«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжат атауы: «ҚазМұнайГаз»



Дата25.02.2016
өлшемі308.5 Kb.
#24068






«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

Құжат атауы: «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің қағидасы


Құжат типі: ИБЖ қағидасы

Код: KMG-PR-1942.1-6

беттің -беті

дайындаған: Сүлейменова А.Ы.

_________________________


2014 жылғы «27» ақпан

тексерген:

Рақымбергенов Е.М.

2014 жылғы «27» ақпан


Басқарманың

2014 жылы 01.04. шешімімен,

№ 33 хаттама, мақұлданды

Директорлары кеңесінің

2014 жылы «23» сәуірдегі шешімімен, №3/2014 хаттама, бекітілді







1. Құжат мақсаты және жалпы Қағидалер
1.1. Осы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен бірыңғай саясатқа сәйкес демеушілік және қайырымдылық саласында ҚМГ және оның ЕТҰ қызметін жүзеге асырудың біртұтас тәртібін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

1.2. Осы Қағида демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саласында жүгінулерді қарау, жоспарлау, көмек көрсету, мониторинг, бақылау және есеп беру, сондай-ақ демеушілік көмектің ақпараттық бедел-бейне сүйемелдеу белгілейді.

1.3 Осы Қағида Қазақстан Республикасының заңына, ҚМГ жарғысына, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылы 11 желтоқсандағы №86 хаттама шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына енетін ұйымдардың демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саясатына (бұдан әрі - Қор саясаты), Корпоративтік қордың Қамқоршы кеңесінің 5.12.2013 ж. №15/13 шешімімен бекітілген «СК-Астана» корпоративтік қорының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету қағидасына (бұдан әрі – Корпоративтік қор қағидасы), «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ және оның ЕТҰ-ның демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саясатына (бұдан әрі – ҚМГ саясаты), өзге де ҚМГ-ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.

1.4. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек коммерциялық емес ұйымдарға, олардың жазбаша жүгінулерімен ақша бөлу және/немесе өзге мүлікті ұсыну арқылы көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек мамандандырылған коммерциялық емес ұйымдар арқылы көрсетіледі, олар заңды тұлғалардың жүгінулерінің дәлелділігін тексереді әрі демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету қаражатының мақсатты қолданылуына жауап береді.

Компанияда есепке алынған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге қайырымдылық көмек тікелей жеке тұлға не жасалған ұжымдық шарт немесе меморандумға сәйкес кәсіподақ немесе басқа мамандандырылған коммерциялық емес ұйымдар арқылы көрсетіледі.

1.5. Ақша форматындағы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек «Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек» бабы бойынша және осы Қағиданың 1.7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қор Басқармасының шешімімен бекітілген Тиісті жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жылға Ұйым бюджетінде қарастырылған есебінен және қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

Іс-шаралар жоспарын бекітуге дейін осы мақсаттарға Ұйым өтінімінде немесе Ұйым резервісінде көзделген қаражат шегінде Қауырт жүгінулер бойынша ғана қайырымдылық көмек көрсетуге рұқсат етіледі.

1.6. Заттай форматтағы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек (Ұйым теңгеріміндегі мүлікті беру арқылы) Шығыстардың жылдық жоспарының және Қормен келісу және белгіленген іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүзеге асырыла алады.

1.7. Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Респуликасы Премьер-Министрінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ үшін) тапсырмасы (шешімімен) бойынша атынан көрсетілетін және Іс-шаралар жоспарында қарастырылмаған демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек өткен жылдардың бөлінбеген пайдалары есебінен жүзеге асырылады және Ұйымның есепке алу саясатына сәйкес ескеріледі.

1.8. Егер, ондай Іс-шаралар жоспарымен көзделсе, бедел-бейне жобаларын іске асыруға демеушілік көмек Корпоративтік қор арқылы көрсетіледі.

Егер, ондай Іс-шаралар жоспарымен көзделсе, тікелей Алушы демеушілік көмек көрсетеді.

1.8. Осы Қағида, сондай-ақ ҚМГ саясаты және Қор саясаты ҚМГ және ЕТҰ веб-сайттарына орналастырылады.
2. Қолдану саласы
2.1. Осы Қағида Ұйымның демеушілік (қайырымдылық) қызметін іске асыру процесінде, сондай-ақ «Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек» бабы бойынша Ұйымның дамыту/бюджеті жоспарын жоспарлау, орындау және орындау мониторингі процесінде және де демеушілік жобалар шеңберінде ұйымның ақпараттық бедел-бейне саясатын іске асыру кезінде қолданылады.

2.2. Осы Қағидамен реттелмеген қағидат ҚМГ саясатымен және/немесе Қор Саясатымен, сондай-ақ Ұйымның өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.



3. Осы Қағидада қолданылатын анықтаулар мен қысқартулар
3.1 Осы Қағиданың мақсаттары үшін келесі анықтаулар мен қысқартулар қолданылады:


ҚМГ жалғыз акционері

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ;

Қайырымдылық көмек

- ҚМГ/ЕТҰ уәкілетті органының шешімімен заңды (коммерциялық емес) және жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетілетін қаржылық, ұйымдастыру және өзге материалдық көмек;

Шығыстардың жылдық жоспары

- Ұйымның даму бюджетін/жоспарын басқару органы бекіткен тиісті жылға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге арналған сома;

ЕТҰ

- еншілес ұйымдар және тәуелді қоғамдар, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-ның бірлескен бақылау ұйымдары және бірлескен кәсіпорындары;

Өтінім

- демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекке шығыстардың шоғырланған ауқымдарын және тиісті жылға оларды алушыларды ұсыну арқылы Ұйым белгіленген тәртіпте Корпоративтік қорға ұсынатын құжаттар жиынтығы;

Өтінім беруші

- Ұйымға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы жүгіну жіберуші заңды және жеке тұлға;

ҚМГ


- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

Компания

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және ЕТҰ-ның жиынтық атауы;

Кеңес беру кеңесі

- Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек жөніндегі кеңес беру кеңесі – Қор мен Қор тобына енетін ұйымдардың өкілдерінен құрылатын Қор жанындағы орган (келісім бойынша);

Корпоративтік қор

- Қор мен Ұйымның демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті жоспарлау, көрсету, мониторингі және бақылау бойынша бірыңғай саясатын іске асырушы және Кеңес беру кеңесінің жұмыс органы болып табылатын «СК-Астана» корпоративтік қоры;

Жетекші

- жетекшілік ету туралы бұйрыққа сәйкес ЕТҰ акция пакетін (қатысу үлестері) тиімді басқару мәселелерін шешу құзыретіне енетін Басқарма бастығының орынбасары/ басқарушы директор / құрылымдық бөлімше басшысы;

Жетекшілік ететін басшы

- міндеттерді бөлу туралы бұйрыққа сәйкес Ұйымның демеушілік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жауапкершілік құзыретіне енетін Басқарма төрағасының орынбасары/ басқарушы директор (осы Қағиданың мақсаттары үшін);

Күмәнді алушы

- алған демеушілік немесе қайырымдылық көмекті мақсатымен қолданбаған не демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы шарттың бір немесе бірнеше талаптарын орындамаған заңды (коммерциялық емес) немесе жеке тұлға;

Жауапты бөлімше

- функционалдық міндеттеріне демеушілік немесе қайырымдылық қызметті іске асыру енетін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

Жауапты орындаушы

- демеушілік (қайырымдылық) қызмет көрсету туралы жүгінуді қарайтын Жауапты бөлімшенің қызметкері;

Ұйым

демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсететін ҚМГ немесе ЕТҰ;

Іс-шара жоспары

- Қор Басқармасымен бекітілген тиісті жылға демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету бойынша Қор мен Ұйымның іс-шараларының шоғырланған жоспары;

Алушы

- белгіленген тәртіпте демеушілік немесе қайырымдылық көмек алатын заңды (коммерциялық емес) немесе жеке тұлға;

Көпшілік есеп

- демеушілік көмек алушы қызметінің нәтижелері туралы жұртшылықты кеңінен хабардар ету үшін жазбаша немесе басқа нысанда жасалған демеушілік көмек алушының есебі;

Резерв

- Іс-шара жоспарында бекітілетін қаражат сомасы, оның шегінде Ұйым Қордың келісімімен демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсете алады;

Ұйым резерві

- Іс-шаралар жоспарында бекітілетін, оның шеңберінде Ұйым дербес қаржыландыра алатын Қауырт жүгінулер;

Демеушілік көмек

- ҚМГ/ЕТҰ уәкілетті органының шешімі бойынша көрсетілетін Қор/ҚМГ/ЕТҰ туралы кез келген позитивтік ақпаратты тарату мақсатында заңды (коммерциялық емес) және жеке тұлғаларға еркін тегін негізде қаржылық, ұйымдастыру және өзге де материалдық көмек;

Қауырт жүгіну

- Қауырт және күтпеген сипаттағы іс-шараларға қаржы алу мақсатында қайырымдылық көмек көрсету туралы заңды (коммерциялық) немесе жеке тұлғалардың жазбаша жүгінулері;

Қор

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ;

Сараптама қорытындысы

- Корпоративтік қор дербес немесе сарапшыларды тарту арқылы жүргізілетін Өтінімдер мен жүгінулерді жан-жақты бағалау.


4. Жауапкершілік
4.1. Ұйымның бірінші басқарушысы/Жетекшілік ететін басшысы белгіленген тәртіпте:

1) Өтінімді уақытында бермеуіне;

2) есепті беру мерзімдерінің бұзылуына;

3) демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету бойынша күмәнді ақпаратты беруіне;

4) бекітілген Іс-шаралар жоспарының бұзылуына;

5) Корпоративтік қорға ақша қаражатын аудару мерзімдерінің бұзылуына;

6) ҚМГ саясатынан немесе оның жеке қағидаттарынан ауытқуына жауап береді.

4.2. Ұйымның жауапты бөлімшелері белгіленген тәртіпте келесі жұмыстардың уақытында немесе сапалы жүргізілмеуіне жауап береді:

1) Корпоративтік қор/ҚМГ-ға ұсыну үшін Өтінімдерді жасауға;

2) Алушының демеушілік (қайырымдылық) көмек қаражатын мақсатты қолдану немесе оның шарт талаптарын орындау мониторингі және бақылауға;

3) есептік кезеңге демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету бойынша есепті дайындау және Корпоративтік қорға/ҚМГ-е жіберуге;

4) демеушілік/ қайырымдылық көмек көрсету туралы қаралған және қанағаттандырылған, сондай-ақ теріс шешім қабылданған жүгінулерді есепке алуға;

сондай-ақ:

5) демеушілік/ қайырымдылық көмек көрсетудің белгіленген қағидаттарының сақталмауына;

6) демеушілік/ қайырымдылық көмек көрсету бойынша күмәнді ақпараттың берілуіне;

7) Ұйым/Компанияны дамыту бюджеті/жоспарындағы шығыстардың жылдық жоспарының ҚМГ Саясатымен белгіленген лимитін сақтамағанына жауап береді;

4.3. Ақпараттық және бедел-бейне саясатын іске асыру функционалдық міндеттеріне кіретін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі белгіленген тәртіпте:

- осы Қағиданың 5.3.3. тармағына сәйкес Ұйымда демеушілік жобаларды ақпараттық бедел-бейнелік сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларды уақытында және/немесе сапалы жүргізбеуіне;

- PR-әсері бойынша Жауапты бөлімшеге ақпаратты уақытында немесе сапалы жүргізбеуіне жауап береді;

4.4. Даму жоспарын жасау және мониторинг функционалдық міндеттеріне енетін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі белгіленген тәртіпте:

1) «Демеушілік және қайырымдылық көмек» бабы бойынша қаражат лимитін есептеу үшін қажетті жоспарланудағы таза пайда/ немесе шығын мөлшері туралы;

2) жоспарланудағы кезеңге Компанияның Даму жоспарын басқару органының бекітуі туралы;

3) жыл ішінде Ұйым қызметінің теріс қаржылық нәтижесінің болжамы туралы Жауапты бөлімшені уақытында ақпараттандырмауға жауап береді;



4.5. Жетекшілер белгіленген тәртіпте:

1) ҚМГ-ге жетекшілік ететін ЕТҰ Өтінімдерді уақытында бермеуіне;

2) ҚМГ-ге жетекшілік ететін ЕТҰ есеп беру мерзімдерінің бұзылуына жауапкершілік тартады.
5. Процесс сипаттамасы
5.1. Келесі жылға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге жүгінулерді қарау және қаражаттарды жоспарлау
5.1.1. Ұйымға келесі жылы демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы Өтінушілердің жазбаша жүгінулерін ҚМГ саясатымен белгіленген демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетудің қағидаттары мен негізгі басымдықтарға сәйкестігін Жауапты бөлімше қарастырады.

5.1.2. ҚМГ саясатының қағидаттары мен негізгі басымдықтарына сәйкес келетін Жүгінулер осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес толықтығы және (KMG-F-1943.1-6/ PR-1942/1-6) толтыру әрі жүгінулерді ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралады. Қажеттігіне қарай жетіспейтін құжаттар мен материалдарды Жауапты бөлімше қосымша сұратады.

5.1.3. Ұйым Өтінушіге ҚМГ саясатымен көзделген жағдайларда демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы өтінімін қайтаруға құқықты. Бұл жағдайда Өтінушіге тиісті хат белгіленген тәртіпте жіберіледі.

5.1.4. Алдын ала іріктелген жүгінулер келіп түсуіне қарай келесі жылға Ұйымның Өтінім жобасына енгізу үшін жиналады.

5.1.5. «Демеушілік және қайырымдылық көмек» бабы бойынша Бюджет/Даму жоспарын қалыптастыру Ұйымның тиісті ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке және мерзімде жүзеге асырылады.

5.1.6. Жоспарланған кезеңге Бюджет/Даму жоспарын қалыптастыру кезінде Ұйымның шығыстарының жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ үшін) бар тапсырмалары және өтінушілердің алдыңғы және ағымдағы кезеңге демеушілік және қайырымдылық көмекті талдаудан бастап, сондай-ақ Резерв және/немесе Ұйым резервінің сомасын жоспарлауды ескере отырып, келесі жылға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы Өтінушінің алдын ала іріктелген жүгінулері негізінде қалыптастырылады.

5.1.7. Резерв және/немесе Ұйым резервін ескере отырып, Ұйым/Компанияның демеушілік және қайырымдылық көмектің жалпы шоғырланған жылдық көлемі демеушілік және қайырымдылық көмекке шығыстарды шегеруге дейін Ұйым/Компанияның жоспарланудағы шоғырланған жылдық таза пайдасынан 3 (үш) % мөлшерінде лимиттен аспауы тиіс.

Ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Жалғыз акционердің, ҚМГ (ЕТҰ үшін) тапсырмалары бойынша немесе Компания және жалпы Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәнді ірі демеушілік жобаларды қолдауды жоспарлау кезінде Ұйым/Компанияның демеушілік және қайырымдылық көмегінің жалпы шоғырланған жылдық көлемінің 3%-нан артық және демеушілік және қайырымдылық көмектің шығыстарын шегергенге дейін Ұйымның/Компанияның жоспарлы шоғырланған жылдық таза пайдасының 5 (бес) % аспайтын лимитті асыруға рұқсат етіледі.

5.1.8. Функционалдық міндеттеріне дамыту жоспарын қалыптастыру және мониторинг енетін Ұйымның Құрылымдық бөлімшесі Ұйымның/Компанияның Даму жоспарын/бюджетін қалыптастыру/түзету бойынша жұмыс шеңберінде жұмыс тәртібімен Жауапты бөлімшеге «Демеушілік және қайырымдылық көмек» бабы бойынша соның шеңберінде Жылдық шығыстар жоспарында көзделетін қаражат лимитін есептеу үшін Ұйым/Компанияның жоспарланған шоғырлы жылдық таза пайдасы туралы ақпаратты ұсынады.

5.1.9. Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге шығыстар таза кіріс жоспарланған жағдайда ғана, Ұйымның Бюджетте/Даму жоспарында көзделе алады.

Ұйымның теріс қаржылық нәтижесі жоспарлану кезінде бір жыл ішінде шығыстардың жылдық жоспары бекітілмейді.

5.1.10. Келесі жылға шығыстардың жылдық жоспары шеңберінде жауапты бөлімше осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес (KMG-F-1944.1-6/ PR-1942/1-6) нысаны бойынша Өтінім жобасын қалыптастырады.

5.1.11. Лимит мөлшерінен тапсырмалар және алдын ала іріктелген жүгінулер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектің жалпы сомасы артқан жағдайда, өтінімге іс- шараларды және Алушылырды қосу, ҚМГ саясатымен белгіленген демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің басымдылық кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Келесі жылға демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы тапсырмалар мен жазбаша жүгінулер болмаған жағдайда, не олардың толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеймегенде, Өтінім жобасындағы шығыстардың жылдық жоспарының барлық сомасы резерв және/немесе Ұйымның резервіне жатады.

5.1.12. Өтінім жобасын бірінші басшы немесе бірінші басшының келісімімен ұйымның жетекшілік ететін басшысы қарайды және бекітеді.

5.1.13. Жетекшілер жетекшілік ететін ЕТҰ-ның ҚМГ-ға жоспарланудың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде шоғырланған негізде өтінімдерді беруді қамтамасыз етеді.

Өтінімге осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Тізбе бойынша барлық жүгінулер мен құжаттар пакеті қоса беріледі.

5.1.14. Өтінімдер немесе оның құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі кезінде ҚМГ белгіленген тәртіпте ЕТҰ-дан өңделген Өтінімді және/немесе жетіспейтін құжаттарды белгіленген тәртіпке сұратуға немесе тиісті ЕТҰ-ны бұл туралы хабардар етіп, әлеуетті Алушының жеке жүгінуін өтінімді қайтаруға құқылы.

ЕТҰ-ның қайтарылған өтінімі немесе жеке жүгіну бойынша демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек сомасы Резервке қайта бөлінеді.

5.1.15. ҚМГ Корпоративтік қорға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Тізбеге барлық жүгінулер мен құжаттар пакетін қоса отырып, жоспарланғанның алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін мерзімде шоғырланған негізде Компанияның Өтінімін жібереді.

5.1.16. Даму жоспарын жасау және мониторинг функционалдық міндеттеріне енетін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі ҚМГ-ның Жауапты бөлімшені Компанияның даму/ бюджетінің шоғырланған жоспарын бекіту туралы жұмыс тәртібінде ақпараттандырады.

Компания шығысының шоғырланған жылдық жоспары туралы ақпарат Компанияның даму және/немесе бюджетінің шоғырланған жоспарын бекіту күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚМГ-ның Жауапты бөлімшелерімен Корпоративтік даму қорына ұсынылады.

5.1.17. Корпоративтік қордың ЕТҰ демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша сұраныстары, шешімдері және өзге ақпаратты ҚМГ-ның жауапты бөлімшелерімен ЕТҰ-ға ҚМГ-ның Жауапты бөлімшелерімен жұмыс тәртібінде Жауапты атқарушылардың немесе ЕТҰ Жауапты бөлімшелерінің басшыларының электронды мекенжайына Корпоративтік қордан сұраныс (шешім, ақпарат) алған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
5.2. Ағымдағы жылы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек жүгінулерін қарау және көмек көрсету
5.2.1. Қор басқармасымен бекітілген Іс-шаралар жоспарын Корпоративтік қордан алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ҚМГ ЕТҰ-ге жібереді.

Бекітілген Іс-шаралар жоспарын алғаннан кейін Жауапты бөлімше Өтінімге бұрын енгізілген әлеуетті Алушыларды демеушілік және қайырымдылық көмектің соңғы (бекітілген) сомасы немесе Қор Басқармасының жүгінуді қайтаруы туралы 5 жұмыс күні ішінде ауызша немесе жазбаша түрде хабардар етеді.

5.2.2. Жобаны іске асыру қажеттігі/өзектілігін растайтын ағымдағы жылы жаңартылған жүгінуді әлеуетті Алушыдан алған жағдайда, Іс-шаралар жоспарына енгізілген жүгінулер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде қаражатты бөлу немесе мүлікті тапсыру туралы шешімді Ұйымның уәкілетті органы белгіленген тәртіпте қабылдайды. Жаңартылған жүгінудегі сұратқан демеушілік және қайырымдылық көмек көсету сомасы, осы мақсаттарға Іс-шара жоспарында көзделген сомадан аспауы тиіс.

5.2.3. Коммерциялық емес ұйымдардың демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуі осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес (KMG-F-1945.1-6/ PR-1942/1-6) үлгілік форматы бойынша Алушымен жасалатын шартпен ресімделеді.

Демеушілік көмек көрсету туралы шарт келесіні көздеуі тиіс:


  1. көмек ұсыну сомасын және мақсаттарын;

  2. қаржы аудару, мүлікті тапсыру шарттары мен мерзімдерін;

  3. тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

  4. бөлінген ақша қаражаттарын, тапсырылған мүлікті мақсатты қолданудың (мониторингі) бақылау шарттарын;

  5. демеушілік немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолдану бойынша есептер ұсыну мерзімдерін;

  6. Алушының күмәнді ақпаратты ұсынуға, демеушілік немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолданбауға, сондай-ақ ұсынылған ақша қаражатын өтеу немесе мүлікті қайтару арқылы шарт талаптарын орындамауына жауапкершілігі;

  7. шарттың жалпы сомасына не қаражатты (мүлік құнының) мақсатты қолданбау сомасына пайыздық қатынаста көрсетілетін Алушының шарт талаптарын бұзуына салынатын айыппұл санкциялары шарттың жалпы сомасының 5 %-нан артық емсе, сондай-ақ қаражатты қайтарудың әр мерзімі өткен күні үшін 0,1% болуы тиіс;

  8. Алушының міндеті демеушілік жобаны іске асыру нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында Көпшілік есепті іске асыру нәтижелері бойынша Көпшілік есепті басып шығару;

  9. Ұйымның бедел-бейнесін жылжыту бойынша медиа жоспары.

5.2.4. Қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт осы Қағиданың 5.2.3. тармағының 1)-7) тармақшаларымен көзделген шарттарды көздеуі тиіс.

5.2.5. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Корпоративтік қор арқылы іс-шараларды іске асыру кезінде, Ұйым осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес KMG-F-2094.1-6/ PR-1942/1-6) нысаны бойынша Корпоративтік қормен шарт жасасады.

5.2.6. Ақша қаражатын бөлу түрінде көрсетілетін демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек банк деректемелері атқарушы органнның шешімінің айналымында жазылған Алушының есеп шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы жүзеге асырылады.

5.2.7. Зат нысанындағы демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек (тегін негізде мүлікті/тауар/жұмыс/ қызмет көрсетуді ұсыну түрінде) Ұйымның және Алушының қол қоюшы уәкілетті тұлғаларының істелген жұмысты (көрсетілген қызмет) қабылдап-тапсыру актісі бойынша мүлікті тапсыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс .

5.2.8. Көрсетілетін демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек сомасына салық және басқа міндетті төлемдер кіреді, олар Қазақстан Республикасының заңымен көзделген жағдайларда және тәртіпте есептелінеді және шегеріледі.

5.2.9. Ұйымға келіп түскен Өтінушілердің Іс-шаралар жоспарымен көзделмеген ағымдағы жылы демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету туралы жаңа жүгінулері Іс-шаралар жоспарында Резерв болған жағдайда ғана қарастырыла алады. Бұл ретте, Ұйымға ағымдағы жылдың 31 қазанынан кешікпей келіп түскен жүгінулер қаралады, осындай жүгінулерге демеушілік және қайырымдылық көмек бөлу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейді.

Қауырт жүгінулер Іс-шаралар жоспарында белгіленген Ұйым резервісінің шеңберінде Ұйымдармен дербес қаралады және қаржыландырылады.

5.2.10. Жаңа Жүгінулер ҚМГ саясатымен белгіленген демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудің қағидаттары мен негізгі басымдықтарына сәйкестігі алдын ала қаралады.

5.2.11. ҚМГ саясатының қағидаттары мен негізгі басымдықтарына сәйкес Жүгінулер осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес (KMG-F-1943.1-6/ PR-1942/1-6) жүгінулерді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігі мен толықтығы қаралады. Қажеттігіне қарай Жауапты бөлімше жетпеген құжаттар мен материалдарды қосымша сұратады.

5.2.12. Ұйым ҚМГ саясатымен көзделген жағдайларда демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініштен бас тартуға құқылы.

5.2.13. Осы Қағиданың барлық талаптарына сәйкес келетін, оның ішінде ЕТҰ-дан келіп түскен Жүгінулер ҚМГ Корпоративтік қорға құжаттың толық пакетін алған күнінен бастап, алайда, осы жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей 5 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

5.2.14. Жүгінулерді қарау нәтижелерімен қабылданған Қор шешімі ҚМГ ЕТҰ-ға Корпоративтік қор немесе Қордан алған күнінен бастап екі күндік мерзімде ЕТҰ-ның жауапты орындаушысының электрондық мекенжайына жұмыс тәртібінде жіберіледі.

Қор бас тартқан жүгінулер бойынша Өтінушіге тиісті хат белгіленген тәртіпте жіберіледі.

5.2.15. Қормен келісілген демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету осы Қағиданың 5.2.2. – 5.2.8. тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2.16. Қауырт жүгінулер бойынша қайырымдылық көмек көрсетілген жағдайда, Ұйым Корпоративтік қорға көрсетілген көмек мөлшері және жүгінудің және көмек көрсетілген сәтінен бастап 30 жұмыс күні ішінде Ұйымның орындаушысының тиісті шешімі көшірмесімен қоса, Алушы туралы ақпаратты жібереді.

5.2.17. Жыл ішінде функционалдық міндеттеріне Даму жоспарын қалыптастыру және мониторингі енетін Ұйымның (шығынға ұшырау) қызметінің келеңсіз нәтижелерінің болжамдарын Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен алған жағдайда немесе егер, белгіленген тәртіпте демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілсе, келеңсіз қаржылық нәтиже туындаса, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету, оның ішінде Іс-шаралар жоспарында көзделген айда алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Қажеттігіне қарай Өтініш берушілерге тиісті хаттар жіберіледі.

