«Қазіргі заманның оқышсының мұғалімі қандай болу керек?»
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген екен Әл-Фараби бабамыз.
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді.
География пәнінің мұғалімі: Тегисхан Роза
Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
санатты мұғалімі
Қазіргі заман мұғалімі.
( эссе )
Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.
Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы.Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты,маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.
Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.
Ел болашағы- білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру- ұстаздар қауымына ортақ іс. 2009 жылдан бастап әлемдік тәжірибеге сүйеніп 12 жылдық оқытуды бастайын деп отырмыз. Осының бәрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде.
А.Байтұрсыновтың: « … Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес.
Осы күні орыс школасы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса, өзге тілде жазып қазақ тілінен алыстап барады. Бұл әрине жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып өркендететін уақыт жетті »-деп айтқан сонау ХХ ғасырдың бас кезіндегі көреген сөзі күні бүгінге шейін өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, бізді толғандыратын , ойландыратын келелі сөз, кемел ой екенін баян даймыз. Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.
Біріншіден, ана сүтімен дарыған ана тілін біліп алмайынша, өз ұлтының асыл қасиеттерін, ұлттық болмыс – бітімін бойыңа сіңіру мүмкін емес.Өзіміз айтудан жалықпайтын отансүйгіштік, елжандылық, адамгершілік, имандылық қасиеттерінің жас бойынан табылуының өз ана тіліміз бен, әдебиетіміз бен даритыны ақиқат.Әсіріесе, оқушылардың сезімін оятып, қызығушылығын арттыратын пән әдебиет.Себебі оқулықта берілген әдеби шығармалар мен тақырыптардан оқушылар халқының арманы мен қиялын, өткенні мен бүгінгі өмірін біледі .Сүйікті кейіпкерлерінің арасындағы достығы мен сүйіспеншілі-гінен, патриоттағы мен еңбекқорлығынан , адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алады, жақсысына жаны сүйсініп, жаманына жиренеді.Сол тұрғыдан алғанда, әдебиет – білім берудің, түрлі тәрбие дағдыларын қалыптастырудың пәрменді құралы, тіл – оның тірегі.
Екіншіден, ұлт болашағымен ұштасып та, астасып та, бірігіп те, кірігіп те жататын ұлы мұраттардың бірі – ұлттық мүдде мен ұлтжандылық екенін естен шығармауымыз керек.Сондықтан бүгінгі салт – санамыз өзгерген заманымыз түрленген кезеңде, қатпарлы нарықтың қалтарысындағы қалған құндылықтарымыздың кейбірінің кемшін түсе бастауы қазіргі ұстаздар қауымын алаңдатып отыр.Әркімнің өмір – тіршілігіне ықпал етпей қоймайтын түрлі әлуметтік жағдайлар.Оның көлеңке жақтары, теледидардан көрсетіліп жатқан ұлтымызға жат хабарлар т.б. ақпарат ағымдары санамызға сыналып еніп, небір біз күтпеген кешегі тал бесіктен тарайтын тәрбиемізге де өз әсерін тигізуде.
Аталы сөзді тыңдаған, аталы сөзге тоқтаған қазағымыздың аналары бесік жырын айтпайды, әжелеріміз шежіре еді, қазір ертегі де айтып бермейді.Қазақ телидидарында әлі де болса қазақша қойылымдар мен хабарлар сирек.Балаларды қызықытыратын қазақша газет – журналдардың таралымы аз.Болса да оқырманына жетпей қалады.Көбіне басқа тілді дүниелер асып төгіліп жатады.Арзанқол дүние қуған сырта жылтырауық іші қалтырауық қызығатын сөзжұмбақ шешетін, боз сөзді көсейтін, ойлы әдебиет қолына ұстамайтынұрпақ өсіп келетіні жасырын емес. Сондықтан ана тіліміз бен әдебиетті оқыту ұлт болашағына деген жауапты іс болып табалады.Өзінің рухани құндылықтарын
сақтап, оны өркениетпен ұштастырып отырған мемлекеттердің үлкен жетістікпен игіліктерге қол жеткізіп отырғанын көзіміз көріп отыр.Сол себепті басқаның
бағына бұйыра бермеген бай ауыз әдебиеті бар халқымыздың баға жетпес мұрасына бойлау да үйренуде, үйретуде,оқуда, оқытуда қажет.Жас ұрпақ атадан қалған асыл сөзді, Төле, Қазбек, Әйтеке сөйлеген шешен тілді, Абай, Мұхтар, Мұқағали түрленген тілді танып өссе, маржан сөзді Мағжанды, Сұңқар жырды Сәкенді, поэзия дүлдүлі Ілиясты біліп өссе, рухани сабақтастықтың тамыры тереңдей, ұлт мерейі арта түсері хақ.
Ана тілін ардақтап, төл әдебиетін дәріптеп шәкірт санасына сәуле төгіп, жаухар жырларды жүрегіне жеткізіп, мұхиттай мол мұрамызды оқытуды тәжрибесі мол ұстаздарымыз А. Ташекенов, С.Сыдыхов, А.Бердімұратова, О. Шолахова, О. Сағындықова, З.Қожырақова, Г.Хайруллина, Б.Даулетова, А.Әжікенованы мақтанышпен атауға болады. Бұл мұғалімдер уақытпен бірге аяқ басып, жаңаша педагогикалық технологиялар-дың, тың оқыту үрдістерін қолданып, нәтижелі еңбек етуде.
Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан – жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.
Біріншіден, мұғалімдер қауымына ортақ көкейтесті мәселелерге тұрғын үй, сағат жүктемесін азайту жалақыны біртіндеп көтеру, мұғалімді еңбек етуге құрал – жабдықтармен қамтамасыз еңбек етуге, сыныптағы балалар санын азайту, бағдарлы, кәсіптік, тереңдетілген сыныптарды топқа бөлу (әсіресе ана тілінен) жатады.Егер бұл мәселелер тезірек шешімін тапса – көр нәрседен ұтатынымыз, шешілмесе, ұтылытынымыз сөзсіз.
Алдымен қазіргі кезде жастар мектептерде тұрақтамайды, не басқа жұмысқа ауысып кетеді.Мектепте жұмыс істеп жүргендердің өзі толқу үстінде.Себебі олар үнемі жұмыс басты болып, аз жалақыға жүргісі келмейді.Өйткені әрбір адамның жеке өмірі бар.Сондықтан еңбек жолын енді бастайын деп отырған осы бір қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы болмай қоймайтын қиындықтарға төзе білуге үйретіп, олардың еңбек етуіне жағдай жасап, өз ісіне бейімделуіне барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беріп тәрбиелеуіміз қажет.Әсіресе,бұл – тәжрибесі мол аға буын ұстаздардың міндеті.Яғни, рухани сабақтастық болса нұр үстіне нұр болар еді.Ең бастысы – мұғалімге кәсіптік шеберлігін ұдайы дамытып, өз білімін көтеріп отыру, шығармашылықта, ғылыми – әдістемелік ізденістер қажет.Ал осыған ұстаздарымыздың уақыты бола бермейді.Болса да аз.Осының бәрі мұғалімнің моральдық – психологиялық ахуалына әсер етіп жүргенін неге ойланбаймыз. Мұғалімге айтылар сын мен мін көп.Ал оған қамқор болатын іс аз. Мұғалімдердің жалақысын ғана көтермей, әлуметтік жағынан қорғау керек.Міне, сонда ғана мұғалім мәртебесі өсіп, шабыттанып жұмыс істейтін болады.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын
идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.
Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.
Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.
Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкірттерін туған ата – анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішірейіл, қайырымды, инабатты, жанын сала жақсылық жасайтын гумманист болуы тиіс.
Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа
айналады. Мұғалімде оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.
Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім – білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл – парасаттылығымен үлгі болғаны жөн.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.
Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.
Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы
шарт.Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететеін тұлғаға айналуы қажет.
Елбасымыз осы жылғы Жолдауында: « Білім беру реформасы – Қазақстаннның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет », – деп айқын атап көрсетті.
ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өз ойларын нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгере алатын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясеткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» деген екі мәселе алдында тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын бағдарламалар мұғалімдердің оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізеді. Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады. Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы-инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға қатысты. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник (инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог) дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, меңгергеннен соң сабақ барысында қолдану өткізеді. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Ұстаздар тобына коучинг сабақ өткізу мақсатында, мен жүз пайызға барып келген мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Сақтағанова Райсамен және мектеп әкімшілігімен ақылдасып, олардың да ойларын, пікірлерін мұқият тыңдап, мұғалімдердің оқытудағы тәжірибесін жақсарту мақсатында коучинг сабақ өткіздім.
Әкімшілік өкілдерімен кеңескеннен кейін коучинг сабақтарымды өткізуді жоспарлап, мұғалімдермен әңгімелестім. Әңгімелесуге ұжымның (әкімшілікті қоспағанда) жиырма мұғалімі қатысты. Әңгіме барысында мұғалімдерге деңгейлік бағдарламаның мақсат –міндеттері, күтілетін нәтижелері туралы жан – жақты түсінік беруге тырыстым.
«ХХІ ғасыр мұғалімі» деген тақырыбын алдым. Бірінші сергіту сәтін өткізіп, мұғалімдердің көңіл - күйлерін көтеріп алдым, ынтымақтастық атмосфера құрылды. Әр түрлі гүлдердің суреттерін таратып беру арқылы мұғалімдерді үш топқа бөлдім:
1-топ «Жас қанат»,2-топ «Шабыт»,3-топ «Жас ұлан».Әр бір топ өз аттарын таңдап,сол аттарға байланысты өз пікірлерін, идеяларын ортаға салып, топ ережесін құрып, өз мақсаттарын айтып өтті. Топқа бөлу,топ аттарын таңдау өте қызықты болды. Бұрын бұл әдіс-тәсілмен таныс емес мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар басында түсінбей,сабақ барысын түсінген соң қызығушылық танытып іске шын ықластарымен кірісіп кетті. Бірлескен оқу ортасында әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, бір-бірін тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.
Топқа бөлу нәтижесінде мұғалім оқушының өзара пікір алмасуы, өз ойларын ортаға салып ақылдасуын, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады, осы мақсат іске асқан жағдайда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетіндігін және оқушылардың не білетінін және нені жасай алатындығын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысатындығын ұғынды.
Иновациялық сабақ бойынша бейне ролик көрсету арқылы, «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген сұрақ қойылды. Осы сұраққа жауап ретінде әрбір топ өз ойларын постерлерге жасап, өз топтарын қорғап шықты. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін ашық емін- еркін айтып қызу жұмыс үстінде.
«Жас қанат» тобы бұл сұраққа былай жауап берді:
Өз пәнін жетік меңгеру, ақпараттық жаңа технологияны тиімді пайдалану, жаңа технологиялық әдістерді меңгеру, құзырлы болу, оқушылардың психологиясын түсіне білу, ой қиялы ұшқыр болса ғана ХХІ ғасыр мұғалімі бола алады деп аяқтады.
«Шабыт» тобы: өсіп келе жатқан ағаштармен бейнелеу арқылы санатты, тәжірибелі, ұлағатты, жаңа технологияны жетік меңгерген, мәдениетті, жан-жақты дамыған мұғалім болу керек.
«Жас ұлан» тобы: тәжірибе алмасатын, сауатты, үш тілді жетік меңгерген, психолог, салауатты өмір салтын ұстанатын, салмақты, ортаға сыйлы, ізденімпаз, білікті маман, оқу әдістерін бірнеше сабақпен ұштастыратын мұғалім ғана ХХІ ғасыр мұғалімі бола алады деп сөзін жумақтады.
Үш топты салыстыра отырып бірінің айтқан сөздерін екіншілері қайталаған жоқ, әрбір топтың өз пікірі, өз талаптары, алдына қойған мақсаттары бар. Коучинг сабаққа қатыса отырып мұғалімдер, өздерін оқушы орнында отырғанда ғана жаңа әдіс-тәсілді үйрене отырып, бізде осылай сабақ өтсек, бұл біз үшін тиімді әрі қызықты сабақ екендігіне көздері жетті. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдыларымен амал көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісін барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды. Осы мақсатта мұғалім жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді.
Сабақтың соңында жеті модульмен таныстырып өттім. Әр бір модульге жеке-жеке тоқтап, сабақ барысында қалай пайдалану керек екендігін түсіндіріп бердім. Сосын мұғалімдер рефлекция жазды. Бүгінгі сабақ қалай өтті? Ұнады ма, әлде ұнамады ма деген сұраққа жауап берді. Бүгінгі сабақты қорыта келе отырып мынадай нәтижеге қол жеткіздім:
- мұғалімнің өзіндік іс тәжірибесін жаңа заманға сай жаңарту;
- озат тәжірибелі мұғалімдермен байланыста болып,тәжірибе алмасу;
- педагогикалық, ғылыми жаңалықтарды игеру, әдістемелік құралдарды меңгеру;
- қалаған тақырыбы бойынша педагогикалық зерттеу жүргізу;
- әрбір ісін сынақтан өткізіп қателігін талдап отыру.
Инновациялық үрдістің өмірге келуі қоғамдағы әлеуметтік сұраныстар мен білім жүйесіндегі білім беру саясатының нәтижесі себеп болады. Білім беру саясатының мәні, мақсаты білім беру ісін замана талабына сай ізгіліктендіру, білім алу кеңестігін кеңейту, оқыту пәндерінің мазмұнын үздіксіз тереңдету, оқыту үрдісіне мұғалімнің жаңаша көзқараста болуын қамтамасыз ету, сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін ендіру, әрі осы аталынған іс әрекеттерді оқушылармен бірге күнделікті іске асырып отыру.Сондықтан мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдары жүргізіледі.
Мұғалім жеке көзқарасы бар,соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы.
Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілет болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұхият қарайтын дәуір.
Мұғалімнің басты мақсаты - қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ізгіліктің нұрына бөленген ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп сонау бірінші мыңжылдықта айтқан ұлағатты сөзінің мәні де осында жатыр.
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Жарияланды 16-10-2012, 00:30 Категориясы: Әдістемелік көмек
«ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақататар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс.
Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі.Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог , әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.Сондықтан мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуі үшін және оқыту құралы терінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық (технологияны) әлемде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда.
Педагогика мен психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «тұлғаны дамыту технологиясы» т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда.
Педагог-ғалым В.М.Монахов болса, «педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» [141бет] деп түсіндіреді.
Белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе педагогикалық әрекетті – әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан, ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асыратын жүйе деп түсіндіргеніміз жөн.
-2-
Ұстаздарымыз шетел ғалымдарының технологиясын да, Қазақстан ғалымдар М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы бағытында жұмыс істеуде.
Жүргізетін әдістеме жұмысымның негізгі бағыттары, мазмұны, ұйымдастыру формасы, мақсат-міндеті оқу-тәрбие үрдісінің деңгейі мен сапасын көтеруді көздейтіндіктен бұл әрекет барысында оқушылар ұжымын да назардан тыс қалдырмаймын. Оқушылардың кез-келген әрекеті олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, ортақ мүдде, мақсаттары болғанда ғана табысты болмақ.
Оқушыларымды ғылыми жұмыстарға баулу , шығармашылық қабілеттерін ояту және ұштастыруды олардың өзін-өзі басқару арқылы жұзеге асырамын.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты.Мұғалім қандай болса, мектепте сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болады. «Ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деген А.Байтұрсынов. [444бет]
Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз , сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады.
Жаңа ғасырдағы мектептің жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағы міндеті - егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.
«Еліміз 2030 жылы барысқа айналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақтаныш сезіммен айтқан.
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен роль атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.
Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді
11.03.2010 Просмотров: 4567 Комментариев: 10
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –
мектептің жүрегі»
Ы.Алтынсарин
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын талпыныстарға жол ашты.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас атап айтқанда, базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтарына көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. «Бақыт жолы тек білімнен табылар», - дейді Ахмет Игүнеки бабамыз.
Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын-мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл туралы Президентіміз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс»- деп үлкен сеніммен айтты. Сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сондықтан да ұстаз білігі, беделі қоғамның назарында. Сапалы білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, білім мен тәрбиені қатар өрістету, жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу біздің міндетіміз.
Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»,- деп бекер айтқан жоқ. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзырлылығы бас-
ты алғы шарт.
А. Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім».
Жаңа ғасырдың бастапқы кезінде-ақ Президент Н.Назарбаев білім беруді дамытудың жаңа сатысының мән-мағынасын айқындап берді. Ол Қазақстанның білім жүйесі әлемдік біліми кеңестікте толық бәсекеге қабілетті болуы тиіс дегенге саяды. Осынау аса маңызды құжаттарды зерделеп қарайтын болсақ, Президент Жолдауы мен Тұжырымдама Қазақстанда білім беруді дамытудың қазіргі кезеңдегі басым бағытын айқындап берген. Президентіміз «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» -деп өте орынды тоқталып өтті.
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. «Елімізді 2030-жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ. XXI ғасыр жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, сауатты, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап ететіндігі баршаға аян.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» - деп атап көрсетілген.
Білім беру сапасын арттыру жолында педагогикалық мониторинг жүргізу маңызды орын алады. Педагогикалық мониторинг-мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың мазмұны жаңартылады. Мұғалімнің сұранысы анықталып, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Заман талабына орай білім де жаңарып отырады. Білімнің нәтижелілігі – сапасында. Нәтижеге бағытталған білім – сапамен қамтамасыз ету негізі.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп ғұлама ғалым Ж. Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген жағдайға сараптама жасаған кезде педагогикалық технология-
мен үздіксіз, жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткен нәтижелері білім үрдісін сапамен қамтамасыз ету.
Атақты педагог-ғалым В.А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу.»
Педагогикалық шеберлікпен пен педогогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады деп, ұзтаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы , өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы отыр. Сондықтан XXI ғасыр мұғалімнің кәсіби құзырлылығына қойылатын талаптар – ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті мәселе екендігін айғақтайды. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі –жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім туралы заңда (8бап) білім беру жүйесінің ең басты міндеті «...ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау».
«Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Жаңа адамды тек жаңа адам тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады. Мұғалім патриот болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім жан-жақты сауатты және творчествоның адамы болуы тиіс».
Осы орайда N9 орта мектеп ұжымының болашақ жас ұрпаққа білім берудегі басты мақсаты мен міндеттері айқындалып, бүгінгі күнде шешімін табуда. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің өзіндік жүйесін құру арқылы белгілі нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің алғы шарты екенін мақсат еткен ұжымдағы әрбір педагогтің өзіндік жұмыс жүйесі айқындалған. Мұғалім мәртебесін көтеру, олардың жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, тарату, оларды ынталандырып, қолдау көрсету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда ағымдағы жылда Елбасының халыққа жолдауында білім саласының басты назарда болып, педагог мамандардың еңбек ақыларының 25 пайызға көтерілуі – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қолдауы болып отыр.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақ-
ты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет.
Автор: Ғ.М.Ақшолақова N9 орта мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Талдықорған қаласы
Версия для печати
Достарыңызбен бөлісу: |