«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет3/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Тапсырма: Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады. Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелер жинау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тілдердің өзара қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?
2. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары дегеніміз не? .
3. Әлемдік тілдер жайлы не білесің?
4.. Халықаралық тіл дәрежесіне көтерілген тілдер жайында не білесің?
5. Жасанды, көмекші тілдердің қандай жобасы ұсынылды?
6.Тілдің өмір сүру формалары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:
Фромкин В. Тіл біліміне кіріспе/ В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс. – 10-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 бет
2.. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» Алматы –«Санат»1993ж..
3..Қалиев Б. «Тіл біліміне кіріспе» А., 1997ж.
4.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. А., 1992 ж.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1956,1993.


3.Тақырып.Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі


Жоспары:
1. Дыбыстау тілі және жазу.
2. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері.
3.Пиктографиялық жазу
4.Идеографиялық жазудың шығуы; иероглифтер.
5.Буын және әріп жазуы.


Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болды. Осыдан тілді және оның даму заңдылығының сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.
Адам баласы қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етпей тұра алмайды
1.Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
2. Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет