Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы


Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт



бет21/44
Дата20.05.2022
өлшемі0.51 Mb.
#458327
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
1159 jarmakin o. kh. magzumov kh.b matin lingvistikasi filologiya mamandikhtarinin studentterine arnalgan okhu khurali

Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт

Ретроспекция (лат. «артқа қарау») мен проспекция (лат. «алға қарау» – дисконтинуумның (лат. «үзілісті»), ең алдымен уақыт дисконтинуумының формасы. Олар мәтіннің желілі дамуын тоқтатады. Ретроспекцияның арқасында оқырман «уақыттар байланысына» ене алады. Мәтіндердің көпшілігінде ретроспекция мен проспекция имплицитті көрінеді, яғни не бұрын айтылғанға немесе не туралы айтылатынды жорамалдауға негізделеді. Оқырманды бұрынғы мазмұндық-фактуалды ақпаратқа жатқызса, ретроспекция эксплицитті айтылуы да мүмкін.
Ретроспекция мазмұндық-фактуалды ақпараттан туып, мәтіннің когезиясына (байласымына) қатысады.
Автордың прагматикалық ұстанымына қарай ретроспекция мәтінде үш түрлі көрінеді:
- оқырман жадында бұрынғы мәліметтерді немесе өткенге қатысты, бірақ алдағы әңгіме барысын түсінуге қажетті жаңа хабарларды жаңғырту;
- осы мәліметтер жаңа жағдайда, айтылғанды ескере отырып, басқа контексте ой елегінен өткізу мүмкіндігі;
- мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпаратқа тікелей қатысты жекелеген бөліктерін өзектендіру.
Мәтінді қайталай және бірнеше рет оқығанда ретроспекция әсерлі қабылданады. Әр мәтін ретроспекцияға негізделген, себебі бұрын алынған ақпаратты есте сақтамай, ақпаратты сабақтастыра жинақтау мүмкін емес. Оқырманның есіне өзекті болуға тиіс жайды түсіру автордың құзыретінде.
Ретроспекция субъективті-оқырмандық және объективті-авторлық болуы мүмкін, яғни баяндау континуумының жеке шығармашылық қабылдануының нәтижесі немесе автордың мәтіннің алдыңғы бөлімдеріне сілтеме жасауының нәтижесі: не оқығанына оқырманның өзі ойша оралады, субъективті (бір оқырман ойша оралса, екіншісі оралмайды), не оны өткенге автор «есіңізде болар», «ұмытпаған шығарсыз» деген сияқты сөздермен оралтып отырады.
Ретроспекция түрлі тәсілдермен өткеріледі, солардың ішінде қайталау ерекше орын алады. Ретроспекцияның өзі де баяндау желісін баяулататын ой қайталауы, баяндау барысындағы үзіліс. Ретроспекцияның мәні баяндаудағы уақытша үзіліспен ынтықтыруында, яғни мәтінге өткендегі, қазіргі, белгілі бір жағдайда келешектегі көзқараспен қарауға мәжбүрлейді.
Ретроспекция – парадигматикалық тұғырдағы үдеріс.
Мәтін түрі ретінде репроспекция сөз соңында (қорытындыда, эпилогта) айтылады. Оқырманның назарын негізгі мәтінде айтылған ең маңызды эпизодтарға, оқиғаларға, фактілерге аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет