Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономикалық факультеті
Менеджмент кафедрасы
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған
(мамандық (тардың) атауы және шифрі)
«Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау»
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы)
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКIТЕМIН
ҚЭФ деканы
____________ Т.Я.Эрназаров
2012ж. __________ «___»
Құрастырушы: доцент А. А. Нұрғалиева __________
Менеджмент кафедрасы
«Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау» пәнінен
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығынан
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2012ж. «__» _________ № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Г.Р. Байтаева 2012ж. «____»__________
Қаржы – экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2012ж. «__» ___________ № __ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А.Б. Темиргалиева 2012ж. «____»______________
КЕЛІСІЛДІ
Психология және педагогика кафедрасының
меңгерушісі ___________ п.ғ.д., проф. Бурдина Е.И. «____»____________2012ж..
1. Оқытушы туралы мәлімет
Нұрғалиева Айнаш Амангелдіқызы – Менеджмент кафедрасының доценті (дәріс, тәжрибелік сабақтар, СӨЖ)
Кеңес беру кестеге сәйкес (ауд. 524) қабылданады. тел. 67-36-56 (1121)
2. Пән туралы мәлімет
Атауы: «Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау»
Әлеуметтік болжау әлеуметтік жүйелерді болжау ретінде. Болжаудың мәнін қарастырудағы негізгі ойлар. Әлеуметтік болжаудың спефицикасы. Әлеуметтік болжаудың функциялары. Сабақтарды өткізу орны – кесте бойынша.
3. Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
Барлы
ғы
|
Дәріс
|
тәжрибе
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖ
|
4
|
2
|
12
|
6
|
6
|
|
|
|
78
|
|
емтихан
|
4. Пәннің мақсаты
Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі әр түрлі және типтегі жобалау мен болжаудың, әлеуметтік процестерді болжау мен жобалаудың ғылыми негіздерін оқып-білу болып табылады.
Пәннің міндеттері
-
әлеуметтік жоспарлау мен болжаудың теориясы аймағындағы білімдерді, әлеуметтік жоспарлау мен болжаудың тәжірибесін және әлеуметтік жоспарлау мен болжау технологиясын өңдеу;
-
әлеуметтік жұмыста болжау мен жоспарлаудың теориялық принциптерін іске асыра білу іскерлігін қалыптастыруға ыќпал ету;
-
әлеуметтік жұмыс мамандарында жоспарлау мәдениетін қалыптастыру
5. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге әлеуметтік жұмыс экономикасының құрамды бөліктерін және оның қазіргі деңгейде ұйымдастыру принциптерін меңгеруді көмек көрсету.
Пәннің міндеттері:
-
қоғамның әлеуметтік организміндегі экономикалық байланыстарды, олардың нарық экономикасындағы өзгерістерді, экономикалы және т.б. әлеуметтік құқықтары шектелген қабаттарды әлеуметтік қорғау жайлы білім беру;
-
нарық қатынастарының әлеуметтік сфераға тигізетін ықпалы жайлы білім беру
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:
-
маркетинг нарықты басқару жүйесі ретінде;
-
маркетингтің стратегиялары және тактикалары жөнінде түсінік болу;
-
тауарды (қызметті) өндіруді жоспарлау және жеткізу;
-
әлеуметтік қызмет саласында баға құрылуының мәселелерін білу;
-
менеджмент; оның мәні;
-
менеджменттің функциялары;
-
менеджменттің әдістері мен стильдері;
-
қоғамның әлеуметтік институттарын басқару ұйымдастыру құрылымы икемді болу;
-
басқару шешімдерді қабылдау мәселелері;
-
менеджмент тиімділігін есептеу практикалық машықтарды иемдену қажет
6. Пререквизиттер
Пәнді оқу үшін келесі пәндерді білу керек:
-
«Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу»;
-
«Балалармен және жанұямен әлеуметтік жұмыс»;
-
«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг»;
-
«Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету»;
-
«Әлеуметік жұмысты экономикалық негіздері»;
-
«Әлеуметтік жұмыстың әдістемесі және технологиясы»;
-
«Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тарихы»
7. Постреквизиттер
Пәнді оқып игергеннен кейән студент әлеуметтік жұмыста болжау мен жоспарлаудың теориялық принциптерін іске асыра білу іскерлігін қалыптастырады, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс мамандарында жоспарлау мәдениетін қалыптастырады. «Жалпы және әлеуметтік психология», «Жастармен әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг», «Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми жұмысты зерттеуді ұйымдастыру», «Әлеуметтік жұмыстағы тәжрибе».
Пәннің тақырыптық жоспары
№ п/п
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағаттар саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
|
Кіріспе
|
|
-
|
|
1
|
Әлеуметтік процестерді болжаудың методологиялық аспектілері
|
0.5
|
2
|
6
|
2
|
Әлеуметтік алдын ала болжау және жобалау
|
0.5
|
-
|
6
|
3
|
Болжау әдістері
|
0.5
|
|
6
|
4
|
Болжаудың мазмұны, түрлері, технологиясы
|
0.5
|
|
6
|
5
|
Әлеуметтік болжау және модельдеу
|
0.5
|
2
|
6
|
6
|
Болжаудың нәтижелері мен оларға қойылатын талаптар
|
0.5
|
-
|
6
|
7
|
Әлеуметтік жобалау, оның табиғаты мен мәні
|
0.5
|
|
6
|
8
|
Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
|
0.5
|
-
|
6
|
9
|
Әлеуметтік жобалаудың формалары
|
0.5
|
2
|
6
|
10
|
Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері, әдістері, технологиялары
|
0.5
|
|
6
|
11
|
Әлеуметтік жобалар, олардың сипаттамасы
|
0.5
|
|
6
|
12
|
Әлеуметтік жобалаудың бағыттары
|
0.5
|
|
6
|
13
|
Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау
|
|
|
6
|
|
Қорытынды:
|
6
|
6
|
78
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Пәннің мақсаты - әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі әр түрлі және типтегі жобалау мен болжаудың, әлеуметтік процестерді болжау мен жобалаудың ғылыми негіздерін оқып-білу болып табылады. Әлеуметтік жобалаудың, оның табиғатының және мәніні сұрақтарын, әлеуметтік жаңашылдықтың табиғатын, әлеуметтік жобалаудың формаларын, әлеуметтік жобалаудың кезеңдерін, әдістерін, технологияларын, әлеуметтік жобаларын, олардың сипаттамасын, әлеуметтік жобалаудың бағыттарын анықтау.
Курстың компоненттері
Дәріс сабақтардың мазмұны
Тақырып 1 Әлеуметтік процестерді болжаудың методологиялық аспектілері
Әлеуметтік дамуды субъективті факторыны басымдылық рөліндегі және әлеуметтік процестердің объективті сипаты болжау концепциясының басты методологиялық принципі.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі; оны тарихпен, психологиямен, математикамен байланысы. Болжау аппараттары, объект, мазмұны. Әлеуметтік философиямен социологидағы әлеуметтік болжау. Дж.Бернала, Н.Винера, Г.Тейла, Ф.Полака, И.В.Бестужева-Лады, Ж.Т.Тощенко, В.И.Курбатова және т.б. еңбектері. «Болжау», «болжам», «әлеуметтік болжау» ұғымдары.
Әлеуметтік болжау әлеуметтік жүйелерді болжау ретінде. Болжаудың мәнін қарастырудағы негізгі ойлар. Әлеуметтік болжаудың спефицикасы. Әлеуметтік болжаудың функциялары. Әлеуметтік болжауды әдістері мен технологиясы. Болжаудағы қарама-қарсы байланыс. Әлеуметтік болжау және әлеуметтік жоспарлау.
Тақырып 2 Әлеуметтік алдын ала болжау және болжау
Алдын ала болжау шындықтың бейнесін басып озу формасы ретінде. Әлеуметтік алдын ала болжаудың мәні. Алдын ала болжай білу. Алдын ала білу. Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлері. Анықталмағандықты оқып-білудің әдістері. Әлеуметтік алдын ала көре білудегі интуицияның рөлі. Әлеуметтік алдын ала болжау және болжау.
Тақырып 3 Болжау әдістері
Болжау әдістерінің топтамасы. Жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер. Экстрополяция әдісі; оның мәні, қолданудағы мақсаттылығы. Сараптық баға беру әдісі, оны тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде қолдану. Дельфи әдісі. Сараптық жұмысты әдістемесі. Болжамдық сценарийлер әдісі. Эдип нәтижелілік әдісі. Морфологиялық синтез әдісі. Оптималды, шешімдерді таңдау моделі, әдісі. Анология әдістері; гипотезалар; логикалық дедукция және индукция әдісі; ойындардың математикалық теориялар әдісі. Болжаудың типтік әдістемесі. Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың мүмкіндіктері.
Тақырып 4 Болжаудың мазмұны, түрлері, технологиясы
Болжаудың түрлері. Әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-саяси; әлеуметтік-мәдени болжаулар. Ізденістік болжам. Нормативтік болжам. Әлеуметтік болжау объетілері. Болжаудың социологиялық аспектісі. Отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі. Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы. Еңбек нарығындағы жағдайларды болжау. Өмір сүру деңгейін болжау. Зейнетақы қамтамасыздығын болжау. Экологиялық процестерді болжау. Демографиялық процестерді болжаудың технологиясы. Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.
Тақырып 5 Әлеуметтік болжау және модельдеу
Әлеуметтік болжаудың әдісі ретіндегі модельдеу. Модельдердіњ функциялары, түрлері және мәні. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау. Әлеуметтік процестерді модельдеу ерекшеліктері (әлеуметтік жүйе модельдері; тұрғындардың кірістері мен еңбекақыларыын болжамдық модельдеу). Әлеуметтік болжаудың математикалық моделі.
Тақырып 6 Болжаудың нәтижелері мен оларға қойылатын талаптар
Болжаудың нәтижелеріне қойлатын талаптар (болжанатын оқиғалардың саласын анықтау және т.б.). Болжаулардың нәтижелерін көрсету формалары (әлеуметтік қорғаудың нәтижелік көрсеткіштері; жекеленген әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы ресурстарының мүмкіндігі). Әлеуметтік болжаулардың нәтижелілігі. Әлеуметтік болжаулардың сенімділік жағдайлары мен әрекет принциптері. Болжаулардың нәтижелерін қолданудың техникасы. Болжау процестерінің негізгі кемшіліктері мен оларды анықтайтын факторлар.
Тақырып 7 Әлеуметтік жобалау, оның табиғаты мен мәні
Жобалау ұғымы. Әлеуметтік жобалау – бұл әлеуметтік объектілерді, әлеуметтік құндылықтарды, әлеуметтік процестер мен қатынастарды. Әлеуметтік процестің бағыттылығы. Жобалау әрекетінің негізгі элементтері: құрастыру жүйе, субъект, жобалау объектісі. Әдістері; жобалау механизмдері. Әлеуметтік жобалаудың принциптері, мақсаты, міндеттері. Әлеуметтік жобалаудың негізгі алғышарттары. Жоба – жобалаудың негізгі нәтижесі. Әлеуметтік-мәдени жобалау. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік жобалау.
Тақырып 8 Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
Әлеуметтік жаңашылдықтың табиғаты. Жаңаша ойлаудың жүйелілігі (жемісті, технологиялық, әлеуметтік, кешенді). Материалдық-техникалық әлеуметтік жањашыл кірістер. Жаңашыл кіріспелердің жүйелілігі (әлеуметтік-басқару; құқықтық; педагогикалық; әлеуметтік-экономикалық және т.б.). Жаңашылдық потенциялдың топтамасы (радикалдық, комбинаторлық, модифициалдық). Ұжымдардағы жаңашылдық жағдайдарды жобалау. Әлеуметтік ұжымдардағы жаңашылдық мінез-құлықтарының белсенділік жағдайы.
Тақырып 9 Әлеуметтік жобалаудың формалары
Әлеуметтік проекция: мәселені қарастыру. Әлеуметтік проекция болашақты көрудің формасы. Субъективті-тұлғалық және әлеуметтік проекция. Жобалық болжамдар: әлеуметтік проекцияның үлгілері.
Әлеуметтік алдын-ала көре білу және болжау.
Әлеуметтік жоспарлау. Әлеуметтік жоспарлаудың деңгейі мен формалары. Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері. Әлеуметтік дамудың көрсеткіштері мен сындары. Әлеуметтік жобалаудың ресурстары мен қоры.
Әлеуметтік құрастыру және әлеуметтік инженерия; оларды социологиямен байланысы. Әлеуметтік инженерия - бұл социологтың әлеуметтік қызметкердің тәжірибелік іс-әрекетінің ерекше бағыты. Әлеуметтік құрастырулардың принциптері, қызметтері және мазмұны.
Тақырып 10 Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері, әдістері, технологиялары
Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері, олардың әлеуметтік жоспарлау әдістерінің жалпы ғылымдық топтасытылуы: мәселелік-ќұрылымдық; бағдарламалық-құрылымдық; құрылымдық-технологиялық; жүйелік талдау әдісі; мәселелік-жүйелік; бағдарламалық-жүйелелік және т.б. Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері. Ойлардың матрицасы әдісі. Рөльге ену әдісі. Ұқсастық әдісі. Ассоциация әдісі. Миға шабуыл әдісі. Синектика әдісі. Әлеуметтік жобалаудың математикалық әдісі. Әлеуметтік жобалаудың құралдары. Әлеуметтік жобалау технологиясы.
Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері. Әлеуметтік жобалаудың тиімділік шарттары.
Тақырып 11 Әлеуметтік жобалар, олардың сипаттамасы
Әлеуметтік жобалар: мәні, түрлері, классификациясы (тарихи-мәдени бағытталған әлеуметтік жобалар; әлеуметті-педагогикалық және т.б.). Ғылыми-құрастырылған әлеуметтік жобаларға қойылатын талаптар. Жобаны орындау технологиясы. Жоба алдындағы талдаулар. Мақсаттарды анықтау. Әлеуметтік жобаны жоспарлау. Әлеуметтік жобаны жетілдіру, оны қабылдау, бекіту, орындау. Жобалық құжаттандыру. Әлеуметтік төлқұжат.
Тақырып 12 Әлеуметтік жобалаудың бағыттары
Аймақтық жобалаулар: мәні, мақсаты, жобалаудың стратегиясын анықтау. Аймақтық стратегияның түрлері. Стратегиялық жобалау мен жоспарлау. Мақсатты аймақтық бағдарламалар. Аймақтық жобалаудың технологиясы.
Электральды мінез-құлықты жобалау. Электральды мінез-құлықты зерттеу мәселесі. Электральды мінез-құлықты әлеуметтік жобалауды бағыты.
Әлеуметтік құрылымдағы білім беру процессін жобалау. Білім беру процессін жобалаудың объектілері мен пәні. Білім беру саласы. Білім беру мекемелерінің жаңа моделі. Білім беру процессін жобалаудың басымдылықтары; жобалаудың технологиясы.
Өмір сүру салты - әлеуметтік жобалауды объектісі. Адамның өмірлік қамтылу жүйесі және өмірлік жағдайлар әлеуметтік жобалауды болжамында. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды жетілдірудің технологиялары.
Тақырып 13 Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы; рухани өмір саласындағы басқару. Әлеуметтік-басқару циклының негізгі кезедері. Әлеуметтік менеджмент және жобалау. Әлеуметтік жобалаудағы координациялық шешімдер. Әлеуметтік-басқару іс-әрекетінің ғылыми қамтылуы. Басшылық шешімдер қабылдау тәжірибесінде әлеуметтік-жобалық зерттеу нәтижелерін қолдану. Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 2 Әлеуметтік алдын ала болжау және болжау
Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлеріне, анықталмағандықты оқып-білудің әдістеріне сызба нұсқау құрастыру.
Тақырып 6 Болжаудың нәтижелері мен оларға қойылатын талаптар
Бастапқы деректер бойынша әлеуметтік бплжау құрастыру, болжанатын оқиғалардың саласын анықтау және т.б. есептеу.
Тақырып 7 Әлеуметтік жобалау, оның табиғаты мен мәні
Әлеуметтік жобалаудың негізгі алғышарттары. Жоба – жобалаудың негізгі нәтижесі. Әлеуметтік-мәдени жобалау. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік жобалау.
Тақырып 10 Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері, әдістері, технологиялары
«Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері, олардың әлеуметтік жоспарлау әдістерінің жалпы ғылымдық топтасытылуы» сызба нұсқасын құрастыру. Сызба нұсқасында әлеуметтік жобалаудың кезеңдерін, әлеуметтік жобалаудың тиімділік шарттарын белгілеу.
Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
Студенттердің өзіндік жұмысына кіреді:
СӨЖ көлемі сағатпен кестеде көрсетіледі (сырттай)
№
|
СӨЖ түрі
|
Есептеу формасы
|
Бақылау түрі
|
Көлем, сағ.
|
1
|
Дәріс сабақтарға дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
10
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға
дайындалу
|
Жұмыс дәптері, кестелерді, формулаларды дайындау
|
Сабаққа қатысу
|
30
|
3
|
Курстың жеке тақырыптарын өздігінен меңгеру
|
Конспект
|
Конспекті қарау
|
28
|
4
|
Межелгі бақылауға
дайындалу
|
|
МБ1, МБ2
|
10
|
|
Барлығы
|
78
|
Курстың жеке тақырыптарын өздігінен меңгеруге арналған сүрақтар
Тақырып 3 Болжау әдістері
Болжаудың типтік әдістемесі. Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың мүмкіндіктері.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 4 Болжаудың мазмұны, түрлері, технологиясы
Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 5 Әлеуметтік болжау және модельдеу
Әлеуметтік процестерді модельдеу ерекшеліктері (әлеуметтік жүйе модельдері; тұрғындардың кірістері мен еңбекақыларыын болжамдық модельдеу).
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 6 Болжаудың нәтижелері мен оларға қойылатын талаптар
Болжау процестерінің негізгі кемшіліктері мен оларды анықтайтын факторлар.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 7 Әлеуметтік жобалау, оның табиғаты мен мәні
Әлеуметтік-мәдени жобалау. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік жобалау.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 8 Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
Әлеуметтік ұжымдардағы жаңашылдық мінез-құлықтарының белсенділік жағдайы.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 9 Әлеуметтік жобалаудың формалары
Әлеуметтік құрастырулардың принциптері, қызметтері және мазмұны.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 10 Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері, әдістері, технологиялары
Әлеуметтік жобалаудың тиімділік шарттары.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 11 Әлеуметтік жобалар, олардың сипаттамасы
Әлеуметтік жобаны жетілдіру, оны қабылдау, бекіту, орындау.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 12 Әлеуметтік жобалаудың бағыттары
Адамның өмірлік қамтылу жүйесі және өмірлік жағдайлар әлеуметтік жобалауды болжамында.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 13 Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау
Басшылық шешімдер қабылдау тәжірибесінде әлеуметтік-жобалық зерттеу нәтижелерін қолдану. Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы.
Бақылау түрі: ауызша сұрау
Курстың саясаты
Студент дәріс, тәжірибелік сабақтарана қатысуға, курстың жеке сұрақтарын өздігінен меңгеруге міндетті: уақытында тәжірибелік тапсырмаларды орындау, студенттік ғылыми конференцияларына қатысу. Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарындың талқылағанда және топтың жұмысында белсенді болу, топтастар-дың оқытуына жәрдем беру керек. Сабақтан кейін студенттен дәріс конспектің көрсетуді сұрау оқытушыда құқығы бар. Сабақ үстінде тәртіп ережелерді бұзған-да студент осы жоспарланған бақылау түрінен баллдардан айырылады немесе ау-диториядан қуып шығарылады, бұл университеттің ішкі тәртібін бұзушылық ре-тінде саналады студентті максималды жазалау түрінде университеттен шығарады.
Келесі штрафтық санкциялар қойылады:
-
себепсіз дәріс, тәжірибелік сабақтарды босатқан үшін –осы бақылау тү-ріне қойылған, рейтингтің максималды балл қойылады;
-
тәжірибелік тапсырмалар, өздігінен меңгеруге курстың сұрақтары уақы-тында тапсырылмаса – осы бақылау түріне қойылған, рейтингтің максималды балл 50% қойылады.
Қорытынды формасы – емтихан, жазбаша түрде сұрақтар бойынша өткізіледі. Емтиханда көшіреге болмайды.
Пән бойынша рейтингті санау әдісі
Қортынды бақылау (арадағы аттестацияны бақылау)
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша «Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау» пәні бойынша қорытынды бақылауға кіреді: ағымдағы үлгерім және емтихан. Ағымдағы үлгерімді бақылауға ағымдағы және аралық бақылау кіреді.
Қорытынды бақылаудың басым бөлігі кестеде көрсетілген.
Бақылау бойынша басым бөліктерге бөлу
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрі
|
Басым бөлігі
|
1
|
Емтихан
|
Ағымдағы үлгерімді
емтихан.
|
0,6
0,4
|
Межелгі бақылауды бағалау 100 балмен есептеледі. Межелгі бақылауды бағалау (МБ) 100 балмен есептеледі. Межелік бақылауға ағымдағы үлгеру қорытындысына байланысты балдары бар студенттер жіберіледі. Ағымдағы үлгеру және межелік бақылау қорытындысы бойынша анықталады (Р1 және Р2) пәні бойынша:
Р1(2) = ТУ1(2)*0,7+ МБ 1(2)*0,3
Рейтинг қойылмайды, егер студент МБ өтпеді немесе МБ 50 баллдан төмен болса.
Рейтингті бағалауға рұқсат студентке (РР) семестрге анықталады:
РР = (Р1+Р2) /2
Сабақты оқыту емтиханмен аяқталады.
Емтиханға кіру үшін қажет:
- барлық жұмыс бағдарлама бойынша берілген тапсырманы орындау;
- 50 баллдан төмен болмау керек
Емтихан 100 балмен есептелінеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:
Қ = РР * 0,6 + Е * 0,4,
мұнда РР – рұқсат рейтингке;
Е – емтихандық сандық эквивалент.
Қорытынды рейтинг (аралық аттестацияның бағалауы)
Әр семестр жартысы (бірінші және екәнші рейтинг) үшін қорытынды ағымдағы үлгерім бойынша жалпы балл дәріске қатысуынан, өзіндік жұмысынан, тапсырылған тәжірибелік тапсырмалардан, студенттік ғылыми конференциясы жұмысына қатысуынан, межелгі бақылау қорытындысынан алынған балдардан жиналады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
-
Есенбаева Г.А., Какенов К.С. стандарттау, метрология және сертификациясы. – Караганда, 2008
-
Мухтаров К. Қазақстан халқының әл-ауқатының деңгейіне баға беру үшін халықаралық әлеуметтік стандарттар // Евразия бірлестігі: жалпы, саясат, мәдениет. – 2007. №2
-
Мирзалиев М.Н. Әлеуметтік стандарттар негізінде жергілікті бюджеттің жағдайы – 2009. №12
-
Нұрғалиева А.А. «Ауылдық аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі» / монография. Павлодар, Кереку баспасы 2011. – 178б.
-
Ұлттық экономика: оқулық/А. В. Сидорович, Ә. Ә. Әбішевтің жалпы ред.-Алматы: Экономика, 2010.-528 б.
Қосымша
-
Салина Р.М. Білім сапасын бақылау стандарты // Қазақстанның жоғары мектебі. – 2009. №3
-
Сансызбаева Х. Халлықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басқармасына жаңа ықпалы. // Саясат. 2007. №5
-
Әлеуметтік жұмыс. / Курбатова В.И. – Ростов-на-Дону., 2008
-
Ауыл ( село ) дамуының мониторингі, 2011 жылдың қаңтар маусымы 2011 ж/"Павлодар обл. статистика есептеу орталығы" ЕМК.-Павлодар, 2011.-130 б.-Мәтін қазақ, орыс тілдерінде.
-
Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы:(қысқаша стат. Анықта малық)/Павлодар обл. Статистика департаменті.-Павлодар. N 5:2011 жылдың қаңтар - мамыры 2011 ж.-2011.-103 б.
-
2010 жылғы Павлодар облысының тұтыну нарығындағы инфляция және баға туралы /Павлодар обл. статистика департаменті.-Павлодар,2011.-16 б.
Достарыңызбен бөлісу: |