5.2.18. Ұйымның дамыту/бюджет жоспарына түзету енгізу шеңберінде ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей Шығыстардың жылдық жоспарын түзетуге рұқсат етіледі.

Шығыстардың жылдық жоспарын түзету кезінде Корпоративтік қорға Компаниямен шығыстарының қауырт түзетілген шоғырланған жылдық жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ Ұйым/Компанияны дамыту бюджетін/жоспарын түзету туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Іс-шаралар жоспарын түзетуге өтінім жіберіледі.

5.2.19. Жетекшілер ҚМГ-ға жетекшілік етілетін ЕТҰ-ның осы жылдың 20 қазанынан кешіктірмей ағымдағы жылдың іс-шараларының жоспарына түзетуге өтінімді ұсынуын қамтамасыз етеді, ҚМГ Корпоративтік қорға ағымдағы жылдың 25 қазанынан кешіктірмей ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына түзету жүргізуге өтінімді Корпоративтік қорға жібереді.

Осы жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын түзетуге рұқсат етіледі.


5.3. Демеушілік көмекті ақпараттық бедел-бейнелік сүйемелдеу
5.3.1. Демеушілік қызмет шеңберінде Ұйымның позитивтік бедел-бейнесін қалыптастыру функционалдық міндеттеріне ақпараттық беделдік саясатты іске асыру енетін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.

5.3.2. Демеушілік жобаларды ақпараттық бедел-бейне сүйемелдеу:

- Алушы жасасқан шартқа сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық тасығыштарда Ұйым қызметі және акциялардың демеушілігі және іс-шаралар туралы ақпаратты тарату;

- демеушілік көмек туралы шарт шеңберлерінде акция және іс-шаралар жүргізу кезінде және/немесе өткізілгеннің нәтижелері бойынша ұйымның веб-сайтында баспасөз релизін шығару;

- тұтастай Ұйымның демеушілік қызметі және іске асырылудағы демеушілік жобалар туралы жалпы ақпараттарды веб-сайтқа және Ұйымның ақпараттық саясатын ескере отырып, басқа бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

5.3.3. Осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес демеушілік көмек көрсету шеңберінде (KMG-F-2095.1-6/ PR-1942/1-6) Компания бедел-бейнесін жылжыту бойынша үлгілік біліктілік талаптарын ескеру арқылы ақпараттық және бедел-бейне саясатын іске асыру функционалдық міндеттеріне енетін Ұйымның құрылымдық бөлімшесі:

- Алушыларға демеушілік көмек көрсету туралы шарт шеңберінде Алушы өткізетін акциялар мен іс-шаралар барысында Ұйым логотипін немесе басқа жарнама-ақпараттық материалдарды ұсынады;

- Ұйым логотипін қолдану тәртібін және шарттарын әрі басқа да жарнама-ақпараттық материалдарды келіседі;

- осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес (KMG-F-2095.1-6/ PR-1942/1-6) Ұйымның бедел-бейнесін жылжыту бойынша үлгілік біліктілік талаптарын ескеріп, Алушы әзірлеген Ұйымның бедел-бейнесін жылжыту жөніндегі медиа жоспардың жобасын келіседі;

- аушының медиа жоспардың мониторингі және орындауын бақылауды, бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруын қамтамасыз етеді;

- Алушыдан медиа жоспарды іске асыру, іс-шараны жүргізу орнының фотографиясы және/немесе бейнесюжеті туралы есеп және өзге де қажетті ақпаратты сұратады;

- Ұйым үшін демеушілік көмекті көрсетуден PR-әсерін бағалайды;

- Жауапты бөлімшелерге (KMG-F-2097.1-6/ PR-1942/1-6) есебінің 2-бөлімін жасау үшін PR-әсері бойынша ақпаратты және Ұйымның бірінші жетекшісіне демеушілік және қайырымдылық көмекті іске асыру туралы жалпы ақпаратты ұсынады.
5.4. Демеушілік және қайырымдылық көмек құралдарының мақсатты шығысының мониторингі
5.4.1. Демеушілік және қайырымдылық көмек құралдарын мақсатты шығысының мониторингін жауапты бөлімше жүзеге асырады.

5.4.2. Жауапты бөлімше осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес (KMG-F-2096.1-6/ PR-1942/1-6) нысанында демеушілік немесе қайырымдылық көмек қаражатын мақсатты қолдану, сондай-ақ растайтын құжаттар көшірмелері туралы демеушілік және қайырымдылық көмек алушыдан ауызша немесе жазбаша түрде сұратады. Демеушілік немесе қайырымдылық жобалары шеңберінде ұсынатын және орындайтын тауарларды жеткізушілер және жұмыс пен қызметтерді орындаушылармен жасақан шарттар, істелген жұмыс/қызметтерді қабылдап-тапсыру актілері, сыртқа тауар/қорларды босатуға жүкқағаздары, банктің белгісі бар шот фактуралар, төлем тапсырыстары, басшылық бұйрықтары және демеушілік немесе қайырымдылық жобаны іске асыру мәселелері бойынша Алушылар органдарының шешімдері, жеке тұлғалардың қолы қойылған ақша беру тізімдемесі, аванс есептері мен басқа құжаттар бөлінген ақшаларды мақсатты қолдануды растайтын құжаттар болып табылады.

5.4.3. Демеушілік немесе қайырымдылық көмек туралы есеппен бірге Аушыдан мақсатты мәндерге (мақсаттарға) жетудің нақты көрсеткіштері мен дәрежелерін көрсетіп, демеушілік немесе қайырымдылық көмек қаражатын іске асыру шеңберінде жеткен нәтижелер туралы ақпарат сұратылады.

5.4.4. Қажеттігіне қарай демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуге арналған шартпен демеушілік (қайырымдылық) көмек қаражатын мақсатты қолдану мәселесі бойынша тәуелсіз аудитті белгіленген тәртіпте жүргізу көзделеді.

Тәуелсіз аудитті жүргізуге Ұйымның ішкі аудит қызметтері немесе белгіленген тіртіпте басқа аудиторлық компаниялардың аудиторларын тартуға болады.

Аудиторлық тексеру қорытындылары бөлінген қаражатты мақсатты жұмсау туралы есепке қосымша құжат ретінде қабылданылады және бұдан әрі шешімдер қабылдау үшін қолданылады.

5.4.5. Демеушілік немесе қайырымдылық көмек туралы есептерді тексеру есепті алған күнінен 2 ай ішінде Жауапты бөлімше жүзеге асырады.

Қажеттігіне қарай (шартпен тәуелсіз аудит жүргізу көзделмесе) тексеру жүргізуге қаржылық және/немесе заң бөлімшесінің мамандарын тартуға болады.

5.4.6. Демеушілік немесе қайырымдылық көмек алушының мақсатсыз қолдану фактілері анықталған кезде, оның қарастыруға қайта жіберген жүгінулері қабылданылмайды, бөлінген ақшалар мен ұсынылған мүліктері мақсатсыз қолдану көлемінде Қазақстан Республикасының заңымен және/немесе шартпен белгіленген тәртіпте қайтарылуға тиесілі.

5.4.7. Жосықсыз алушы және Алушының демеушілік немесе қайырымдылық көмек қаражаттарын мақсатсыз қолдану фактілері туралы ақпараттар Қор мен ЕТҰ –лардың демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету мәселелерін қарау кезінде тиімді шешімдер қабылдау мақсатында, оларға жіберіледі.


5.5. Есептілік
5.5.1. Жетекшілер белгіленген тәртіпте жетекшілік ететін ЕТҰ-ның ҚМГ-ге демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетудің шоғырланған көлемі туралы есепті, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес (KMG-F-2097.1-6/ PR-1942/1-6) нысаны бойынша қағаз және электронды тасығыштарда ұсынуды келесі кезеңділікте қамтамасыз етеді:

жартыжылдық – мерзімі осы жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей;

жылдық – мерзімі есептіктен кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.

5.5.2. ҚМГ Корпоративтік қорға демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсетудің шоғырланған көлемі туралы есепті осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес (KMG-F-2097.1-6/ PR-1942/1-6) нысаны бойынша қағаз және электронды тасығыштарда белгіленген тәртіпте келесі кезеңділікте ұсынады:

Жартыжылдық- мерзімі осы жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей;

жылдық – мерзімі есептіктен кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.

5.5.3. Ұйымның Демеушілік немесе қайырымдылық қызметті іске асыру туралы жалпы ақпараты есепті жыл ішінде аудиттелген қаржылық есепті ескергенде, Ұйымның бірінші басшысына есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынылады.
6. Процесс критерийлері
Процесс критерийлері осы Қағидамен белгіленген ақпаратты беру мерзімдері мен толықтығын сақтау болып табылады, сондай-ақ:

1. Заңды және жеке тұлғалардың демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін қарау және өтініш берушіге жүгінуді алған күнінен бастап 1 ай ішінде ауызша жауап жіберу;

2. Демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы шартты Алушымен Ұйымның атқарушы органының шешім қабылдаған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасасу;

4. Ақша қаражатын аудару немесе мүлік/тауарларды ұсыну - алушы төлем шотын ұсынған немесе шарт жасасқан күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

5. Мақсатсыз қолданылған қаражат (мүлікті) қайтару туралы Алушыға хабарлама - анықтаған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде жіберіледі;

6. Алушының мақсатсыз қолданылған қаражатын (мүлікті) қайтару –Алушыға хабарлама жіберілген күнінен бастап бес күн мерзімде жүргізіледі.


7. Құжатқа сілтеме


Қордың Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы №86 хаттамалық шешімімен бекітілген

«Самұрық-қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына енетін ұйымдардың (бұдан әрі - Қор саясаты) демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету саясаты,

ҚМГ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы «___» ______ №___хаттамасы шешімімен бекітілген

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету саясаты

Корпоративтік қордың Қамқоршы кеңесінің 5.12.2013 ж. №15/13 шешімімен бекітілген

«СК-Астана» корпоративтік қорының демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету Қағидасы

ҚМГ Басқармасының 04.09.2012 ж., №102 хаттамалық шешімімен бекітілген

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та іс жүргізу жөніндегі Қағида




  1. Жазба жазу нысаны




KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6

1-қосымша – Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар

KMG-F-1944.1-6/ PR-1942.1-6

2-қосымша – Келесі жылға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге өтінім

KMG-F-1945.1-6/ PR-1942.1-6

3-қосымша – Ұйым мен Алушы арасындағы демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы шарт

KMG-F-2094.1-6/ PR-1942.1-6

4-қосымша – Ұйым мен Корпоративтік қор арасындағы демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы шарт

KMG-F-2095.1-6/ PR-1942.1-6

5-қосымша – Ұйымның бедел-бейнесін жылжыту бойынша үлгілік біліктілік талаптары

KMG-F-2096.1-6/ PR-1942.1-6

6-қосымша – Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолдану туралы есеп

KMG-F-2097.1-6/ PR-1942.1-6

7-қосымша – Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетудің шоғырланған көлемі туралы есеп


  1. Блок-схема




Процеске ену болып табылады:

Заңды және жеке тұлғалардың демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы жүгінулері

Блок-схема

Іс-әрекет

Кім істейді

Жазба


1



Келесі жылға демеушілік көмек көрсету туралы жүгінулерді қарастыру




KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар

жоқнет



Көмек көрсету орынды ма және жүгіну ҚМГ саясатына 1 ай ішінде (5.1.1. т) сәйкес келе ме?

Жауапты бөлімше

KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар


иә

3





Жүгіну бойынша іс-шараны келесі жылдың ДҚК көрсетуге Өтінім жобасына енгізу. Жоспарланған кезеңге Бюджет/дамыту жоспары жобасын әзірлеу шеңберлерінде шығыстардың жылдық жоспарын қалыптастыру

(5.1.5-5.1.9.т)



Жауапты бөлімше

KMG-F-1944.1-6/ PR-1942.1-6 Келесі жылға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге өтінім


4



Ұйым басшылығымен Өтінімді бекітуі және Корпоративтік қорға 15 қарашаға дейін жіберу (5.1.10-5.1.15т)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1944.1-6/ PR-1942.1-6 Келесі жылға демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуге өтінім


5



Корпоративтік қордан Қор бекіткен Іс-шаралар жоспарын алу (п.5.2.1.)

Жауапты бөлімше







жоқ

иә



Өтінімде көзделген іс-шаралар бекітілген Іс-шаралар жоспарына енгізілді ме? (5.1.5 т)

Жауапты бөлімше





7



Алушыны бекітілген сома туралы хабардар ету, жаңартылған құжаттарды сұрату.

Жауапты бөлімше





8



Ұйымның атқарушы органы ДҚК көрсету туралы шешімдер қабылдауы (5.2.2 т)

Жауапты бөлімше





9



Алушымен ДҚК көрсету туралы шарт жасасу немесе Корпоративтік қормен ДҚП көрсету (5.2.3.-5.2.8.т)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1945.1-6/ PR-1942.1-6 Ұйым мен Алушы арасындағы демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы шарт

KMG-F-2094.1-6/ PR-1942.1-6 Ұйым мен Корпоративтік қор арасындағы демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсету туралы шарт




10



Демеушілік көмекті ақпараттық бедел-бейнелік сүйемелдеу, Алушының медиа жоспарды іске асыруының мониторингі (5.3.1.-5.3.3.т)

Ақпараттық бедел-бейнелік саясатты іске асыру бойынша құрылымдық бөлімше

KMG-F-2095.1-6/ PR-1942.1-6 Ұйымның бедел-бейнесін жылжыту бойынша үлгілік біліктілік талаптары


11



ДҚК қаражатын мақсатты қолдану мониторингі мен бақылау, алушы есептерін сұрату және тексеру (5.4.1.-5.4.5.) жобаны іске асырудан кейін 2 ай ішінде

Жауапты бөлімше

KMG-F-2096.1-6/ PR-1942.1-6 Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолдану туралы есеп


жоқ

иә



Алушы мақсатты қолдану бойынша ДҚК-ны қолданды ма, Алушы шарт талаптарын орындады ма?

Жауапты бөлімше

KMG-F-2096.1-6/ PR-1942.1-6 Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті мақсатты қолдану туралы есеп


13



Корпоративтік қорға есептік кезеңге есепті жіберу (.5.5.1.-5.5.3.т) жартыжылдық-20 шілдеге дейін, жылдық 20 ақпанға дейін

Жауапты бөлімше

KMG-F-2097.1-6/ PR-1942.1-6 Демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетудің шоғырланған көлемі туралы есеп


14



ДҚК-ны қайтарып алу талабы, қайта жүгінуді қараудан 5 күн ішінде бас тарту (5.4.6.-5.4.7.)

Жауапты бөлімше





15



Ағымдағы жылы 1 ай ішінде демеушілік көмек көрсету туралы жаңа жүгінулерді қарастыру (5.2.9.-5.2.10 т)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар


жоқ

иә



Резерв көзделген бе, ДҚК көрсету орынды ма, жүгіну ҚМГ (Қауырт жүгінулерден басқа) саясатына сәйкестене ме? .5.2.10.-5.2.12.т)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар


17



Жүгінуді корпоративтік қорға 5 қарашадан кешіктірмей жіберу (5.2.13.)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар


жоқ

иә



Корпоративтік қордан Қордың оң шешім алынды ма?

Жауапты бөлімше





19



ЖҚК көрсетудегі Өтінімшіге бас тартуды жіберу (5.1.3., 5.2.14.)

Жауапты бөлімше





жоқ

иә

иә



Ұйым резерві көзделген бе, Қауырт жүгіну бойынша ҚК көрсету орындыма және ҚМГ саясатына сәйкестене ме? (5.2.9.т)

Жауапты бөлімше

KMG-F-1943.1-6/ PR-1942.1-6 Жүгінуді толтыру және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар


21



ҚК көрсету туралы ақпаратты 30 күн ішінде корпоративтік қорға жіберу (5.2.16)

Жауапты бөлімше








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет