Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар: Жұмыс мәтіні компьютерде басылып төмендегідей құрылымнан тұруы тиіс



Дата02.11.2023
өлшемі19.22 Kb.
#482211
1588146241-1


Тақырыбы: Жобамен жұмысты рәсімдеу, безендіруге қойылатын талаптар
Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1.Жұмыс мәтіні компьютерде басылып төмендегідей құрылымнан тұруы тиіс:
- титул парағы;
- мазмұны;
- абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшан тілінде жазылады);
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2.Титул парағында мыналар көрсетіледі;
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.
3. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстан қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
Зерттеудің мақсаты;
Гипотезалары;
Кезеңдері, зерттеудің реті;
Тәжірибенің әдістемесі;
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
Нәтижелерді практикада қолдау салалары.
4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) төмендегідей тақырыптар келтіріледі: - таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті);
- қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.
5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және төмендегілерді қамтуы мүмкін:
- осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
- қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
- суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер).
6. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек.
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
Автордың тегі және қысқартылған аты жөні;
Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
Журналдың, кітаптың аты;
Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
Басылған жылы, шығу нөмірі, беті.
Сонымен қатар,

  1. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;

  2. Төртінші кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлеміндегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.

  3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы_______________________________
Оқушының Т. А.________________________________
Мектеп, сынып _________________________________
Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________
Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:





Жұмыс мазмұны
Зерттеу әдістері

Ескерту



Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
Бекіту сұрақтары:
1. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптарды атаңдар
2. Зерттеу күнделігі қалай жүргізіледі?
3. Сілтеме дегеніміз не және ол қай кезде беріледі?
Үйге тапсырма
Ізденіп жүрген тақырыптарыңыз бойынша зерттеу күнделігін толтыру үлгісін көрсетіңіз

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Басова Т.Б. О некоторых аспектах совершенствования профессиональной педагогики будущего специалиста / Т. Б. Басова. - Режим доступа:

  2. Андриенко А.В. Приобщение личности к научно-исследовательской деятельности: монография / А.В.Андриенко, В.В.Игнатова, Л.Г. Деянова. - Красноярск, 2002. - 147 с.

  3. Гулидош И.В. Педагогич. основы адаптации будущих учителей к информационным технологиям в образовании: автореф. дис. канд. пед. наук: 13.00.01 /И.В.Гулидош. - Новокузнецк, 2000. -22 с.

  4. Андреев В.И. Педагогика: учебный курс для творческого саморазвития / В.И.Андреев. - Казань, 2000. -340 с.

  5. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения /В.П.Беспалько.-М., 1995. - 122 с.

  6. Ғаламтор


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет