«Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді



Дата22.02.2016
өлшемі88 Kb.
#116

«ҚАЗПОЧТА» АҚ

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫ


БЕКІТІЛДІ

«Қазпочта» АҚ

Директорлар кеңесімен

2009 жылғы 10 сәуірдегі

№ 05/09 хаттама

«ҚАЗПОЧТА» АҚ

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫ

2009 жыл


Мазмұны


  1. Міндеті ………………………………………………………………….…......3




  1. Терминдер мен анықтамалар ………………………………………………....3




  1. Белгілер мен қысқартулар …………………………………………………..3




  1. Қолданыс саласы ……………………………………………………………..3



  1. Жалпы ережелер …………………………………………………………….......3




  1. Ақпараттық саясаттың қағидалары …………………………………........3




  1. Ақпараттық саясатты жүзеге асыру механизмі …………………….…..5




  1. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғалардың құзырлығы .................5





  1. МІНДЕТІ

1. «Қазпочта» АҚ Ақпараттық саясаты (бұдан әрі – Ақпараттық саясат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (бұдан әрі – Заңнама), «Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген.




  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

2. Ақпараттық саясатта төмендегі терминдер мен анықтамалар пайдаланады:



Ақпарат алушылар – Жалғыз акционер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қоғам қызметіне мүдделі тұлғалар, инвесторлар мен өзге тұлғалар.

Сәтті имидж – көпшіліктің оң пікірі, инвесторлар мен жұртшылық тарапынан сенімділікті нығайту.

Ақпараттарды ашу – мүдделі тұлғаларға Қоғам және оның қызметі туралы қажетті ақпараттарды уақтылы беру, Қоғаммен және ақпарат алушылардың арасындағы анық ақпараттық ағынды түзу.

Мәліметтер – Қоғам қызметі туралы таратылатын фактілер мен деректер.
3 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
3. Осы Ережеде төмендегі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
Қоғам «Қазпочта» АҚ

Жарғы «Қазпочта» АҚ Жарғысы

Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі
4 ҚОЛДАНЫС САЛАСЫ
4. Ақпараттық саясат барлық Қоғамға таратылады және Қоғамның әр құрылымдық бөлімшесінде қолданылады.
5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5. Ақпараттық саясат Қоғамның қызметі туралы ақпараттарды Жалғыз акционерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, Қоғам қызметіне мүдделі тұлғаларға, инвесторлар мен өзге тұлғаларға (бұдан әрі – бірігіп аталатын «Ақпарат алушылар») ашудың негізгі қағидаларын анықтайды.

6. Қоғамның қызметі туралы ақпараттарды ашу мақсаты ретінде Ақпарат алушыларға олармен сараланған шешімдерді қабылдау және (немесе) әрекеттерді жүзеге асыру, сонымен қатар Қоғамды ақпараттық ашықтық пен айқындылықты жоғарлату арқылы Қоғамның сәтті имиджін түзу үшін қажетті мәліметтерді ұсыну болып табылады.

7. Ақпараттық саясат Қоғамның сәтті имиджін құруға, оның актив құнын көбейтуге және инвестицияларды тартуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
6 АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
8. Қоғамның ақпараттық саясатының негізгі қағидалары болып табылатындар:


  • Тұрақтылық және уақытында;

  • Ашықтылық пен қолжетімділік;

  • Сенімділік және толықтылық;

  • Жеделдік;

  • Құпиялылық режимін сақтау;

  • Теңестіру;

  • Ақпарат алушылар құқығының теңдігі.

Ақпаратты тұрақты және уақтылы ашу қағидасы Заңнамамен, Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, осы Саясатпен және Қоғамның басқа да құжаттарымен (бұдан әрі – Қоғам құжаттары) қарастырылған, ақпараттарды ұсыну мерзімдерін сақтауға және жүйелілігіне қатысты Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Қоғам Ақпарат алушыларға ақпараттың тұрақты түрде берілу маңыздылығын негізделген шешімдерді қабылдауға және (немесе) әрекеттерді жүзеге асыруға тікелей қатысын білдіретін фактор ретінде ұғынады. Ақпараттар Заңнамамен, Қоғам құжаттарымен, белгіленген мерзімдерге сәйкес, сонымен қатар жағдайдың туындау шамасына орай оның маңыздылық дәрежесі бойынша және оны уақтылы көпшілікке жариялау бойынша беріледі.

Ақпараттардың ашықтылық және қолжетімділік қағидасы Қоғаммен ақпараттарды тарату тәсілдері Ақпаратты алушылар үшін мүмкін боларлық, еркін және жеңіл орындалатын таңдауды, сонымен қатар қызметтік, коммерциялық және өзге Заңнамамен қорғалатын құпиялы ақпараттарға қатысты құпиялылық режимді сақтау арқылы Қоғамның өзінің қызметі туралы ақпараттың барынша айқындылығын қамтамсыз ету ниетін білдіреді.

Сенімділік және толықтық қағидасы ашылатын фактіні немесе жағдайды растайтын және толық көлемде түсіну үшін жеткілікті болып табылатын ақпараттарды ұсыну жөніндегі Қоғамның жауапкершілігін білдіреді. Қоғам берілетін ақпараттың үшінші тұлғаларға бұрмаланбауын қадағалайды және осындай факті орын алған жағдайда бұрмалау және қателікті жою бойынша шараларды қабылдайды.

Заңнамаға сәйкес міндетті тәртіпте Қоғаммен ашылатын ақпараттардан басқа Қоғам өзінің бастамашылығы бойынша Қоғам қызметі туралы ақпараттарды Ақпарат алушылармен толық және анық түсіну мақсатында қосымша ақпаратты ашады.



Жеделдік қағидасы Ақпаратты алушылардың мүддесін қозғайтын фактілер мен жағдайларға байланысты Қоғам туралы ақпараттарды барынша қысқа мерзімдерде ұсыну, оның ішінде қажетті жағдайда тиісті шешімдерді қабылдау жөніндегі Қоғамның жауапкершілігін білдіреді.

Құпиялылық режимін сақтау қағидасы қызметтік, коммерциялық және Заңнамамен қорғалатын өзге құпиялардан тұратын ақпараттарды Заңнамамен және Қоғам құжаттарымен анықталған құралдармен және тәсілдермен сақтауға және қорғауға қатысты Қоғамның жауапкершілігін білдіреді.

Теңестіру қағидасы Қоғаммен Ақпарат алушылардың құқықтарын барынша жүзеге асырылуын қамтамсыз ету мақсатында, бірақ Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе Заңнамамен қорғалатын құпиялардан тұратын ақпараттарға қолжетімділікті шектеу бойынша Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін қатаң сақтау талабымен бір тараптан ашықтылық пен айқындылықтың, екінші тараптан құпиялылықтың ақылды теңестіруін қамтамасыз етуді білдіреді.

Ақпарат алушылар құқығының теңдігі қағидасы Қоғамның өзінің мүдделерін қозғайтын Қоғам және оның қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігіне қатысты Заңнамамен және Қоғам құжаттарымен белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес барлық Ақпарат алушылардың құқықтарын сақтауын білдіреді.

9. Ақпараттарды ашу тәртібі Ақпарат алушыларға ақпараттарды ашу мәселелерін регламенттейтін, Қоғамның бөлек ішкі құжаттарында анықталады.

10. Ақпараттық саясатты Қоғамның Директорлар кеңесі анықтайды.
7 САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
11. Қоғамның Ақпараттық саясатын жүзеге асыру үшін:

1) Заңнаманың, Жарғының, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің және ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес міндетті тәртіпте ашылуға жататын ақпараттарды (мәліметтерді) есепке алуды жүргізеді;



2) Қоғамның ақпараттық айқындылық пен ашықтықты жоғарлату мақсатында Қоғаммен қосымша түрде ашылатын ақпараттардың (мәліметтердің) тізбесін анықтайды;

3) Қоғаммен ашылатын ақпараттарды Ақпарат алушыларға ашу тәртібін белгілейді;

4) жариялануы (берілуі, сыртқа шығуы) Қоғамның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін болатын, Қоғамның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін анықтайды және коммерциялық құпиялардың сақталуын қамтамсыз етуіне мүмкіндік туғызатын қажетті шараларды белгілейді;

5) Қоғам туралы ақпараттарды төмендегілер арқылы таратуды және пайдалануды бақылау жүйесін белгілейді:

- ақпараттарды тарату тәсілін, үлгісін және тәртібін анықтау;

- ашылуға жататын ақпараттарды дайындауға және таратуға жауапты тұлғаларды анықтайды;

6) Қоғам туралы ақпараттың тиісті түрде ашылуын және құпиялы ақпараттың сақталуын қамтамсыз ететін Қоғам органдарының, лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлердің құзырлығы мен жауапкершілігін анықтайды.

8 ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫ

12. PR бөлімі Ақпараттық саясаттың әзірленуі жауапты.

13. Қоғам туралы ашылатын ақпараттың толықтығы мен сенімділігіне жауапты өз құзырлығы шегіндегі Қоғам органдары болып табылады.

14. Басқарма Ақпарат алушыларға Қоғам туралы ақпараттар мен есептілікті уақтылы ұсынылуын ұйымдастыру жауапкершілігін тартады.



15. Қоғамның лауазымды тұлғаларымен және жұмыскерлерімен ақпараттарды ашу Заңнамамен, Жарғымен, Ақпараттық саясатпен және Қоғамның басқа құжаттарымен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет