Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар жаһандану үрдісі біршама бүкіл адамзаттық теріс салдары бар проблемаларды тудырады. Енді оларды қысқаша сипаттайық. - Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтарының жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңбері шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны меңгеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы –бұл қосылған жаңа елдер халқаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 ж. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы-барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халқаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке қарай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді –кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.
Екінші үлкен мәселе –бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресустарды өлшелсіз пайдалану, қоршағын ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанды жөн көрдік. - Екінші үлкен мәселе –бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресустарды өлшелсіз пайдалану, қоршағын ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
- Қайсыбір қоғам -өте күрделі, өзін-өзі ұйымдастырып дамыта алатын жүйе. Өйткені қоғамның «атомы»-адам. Оның денесімен қатар, ішкі рухани дүниесі ой-өріске, қиял-арманға, шаттық пен әсерге, қайғы –мұң мен махаббатқа, неше түрлі жарқын және күңгірт сезімдерге толы. Әр адам өз өмірінің шеңберінде алдына неше түрлі мақсат –мұраттар қойып, соларға жетуге ұмтылады. Егер жануарлар табиғатпен бірге, соған сәйкес өмір сүрсе, өзін табғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің санасы арқасында айнала қошаған ортаны өз мұқтаждағына сай етіп өзгертеді,оны таза табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке сай, етіп бүгінгі таңда жер бетінде мыңдаған қалалар, миллиондаған шақырым асфальт және теміржолдар, бүкіл жер бетін қамтитын интернет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі, жасанды су қоймалары, алып зауыттар мен фабрикалар т.с.с. адамның шығармашылық еңбегі арқылы дүниеге келген заттарды көреміз. Сонымен қоғам табиғатпен сан алуан байланыстарға түсіп, өмір сүреді. Ал осы байланыстарды жете түсіну үшін «табиғат» ұғымын талдаудан бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |