Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3)жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының лауазымдық жалақысы :
-
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Бөлтірік Шешен көшесі 7а үйі, анықтама телефоны: 8 (7262) 54-60-24, факс: 8 (7262) 54-60-21, e-mail: b.akhmetova@mzsr.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1.Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдістемелік және бақылау бөлімінің бас маманына, 2 бірлік
Функционалдық міндеттері: Медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің шешімдеріне шағымдану бойынша тұлғаны қайта куәландыру. Медициналық әлеуметтік сараптау бөлімдерінің мамандарына сараптау шешімі мәселелері бойынша кеңес береді. Департамент басшылығының белгілеуімен өзге де өкілеттікті жүзеге асыру.
2.Мүгедектік себебін, тобын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалту дұрыстығына бақылау. Ауру – мүгедектерді куәландыру актілерін ресімдеудің дұрыстығына бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім: жалпы медицина саласындағы (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.
-
№3 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманына, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: мүгедектіктің тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім: жалпы медицина саласындағы (жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу; мемлекеттік және ресми тілдерді білу және компьютерде жұмыс істей білу.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады; әңгімелесуді өткізу орны: Тараз қаласы, Бөлтірік Шешен көшесі, 7а-үйі, 302-кабинет.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |