1. Көркем мәтіндегі баяндау стилін талдау. Көркем мәтіндегі имлицитті автор
БАЯНДАУ АВТОРДЫҢ ӨЗ АТЫНАН ЖҮРГІЗІЛЕДІ. КӨРКЕМ ПРОЗАНЫҢ КӨПТЕГЕН ТУЫНДЫЛАРЫ, ӘСІРЕСЕ РОМАН, ПОВЕСТЬ СИЯҚТЫ ІРІ ҮЛГІЛЕРІ БАЯНДАУДЫҢ ОСЫ ТҮРІМЕН ЖАЗЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫ, Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ОЯНҒАН ӨЛКЕСІ», Ғ.МҰСТАФИННІҢ «ШЫҒАНАҒЫ», Т.АХТАНОВТЫҢ «БОРАНЫ», Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕРІ» Т.Б.
2. БАЯНДАУ ӘҢГІМЕЛЕУШІ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ АТЫНАН (БІРАҚ СТИЛЬДІК БОЯУСЫЗ) ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ҚАЗАҚ КӨРКЕМ СӨЗІНДЕ БҰЛ ӘДІС ТЕ КӨП ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ӘСІРЕСЕ АВТОРЛЫҚ БАЯНДАУДЫҢ БҰЛ ТҮРІ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРДЕ КЕҢІНЕН ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, М.ЫСҚАҚБАЕВТЫҢ «АРПАБЕКТІҢ САРЫ АТАНЫ» ДЕГЕН ӘҢГІМЕСІ, Ш.МҰРТАЗАЕВТЫҢ «ТАБЫЛҒАН ТЕҢІЗ» ПОВЕСІ КЕЙІПКЕР АТЫНАН БАЯНДАЛҒАНЫМЕН, БҰЛАРДЫҢ ТЕКСІНДЕ АВТОР ЖЕРГІЛІКТІ СӨЗ, ҚАРАПАЙЫМ СӨЗ, АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ДЕГЕНДЕРДІ ӘДЕЙІ ҚОЛДАНБАЙДЫ.
3. ӘҢГІМЕЛЕУШІ КЕЙІПКЕР АТАЛМАЙДЫ, БІРАҚБАЯНДАУСТИЛІСОЛКЕЙІПКЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН (БАҒАЛАУЫМЕН, ТАНУЫМЕН Т.Т.) БЕРІЛЕДІ. МЫСАЛЫ, Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҚҰС ҚАНАТЫ» ПОВЕСІ АУЫЛДА ТУЫП-ӨСКЕН, ОҚЫМАҒАН «ШҰБАЛАҢ ЖАУЛЫҚ ҚАРА КЕМПІРДІҢ» КӨЗІМЕН (СӨЗІМЕН) БАЯНДАЛАДЫ. СОЛ СИЯҚТЫ Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «СЕҢ» РОМАНЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ БАЯНДАУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ БОЯУЫ (ТОНЫ) ДА КӨП НӘРСЕНІ ТҮЗЕТПЕК БОЛҒАН, ТАРТЫЛЫП ҚАЛҒАН АРАЛДЫҢ ТАҒДЫРЫНА АРАЛАСПАҚ НИЕТІ БАР, ӨЗІ АДАЛ, СОНДЫҚТАН «ЖУАН ҚАРАЛАР» МЕН БЕЙМАЗА БӘПИЗА ЖҰБАЙЫНА, ТОЙЫМСЫЗ ЕНЕСІНЕ – ҚЫСҚАСЫ, АЙНАЛАСЫНА СЫН КӨЗІМЕН ҚАРАЙТЫН БАС КЕЙІПКЕР – БЕРЕКЕСІЗ ТІРЛІК КЕШКЕН «ИТ МІНЕЗДІ» ЖӘДІГЕР ӘМІРЖАНОВТЫҢ ТАНЫМЫ, БАҒАЛАУЫ, КӨРУІ АРҚЫЛЫ БЕРІЛГЕН
4) ӘҢГІМЕЛЕУШІ АТАЛАДЫ ДА ШЫҒАРМА СОЛ КЕЙІПКЕРДІҢ АУЗЫМЕН БАЯНДАЛАДЫ. БАЯНДАУДЫҢ СТИЛЬДІК БОЯУЫ ӘҢГІМЕЛЕУШІ КЕЙІПКЕРДІҢ СӨЗ САПТАУЫНА БАҒЫНДЫРЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, Б.МАЙЛИННІҢ «ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ» АТТЫ ПОВЕСІ І ЖАҚТАН СӨЙЛЕГЕН АВТОР СӨЗІМЕН БАСТАЛҒАНЫМЕН, ОНДАҒЫ ӘРІ ҚАРАЙ БАЯНДАЛАТЫН БАРША ОҚИҒА ЖОЛАУШЫЛАП КЕЛЕ ЖАТҚАН АДАМДАРДЫҢ БІРІ – 30-40 ЖАСТАРДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ АУЫЛ АДАМЫНЫҢ АУЗЫМЕН, СОНЫҢ СӨЙЛЕУ ҮРДІСІМЕН БЕРІЛЕДІ
имлицитті автор ЖАЗУШЫЛАР ӨЗДЕРІНІҢ СЮЖЕТТЕРІ КЕЙДЕ АВТОР ҮШІН КҮТПЕГЕН ЖЕРДЕН ӨЗДІГІНЕН ДАМИТЫНЫН БІРНЕШЕ РЕТ МОЙЫНДАДЫ.
ӘДЕБИ БАЯНДАУДА ИМПЛИЦИТТІ АВТОР ӘҢГІМЕЛЕУШІГЕ ЖАҚЫНДАЙДЫ, АЛ ЛИРИКАДА ОНЫҢ АНАЛОГЫ - ОРЫС СЫНЫ ДӘСТҮРІНДЕ ЖИІ ТҮСІНДІРІЛЕТІН ЛИРИКАЛЫҚ ҚАҺАРМАН.ӘДЕБИЕТТЕ НАҚТЫ АВТОР БАР ЖӘНЕ ИМПЛИЦИТТІ АВТОР БАР. ЖАСЫРЫН АВТОР ШЫҒАРМАДА ЖАЗУШЫНЫҢ ЕРКІНЕН ТӘУЕЛСІЗ ҚАТЫСАДЫ ЖӘНЕ КӨБІНЕ ОҚЫРМАННЫҢ САНАСЫМЕН АНЫҚТАЛАДЫ, ОСЫЛАЙША АВТОРМЕН - ЖЕКЕ АДАММЕН СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ. «ИМПЛИЦИТТІ АВТОР» ТЕРМИНІ КОНЦЕПЦИЯ ЖАСАУШЫ(КОНЦЕПТИРУЮЩИЙ АВТОР) «ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ» АВТОР (Б.КОРМАН), АВТОРДЫҢ БЕЙНЕСІ (ОБРАЗ АВТОРА) (В. ВИНОГРАДОВ), СЫРТҚЫ АВТОР (ВНЕНАХОДИМЫЙ АВТОР) (М.БАХТИН) СИЯҚТЫ ӘДЕБИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ.
2. Көркем мәтіндегі типтендіру тәсілі. Тура және жанама мінездеу түрлеріне талдау
Достарыңызбен бөлісу: |