Бағалаудың жаңа жүйесі- оқушы мүмкіндіктерін арттыратын дара жол.
Қабылова Қатира Дабылқызы
Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі
Сарыағаш қаласы
katerina.kabulova2020@mail.ru
Бүгінгі таңдағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр-түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып отыр. Бағалау- мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар үшін ең басты мәселе. Бүгінгі күнге дейін қолданып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмайды. Оған біріншідәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда.Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, әкелуде. Бақылаудың барлық мүмкіншілігі тек мұғалімнің қолында: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Бұдан оқушы бір жақты ғана бағаланып өзіне деген сенімсіздігі оянады.Бұл өз кезегінде оқушылардың жүйке жүйесіне ықпал етіп, мазасызданудың пайда болуына итермелеп отыр. Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары қарастырылып, қолданысқа еніп отыр.
Бағалаудың жаңа жүйесі, яғни критериалды бағалау бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Қалыптастырушы бағалау сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында және сабақтың соңғы бөлігінде немесе әрбір тапсырмадан соң жүргізіледі.
Мысалы,7-сынып бойынша химия сабағында «Ауа. Ауаның құрамы» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1. Ауа құрамын білу;
2.Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
3. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну.
Тапсырма 1: «Сандар сөйлейді» әдісі негізінде мына сандар: 1774; 78; 21; 0,94; 0,03; 1/5; 4/5; XIX бойынша өз түсініктерін тұжырымдау.(Топтық жұмыс).
Дескриптор:
Сандарға сәйкес мәліметтерді жинақтайды
Ауа құрамын және газдардың сапалық құрамын біледі
Ауа құрамын ашқан ғалымдарды біледі.
Мұнда дайын үлгі жауап арқылы топтардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.
Тапсырма 2. Химиялық тәжірибе жасау. (Жұптық жұмыс)
Оқушылар көзге көрінетін өзгерістермен жүретін химиялық реакцияларды сынауықтарда орындайды. ( Л.Т. «Балауыз шамның жануы»)
-Шамды жағу
-Жалындағы жану өнімдерін анықтау
«Сократ шеңбері» әдісі бойынша топ мүшелері ішкі және сыртқы шеңбер құрады.Ішкі шеңбер тәжірибе нәтижесін түсіндіреді, тұжырымдайды, ал сыртқы шеңбер тыңдайды, жауабын жазбаша түрде бағалайды.
Дескриптор:
Лабораториялық тәжірибе негізінде физикалық және химиялық құбылысты түсіндіреді
Заттың жануы кезінде ауа құрамындағы оттектің жұмсалатынын айтып, оның салдарын түсіндіреді
Жану өнімдерін атайды.
«Келісемін, келіспеймін» кері байланысы арқылы жазбаша бағалауы жүзеге асады.
Тапсырма 3. Кестені толтыру(Жеке жұмыс).
«Мені толықтыр» әдісі бойынша бірінші топ ауаны ластауыштардың біреуін, екінші топ соған сәйкес қорғау жолын, ал үшінші топ адам денсаулығына әсерін кестеге жазады. Сағат тілінің бағыты бойынша осылай бірнеше рет қайталанып кесте толтырылады.
Дескриптор:
Ауаны ластауыштар және оны қорғау жолдары мен адам денсаулығына әсерін сәйкестендіріп кестені толтырады
Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы туралы қорытынды жасайды.
Кері байланыс орнату.
1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?
2) Өзге топтың жазған нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу арқылы жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуына жол ашылады. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады.
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге алар болсақ, жаңартылған білім беруді жүзеге асыру осының айғағы. Біз, ұстаздардардың үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Еліміз болашағының жарқын болуына өз үлесімізді қоса білейік.
Бастауыш сынып оқушыларын жаңа форматта бағалаудың әдіс-тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: |