Б. К. Далибаев 2 жыл магистранты



Дата29.06.2016
өлшемі74.24 Kb.
#164981
Б.К. Далибаев

2 жыл магистранты

Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында апелляцияның екі түрі – толық және толық емес түрлері қарастырылған. Бірінші түрі Францияның, Италияның заңнамаларында бекітілген. Ал, екінші түрі, Австрияның, Германияның заңнамаларында бекітілген. Апелляцияның әрбір түрі өзіне тән бегілерді иеленеді. Бұл белгілерді толығырақ қарастыру қажетті. Өйткені апелляцияның қай түрі қазақстандық апелляциялық өндіріске қажетті екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Толық емес апелляция іске қатысушы тұлғаларменене ұсынылған іс жүзіндегі мән-жайлардың негізінде бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарау түрінде болады. Жалпы ереже бойынша толық емес апелляция толық апелляция апелляциялық сотта істі қарау кезінде жаңа фактілерге немесе мәлімдемелерге сілтеме жасауға жол берілмейді. Бірақ, кейбір белігілі бір жағдайларда жаңа дәлеледемелерге жол берілуі мүмкін. Толық емес апелляция кезінде заңменен бекітілген жағдайларда істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға және шешім шығаруға қайтарылуы мүмкін. Мұндай ереже Германияның, Австрияның апелляциялық өндірісінде орын алған.

Толық апелляция кезінде іске қатысты тұлғалар апелляциялық сотта қарастырылып жатқан фактілер мен дәлеледемелермен қатар жаңадан фактілер мен дәлеледемелер ұсынуға рұқсат етіледі. Аталған жағдайда апелляцияның мақсаты сотпенен жіберілген қатені түзеп қана қоймау, сондай-ақ тараптардың еркіменен немесе еркінен тыс жіберілген қателерді түзету болып табылады. Толық апелляция ережелері бойынша әрекет ететін соттар апелляциялық шағымды қараған кезде бір істі жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарып беруге құқығы жоқ. Сондай-ақ іс бойынша өздері шешім шығаруы тиіс.

Тағы атап кететін жайт, 1864 жылғы ресейдің Азаматттық сот өндірісі уставын қабылдау кезінде заң шығарушы толық емесе апелляцияны бекітуді болжамдаған. Бұл іс-әрекетін келесі де жағдайлармен түсіндірген. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы өндіріспен бөтендерден тазартылған. Істің мән-жайына жатпайтын даудың пәнін берілген апелляция талап ететін көлемде қараған. Және бұл жерде тараптардың қатынастары қандай болуы қажет деген және олардың даулары қалай шешілуі қажет деген мәселелер қарастырылмауы тиіс. Тек қана бастапқы шешімнің дұрыс еместігі туралы апелляция беруші тұлғаның ұсынған дәлелдемелерін негізділігі қарастырылған [1, 369 б.].

А.К. Рихтер, А.А. Верещагиннің пікірлері бойынша толық емес апелляция туралы идея тәжірибиемен өзгертілген. Ол заң шығарушының бұл көзқарасын жоққа шығарып, апелляциялық өндірісті тараптардың арасындағы даулы қатынастарды мәні бойынша екінші рет қарайтын сатыға айналдырылған. Яғни практикада толық апелляция жүзеге асырылған. Бұл тәжірибиеге сәйкес бірінші сатыдағы шығарылған шешім апелляциялық өнідіріс кезінде жоққа шығарылады. Және даулы талаптар бойынша тараптардың қатынастарын қайта қарай отырып апелляциялық сот өзінің шешімін бірінші сатыдағы соттың шешімімен теңестіріп, шағымдалған шешімді бекіту немесе жою немесе өзгерту туралы шешім қабылдайды [2, 20 б.].

Осылай істі толық немесе толық емес апелляция тәртібімен қарау ажыратылады.

Толық емес апелляция кезінде апелляциялық соттағы өндіріс жазбаша қағидасына артықшылық бере отырып ауызша және жазбаша қағидаларын үйлестіре отырып қарастырады. Тараптардың апелляциялық сотқа келуі міндетті емес. Өйткені іс жазбаша актілердің енгізгенде шешіледі. Атап айтқанда, апелляция мен оған берілген түсініктеме апелляциялық сот мүшесінің баяндамасында мазмұндалады. Бірақ, егер тараптар сот отырысына келсе, ауызша сөзбе сөз сайыс кезінде олар апелляциялық сотқа берілген жазбаша актілерден олармен көрсетілген мән-жайларменен, дәлелдемелерге сілтеме жасай алады. Сот баяндамасынан кейін қандай да бір жазбаша актілерді көрсетілмеген жаңа сілтемелерге жол берілмейді. Өйткені бұл баяндамалардың мәнін және өндірістің жазбаша тәртібін бұзар еді. Осыған байланысты жаңа дәлелдемелер және мән-жайлар деп бірінші сатыдағы сотпенен көрсетілмеген немесе қарастырылмаған дәлелдемелер мен мән-жайлар табылады. Оларды растау үшін сот отырысының хаттамасы толтырылады.

Толық емес апелляцияны белгілеу А.К. Рихтердің пікірі бойынша екі мақсатты көздейді: біріншісі, іс өндірісі бойынша апелляциялық соттарды артық жұмыстардан босату. Жоғарғы сотта істің мән-жайларын екінші рет қарау қажеттілігін жою. Екінші - істе қатысушы тұлғаларды алыстағы соттарды істі жүргізу бойынша артық ауыртпалықтармен шығыстардан босату [2, 20 б.].

Толық апелляция кезінде апелляциялық сот істің іс жүзіндегі жағын толық көлемде қарайды. Яғни, бірінші сатыдағы сот сияқты істің мән-жайларын зерттеу, дәлелдемелерді бағалау бойынша іс-әрекеттер жүргізеді. Аталған жағдайда іс бойынша екінші рет жаңадан қарау орын алады. Апелляциялық өндіріске қатысушылар жоғарыда аталғандай жаңадан іс жүзіндегі берілгендерге сілтеме жасау мүмкіндігіне жаңа тұжырымдармен түсініктемелер келтіру мүмкіндігін иеленеді. Бірінші сатыдағы сотта іс әрқашанда толық және жан-жақты қарала бермейді. Әртүрлі қателіктерді сотта іске қатысушы тұлғалар да жібереді. Толық апелляция кезінде істі қарау іске қатысушы тұлғаларға олармен жіберліген қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді және апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну құқығын пайдалану арқылы өздерін қорғауды жүзеге асырады. Осыған байланысты тараптар өзінің ісін тиісті дәрежеде түсіндіру туралы аз қамданады [3, 55 б.].

А.К. Рихтер және К.И. Малышев дұрыс атап өткендей апелляциялық сотқа алғаш рет даулы істің іс жүзіндегі мәні туралы басқаша көзқарас тудыратын елеулі жаңа фактілермен дәлелдемелер ұсынуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осының нәтижесінде апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің дұрыстығын тексеруді және сотпенен сондай-ақ тараптарменен жәіберліген қатені түзету орнына осы жаңа мән-жайларды негізінде істі қайта қарауы мүмкін. Бұл бір іс бойынша іс жүзіндегі мән-жағдайларды әртүрлі мазмұндауға байланысты екі жеке шешім шығаруға соқытру мүмкін. Бұл жерде апелляциялық сот жаңа мән-жайлдар негізінде істі жеке шеше отырып, бірінші сатыдағы сот сияқты қателер жіберуде сақталмауы мүмкін. Осының нәтижесінде осы екі шешімнің қайсысы дұрыс деген сұрақ туындайды. Бұл жағдайда дұрыс сот кепілі ретінде апелляция өзінің мәнін жоғалтады [2, 14-15 бб.].

Осы жерден қазіргі қазақстандық сот өндірісіне апелляцияның қай түрі тиімді деген сұрақ туындайды.

Толық апелляцияны бекіту және қолдану келесідей кемшіліктерге әкеліп cоқтыруы мүмкін: бірінші өндірістің баяулылығына. Өйткені, іс бойынша жаңа дәлелдемелерді зерттеу белгілі бір уақытты қажет етеді. Екінші, дәлелдемелерді тікелей зерттеуге мүмкіндіктің болмауына, өйткені белгілі бір дәлелдемелерді тікелей қабылдап және зерттеу мүмкіндігін иеленбей апелляциялық сот көп жағдайда бірінші сатыдағы соттың хаттамаларын зерттейді. Үшінші, апелляциялық сотта өздерінің талаптарын қорғау үшін тараптардың қатысу қажеттілігін тудырады. Бұл оларды белгілі бір шығыстарға әкеп соқтырады.

Апелляциялық соттарда толық апелляцияны қолдану нәтижелері туралы 1884 жылы Н. Гоняевпен жасалған қорытындыға назар аудару қажет. Оған сәйкес дауласушылар даулы істер бойынша бірінші сатының шешімдеріне бей-жай қарауға үйреніп алған. Олар алдын-ала өздерінің үміттерін осы шешіммен шет жерлерге бағыттайды. Және негізгі күштерін апелляциялық сатыға сақтап қалады. Бұл бірінші сатыдағы соттарға теріс ықпал етеді және оларды өздерінің құқықтарыменен борыштарына деген көзқарасын әлсіретеді [4, 41 б.].

Сондай-ақ елдің аумақтық, көлікті, экономикалық жағдайларын ескеру қажет, өйткені бұл жағдайлар жоғары сотты істі қарауға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал соңғыларына дәлелдеу процесін және істің іс-жүзіндегі мән-жайларын анықтауды қамтамасыз етеді [5, 63 б.].

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, қазақстандық апелляциялық өндіріске толық емес апелляция сәйкес келеді. Оны белгілеу үшін бірқатар жағдайлар ескеру қажет. Атап айтқанда, бірінші сатыдағы соттағы сот отырысына тиянақты түрде дайындалу үшін тараптар мезгілінде сауатты түрде негізделген апелляциялық шағым жасауы үшін соттардағы істердің өндірісін заңгерлердің, адвокаттардың белсенді қатысулары арқылы құруы қажет. Заңгерлердің істі жүргізуге қатысуын пайдалылығына қарамастан бұл жағдай заң жүзінде бекітілмеген. Өйткені ол үшін тараптар қосымша шығындарға ұшырайды. Ал бұл сотпен қорғану қағидасын бұзады. Екінші, егер қандай да бір себептермен тараптардың біреуі немесе екі жақта процеске заңгердің көмегінсіз өз бетімен қатысса, сайыскерлік қағидасына сәйкес сот қажетті жағдайларда шешімді шығару үшін барлық қажетті мән-жайларды өздерінің талаптарын дәлірек түсіндіруін көмек көрсетуге құқылы. Бұл жағдай істі жан-жақты зерттеуді және әділетті шешім шығаруды қамтамасыз етеді. Үшінші, бірінші сатыдағы сотты істің мән-жайлары бойынша тараптардың барлық түсініктемелері мұқиятты түрде хаттамаға енгізілуі тиіс. Осы жағдайда жүзеге асырған жағдайда ғана қандай мән-жайларменен дәлелдемелердің жаңа екендігін анықтауға болады. Бірінші сатыдағы соттың назарынан тыс қалған мән-жайлар немесе дәлелдемелерді анықтаған жағдайда бұл дәлелдемелер мен мән-жайлар жаңа деп танылып, апелляциялық сатыда істі қараған кезде қолданылуға жіберілуі тиісті. Осы аталған жағдайларды орындалмаса толық емес апелляцияны қолдану апелляциялық соттарға жүгінуші тұлғалардың құқықтарына теріс ықпал тигізуі мүмкін.



Пайдаланылған дерек көздері
1 Васьковский Е.В. Учебник гражданского процесса. М., 1977.

2 Рихтер А.К. О полной и неполной апелляции. Журнал Министерства Юстиции. СПб., 1907, №3.

3 Борисов Е.А. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе. «Городец». М., 1997

4 Гоняев М. О праве тяжущихся представлять новые доказательства в апелляционную инстанцию. СПб., 1984.



5 Лесницкая Л.Ф. Пересмотр решений в кассационном порядке. М., 1974.

Резюме
В данной сттье рассматривается виды апелляции в гражданском процессе, а именно полная и частичная апелляция.
Summary
This article discusses the types of appeals in civil proceedings, namely the complete and incomplete appeal.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет