Стандарттау объектілері:
- нақты өнім (шикізат, материал, отын, жинақтаушы бөліктер, дайын бұйымдар);
- жұмыс немесе үрдіс;
- қызмет;
- терминдер мен анықтамалар
- физикалық шама бірліктері;
- өлшеу және бақылау әдістері;
- құжаттау жүйесі;
- өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру әдістемелік және жалпы техикалық сипаттағы объектілер. Сондай-ақ стандарттау кез келген объектінің белгілі бір бөлігімен (жағымен) шектелуі де мүмкін. Мысалы аяқ киімнің мөлшері (размер) мен беріктігі өз ал- дына жеке стандартталуы мүмкін.
Стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік басқару
ҚР стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарған қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі қамтамасыз ететін көрсеткіштер сонымен қатар техникалық және ақпараттық өзара алмасымдылық бақылау әдісінің бірдейлігі өлшеу мен таңбалаудың нарықтық эканомика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау жұмыстары мен стандарттың міндеттері мен талаптарын орындалуын текеру салалық және өндірістік стандарт техникалық құжаттарды әзірлеу пайдалану кезінде жүргізіледі.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы бойынша мемқадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі.Сонымен қатар арнайы бағыттағы мен басқару орындары,бақылау өкілеттілігін иемдене алады:
Санитарлық эпидемиялық қызмет
Мал дәрігерлік қабылдау
Фитобақылау
Экологиялық қызмет
Атом өндірісін қадағалау
Көлікті бақылау
Кедендік бақылау
Мембақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді.Қадағалау жұмыстарын ҚР Мем стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылауды мен стандарттар органдары және жоғарыда қылмыстық,әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.
Мемқадағалау,бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
ҚР стандарттары мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:
өнім,жұмыс,қызмет сапасы мәселелер тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау,сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы қоршаған ортаның қаіпсіздігін қамтамасыз ету
өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту
өнім сапасын талдау және мемлекеттік қадағалау нәтижелерін ақпарат көздері ретінде пайдалану және тиісті шешім қабылдау жөніндегі пікір дайындауға негіз болдыру
өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету
сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау
сапасыз өнім шығару жолын кесу брактің пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану
аккредиттелген сынақ лабораториялар мен сертификатталған өндірістерде инспекциялық бақылау жүргізу.
Мемлекеттік қадағалау жүргізетіт мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде ҚР мемлекетік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау обьектілері мыналар:
стандарттау жөніндегі нормативтік құжататр және техникалық құжаттар
өнім,үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар.
Метрологиялық ережелердің сақталуы мекемелердің метрологиялық іс қызметі өлшем құралдарының жәй куйі мен қолдану жағдайын мемлекеттік қадағалау жұмысы өнімді қабылдау және сапасын бақылау мекемелер мақсаты тексерулер жүргізу кезінде атқарылады.
Акридиттелген зертханалар мен сертификаттау орталықтарының іс қызметін,сертификатталған өнім және өндірісті мемлекеттік қадағалаудың ҚР мемлекеттік стандарттарының тапсырысымен мемлекеттік қадағалау ұйымдары белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асады.
Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайдалану арқылы жүргізіледі:
кезеңді
қарқынды
бақылаудың ерекше тәртібі
жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік
сертификатталған өнім шығаратын мемлекеттік инспекциялық қадағалаумемлекеттік қадағалау жұмыстарының нәтижесін тұтынушы қауымға жеткізу жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс істейді.
Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспектор – стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарының басшысы
Мемлекеттік бас инспектордың орынбасары- стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган басшысының орынбасары
Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтікқұжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық және қалалық мемлекеттік бас инспекторлары – стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға бағынышты аумақты бөлімшелердің басшылары.
Стандарттау және өлшеу құралдарына байланысты нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақталуын қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдарға бағынышты бөлімдер мен бөлімшелердің бастықтары барлық деңгейдегі мамандар
ҚР мемлекеттік стандарттың аумақтық органдарының лауазымды адамдарды заңды тұлғаларға мемлекеттік қадағалау нәтижесінде анықталған стандарттау сертификаттау өлшем бірлігі бойынша заң бұзушылардың жолын кесуге бағытталған жарлықтар береді.:
Облыстық мемлекеттік бас инспекторы төмендегі жарлық түрлерін береді
Мынадай жағдайларда өнім өткізу,қызмет көрсетуге тыйым салады
Стандарт талаптарына сай келмейтін өнім өндіру,қызмет көрсету жағдайларында және өнім мен қызмет сапасын тұрақты қамтамасыз ету мүмкүндігі болмаса
Белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжатсыз өнім өндіріліп қызмет көрсетілетін болса
өнім тасымалдау,сақтау кезінде стандарт талаптарының бұзылуы өнім сапасы нашарлатып,нормадан тыс шығындалуға әкеп соқса
сертификатқа сәйкес емес өнім өткізсе
жасанды немесе мерзімі бітке нсертификат қолданса
сертификаттаудан өтпесе өнімге сәйкестік белгісі қойылмаса
мемлекеттік инспекторға сертификатталған өнім туралы алдын –ала қажетті ақпарат беруге тартынса
Стандарт талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізген мемлекеттік инспекторлар мына жарлықтарды бере алады:
Стандарт талаптары мен метрологиялық ережелердің бұзылу себептерін жою туралы
Стандарттық емес өнімнің тексерілген партияларын өткізуге тыйым салу туралы
Міндетті сертификаттауға жататын бірақ сәйкестік сертификаты жоқ өнім өткізуге тыйым салу туралы.
ҚР мемлекеттік стандарттарының аумақтық органдары мемлекеттік сынау мен метрологиялық қадағалау бойынша стандарттық емес өнім өткізіп мемлекеттке зиян келтірген кәсіпорындарға жауапкершілік қолдану мәселесін шешу үшін стандарт талаптарын бұзған кәсіпорын туралы ақпаратты арбитраждық сотқа береді.
Стандарт талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау басқа мемлекеттік ұйымдармен стандарттау және сапа жөніндегі қызметтік мекемелермен техникалық комитеттермен сондай-ақ тұтынушылар қоғамымен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |