БАҚ-ң жариялану күні: «Ақ жол» 08. 09. 2015 жыл



Дата04.07.2016
өлшемі142 Kb.
#176200

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 08.09.2015 жыл

Аяқталу күні: 21.09.2015ж

«Знамя труда» 08.09.2015 жыл


Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-2 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы; 4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Е-R-3санаты үшін: жоғары білім;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; 3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің бар болуы.



Е-R-4, Е-G-3 санаттары үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибиесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Санаты

Мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына қарай

теңгеден

теңгеге дейін

Е-2

103782

140298

E-R-1

109548

147986

Е-R-3

74313

99938

E-R-4

56376

76235

E-G-3

53813

72391

E-G-4

48047

64704


Талас ауданы әкімінің аппараты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

080800, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы №1 үй, 306-бөлме, телефон/факс: 8(72644) 6-22-11, электрондық пошта: akimtalas@mail.ru


1. Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы – 1 бірлік (санаты Е-2, №01-02-01)

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының жұмысына басшылық жасайды. Аудан әкімінің, аудан әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамсыздандыру мәселелерімен айналысады. Аудан әкімінің кадрлық саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Штаттан тыс кадрларды іріктеу және орналастыру. Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, аумақтық сайлау комиссиясы және аудандық мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және байланысты жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарау. Азаматтарды қабылдауды жүргізу. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау (қайта мамандандыру) және біліктілігін арттыру курстарында уақтылы оқытуды бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін салалары бойынша мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуын, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын, ауданның және ауылдық округтері мен Қаратау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін, аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады. Қала, ауылдық округі әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін аудан әкімі және әкімдігі актілерін дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде үйлестіру. Мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйлестіреді және бағыттайды. Мемлекеттік наградаға ұсыну және марапаттау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Конкурстық, бағалау, аттестациялық, тәртіптік және еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссиялардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе ветеринария немесе қызмет көрсету саласында немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина). Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе ветеринария (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



2. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы - 1 бірлік (санаты Е-R-1, № 01-16-01).

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Ауданның елді мекендерін дамыту және жаңғырту, салынып жатқан тұрғын үй, ғимараттар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, т.б. объектілерінің көркемдік шешімін табуын қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізеді. Пайдалануға берілетін объектілерді Заңда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлейді, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Салынып жатқан объектілердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін қадағалайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді. Қала, ауылдық округі елді мекендерінің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе өнер саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



3. Талас ауданы әкімдігі ветеринарлық бөлімінің басшысы - 1 бірлік (санаты Е-R-1, № 01-15-01).

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын бақылайды және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды, есептілікті жүргізуді, талдауды жүзеге асырауды ұйымдастырады. Уәкілетті органға есеп беруді қамтамасыз етеді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастырады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыруын қадағалайды. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын бақылайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы: ветеринария (жалпы) немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



4. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы – 1 бірлік (Е-R-1 санаты, №01-13-01)

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Аудан аумағында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту және олардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтерін жүзеге асырады. Аудан әкіміне бөлімге қатысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін қадағалайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаржыландырылуын бақылауды жүзеге асырады. Өз өкілеттігі шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, отын-энергетика кешені және төтенше жағдайлар субьектілерінің, т.б. қызметтерін үйлестіреді. Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі- техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5.Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алу, бюджеттік есеп және есеп беру секторының меңгерушісі – 1 бірлік (санаты E-R-3, №01-11-03).

Функционалдық міндеттері: Сектордың жұмысына басшылық жасайды, Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек Кодекстеріне, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңдарға және басқа да заңнамаларға сәйкес секторға жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаруға жауап береді. Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық және ай сайынғы есептілікті жасайды, сонымен қатар басқа да салық, статистикалық есептерді жасап, жоғарғы тұрған органдарға тапсырады. Қаржы бөлімін ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастырады. Кәсіпорындар және мекемелермен келісім - шарттар жасайды. Қазынашылық басқармасына келісім - шартты тіркеуге тапсырыс дайындайды. Аппараттың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұны туралы айлық, тоқсандық және жылдық есептерін жасайды. Аудандық бюджеттің бухгалтерлік есебін жүргізеді және ұйымдастырады, бюджеттік есепті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша бюджеттік мекемелерге ереже, нұсқаулықтарды қолдану жөнінде нұсқау береді. Қаржы бөлімінің бастығына кадрларды таңдау және орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныс береді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ай сайын бюджеттің орындалуы туралы есебін қабылдайды. Жоғарғы тұрған басқару органдарының орталықтандырылған тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды. Қаржы бөлімінің аппаратын ұстау бойынша бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізеді, шоттар бойынша аналитикалық есеп жүргізеді, қаржының қалдығына бақылау жасайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», осы санаттағы нақты лауазымның мамандауына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



6. Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-20-02).

Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады. Спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi. Спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi. Аумақтарда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту. Аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi және iске асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi. Жоспарға сәйкес оқушылар, жасөспірімдер, мүгедектер, ардагерлер арасында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен біріншілік, турнирлер, чемпионаттар өткізуді ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорттың дамуына негізгі және экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жасау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын; материалдық-техникалық базаны нығайту; спорт ізбасарларын дайындау және іріктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік–спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық–гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі- білім саласында. Мамандығы: дене шынықтыру және спорт.

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңды, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



7. Талас ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-21-06).

Функционалдық міндеттері: Астық қозғалысы есебін жүргізу. Аса қауіпті зиянды организмдер мен саяқ шегірткелерге қарсы химиялық күрес жұмыстарды ұйымдастыру. Маркетинг жұмыстарымен айланысу. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қаржы, есеп-қисап және мемлекеттік сатып алу жүмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру жұмыcтарын бақылауға алып, үйлестіру.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ауылшаруашылық ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе экономика немесе маркетинг немесе статистика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңын білуі.



8. Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, №09-03).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Үкімет актілерін жүзеге асыру барысында өз өкілеттігі шеңберінде аудан әкімінің қаулылар жобасын дайындау, олардың жүзеге асырылуына ықпал ету. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесіне жетекшілік ету, зейнетақы орталығы, халықтық банк, қазынашылық бөлімімен қарым-қатынасты қамтамасыз ету, ұлттық мәдени орталықтарымен байланысты қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асыру және орындауын бақылау, пошта байланысы мекемесімен қарым-қатынасты жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық-ақпарат құралдарымен жұмыс және байланысты қамтамасыз ету және басылымдарға жазылу шараларын жүзеге асыру. Сондай-ақ, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және №1-ОЛ нысаны бойынша жұмыстарды жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі- білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар. Мамандығы: білім саласында (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы).

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсемдеу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



9. Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-10-02).

Функционалдық міндеттері: Бөлімдегі бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді. Қазынашылық банк мекемесімен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу есебін, бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және №1-ОЛ нысаны бойынша жұмыстарды жүргізеді, әкімдік мәжілісіне бөлімнің анықтамаларын, ақпараттарын, әкімдік қаулысының жобасын, аудан әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат және бөлімі басшысының тапсырмаларына сай анықтамалар, ақпараттар, жазбалар, басқа да құжаттар дайындайды. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты салалық мекемелер қызметкерлерінің сапалық құрамын жасайды. Мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында аса қажетті мәселелерді бөлім алқасының күн тәртібіне ұсынады. Нормативтік құжаттарды, мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі Ережелердің орындалуын, оларды жүргізу жөніндегі жұмыстарды бақылайды. Мәдениет саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі- гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе өнер саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе музыкатану немесе аспаптық орындаушылық немесе вокалдық өнер немесе дәстүрлі музыка өнері немесе дирижерлау немесе режиссура немесе актерлік өнер немесе эстрада өнері немесе хореография немесе композиция немесе өнертану немесе арт-менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



10. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет, қала құрылысы және жобалау секторының бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-16-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде инженерлік жүйелер құрылысы, аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау, жергілікті атқару органдарымен, қала, ауыл әкімдерімен электрондық байланыс, «Мекен-жай тіркелімі» жылжымайтын мүлікті түгендеу, ақпараттық инженерлік қондырғыларының жүйесін енгізу мен дамыту, қала құрылыс кадастырын жүргізу жөніндегі жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде нысандарды қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатысу. Сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Елді мекендердің бас жоспары, абаттандыру жұмыстарын үйлестіру. Арыз-шағым мәселелері. Кадрлармен жұмыс және іс-жүргізу мәселелері. Құрылыс саласында заңгерлік қызметі мәселелері.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



11. Қаратау қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, №01-22-13).

Функционалдық міндеттері: Қалада жануарлардың жұқпалы ауруларын карантиндік немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді, құжаттарды рәсімдейді. Адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау жұмыстарын жүргізеді. Қала бойынша ветеринарлық іс-шаралар жоспарын орындайды. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрайды және алады, қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз байланыста болады. Салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік, тіл және жастар саясатымен айналысады, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, партиялармен және қозғалыстармен, кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізеді. Қаланы көрiктендiру, көгерiштендiру және санитарлық тазалығын сақтау, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, мал басының қамтылуын ұйымдастырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар. Мамандығы: ветеринария (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-30-02).

Функционалдық міндеттері: ауыл әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды. Ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарды тіркеп, оларға тиісті жауаптар қайтарады және 1-ОЛ есебін жүргізеді. Округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша қызмет көрсету жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдардан келіп түскен қаулылар, өкім және шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина). Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



13. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-35-03)

Функционалдық міндеттері: Жер, мүлік салықтары мен басқа да міндеті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етеді. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызбасты адамдармен, аз қамтамасыз етілген отбасылармен, жетімдермен, мүгедектермен тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарын тиісті орындарға жолдайды. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Ауылдық округі әкімінің берген басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - білім саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстан – 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Казақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



14. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-24-02):

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктің нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік сатып алу Заңдылықтарына сәйкес жұмыстарының сапалы турде өткізілуін жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



15. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-24-03):

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау жұмыстарын жүргізу, шаруашылық кітабын жүргізу. Азаматтарға берілген анықтамалардың тіркеу кітапшасын жүргізу. Награда жөніндегі құжаттарды дайындайды. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың есебін жүргізу. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мен тұрмыстық жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды рәсімдеп, уәкілетті органға өткізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының істер номенклатурасын дайындау. Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын-алу іс-шара жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



16. С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-33-05):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық жануарларын шаруашылық кітап бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ауылдық округтегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары малдарына есеп жұмыстарын жүргізеді. Ауылдық округі бойынша мал жайылымдарын анықтайды. Ауылшаруашылығына қатысты басқа да ауыл әкімінің тапсырмаларын орындайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыстық жәрдемақылар тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға тапсырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылығы ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



17. Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-29-05).

Функционалдық міндеттері: Өзіне жүктелген сала бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асырады және тиісті бөлімге тоқсандық мәліметтер береді. «Нотариат туралы» Заңда белгіленген құқықтарға сәйкес азаматтарға нотариалдық қызметтер көрсетеді. Барлық іс –қағаз тек комьпютер арқылы жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



18. Тамды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-23-05)

Функционалдық міндеттері: Тамды ауылдық округі әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, мүліктерді түгендеу, жеке еңбек келісім - шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, жоспарға өзгерту мен толықтыру және есептіліктерін жүргізеді. Жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептер береді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады. Ауыл әкімінің берген басқа да тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



19. Ойық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-31-06)

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімінің берген тапсырмаларын орындайды. Ойық ауылдық округі әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, мүліктерді түгендеу, жеке еңбек келісім - шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабын жүргізу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, жоспарға өзгерту мен толықтыру және есептіліктерін жүргізеді. Жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептерді тиісті органдарға тапсырады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



20. Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, 01-26-03).

Функционалдық міндеттері: ауылдық округі аумақтарында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, тіркелген жағдайда эпизоотиялық жағдайын анықтау, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу және жануарларды бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізу, ауылдық округі бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын, есебін жүргізу, шаруашылық кітаптарының бет есебіне қондырылатын мал басы туралы және аудандық статистика басқармасына берілетін мал басы санағы бойынша есепке тікелей жауапты болу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жүргізу, ветеринарияға және ауыл шаруашылығына қатысты анықтамалар мен хабарламалар дайындау.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



21. Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, 01-26-04).

Функционалдық міндеттері: ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, ауыл жастарымен жұмысты ұйымдастыру және спорттық іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету, ауылдық округ бойынша және әкімшілік ғимаратында өрт пен техника қауіпсіздігінің сақталуы жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру, баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыру. Әскери қызметке қатысты анықтамалар мен хабарламалар дайындау.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



22. Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы - 1 бірлік (санаты E-G-4, №01-32-06).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырылушылар мен запастағы офицерлер және әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, жастарды әскери қызметке дайындау. Аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы тағайындау іс-қағаздарын жүргізу. Кәсіподақ ұйымының жұмыстарын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстан - 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу.



23. Қаратау қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің жетекші маманы -1 бірлік (Е-G-4 санаты, №01-22-08).

Функционалдық міндеттері: Көпқабатты тұрғын үйлердiң қысқа дайындық шараларымен айналысады. Қаланы көрiктендiру, көгерiштендiру және санитарлық тазалығын сақтау iстерiмен айналысады. Аз қамтамасыз етілген тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы қорытынды әзірлейтін учаскелік комиссиялардың жұмысын жүргізуге қатысады.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш (бұдан әрі - Қағида).

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.



Е-2 санаты бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

Е-R-1, Е-R-3 санаттары бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, № 1 үй (3-қабат, 306 кабинет) мекен-жайда орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.



Аталған лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет