. Олар бөлімшенің өрт орнына шығу сәтінен басталып, өртте жауынгерлік тапсырманы орындап болғаннан кейін аяқталады. Бұл уақыт аралығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейбір кезде тәулікке дейін жиілейді, бұл бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар негізіне байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізі жауынгерлік жағдаймен анықталады. Өрттегі бөлімшелердің санына байланысты олардың жауынгерлік іс-қимылдары бірнеше сандық көрсеткіштермен сипатталады.

Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін өртте жауынгерлік тапсырманы негізіне сүйене отырып, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуын қарастырамыз.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары екі негізгі белгімен топтастырылады: сипаты және тағайындалуы бойынша.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары сипаты бойынша жалпы және жеке болып топтастырылады.

Жауынгелік іс-қимылдардың тағайындалуы өртті сөндіру кезінде жүзеге асады.

Жауынгерлік іс-қимылдардың жеке түрі нақты өрттерді сөндіру кезінде жүзеге асырылады. Олар өрттегі жеке, ерекшеленген жағдайлармен анықталады. Мысалы, өртте адамдардың өміріне қауіп төнуі, конструкцияларды ашу және бұзу қажеттілігі және т.с.с.

Тағайындалуы бойынша жауынгерлік іс-қимылдар даярланатын, негізгі және қамтамасыз етуші болып бөлінеді.

Даярлаушы жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Негізгі жауынгерлік іс-қимылдар өртте өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі жауынгерлік тапсырмаларды орындау жетістігімен түсіндіріледі.

Қамтамасыз етуші жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдарды жеткілікті орындау нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары топтастырылуының принципиалды сызбасы бір бөлімшенің мысалында көрсетілген. Көрініп тұрғандай, жану тек негізгі түрмен ғана емес, сонымен бірге бөлімшелердің жауынгерлік іс—қимылдарының жалпы түрімен де жойылады. Бұл уақытта адамдар мен жануарлардың (құтқару, көшіру және оларды түрлі құралдармен қорғау) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түріне жатса да, ол жеке болып табылады, өйткені ол барлық өрттерде орындалмайды. Жоспарлануы, өрт ауыртпалығы, сол сияқты өрт кезіндегі болатын жағдай әр түрлілігі бойынша ерекшеленетін объектілер саны көп болатындықтан (жыл, уақыт мезгілі, ауа райы мен газалмасу жағдайлары және т.б.), өрттегі жағдай әрдайым түрліше болып келеді. Сондықтан да өмірге қолайлы жағдайлар берілгендерін анықтау мүмкін емес. Бұнымен қоса өрт сөндіру практикасында әр түрлі жағдайлар үшін, берілгендерді анықтаудың анықталған тәртібі өңделген.

Кез-келген объектіде барлау жүргізу кезінде, әсіресе адамдар көп келетін объектілерде (театрлар, кинотеатрлар, емхана, мектеп, балабақшалар), ең алдымен адамдарға от пен түтін қауіптілігін анықтау керек. Сондықтан ӨСБ шақыру орнына келісімен, объекті жұмысшыларымен байланыс орнатуы, жанып жатқан бөлмелерде адамдардың барын және бөлмелер тексерісін өткізуі тиіс. Бөлмелерде адамдарды айқай көмегімен іздеу тиіс. Есейгендерді терезелер, есік, корридорларда іздеу қажет, яғни бөлмелерден шығу жолдарында. Балаларды төсектер астынан, шкафтарда, пеш артында, санитарлы түйіндерде, столдар астынан іздеу қажет. Түтінденген бөлмелерде зардап шеккендерге бағыттайтын айқайға құлақ салу қажет. Егер адамдардың орналасу орны туралы мәліметтер бар болса және өрт сөндірушілер оларды таппаса, онда барлық бөлмелерді тексеру керек. Бұл кезде барлаушыларға адамдардың жоқтығы туралы арыздарымен шектелуге тиым салынады. Тексерісті барлық жағдайларда өткізеді, және тек адамдардың жоқтығы анықталғаннан кейін ғана бұл жұмысты тоқтатады.

Егер өртте адамдарға қауіп жоқ болса, онда назардың барлығы жану ошақтарына аударылдады.

Әдетте, жанудың ашық ошақтары оңай анықталады. Ашық жанудың шектерін анықтау үшін өрт орнын барлық жақтан тексеру қажет. Өрт қабырға, арақабырға, жылытылған беттік, желдету қораптарының бос кеңістіктері бойымен таралған кезде жанудың жабық ошақтарын анықтау қиындық тудырады. Бұл жағдайларда өрт шектерін анықтау өте қиын.

Бос кеңістікті конструкциялардағы жабық жану ошақтары олардың беттік температурасы, бояу немесе қаптаудың өзгеруімен анықталады.

Мынаны ескеру қажет, тесіктерден түтіннің шығу орнынан жану ошағын дұрыс анықтау мүмкін емес. Жеке жағдайларда, түтін бос кеңістікпен тарала отырып жану орнынан біршама қашықтыққа шығады. Жану орнын анықтау үшін конструкцияларды бақылап бұзады. Конструкциялар ішіндегі жану шектерін және оның таралуын бақылаулы бұзулармен анықтайды. Айта кету керек, өрт ошағын табу мақсатындағы жүргізілетін конструкцияларды бұзу тек сөндіру құралдарының бар болуы кезінде өткізіледі.

Кейбір жағдайларда, өрт орны түтін иісімен анықталады. Осылайша, электр сымдарының жануы кезінде резинаның жағымсыз иісі пайда болады. Түтін дәмі, сол сияқты оның түсі ағаштың жануы кезіндегі бөлінетін әдеттегі түтін түсі мен иісінен ерекшеленеді.

Жер төрелердегі өрттер кезінде анықтайтыны: жоғары орналасқан қабаттарға жанудың таралу мүмкіндігі;оқпандарды енгізуге және түтінді шығаруға қандай ойықтарды пайдалануға болатындығы; жер төренің конструктивті және жоспарлы ерекшеліктерін. Барлау жанып жатқан және көршілес бөліктерде өткізіледі. Бұл қажеттілік тек ондағы өрттің таралу мүмкіндігін анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге өрт ошағын бару жолдарын іздеу үшін де қажет.

Егер ғимарат кірпішті немесе өртке қарсы қабырғамен бөлінген болса, онда барлауды оның екі жағынан өткізеді.

Түтінденген бөлмелерде жану орнын жалын жарқылдауынан, жану дыбысынан, түтіннің қызу дәрежесінен анықтайды. Түтін иісінен қай жерде не жанып жатқанын жобалап анықтауға болады.

Егер шатыр бөлмесі жобалауы бойынша қиын және түтінденген болса, онда жану шегін жабынды үстін сипау, терезелерден түтін шығу орындары арқылы анықтауға болады; қысқы уақытта – қардың еру жерлерінен. Барлау барысында анықталатыны:шатырдың конструктивті ерекшеліктерін; желдету камераларының, тарату бактарының орналасуын; жабынды арқылы өрттің қабаттарға өту қауіптілігін; капитальді және өртке қарсы қабырғалардың бар–жоқтығы.

Ғимараттардағы өрт ошақтарына ең қысқа әрі ыңғайлы жолдармен өту қажет: есік, саты торлары, корридорлар арқылы. Егер жолдар отпен бөгеттелсе және бұл жерлерде қатты түтіндену мен жоғары температура пайда болса, онда терезе ойықтары, өрт сатылары, иінді көтергіштер пайдаланылады. Жеке жағдайларда барлаушылар бөлмеге арнайы жасалған қабырғалар мен аражапқыштар ойықтары арқылы кіреді.

Ереже бойынша, барлау, барлаушылардың техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды қажет ететін қиын жағдайларында өткізіледі (қатты түтіндену, жоғары температура, жарықтың жоқтығы, бөлменің қиын жоспарлануы). Түтінденген бөлмелерде терезе мен қабырғаларды жағалап жүру қажет. Міндетті түрде бұрылыстар саны, бөлме жоспары, құралдар көмегімен жүру маршрутын есте сақтау қажет. Жол жібін немесе құтқару арқанын барлау тобының құрамына кіретін әрбір өрт сөндірушінің карабині арқылы өткізеді. Түтінденген немесе қараңғы бөлмеде, өрт сөндірушілер бір-бірінен қалмай, бір колонна бойымен қозғалады. Барлау тобының құрамындағы бір барлаушының нашар сезінуінен топ өз жұмыстарын тоқтатады. Болған жағдай туралы командирге хабарландырылады. Егер барлау ГТҚҚ бөлімшесімен жүргізілсе, онда бір звено зардап шеккенге көмек көрсетеді, ал басқасы жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастырады. Барлау тобы ТОЖҚҚ жұмыс істегенде оларда жарықтандыру және байланыс құралдары, жол жібі, құтқару арқаны, жеңіл лом болуы тиіс. Түтінденген бөлмеге кірер алдында қауіпсіздік күзет орны қойылады. Күзетші барлау тобымен әрдайым байланыс ұстап тұруы және алынған ақпаратты ӨСБ, штаб немесе жауынгерлік участок бастығына баяндауы тиіс. Күзетшінің өз орнын тастап кетуге құқығы жоқ.

Қараңғыда және түтінде асықпау қажет. Қозғалыс орнын аяқпен, ломды ұрумен немесе басқа құралдарды пайдалану арқылы тексеру қажет. Саты торларында қабырғаға сүйену қажет, өйткені қоршағыш тірек ақаулы болуы мүмкін. Күйіп қалмау үшін бөлме есіктерін абайлап ашу қажет. Жану өтіп жатқан бөлмеге кірерде, оқпанды дайындыққа ұстау және есіктерде автоматты құлыптар жоқ екендігіне назар аудару қажет. Есікті ашық қалдыру керек, ал бөлмеден шығарда оны жабу керек.

Электрофонарьлардың жарық сәулелері бөлме тереңдігіне емес, керісінше, аяқ астына бағыттау қажет.

Мұздатылған шатырлар мен сатылар қозғалу кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет. Қауіпсіздік үшін — өрт балталарын, құтқару арқандарын пайдалану; шатырдың түсу жерлерінен айналып өту.

Жоғары кернеулі тоқ қондырғылары, қысымды аппараттар немесе жарылысты, улы, радиоактивті заттар бар бөлмелерде, барлау объектінің жұмысшыларымен ұсынылған қауіпсіздік ережелерінің сақталуымен өткізіледі.

Өртті сөндіру кезінде:

барлық командирлер мен өрт сөндірушілердің жоғары тактикалық шеберлігі, белсенді, табанды іс-қимылдар, тәртіптілік, ақталған кәсіптік тәуекел;

шешуші бағытты дұрыс анықтау;

шешуші бағытқа күш пен құралдарды дер кезінде шоғырландыру және енгізумен, оларды шебер басқару;

бөлімшелерді өрт техникасымен, өрт-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету арқылы табысқа қол жеткізіледі.

Өртке қарсы қызметінің және басқа да өртке қарсы қызметтері мен құрылымдарының жеке құрамы үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленген тәртіп бойынша бекітілген регламенттеуші құжаттардың (тәлемдемелердің, нұсқаулардың, ережелер мен кепілдемелердің) талаптарын орындау міндетті болып табылады.

Жарғыда мынадай негiзгi терминдер қолданылады:

жауынгерлiк қанат жаю – жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн күштер мен құралдарды дайындыққа келтiру;

жауынгерлік есептоп – нақты міндеттері белгіленген, өрт сөндіру көлігіндегі жеке құрам;

жауынгерлік іс-қимыл – негізгі жауынгерлік тапсырманы орындауға осы Жарғыда көрсетілген өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын ұйымдасқан түрде пайдалану;

өртті жою - өртті сөндірудің, жану тоқтатылған және оның өздігінше жану жағдайы жойылған сатысы (кезеңі). Тежеу мезгілі және оны толығымен тоқтату уақыт аралығы өртті жоюға сәйкес келеді;

өртті шектеу - өртті сөндірудің, адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасау сатысы (кезеңі);

өрттің нөмірi (рангі) – шығу кестесiнде өртті сөндiруге жұмылдыратын гарнизонның күштері мен құралдарының құрамы көрсетілген өрт күрделігінің шартты белгісі;

өрт сөндіргіш заттар – жануды тоқтату мүмкіндігін беретін физикалық-химиялық қасиеттері бар заттар;

өрттiң қауiптi факторы – жарақатқа, улануға немесе адам өлiмiне, сондай-ақ материалдық құндылықтың жойылуына (зақымдалуына) әкелiп соқтыратын өрттiң факторы;

өрттегі жедел штаб - өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару үшін өрт сөндіру басшысының уақытша құрған органы;

өрттегi жағдайды бағалау – өрттi барлаудың нәтижесiнде алынған мәлiметтi жинақтау мен талдаудың негiзiнде құрылған қорытынды;

өрттi сөндiрудiң жоспары – өрістенген өрттi сөндiрудi ұйымдастыру жағдайын болжайтын және негiзгi мәселелерін айқындайтын жедел құжат;

күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары – ауылдық аудан әкімі бекітетін және өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің, ұқсас қызметтер мен құрылымдардың, шаруашылық объектілерінің, шаруа қожалықтарының өртті сөндіруге жұмылдырылатын күштер мен құралдарының тәртібін және санын ауданның әкімшілік шекарасы шегінде айқындайтын жедел құжат;

өрт кезіндегі көшiру жоспары – көшiру жолдары мен шығу есіктері көрсетілген, адамдардың жүрiс-тұрыс ережесі белгіленген, сондай-ақ өрт шыққан объектiдегі қызмет көрсетушiлердің iс-қимылдарының тәртiбi мен жүйелiгi көрсетiлген құжат;

өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;

өрт сөндіру техникасы - өртті болдырмауға, өрістеуіне шек қоюға, сөндіруге, өрттен адамдар мен материалдық құндылықтарды қорғауға арналған техикалық құралдар;

оқпаншының бағыты – өрттi сөндiру бойынша жауынгерлiк тапсырманы орындау кезіндегі оқпаншының орналасу орны;

өртке қарсы қызметі – белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;

өрттiң өрiстеуi – уақыт пен кеңiстiктегі өрт параметрлерінiң өзгеруi;

бөлiмшенiң шығу ауданы (бұдан әрі – шығу ауданы) – шығу кестесінде бөлімнің бірінші кезектегі өрт сөндіру бағыты көрсетілген аумақ;

шығу кестесi – қаладағы немесе елді мекендердегі өрттерді сөндіруге гарнизонның күштері мен құралдарын жұмылдырудың заңға және осы Жарғыға сәйкес бекітілген тәртібі;

өрттегi күштер мен құралдар – өрт сөндіру бөлiмдерiнiң жеке құрамы, ерiктi және басқа құрылымдар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш заттар және өрттегі басқа техникалық құралдар;

өртте адамдарды құтқару – өз бетiмен өрт аймағынан шыға алмайтын және оларға қауiптi фактордың әсер ету мүмкiндiгi туындағанда адамдарды құтқарудың iс-қимылдары;

бөлiмнiң тактикалық мүмкiндiктерi – белгiлi уақыт iшiнде жауынгерлiк тапсырманы орындайтын, техникалық құрылымдармен жарақталған жеке құрамның мүмкiндiгi.

өртті сөндіру – адамдарды, мүліктерді құтқару мен өрттерді жоюға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

өрттегi тыл – жауынгерлiк шепте жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзудi қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;

өрттегі күштер мен құралдарды басқару – жағдайды бағалау негiзiнде жауынгерлiк iс-қимылдарды табысты жүргiзу мақсатында өрт сөндіру басшының (өрттегi жедел штабтың) әрекетi;

өрттегі адамдарды көшiру – өрттiң қауiптi факторлары әсер ету мүмкiндiгi бар аймақтан, адамдарды өздiгiнше көшуге мәжбүрлейтін процесс.

Қазіргі таңдағы сығылған газ толтыру станциялар, газ толтыру пунктер Республикамыздың барлық облыстары мен аудандарын газбен қамтамасыз ете алатындай шамада. Дегенмен бұл нысандардағы ескірген құрылғылар үздіксіз газбен қамтамасыз ете алмаумен қатар, технологиялық процестердегі өрт қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алмайды.

Осыған байланысты газ өндіріс обьектілерін өрттен қоғау саласында өртке қарсы қызметтің рөлі үздіксіз өсуде. Газ өндірістік нысандарда өртті сөндіру коммуникация жүйесінің күрделілігіне байланысты бірқатар қиындықтарды туғызады. Себебі бұл өндірісте жарылыс қауіпті сұйытылған газ пайдаланылады. Бұндай нысандағы өрттер жанумен қатар адамдардың өміріне қауіп туғызатын жарылыс қауіпті болып келеді. Нысанды қорғайтын жеке құрамның технологиялық процесін білуіне,өртті жою кезінде батыл және нақты қимылдауы өртті тез әрі тиімді сөндіруіне байланысты.

1. Газ толтыру станцияларындағы өрт қауіптілік


    1. Болған өрттердің даму ерекшеліктері

Газ толтыру станцияларындағы өрттер сұйытылған көмір сутекті газдардың қасиеттеріне ұқсас ерекшеліктермен көрінеді.

Қалыпты жағдайда сұйытылған газдар жеңіл тұтанғыш сұйықтықтарға қарағанда жылдам буланып, ұзақ уақытқа сұйық қалпында тұра алмайды. Көмірсутекті сұйытылған газдың жылдам булануы авариялық жағдайда жарылыс аумағының жедел пайда болуына алып келеді.

Төгілген сұйытылған газдың буының жалындауының әсерінен газды аумақтағы газдың жалынының жылдамдығы 0,4…0,6 м/с қа дейін барады. Жалындаған өгімнің бір бөлігі құрылыс конструкцияларының, технологиялық коммуникациялардың, резервуарлар мен аппараттардың бұзылуы мен жарылысына және де жаңа өрт ошағының пайда болуына септігін тигізеді. Газ толтыру станцияларындағы өрттер тез арада үлкен аумаққа таралып, жылу радияциясының пайда болуыны себепкер болады.

Еліміздегі және шет елдердегі газ сақтау және өңдеу нысандардағы өрттерді қарастырып көрейік.

(АҚШ) Ньюверн қаласында 1951 жылы сұйытылған газ қоймасында өрт болды. Нәтижесінде өрттің әсерінен 113,5 м3 сиымдылығымен 70 резервуар жойылды. Жарылыс әсерінен резервуарлар айтарлықтай алыс қашықтыққа ұшып кетті. Бір резервуар жарылыс әсерінен 91 м ге ұшса, екінші резервуар 125 м ге ұшқан. Жеке шишалары 750 м ге дейін ұшқан.

(АҚШ) Сан-Педро қаласындағы резервуарлы саябақта өрттің нәтижесінде 21 резервуар жойылып, бір диаметрі 6 м ұзындығы 18 м резервуар 85 м қашықтыққа ұшып кеткен. Өрттің әсерінен болған шығын 500 мың долларды құраған.

(Мексика) Мехико қаласында 3000 адам күйік жарақат алып, 10 мың адам баспанасыз қалды. Бұған басты себеп 1961 жылы соғылған сұйытылған көмірсутекті газды қойма күнделікті өсіп келе жатқан қаланың ортасында соғылуы болды.

Минск газ өңдеу заводында өрт болып, келесідей сипаттармен суреттелді. 175м3 сиымдылығы, бірнеше тонна салмағы бар жарылған резервуар 765 м ге ұшқан. Өрттен 12 пропаны бар резервуарлар жойылды.

1989 жылы 19 сағат 31 минутта Алматы станциясындағы теміржолында қозғалыс тәртібін дөрекі бұзуының әсерінен екі жүк құрамы соғысты. Осының әсерінен бір цистернаның біреуінен ақау шығып, нәтижесінде өлшемі 308см тесік пайда болды.Корпустың тесігінен 10 атмосфера қысыммен жатқан сұйық пропан жылдам төгіле бастады. Және де соғысу салдарынан цистернаның корпусы газдың ағынының тікелей қосылды. Газды бұлттардың келесі әсер ету нысаны апатқа дейін артынан қозғалған тепловоз құрамы мен 3 вагон болатын. Апаттық құрамнан алыс емес қашықтықта әр түрлі құрылыстар орналасқан болатын. 19 сағат 32-33 минутта, дәлірек айтсақ құрамдардың соқтығысынан кейін сұйытылған газдың жарылысы пайда болды.

Жарылыстың әсерінен 72 үй, 33 ғимарат жойылып, 150 жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер бұзылды. 5 мың адам баспанасыз қалды. Ауруханаларға, бала- бақшаларға, сауда орындарына, тұрмыстық қызмет ету нысандарына жалпы 480 нысандарға айтарлықтай шығын келді. Локомотивті және вагонды депоның 4 цехі, ұзындығы 950 м болатын өтпелі көпір тұтастай қирады. 29 электр тасымалдаушы, 2 жылу тасымалдаушы, 3 қуатты кран, 21 вагон, 30 км кабельді жүйе мен 29 трансформатор жойылып зақымданды.Өрттен келген шығын 919 мың долларды құрады. Алынған күйіктен 32 адам қаза тапты, оның ішінде 9 адам өрттен қорғау қызметкерлері.

24.02.93жылы Маңғыстау облысында Бейнеу станциясында газкомпрессорлы бөлмеде сепаратор құрылғысының фильтрін ауыстыру кезінде прифорлы шөгінділердің өздігінен жануы пайда болды, нәтижесінде 12 адам күйік жарақатын алды.

15.08.93жылы«Казахгаз» ұлттық газ компаниясының «Актаутрансгаз» мемлекеттік өндірісінің компрессорлы станциясында өлшемі 219*7 мм импульсті коллектордың үзілуінің әсерінен өрт пайда болды. Өрттен келген шығын 55545 мың теңгені құрады.


1.2 Газ толтыру станцияларындағы өрт қауіптілікті сараптау
Газды өңдеу мен сақтау нысандарындағы, сонымен қатар газ тотыру станцияларындағы өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету өрт жарылыс қауіпімен сипатталатын үлкен көлемдегі жанғыш заттың (пропан-бутан) концентрециясымен қиындатылады.

Пропан: СН3СН2СН3-түссіз жанғыш газ. Молекулярлы салмағы 44,1; 20-500 С температурадағы сұйық күйдегі тығыздық -5кг/м3; балқу температурасы-187,6С; қайнау температурасы -42,06С; ауадағы тығыздық –1,56; жану жылулығы 11100 ккал/кг. Стандартты өздігінен жану температурасы 446С. Жалындау шегі %2,3…9,5. Қалыпты жану жылдамдығы 0,39м/сек. Жарылыстың максималды қысымы 8,46кг/см2. Минималды жану энергиясы 0,25 МДж. Бутан: СН3(СН2)2СН3- түссіз жанғыш газ. Молекулярлы салмағы 58,12; ауадағы тығыздық 2,06, сұйытылған күйдегі тығыздық 578,9кг/м3; қайнау температурасы -0,5; жану жылулығы 10900 ккал/кг; өздігінен жану температурасы 405С; тұтану шегі % 1,8…9,1; Минималды жану энергиясы 0,25мДж; Жарылыстың максималды қысымы 8,6кг/см2; жану жылдамдығы 0,45м/сек.

Бұл өндірістердің технологиялық схемасы өзіне өрт қауіпті обьектілер мен құрылымдардың тағайымдалуы мен құрылысын қосады. Өрт қауіптіліктің жоғары дәрежелігі үлкен көлемдегі көмірсутекті газ бен технологиялық құбыржүйелері мен коммуникацияларының желілеріне назар аударуымен түсіндіріледі.

Бұндай обьектілерге жатқызуға болады:

-сұйытылған газды сақтау базасы;

-теміржолды төгілу эстакадасы;

-сорғышты- компрессорлы бөлім;

-құбыржүйелерінің эстакадасы.

Газ сақтау қоймасы 200м3 сиымдылықпен металды цилиндірлі резервуар паркі сияқты болып келеді. Резервуарлардың саны газ толтыру станциясының өндіру қуатына байланысты болады.

Газды резервуарлар флянсты қосылған және тиекті арматуралары бар құбыржүйенің желісімен байланған. Авариялы төгілу кезінде газ толтыру станциясына келетін максималды мүмкін болатын шығын кестеде келтірілген.

Өнімнің төгілуі тиектердің шпонкасы арқылы да болады; дәрежені көрсететін шынының сынуы кезінде

Үлкен қауіпті сұйық өнімге толтырылған сорғыш комрессордың коллекторына түсіп кетуі мүмкін резервуарлар тудырады. Бұл флянцты қосылғыштар мен тиектердің сальнигінде соққы іздерінің пайда болуына, қысымның жоғарылауынан резервуардың үзілуіне әкеледі.

№1 кестеге ескерту: газдың шығыны флянцты қосылғыштардың ұрылуы болған кезде берілген.

Жанғыш сұйықтықтың қоймасындағы өрт тез уақытта от бір резервуардан екінші резервуарға өтіп оларды толығымен жояды.



Кесте №1

Нысандардың

атауы


Төгілген ауқыттан бастап(мин) газдың максималды шығыны (кг/с)




10

15

20

30

40

60

Аудандардағы құбыржүйе

-эстакада-сорғышты



3,5


2,4


1,7


1,2


0,8


0,6


-сорғышты-блок тотыру

5

3,4

2,5

1,8

1,1

0,8


-сорғышты–магистралды газжүйесі

3,5


2,4


1,8


1,2


0,8


0,6


эстакады -коллекторы

2,4

1,6

1,2

0,8

0,5

0,4


  1. Өнімі бар резервуарлар:

- цилиндірлі горизонтальды

Көлемі 100м3



13,5

Екі сағат аралығында














  1. –теміржолды цистерна көлемі 60м3

6,5

2,5 сағат аралығында












Резервуарлардағы жарылыс резервуарлардың үлкен бөліктерінің кейде резевуарлардың өздерін үлкен қашықтықтарға ұшырып, көршілес нысандарды да қиратады.

Сақтау базасы құю- төгу эстакадасы бар өнім құбырларымен байланысты. Эстокаданың құбыр жүйелері тұрғыштардың, иілгіш шлангтардың көмегімен коллекторға бірігіп, сақтау базасының резервуарына газ құйылады.

Цистернадан сұйытылған газды құю операциясы шлангтардың қосылғыштарының берік болмауының әсерінен төгілу жиі кездеседі.Көбінесе қатты төгілулер шлангтардың тесілуінен және үзілуінен болады. Осыдан төгілген ағын штуцерлер мен гайканың ұрылуынан, статикалық электрден, ұшқынның әсерінен жануы мүмкін.

Сорғышты компрессорлы станцияда өрт қауіпті жағдайлар сорғыштың сальниктерінің болмауынан, флянцты қосылғыштар, тиектерінің штоктарының берік болмай өнімнің төгілуінен болады. Төгілген сұйықтық, пайда болған газдың буы өнімнің төгілу орнында өртенеді.

Жану сорғыштардың подшипниктерін жөнді майламауынан, подшипниктерінің қирауынан, электр қозғалтқыштарының тұйықталуынан, пайда болады. Компрессор жағар майының компрессорлық камералық жануға тән қасиет; дірілдің әсерінен флянцты қосылғыштардың жойылуы болып табылады. Газданған бөлменің жарылғыш қоспасының әсерінен бөлменің қирауы көптеп кездеседі. Газтолтыру құбырлар жылу, суық, қысым, дірілдің тұрақты әсеріне ұшырайды. Құбырлар тоттанудан және эрозияның нәтижесінде, клапандар және қосылымдары флянцты қосылғыштары тығыздығын жоғалтып, газдың төгілуі орын алады. Өнімнің қысымынан және жылудың әсерінен флянцты қосылыстардың болттары күшті созылып, осының әсерінен прокладкалар корпусқа жабысады. Ерекше қиындықтарды жоғары биіктікте орнатылған, байланысты қиындатуы болып табылады. Құбыр жүйелерінен газдың көп ағуларының себептері:

- Флянцты қосылғыштарының покладкасының бұзылуы, сальникті тығыздағыш, задвижкасының тығыздағышы.

- Артық қысым салдарынан металл коррозиясы, нашар дәнекерлеу, беріктігі қасиеттерін жоғалтып,құбыр жарылады.Толтыру цехінің өрт қауіптілігі көп баллонның болуымен300 данаға дейін), жөндеуді, қарауды қажет ететін бос баллондардың болуымен сипатталады. . Қазіргі уақытта газ толтыру станцияыларндың толтыру цехі келесідей блогтарға бөлінген:

-баллондарды куәләндіру бөлімі, дәнекерлеу және жөндеу бөлімі

-баллондарды бояу және кептіру бөлімі

-баллондарды толтыру цехі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет