Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Көліктік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет54/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153
suraganova turizm inf

Көліктік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері
Туризмде болып жатқан өзгерістер саяхатты ұйымдастырудан 
жəне көліктік қызмет көрсету жүйесінен көрініс табады. Туристік 
ағымдардың массалық сипаты жаңа қажеттіктердің пайда бо-
луын, туристерде ынтаға, мақсаттарға жəне туристік саяхатты 
ұйымдастыру талғамдарына деген жаңа көзқарастың пайда болу-
ын алдын ала анықтайды. Сондықтан да көліктік ұйымдар өзінің 
материалдық-техникалық негізін сандық жəне сапалық тұрғыдан 
жетілдіру үшін өз қызметінің барысында өз ішіне төмендегідей 
ұйымдық өзгерістер мен жаңа талаптарды ескеруі қажет:


104
а) қызметі жалпы түрде туристерді тасымалдауды жүзеге 
асыруға бағытталған дербес көліктік ұйымдардың оқшаулануы;
б) көліктік жəне туристік ұйымдардың интеграциялануын іске 
асыру. Бұл əсіресе бүгінгі таңда ірі ауқымдағы қонақүйлік қорды 
бақылайтын ең ірі автокөліктік фирмаларға тəн;
в) Өз көлік құралдарының паркіне туристерді туристік жер-
лерге келген уақытта көлікпен қамтамасыз ету міндеті қойылатын 
туристік ұйымдар шегінде арнайы мамандандырылған буын құру; 
г) жергілікті жəне шетелдік туристерге қызмет көрсетумен 
байланысты қызметті максималды түрде ұйымдастыру үшін 
туристік жəне көліктік компаниялардың арасында тығыз байла-
ныс орнату. Осыған байланысты туристік саяхаттар мен көлік 
құралдарын эксплуатациялауды ұйымдастырушылар – туристік 
агенттіктерді құру қарастырылады;
д) халықаралық туристік нарық немесе туризмдегі мерзімдік 
толқулар конъюктурасына байланысты көліктік ұйымдардың 
қызметін қайта құру. Мысалы, туристік сұраныс пен көліктік 
ұйымдардың экономикалық мүдделеріне қарай көлік құралдарын 
линиялық деңгейден круизді туристік саяхаттарға алмастыру. 
Белсенді туристік мезгілде автокөліктердің көп бөлігі туристік 
мақсаттарда пайдаланылады, арнайы мерзімдік жəне туристік 
пойыздар іске кірістіріледі, туристік жерлерде көліктік байланыс-
тар ұлғайтылады; 
е) көліктің территориалды орналасуымен байланысты 
ұйымдық өзгерістерді жүргізу, жаңа туристік аудандарды да-
мыту немесе туристердің жаңа ағымдарын қалыптастыру. 
Егер француздық немесе итальяндық Ривьердің, испандық жа-
ғалардың немесе Альпі туристік aудандарының тарихи дамуын
қарастыратын болсақ, сол аймақтардың барлығы да туризмнің 
арқасында экономикалық бейнелерін күшейтті. Бұл сондай-ақ
көліктің дамуына жəне еске түсірілген аймақтарды ең жақсы 
көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етуге де қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет