Мұғалімдерді аттестаттау тест сұрақтары
Қазақ тілі
1-нұсқа
1. Берілген сөздердің ішінен синоним сөздерді белгілеңіз.
A) Қамық, қамыр, қамыт, қамыс.
B) Кенет, күрт, тосын, оқыс.
C) Қурақ, қусақ, қусын.
D) Кең дала, кең бөлме, кең үй, кең көңіл.
E) Сергек сана, малды сана, саналы адам.
2. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қабырғаңмен кеңес.
B) Қабырға газеті.
C) Қабырға сағаты.
D) Қабырғасы қайысты.
E) Жылқының қабырғасы.
3. Омоним сөзді белгілеңіз.
A) Көз.
B) Жақ.
C) Мұрын.
D) Түп.
E) Бет.
4. Айтылуда өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.
Пішпек шаһарынан Прежевальск шаһарына тура жүріпті.
A) Тура
B) Пішпек
C) Шаһарынан
D) Жүріпті
E) Прежевальск
5. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзге қосымшаның дұрыс жалғанған түрін анықтаңыз.
A) Жұмагазинге.
B) Бояубаевті.
C) Сейфуллинаға.
D) Ережеповқа.
E) Жұмабаевке.
6. Сөйлем ішінен қысқарған сөзді табыңыз.
A) Жап-жас Әсемгүл тамаша баяндама жасады.
B) Мирас он килограмм ұн алды.
C) Жанар - қаладағы педколледждің екінші курс студенті.
D) Ешбір елге күш көрсетпей, тыныш жатқан елміз.
E) Сырым батыр халықтың аса қадірлі адамы болған екен.
7. Орфографияға сай жазылған қысқарған сөзді табыңыз.
A) Педколледж-ге.
B) Кг нан.
C) АҚШ-ның.
D) ТУ-154-пен.
E) ҚХРна.
8. Туынды сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Нулы ормандарда кездесетін дәрілік шөптерді теру керек.
B) Тізеңнен сүрінсең де, тіліңнен сүрінбе.
C) Сәрсенбек ұрылардың қайда тығылғанын тез тауып алады.
D) Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ештеңе жоқ.
E) Жаным-ау, айың оңыңнан тусын!
9. Күрделі сын есімді табыңыз.
A) Балалы-шағалы.
B) Адал жар.
C) Әке-шешесі.
D) Әдемілеу.
E) Қара көйлек.
10. Топтау сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүздеп, мыңдап.
B) Қырық-елудей, жүз-жүздеген.
C) Жиырма бестен, бес-алтыдан.
D) Екіден бір, үштен екі.
E) Жүз шамалы, жүзге тарта.
11. «Оқитынмын» етістігінің шақ түрін анықтаңыз.
A) Ауыспалы өткен шақ.
B) Ауыспалы осы шақ.
C) Жедел өткен шақ.
D) Бұрынғы өткен шақ.
E) Болжалды келер шақ.
12. Етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайтын есімшені табыңыз.
A) –ып, -іп, -п.
B) –атын, -етін, -йтын,-йтін.
C) –ғалы, -гелі,-қалы,-келі.
D) –қан, -кен,- ған,-ген.
E) –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек.
13. Жіктелмейтін көсемше жұрнағын табыңыз.
A) – атын, - етін, - йтін.
B) – ғалы, - гелі, - қалы, - келі.
C) – а, - е, - й.
D) – мақ, - мек, - бақ, - бек.
E) – ып, - іп, - п.
14. Есімшені белгілеңіз.
A) Күтіс.
B) Көрмес.
C) Жазыс.
D) Сөйлес.
E) Жуыс.
15. Ауыспалы осы шақта тұрған етістігі бар сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Ертегі айтпақшы.
B) Ертең тест тапсырамын.
C) Тест тапсырамын.
D) Астананы көріпті.
E) Жұмыстан қалып қойдым.
16. Күрделі үстеуі бар қатарды табыңыз.
A) Жоғары-төмен, ендігәрі.
B) Тысқары, әрең-әрең.
C) Бет-бетімен, бұлақтайын.
D) Айтып-айтпай, шалқасынан.
E) Таңертең, ұзынды-қысқалы.
17. Мөлшер үстеуін табыңыз.
A) Әдейі, мұнша.
B) Бірталай, ақырын.
C) Әлгінде, нағыз.
D) Анағұрлым, лажсыздан.
E) Қыруар, неғұрлым.
18. «Туралы», «сияқты» шылауларының түрін анықтаңыз.
A) Нақтылау мәнді жалғаулық шылау.
B) Себеп-салдарлық шылау.
C) Демеулік шылау.
D) Шартты қатынастағы шылау.
E) Септеулік шылау.
19. Септеулік шылауды табыңыз.
A) Бүгінгі мәңгі достықтың терең тамыры әріден басталыпты-ау.
B) Жылы сөзі мен жақсы лебізін сездіріп оған хат жазды.
C) Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі шытқыл аяз.
D) Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
E) Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар, қалан.
20. Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Кітаптан үйрен.
B) Ұқыпты оқушы.
C) Біздің үй.
D) Мен оқушымын.
E) Ертең келеді.
21. Одағай сөздердің қатысуымен жасалатын сөйлем түрін көрсетіңіз.
A) Сұраулы.
B) Лепті.
C) Бұйрықты.
D) Ешқандай.
E) Хабарлы.
22. Жетек сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді белгілеңіз.
A) Сен тамақ іштің бе?
B) Үйде кімдер бар?
C) Кітапты оқыдың ба?
D) Біздің сынып ше?
E) Қашан келдің?
23. Қосарлы айқындауышты белгілеңіз.
A) Күлгін түс.
B) Әсем өмір.
C) Байсал қарт.
D) Кең дала.
E) Жүрек жұтқан.
24. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Жүз алпыс-жүз жетпіс.
B) Ол ата-анасынан ерте айырылды.
C) Оның аты жүйрік-ақ екен.
D) Астық - біздің байлығымыз.
E) Бірінен-бірі озды.
25. Тура толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Саяхатшылар түс ауа жолға шықты.
B) Өз баласын танымай қалды.
C) Туған жерге жер жетпейді.
D) Бүгін күн суып кетті.
E) Отан – оттан да ыстық.
26. Оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын көрсетіңіз.
Ендігі күресетіндер - Қыпшақ пен Керей, Керей мен Уақ – ағайындас.
A) Баяндауыш.
B) Анықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Бастауыш.
27. Толымды сөйлемді табыңыз.
A) Амал не, көнуге тура келді.
B) Енді сақ бол.
C) Ауа райын зерттеп жүр.
D) Өтірік сөз өрге баспайды.
E) Қайдан келесің?
28. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жолдастық – достыққа жеткізеді.
B) Ол кезде бала Ахмет он үш жасар еді.
C) Астана қаласы көркейіп келеді.
D) Білгендеріңді басқаларға да үйретіңдер.
E) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
29. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Суда қалғандарын қуалай түсеміз.
B) Онда қудалай беріп керегі не.
C) Абайдың да ішек-сілесі қатып еді.
D) Оны түсініп болмайды.
E) Амал не, көнуге тура келеді.
30. Талғаулы салалас сөйлемді ажыратыңыз.
A) Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі сары аяз.
B) Ақшаны созған қолды қайта итерді, әрі басын шайқады.
C) Сөзі орамды, әрі түрі жат және әдепті.
D) Күн біресе жарқылдап, біресе шартылдап үрей қалдырмады.
E) Я мен түк түсінбеймін, я осылар түк түсінбейді.
31. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.
A) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді.
B) Жел ауаны тазартсын, – дауыл боп құтырмасын.
C) Тұрмыс жақсы болу үшін, жалақы көп болуы тиіс.
D) Бұлар ауылдан аттанарда, екі жігіт соларға қарай шаба жөнелген еді.
E) Көсеу ұзын болса, қол күймес.
32. Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемді белгілеңіз.
A) Дала суық болғандықтан, балалар қалың киініп, отырғандар үнсіз келісе, аттар қос-қостан жегілді.
B) Басы салбырап, көзі жансызданып, кінәлі екендігін мойындаған Мақсат төмен қарап отыр.
C) Асқар мен Ержан, Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.
D) Әйел ана атанса, адам азамат атанса, ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма?!
E) Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
33. Оқшау сөздердің қай түрі бар, табыңыз.
Бәрекелді, өзің әнші екенсің ғой, қарағым!
A) Қыстырма, одағай.
B) Қаратпа, қыстырма.
C) Одағай.
D) Одағай, қаратпа.
E) Қаратпа.
34. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) –« Алма, сен жақсы салдың еске!»– деді Жанат, «есіне жаңа түскендей».
B) – Алма, сен жақсы салдың еске, – деді, Жанат, есіне жаңа түскендей.
C) – «Алма, сен жақсы салдың еске!» – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.
D) – Алма, сен жақсы салдың еске! – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.
E) – Алма, сен жақсы салдың еске!, – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.
35. Қате жазылған тыныс белгісін анықтаңыз.
A) 30-40.
B) 10-сынып.
C) XXІ-ғасыр.
D) 21-ден.
E) Телефон-автомат.
36. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгіні анықтаңыз.
Дәу жігіт-ау, бұл заман не боп барады
A) Сұрау белгісі.
B) Леп белгісі.
C) Леп белгісі және сұрау белгісі.
D) Сұрау және леп белгісі.
E) Нүкте.
37. Үтір қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
A) Тәйт ондай сөзді айтпа.
B) ХІХ ғ қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі -Д Бабатайұлы.
C) Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы.
D) Жүрегім ойбай соқпа енді.
E) Жәке аттарды тынықтырып суарып таң асырып дегендей.
38. Реквизиттің жазылуына қойылатын талаптар неде айтылатындығын көрсетіңіз.
A) Ғылыми еңбектерде.
B) Мемлекеттік нұсқауларда.
C) Ауызекі сөйлеу тілінде.
D) Роман-хамсаларда.
E) Повесть, поэмаларда.
39. Стильдің анықтамасын табыңыз.
A) Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі.
B) Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім.
C) Жазу мәдениеті, көне сөздерді қолдану тәсілі.
D) Лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік мақсатқа сай құрылған түрі.
E) Ауызша сөйлеу әдебі.
40. Көне Рим шешені М.Т.Цицеронның әйгілі сөзін табыңыз.
A) «Шешенді – кісінің өнері»
B) «Ақын болып туады, шешен болып шығады»
C) «Шешендіктің парызы – шындықты айту»
D) «Сөзге сақ болу – шешендіктен де асқақ»
E) «Шешендік – ақылмен билеу өнері»
Достарыңызбен бөлісу: |