Бағдарламаның атауы


міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.)



бет2/3
Дата19.06.2016
өлшемі388 Kb.
#147251
1   2   3

2 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өткеру рыногын кеңейтуге және отандық тауар өндірушілер өнімін жылжытуға ықпал ету, шекара маңы саудасын, сауда инфрақұрылымын дамыту.
Мақсат 4.1.5. Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету.


Индикаторлар, көрсеткіштер атау

Өлш.

бір.

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Негізгі капиталғы салынған инвестициялардың нақты көлем индексі

%

84,1

103,7

103,5

103,4

103,3

Міндет 4.1.5.1 Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту.

Халықтың жан басына шаққанда негізгі капиталдағы инвестициялар

тен-ге

53731

58901

59944

60946

61905

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейінің өсімі

%

8,3

х

х

х

х

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

1 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): 2012-2015 жылдары инновациялық өндірісті дамытуға тартылған инвестициялар қызметі ауданды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.

Жергілікті бюджеттің әлеуметтік секторды дамытуға бағытталған (білім беру, денсаулық сақтау және спорт), тұрғын-үй шаруашылығы шығыстары аудан экономикасының инвестициялық белсенділікке деген ішкі сұранысы мен қолдауының бір көзі болып табылады.



2012-2015 жылдары инвестицияның өсу үрдісі жылына орташа 3,4% құрайтын болады. Негізгі капиталды жинақтау өсімі қамтамасыз етіліп, соның арқасында ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге болады.
БАҒЫТ 4.2. «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету».

Мақсат 4.2.1. Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету.

Индикаторлар, көрсеткіштер атау

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Халықтың білім берудің қол жетімділігі мен сапасына қанағаттану деңгейі, %

80

90

100

100

100

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту, %

39,0

51,3


57,1

67,3

69,0

Міндет 4.2.1.1. Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату.

Педогогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі, %

40,5

50,0

51,0

53,0

54,0

Міндет 4.2.1.2. Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату.

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі, %

57,3

57,5

58,0

59,0

60,0

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан окушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімді тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының үлесі, %

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Міндет 4.2.1.3. Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі, %

11,9

14,2

16,5

19,0

28,5

Міндет 4.2.1.4. Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім қызметінің сапасын жақсарту.

Іске қосылған мектепке дейінгі ұйымдардың олардың жалпы санынан үлесі, %

9,0

16,7

14,2

12,1

11,1

Қол жеткізуге жауаптылар. Аудан әкімдігінің білім беру бөлімі.

4.2.1.1.: міндетке қол жеткізу жолдары. Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату. Педагог кадрларды ауылдық жерлерде тұрақтандыру үшін мұғалімдерді әлеуметтік қолдау және материалдық көтермелеу жүргізіледі. Жыл сайын педагог кадрларды тарту мақсатында аудандық бюджетте әлеуметтік қолдауға қаржы қарастырылуда. Ауылдық жердегі білім мекемелеріне келген жас мамандардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жақтары шешілуде, жоғары оқу орындарын бітіріп ауылда тұруға және жұмыс істеуге келіп жатқан мамандар саны артуда, мектеп түлектері мен оқу орындарының бітірушілері есебінен ауыл шаруашылығы саласының кадрлық әлеуеті құрылуда; ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі учаскелері мен ауылдағы әлеуметтік салада кадрлардың ауысуы төмендеп, білікті мамандардың тұрақтауына жағдай жасалуда. Педагогтарды қалыптастырудың барлық кезеңінде жаңа тұрпаттағы педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау курсынан өткізу, педагог қызметкерлерді аттестациялау жүйесін жетілдіру арқылы іске асырылады. Ауданның инновациялық дамуына үлес қосуға қабілетті, соңғы жетілген білімді меңгерген педагог кадрларды даярлау облыстық және республикалық біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау курстары арқылы іске асырылады. Өнерде белсенді, кәсіби шеберлігін шыңдауға құштар, ұстаз мамандығының беделін көтеруге, талантты ұстаздарды анықтауға, педагогтардың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік қызметін насихаттау, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім мекемелерінің үздік мұғалімдерінің озық жұмыс істеу тәсілдерін таратуға баса назар аударылатын болады.

2011-2012 оқу жылында жаратылыстану-математикалық пәндерден оқу білім бағдарламасын табысты меңгерген оқушылар үлесі жоспарланған -54,1%-дан 60%-ды құрайды.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және теңгерімді тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының үлесі 100 % құрайды.

4.2.1.3.: міндетке қол жеткізу жолдары. Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Кедергісіз жағдайлар жасау мақсатында 36 мектепте пандустар мен қол тіремелер, кең есіктер, демалыс бұрыштары орнатылған. Стандартқа сай келетін мұндай пандустар мен есіктер орнату жалғасуда.



4.2.1.4.: міндетке қол жеткізу жолдары. Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім қызметінің сапасын жақсарту.

2011-2015 жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 19-ға дейін жеткізіліп 1715 орын енгізіледі, оның ішінде:



- 2011 жылы Жасөркен ауылында 140 орындық 1 балабақша, 2012 жылы Аса ауылында 280 орындық, Айшабибі ауылында 140 орындық, 2013 жылы Өрнек ауылында 75 орындық, Түрксиб ауылында 280 орындық, 2014 жылы Пригородное ауылында 280 орындық, Жалпақтөбе ауылында 280 орындық, 2015 жылы Аса ауылының темір жолдың арғы бетінен 140 орындық, Бірлесу-Еңбек ауылынан 125 орындық.
Мақсат 4.2.2. Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету.

Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында), %

х

х

100,0

100,0

100,0

Міндет 4.2.2.1. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %

83,3

75,1

76,0

77,0

78,0

Құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік

343

125

125

125

125

Міндет 4.2.2.2. Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны

120

119

118

117

116

Міндет 4.2.2.3. Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту

Жеке сектор субъектілерімен, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі, %

0,0

0,0

4,0

5,8

6,2

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы, %

40,0

37,0

37,0

35,0

35,0

Маңызды нысандардың жалпы санындағы әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарына халық ішіндегі мүгедектер мен аз қозғалатындар тобындағылардың қолжетімділігінің үлесі, %

х

х

6,4

15,5

20,4

Қол жеткізуге жауаптылар. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

1 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу мақсатында мыналар қарастырылады:

- жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдардың делдалдығымен азаматтарды жұмысқа орналастыру, «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жариялау, еңбек рыногында сұранысқа қажет мамандықтарды мониторингілеу;

- инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, аз қамтамасыз етілгендер мен жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар практикасы» бағдарламасын ұйымдастыру, ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру.

Аталған іс-шаралар жергілікті бюджет қаржысы есебінен және «Бизнестің Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етіледі.



  • бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу.

  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту.

  • кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім-шарттар жасау.

  • еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс берушілермен дөңгелек столдар өткізу.

2 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Халықтың табысын арттыруды және азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін мыналар қарастырылады:

- аз қамтамасыз етілген отбасыларға (атаулы әлеуметтік жәрдемақы, балаларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегін) көрсету;

- халықтың аз қамтамасыз етілгендер қатарынан еңбек потенциалын іске асыру негізінде масылдықтың алдын алу және кедейшілік шеңберінен өз бетінше шығушыларды ынталандыру;

- кедейшілік деңгейін төмендету бойынша жұмысқа кәсіпкерлікті және ҮЕҰ тарту;

- кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға бағыттау арқылы еңбек рыногындағы халықтың мақсатты топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;

- ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

3 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Мүгедектерге, қарттарға, ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында мыналар қарастырылады:

- психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық ауруларға, медико-әлеуметтік мекемелердегі қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік көмек көрсету;

- мүгедектерді сауықтыру және бейімдеу Орталықтарындағы тірек-қозғалыс аппараттары және психоневрологиялық патологиясы бұзылған ересек және жас мүгедектерге арнайы әлеуметтік көмек көрсету;

- ҮЕҰ-ды мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсетуге тарту.
Мақсат 4.2.3. Мәдениетті және тілді дамыту.


Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі, %

61,2

62,3

62,8

63,1

63,5

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі, %

85,0

90,0

94,0

95,0

98,0

Қол жеткізуге жауаптылар. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Отандық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жоспарланады:

- аудандағы тарихи-мәдени құндылық объектілерін сақтау және қайта құру мақсатында барлық ескерткіштер мен тарихи құндылықтар қамқорлыққа және қорғауға алынады, мұражай экспонаттары кеңейтіліп жақсартылады. Аудан аумағында археологиялық, ғылыми-зерттеу және тағы басқа қазба жұмыстар жүргізілген жағдайда оған кең қолдау көрсетіледі.

- кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар енгізу, электрондық мәліметтер базасын құру, компьютерлендіру, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу, өнер ұжымдары мен талапты жастарды түрлі облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатыстыру, клубтар мен мәдениет Үйлерінің санын арттыру, жаңа концерттік бағдарламалар мен қойылымдар әзірлеу, айтыстар өткізу және мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту мен материалдық-техникалық базасын күшейту.

Аудандағы этно-мәдени орталықтарың үйірмелері мен курстарында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту жүргізілетін болады. Халықты тіл меңгеруге үйрететін ҮЕҰ мен лингвистикалық орталықтармен қатынастар орнатылады.

-мемлекеттік және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту бойынша әлеуметтік тренингтер, «Дөңгелек столдар», жыл сайынғы тіл апталықтары ұйымдастырылады.


Мақсат 4.2.4. Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристік индустрияны құру.


Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Мақсатты индикаторлар:

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту, %



18,5

19,3

20,0

21,1

22,0

Міндет 4.2.4.1. Бұқаралық спортты дамыту.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту, %

9,0

10,6

11,1

11,6

12,9

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет