Сабырлық пен еркіндік: – «Жартас сияқты бол: толқын оны үздіксіз ұрады,
ал ол болса асау толқындардың соққысына қарамай қасқайып тұрғандықтан,
оның айналасындағы тулаған толқын басылады».
Марк Аврелийдің ұғымы бойынша, әлем керемет, тек жамандық
Құдайдың әлемдік жоспарына кіреді. Бірақ біз оны қалыптасқан әлемдік
тәртіпке жатқызғанда, ол жаман болудан қалады, қалыптасқан құбылыс
іспеттес: «Бәрі бір-бірімен байланысты, барлық жерде Құдайшыл байланыс,
басқаларына бӛтен болып кӛрінетін нәрсені табу ӛте қиын». Аврелий былай
деп түйіндейді: «Мен табиғатқа сүйене қадам басам, құлап-сүрінбей жүріп
табиғаттан алғанымды қайтарғанда ғана дем аламын». Оның ұғымында адам
ақылды, ғұлама, саналы, еркін. Ол үшін адамның бақыты – табиғатпен,
Құдайдың еркіндігімен ӛмір сүру. Стоиктердің ғұламалары үміт беруден гӛрі
тіршілікке кӛнбістікке кӛбірек шақыратын. А.С. Пушкин стоиктерге
қызығатын, олар идеалистік ӛмір туралы «Әлемде бақыт жоқ, бірақ
тыныштық пен еркіндік бар» деп керемет сӛз айтып кеткен.
Христиандық пайда болмас бұрын стоицизмде мистицизм мен діни
ағымдары пайда болды, кейбір стоик-философтар оның саналы істің жүру
бағытында қолдану деп біледі. Стоиктердің ойы бойынша, философияның
мақсаты табиғат заңдарын бағындыра білу үшін түсіну деп қабылдады.
Стоицизм бойынша, дана адам дегеніміз – оқыған-тоқығаны кӛп адам емес,
табиғатқа сай заңдармен ӛмір сүре білетін, дұрыс шешім қабылдай алатын
адам болып табылады. Құштарлық сӛнеді, ал философ ӛмірдің ізгі қалпына
демек, құштарлықсыз ӛмірге жақындай түседі.
Адам ӛзінде тӛрт түрлі жақсы қасиетті ӛсіру қажет: әділдік, асқақ
абырой, ӛзін-ӛзі бақылау, шыншылдық. Мұның бәрі саналы ӛмірдің шегін
құрайды және осы қасиеттердің біреуі жоқ болса, сәтсіздікке әкеп соғады.
Сол кездің критик стоиктері діни ағымнан, Құдайдан армандарының
орындалу мүмкіндігін күткен. Олар кӛне Грек және Рим мәдениетінінің
дәстүрлі аумағын даттап, саналы сезімнің әмбебаптығын қоштап, ӛздерін
Достарыңызбен бөлісу: |