Бағдарламаның атауы



бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі388 Kb.
#147251
  1   2   3


Жамбыл ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 30 қазандығы



№490 қаулысына қосымша
Бағдарламаның «1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ» бөлімі келесі редакцияда жазылсын:


Бағдарламаның атауы

Жамбыл ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы.



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы облыстың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер көлемі 4,3 мың шаршы шақырымды немесе Жамбыл облысының жер көлемінің 3,0 пайызын құрайды.

Аудан аумағындағы 16 ауылдық округтерде 39 елді мекендер орналасқан.

Жамбыл ауданы облыс орталығы Тараз қаласының айналасын қоршай орналасқан. Ауданның батыс жағы Көделі мал жайылымымен шекаралас жатқан Талас ауданымен, шығысында қыратты Алмалы жотасы арқылы Тұрар Рысқұлов ауданымен және ортақ жайлау болған Дегереспен түйісіп көршілес Қырғызстан Республикасымен, солтүстігі Байзақ ауданымен, оңтүстігі Жуалы ауданымен шектесіп жатыр.

Географиялық жағынан аудан орталығы Аса ауылы облыс орталығынан 24 шақырым қашықтықта, ал Жалпақтөбе, Қала маңы, Түрксиб, Ақбұлым, Жасөркен, Бектөбе, Шайқорық елді мекендері облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болса, ең алыс Ерназар елді мекені аудан орталығынан 36, ал облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Аудандағы халық саны 2010 жылы 87 126-ға жетіп, жалпы облыс тұрғындарының 8,3 пайызын құрайды.

Бағытталуына қарай аудан аграрлық болып табылады.

2010 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 9453,0 млн теңге, оның ішінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2103,6 млн теңге, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 7349,4 млн теңге.

Салалар бойынша негізгі секторлар болып мыналар танылады: ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және карьерлерді әзірлеу, түрлі қызметтер көрсету.



Бағыттары

● Жоғары өнімді инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

● Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету;

● Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау;

● Мемлекеттік көрсетілген қызметтің сапасын арттыру.


Бағдарламаның мақсаттары

Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

● Жамбыл ауданының өнеркәсіп әлеуетін арттыру;

● Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру;

● ШОБ және сауданы дамыту;

● Инвестиция тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету;

● Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;

● Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;

● Мәдениетті және тілді дамыту;

● Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристік индустрия құру;

● Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

● Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

Инфокоммуникацияны дамыту;

● Құрылысты дамыту;

● Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;

● Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы;

● Жоғары және орта даму әлеуеті бар елді мекендерді дамыту;

● Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту;

● Мемлекеттік қызметті дамыту.



Міндеттер

● ЖШӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

● Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

● Прогрессивтік технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көздерін тұрақты өсіру;

● Кәсіпкерлік секторларын дамыту;

● Сауданы дамыту;

● Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту;

● Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;

● Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату;

● Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

● Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту;

● Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

● Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

● Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшырағын азаматтарды әлеуметтік қодау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;

Бұқаралық спортты дамыту;

● Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

● Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кұшейту;

● Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру және байланыс қызметтерін жетілдіру;

● Автомобиль жолдарын дамыту;

● Көлікті дамыту;

● Сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;

● Ауылдарда білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту;

● Ормандарды қорғау, күзету, өсімін молайту және орман өсіру;

● Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.


Іске асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.



Мақсатты индикаторлары

● ЖШӨ % алдыңғы жылға;

● Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

● Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

● Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

● Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

● Халықтың білім берудің қол жетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейі;

● Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту;

● Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

● Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі;

● Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

● Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

● Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

● Ішкі істер органдарына халық сенімділігінің болжамды деңгейі;

● Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

● Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі;

● Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

● Жүк айналымының көлемі;

● Жолаушылар айналымының көлемі;

● Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

● Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру;

● Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі;

● Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.



Қажетті қаржыландыру көлемдері*

2011 жыл – 4100264 мың.теңге;

2012 жыл – 2447604 мың.теңге;

2013 жыл – 3054957 мың. теңге;

2014 жыл – 1040474 мың.теңге;

2015 жыл – 1034474 мың.теңге.

*- қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді.



Бағдарламаның «3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ» бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
Жамбыл ауданы Жамбыл облысының құрамында өнеркәсібі мен аграрлық секторы серпінді әрі бәсекелестікке қабілетті, облыс көлемінде ыңғайлы көлік дәлізі бар, ішкі нарықта бәсекелестікке қабілетті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, өмір сүруге жақсы жағдай жасалған, тұрғындарының денсаулығы мықты әрі білімді, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы, жергілікті басқару органдарында жоғары білікті әрі тиімділігі мол мамандары бар аумақ болады.
1 БАҒЫТЫ: «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы».

● ЖШӨ % алдыңғы жылға;

● Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

● Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

● Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

● Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

2 БАҒЫТЫ: «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету».

● Халықтың білім берудің қол жетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейі;

● Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту;

● Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

● Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі;

● Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

● Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

● Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

● Ішкі істер органдарына халық сенімділігінің болжамды деңгейі;

3 БАҒЫТ: «Инфрақұрылымдық кешенді жатілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету».

● Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

● Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі;

● Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

● Жүк айналымының көлемі;

● Жолаушылар айналымының көлемі;

● Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

4 БАҒЫТ: «Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау».

● Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру;

● Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі;

5 БАҒЫТ: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру».

● Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.


Бағдарламаның «4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары». бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
БАҒЫТЫ 4.1. «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетілген дамуы».
Мақсаты 4.1.1. Экономиканың сапалы және тұрақты өсіуін қамтамасыз ету.



Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

ЖШӨ алдыңғы жылға

%

111,6

105,1

102,5

102,7

102,8

Міндет 4.1.1.1. ЖШӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету.

ЖШӨ көлемі

млн теңге

10557,4

15407,4

15803,1

16225,9

16677,7

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

Қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Аймақтағы жалпы шығарылған өнімнің өсімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және басқа саладағы өнім өндіру көлемін арттыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Мақсаты 4.1.2. Жамбыл ауданының өнеркәсіп әлеуетін арттыру.


Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі

%

200,5

112,8

101,4

101,9

101,5

Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі

млн. теңге

6592,3

7435,7

7542,7

7688,1

7805,6

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы, «SUPER PHARM» ЖШС, «БиномСтройДеталь» ЖШС

1 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өнеркәсіп өнімдері көлемін артыруға, оның ішінде мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға индустрияландыру Картасына енетін инвестициялық жобаларды іске асыру мен инновациялық технологияларды, менеджмент және стандарттау жүйесін ендіру жолымен қол жеткізілетін болады.
Мақсат 4.1.3. Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру.


Индикаторлар, көрсеткіштер атау

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, %

107,3

92,4

100,8

101,0

101,3

Міндет 4.1.3.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсектіштерін тұрақты өсіру.

Өсімдік шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі, %

112,5

86,1

101,0

101,2

101,4

Мал шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі, %

102,3

100,3

100,5

100,8

101,1

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

1 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Ауыл шаруашылығындағы жалпы шығарылатын өнім көлемін арттыруға төмендегі жолдар арқылы қол жеткізілетін болады:

Жоспары рентабельді (пайдалы) ауыл шаруашылығы дақылдарын ендіру (оның ішінде майлы дақылдар, қант қызылшасы мен көкөніс көлемін ұлғайту); көктемгі-күзгі дала жұмыстары мен жиын-терінді уақтылы жүргізу; дән себу барысында элиталы тұқымдар пайдалану; минералды тыңайтқыштар себілетін алқаптар көлемін ұлғайту, егіс алқаптарын (тасталған) жерлерге ирригация, дренаж, мелиорация және басқа да гидротехникалық іс-шаралар жүргізу арқылы ұлғайту; ылғал ресурсын жинақтап ұстайтын технологияларды, оның ішінде тамшылатып суғару әдісін қолдану; көпжылдық екпелерді тиімді пайдалану; қант өндіру орындарына жөнелтілетін жергілікті шикізаттың үлесін ұлғайту; мал шаруашылығындағы жалпы мал санының ішінде асыл тұқымды малдардың үлесін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын көбейту; қолдан ұрықтандыру пункттерін тиімді пайдалану, жеке шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандырумен қамту көлемін арттыру, биязы жүн өндіретін қой шаруашылығы жұмысының сапасын жақсарту; жыл сайын тауарлы-сүт фермаларының санын көбейту; мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру және кеңейту, ірі елді мекендерде типтік мал сою алаңдарын салу; ветеринарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізу; аудан үшін маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды ендіру; (СПК «Тараз») әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мүмкіндіктерін пайдалану, бұл жерде «Тараз» СПК-нің өнімді қайта өңдеуге қатысу үлесі; СПК мен сервистік дайындау орталығының (СДО) ауыл шаруашылық құрылымдарына көрсететін қызметін тиімді пайдалану; ауыл тұрғындарына микронесие беру көлемін ұлғайту, аудан көлемінде ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін көбейту, ауылдық жерлерге келген жас мамандарды көтерме ақымен және жеңілдетілген микронесиемен қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламаларды сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін субсидияларды тиімді пайдалану.



Мал басы санының сапасын жақсарту мен аймақта мал шаруашылығының тиімділігін арттыру жұмыстарын үйлестіру.
Мақсат 4.1.4. ШОБ және сауданы дамыту.


Индикаторлар, көрсеткіштер атау

Өлш.

бір.

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

116,9

93,1

101,0

101,0

101,1

Міндет 4.1.4.1 Кәсіпкерлік секторларын дамыту.

Шағын бизнесте белсенді кәсіпорындардың саны

бір-лік

30

30

31

32

33

1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсімі

%

0,3

0,3

0,4

0,4

0,4

Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту.

Бөлшек сауда айналымының көлемі

млн.тг

1111,5

1035,0

1045,3

1055,7

1067,3

Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

1 міндетке қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту бағытында әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Осы мақсатта 2011-2015 жылдары дөңгелек столдар, кездесулер мен түсіндіру семинарлары өткізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат беру тәртібін (құжаттарды) түгендеу және қайта қарастыру жалғастырылады. Жыл сайын «Жамбыл облысының үздік тауары» аймақтық конкурсына қатысу жоспарлануда, облыстық деңгейде өткізілетін Бизнес-форумға аудандағы потенциалды инвесторлар мен бизнес құрылымдардың қатысуын қамтамасыз етіледі.

Төмендегі іс-шараларды өткізу жоспарланады:

1) 2010-2014 жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде Жамбыл ауданын дамыту бойынша жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберін жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау;

2) кәсіпкерлікті дамытуға әсер ететін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша құрылған үйлестіру кеңесінің жұмысын жүйелі жалғастыру;

3) нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық даму институттары қаржысы есебінен несиелендіру;

5) кәсіпкерлер форумдарына, отандық тауар өндірушілер көрмелеріне қатысу;

6) кәсіпкерлердің қатысуымен түсініктемелік семинарлар, тренингтер, «дөңгелек столдар» өткізу, шағын және орта бизнеске арналып шығарылған буклеттер мен әдістемелерді тарату;

7) аймаққа жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік рыноктар, тауарлар мен қызметтерге сұраныстар туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет