Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет36/41
Дата15.12.2023
өлшемі359.41 Kb.
#486617
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
treatise4937

Жұмыстың мақсаты: әр түрлі әдістермен бірнеше золь дайындау, коллоидты бөлшектердің зарядының белгісін анықтау, алынған ерітінділердің коллоидты табиғатын дәлелдеу, мицеллалардың формулаларын жазу.

14.1. Тотықсыздандыру әдісімен күміс золін дайындау
Пробиркаға 0,01 н күміс нитраты ерітіндісінен 2-3 мл алып, үстіне 1-2 тамшы 0,5%-дық калий гидроксидінен және 1-2 тамшы 0,5% - дық таннин ерітіндісінен қосады. Осы кезде әлсіз жалтыраған мөлдір қызыл қоңыр күміс золі түзіледі. Ерітінді түсінің интенсивтілігі қыздырғанда күшейеді.
Күміс золінің түзілу үдерісін мынадай реакция түрінде өрнектеуге болады:
7AgNO3 + 8KOH+ C76H52O46 → 6Ag + KАgO + C76H52O49 + 4H2 O+7KNO3.
Түзілген Ag мицелланы тұрақтандырушы болып табылады, оның үстіне AgO иондары қондырылып, потенциал анықтаушы ионының қызметін атқарады, ал калий иондары қарсы иондар болып табылады. Күміс золінің мицелласының құрылымын схема бойынша келесі түрде өрнектейді:
{m[Ag]nAgO-(n-x)K+}xxK+

14.2. Марганец диоксидінің золі.
Марганец тұзын аммиакпен тотықсыздандырады. 50 мл суға 5%-дық KMnO4 ерітіндісінің 1 мл-н қосып, қайнағанша қыздырады. Содан кейін қоспаға концентрленген аммиак ерітіндісінің 2,5 мл-ін 0,5 мл-ден (порциялап) тартпа шкаф астында қосады. Аммиактың әрбір порциясын қосқаннан кейін қоспаны араластырады және қайнағанша қыздырады. Қызыл қоңыр түсті золь түзіледі:
2KMnO4 + 2NH3 + H2O → 2MnO2↓ + 2KOH + N2 + 3H2O.
Түзілген зольдің мицелласының құрылымын жазыңыздар.
14.3. Маргенец диоксидінің золі.
Марганец тұзын натрий тиосульфатымен тотықсыздандырады. Сыйымдылығы 50 мл-лік колбаға 5% -дық KMnO4 ерітіндісінің 1 мл-ін және 19 мл дистилденген су құяды. Осылайша сұйытылған ерітіндіге 56 тамшы 2%-дық Na2S2O3 ерітіндісін араластыра отырып қосады. Қоңыр қызыл түсті золь түзіледі.
2KMnO4 + 6Na2S2O3 + 4H2O → 2MnO2↓ + 3Na2S2O6 + 2KOH + 6NaOH.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.



14.4 Алмасу реакциясы. Калий-темір (III) гексацианоферрат (II) золі (берлин лазурінің золі):
FeCl3 + K4 [Fe(CN)6 ] → KFe[Fe(CN) 6]↓ + 3KCl.

20 мл дистилденген суға 2-3 тамшы қаныққан FeCl3 ерітіндісінен қосады, соңынан араластыра отырып 4%- дық K4[Fe(CN)6] ерітіндісінен 1тамшы тамызады. Көк жасыл түсті золь түзіледі.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.

14.5. Күміс иодидінің золі.
50 мл дистилденген суға 5мл 1%-дықAgNO3 ерітіндісінен қосады. Содан кейін үстіне араластыра отырып, 1%-дық KI ерітіндісінің 0,5 мл-ін тамшылата отырып қосады. Ақшылт-сары түсті золь пайда болады:
AgNO3 + KI → AgI↓+KNO3.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.
14.6. Гидролиз реакциясы. Темір гидроксидінің золі.
Қайнап тұрған судың 20 мл-іне FeCl3 қосылысының қаныққан ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосады. Осы кезде шие түстес қызыл темір гидроксидінің золі түзіледі:
FeCl3 + 3H2O → Fe(OH)3↓ + 3HCl.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.
14.7. Темір фосфатының золі.
10 мл суға қаныққан FeCl3 ерiтiндiсiнің 20 мл-ін және 2%-дық CH3COONa ерітіндісінің 10 тамшысын қосады. Осы ерітіндіге тамшылата отырып 10%-дық Na2HPO4 ерітіндісін ұлпа тәрізді ерімейтін темір фосфаты түзілгенше қосады. Тұнба реакцияласпай қалған FeCl3 әсерінен пептизацияланады.
FeCl3 + Na2HPO4 + CH3COONa → FePO4↓ + 3NaCl + CH3COOH.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.
14.8. Алюминий фосфатының золі.
10 мл суға 20%-дық AlCl3 ерітіндісінің 20 тамшысын және 2%-дық CH3COOH ерітіндісінің 10 тамшысын қосады. Алынған ерітіндіге тамшылатып 10%-дық Na2HPO4 ерітіндісінен араластыра отырып қосады. Ерітіндіні AlPO4 ұлпасы түзілгенше қосады. Пептизатор қызметін AlCl3 ерітіндісінің артық мөлшері атқарады.
AlCl3 + Na2HPO4 + CH3COONa → AlPO4↓ + 3NaCl + CH3COOH.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.

14.9. Темір молибдатының золі.
20 мл суға 2%-дық (NH4)2MoO4 ерітіндісінен 10 тамшы қосады.Үстіне қаныққан FeCl3 ерітіндісінен 10 тамшы тамызады. Түзілген темір молибдатын шайқағанда ерітіндідегі (NH4)2MoO4 -ның артық мөлшерімен пептизацияланады.
2FeCl3 + 3(NH4)2MoO4 → Fe2(MoO4)3↓ + 6NH4Cl.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.
14.10. Қорғасын молибдатының золі.
20 мл суға 12%-дық Pb(NO3)2 ерітіндісінің 20 тамшысын қосады. Содан кейін үстіне тамшылата отырып 2%-дық (NH4)2MoO4 ерітіндісінен түзілген тұнба ерімейтін жағдайға келгенше қосады. Қорғасын молибдаты тұнбасын шайқағанда ерітіндідегі қорғасын нитратының артық мөлшерімен пептизацияланады, нәтижесінде жалтыраған золь түзіледі:
Pb(NO3)2 + (NH4)2MoO4 → PbMoO4↓ + 2NH4NO3.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.
14.11. Берлин лазурінің золі.
20 мл суға 20%- дық K4 [Fe(CN)6] ерітіндісінің 5 тамшысын және 4-5 тамшы қаныққан FeCl3 ерітіндісін қосады. Түзілген берлин лазурінің тұнбасын сүзгі қағазынан өткізіп, сумен шаяды, соңынан концентрациясы 0,15 моль/л болатын қымыздық қышқылының ерітіндісін құяды. Тұнба C2O42- иондарының адсорбциялануы есебінен қымыздық қышқылымен пептизацияланады және сүзгі қағазынан берлин лазурінің көк золі өтеді.
K4 [Fe(CN)6] + FeCl3 → KFe[Fe(CN)6]↓ + KNO3.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.

14.12. Мыс (II) гексацианоферратының (II) золі.
Фарфор табақшада Cu2[Fe(CN)6] тұнбасын алады. Ол үшін 20%-дық K4[Fe(CN)6] ерітіндісінің 10 тамшысымен 10%-дық Cu(NO3)2 ерітіндісінің 10 тамшысын араластырады. Тұнбаны сүзгі қағазынан өткізіп, сумен шаяды. Фильтраттың алғашқы порциялары түссіз болады, ал кейін сұр жасыл золь пайда болады. Қос иондық қабат реакцияға түспей қалған Cu(NO3)2 ерітіндісінің артық мөлшерінен түзіледі.
2Cu(NO3)2 + K4[Fe(CN)6] → Cu2[Fe(CN)6] + 4KNO3.
Түзілген зольдің формуласын жазыңыздар.

15-зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет