Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар



Дата09.06.2016
өлшемі94.5 Kb.
#126043
Т.Рысқұлов ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-R-1 санаты үшін: білім - жоғары;

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



Е-G-3 санаты үшін: білім - жоғары;

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары




Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

тенгеден бастап

тенгеге деін

1

Е-R-1

142412

192382

2

Е-G-3

69957

94108


Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі №75 үй, каб.№ 220, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699,

электрондық почта: ryskulov_akimat@mail.ru


  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1, кадрлық № 04-10-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Барлық меншікті құрылыс, жолаушылар тасымалдау, жол жөндеу кәсіпорындармен бірлесіп, өзара іс қимылдар жасау. Тұрғын үйлері мәселелерінің шешілуін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын,функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-15-4, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Жалпыға бірдей әскери міндеттілер және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды барлық міндеттілерді және әскерге дейінгілердің толық әскери есепке алуға жауапты, ауылдық округ көлемінде «Жалпы әскери міндетті және әскери қызмет туралы» заңның орындап, бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкімет актілерін аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы - ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғалымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

3. Көгершін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-09-03)

Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің статистикалық және бухгалтерлік есептерін жүргізу, штаттық кесте жасау, экология, әлеуметтік, табыс салығы туралы есептер беріп тұру, негізгі құралдардың тауар-материалдық құндылықтардың, мүліктердің есебін жүргізу, банк, қаржы бөлімімен, мемлекеттік кірістер департаментімен комитетімен жұмыстарды ұйымдастырады. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды, құжаттардың уақтылы, сапалы орындалуына бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы - экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

4. Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-02-3)

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады, ауызша және жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу және орындалу мерзімін ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді, ауыл жиындары мен көше жиындарының хаттамаларының дайындалуын ұйымдастырады, ауыл тұрғындарының сұраныстарына қарай анықтамаларды беруді ұйымдастырады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-111 заң күші бар жарлығының орындалуын және арыз-шағымдардың уақтылы бақылаудан алынуын жүргізеді( №1-ОЛ, «Айқын» жобасының есебін жүргізеді). Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындап, қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы - ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

5. Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, № 05-03-4)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Есеп айырысу, есеп жүргізу жұмыстарын статистика бөліміне, салық бөліміне, табыс салықтарын және зейнетақы салымын, тоқсандық есеп беру жұмыс тарын істейді. Барлық бухгалтерлік есепке және аймақ бойынша салық төлемдерінің орындалуына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы.

Мамандығы - ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

6. Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, № 05-04-4)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Көпшілік жиындарын ұйымдастырып, хаттамаларын дайындайды. Округке қарасты елді мекендердегі адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын мерзімінде орындау, жануарлардың экзоотиялық аурулары тіркелген жағдайда, аймағын анықтап толық мәлімет беру. Ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелуін, карантинде ұсталуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы - ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

7. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, № 05-08-04)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді. Көпшілік жиындарын ұйымдастырып, хаттамаларын дайындайды. Көріктендіру–көкалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне жауапты. Ауылшаруашылығы жануарларының тіркелуін, карантинде ұсталуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы.

Мамандығы - ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе маркетинг немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

8. Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, № 05-11-03)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Жәрмеңке, кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүргізеді. Округ аумақтарында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімінде орындау, елді мекен аймақтарында санитарлық тазалалық жұмыстарын ұйымдастыру. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын қадағалап, үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы - ветеринариялық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;


2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет