Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Жүктік және коммерциялық жұмыс негіздері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


,7-дәріс. Жүкті жіберу және тексеру бойынша операциялар және тиеу



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#123975
түріБағдарламасы
1   2   3

6,7-дәріс. Жүкті жіберу және тексеру бойынша операциялар және тиеу.

Дәріс мазмұны:



  1. Вагондарды жүк тиеуге дайындау.

  2. Тиеудің жалпы шарттары

Жарғыда қарастырылған (статья 45), вагондарға және автомабилдерге тиеу, сонымен қатар олардан түсіру іске асырылады:

Жол құрылғаларымен — жалпы пайдалану орындарында, сонымен қатар Жол министрлігінің жеке шешімдерімен, анықталған жерлерде(мысалы, ауыл шаруашылығы, сауданы ұйымдастыру және тұтынушы кооперациялары үшін келген жүкті тиеу және түсіру) ;

Жүкті жіберушілер және қабылдаушылармен —жалпыға пайдалануға арналмаған орындарында қауіпті және тез бұзылатын, шикі жануарлар өнімдері, ауырсалмақты (бір орында 0,5 т жоғары) және габаритті емес жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары іске асырылады.

Ал құйылатын, шашылатын және аударылатын жүктерді тасымалдау арнайы жылжымалы тіркесте және жіберушінің немесе қабылдаушының жолсерігінің шығарып салуымен- жалпы пайдалану орындарында іске асырылады.

Жолдар өзіне кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім бойынша көрсетілген жүктермен(құйылатын, қауіпті, сонымен қатар тез бұзылатын , суықтай, жылылап тасымалданатын жүктерден басқа) жүктік операцияларды орындауды қабылдай алады. Жүкті жалпыға пайдалануға арналған автомобилдік көлікпен орталықтандырылған әкелу және шығаруда барлық жүктерді станцияларда тиеу және түсіру (қауіпті және құйылмалыдан басқа) жолмен іске асырылады. Жалпыға пайдалану орындарында жүктік операциялар механикаландырылған дистанциялық тиеу-түсіру жұмыстармен атқарылады.

Вагондарды жүк тиеуге дайындау.

Жүк тиеуге көрсетілген жүкті тасымалдауға жарамды, алдындағы тасымалданған жүктің қалдықтарынан және қоқыстардан тазартылған, қажет жағдайда жуылған вагонды береді.

Жүк тиеуге берілетін вагоннның техникалық жағдайын(жүру бөлшектерінің дұрыстығын, соғылатын және жанастырылатын приборларды, шанақтың және жабынның бүтіндігі, тіреуіштердің дұрыстығы т.с.с) вагон тексерушілері тексереді. Тексеру нәтижелерін станция бойынша кезекшіде болатын «Вагондарды техникалық карауға ұсыну кітабы»-на енгізеді. Вагондарды коммерциялық қарау (вагон шанағының ішкі жағдайы) жүкті қабылдапөткізуші немесе жүкжіберуші агент іске асырады. Қажет жағдайда вагондарды жуады. Ол үшін тек қана жуатын емес сонымен қатар кептіретін арнайы құрылғыларды пайдаланады. Көп мөлшерде вагондарды жуу күзгі уақыттарда жылжымалы тіркесті нан жүктерін жаппай тасымалдауға дайындауда жасайды. Мұнай өнімдерін құяр алдында цистерналарды жуу және парлау, құю пункттерінде орналасатын арнайы жуу-парлау станцияларында орындайды. Арнайы цистерналарды тазалау (газдарды, қышқылдарды жағу үшін тс.с.) жіберушінің міндетіне енеді.

Тиеудің жалпы шарттары

Темір жол және жүк жіберушілер вагондарға жүкті тиеу кезінде тиеудің Техникалық шарттарын қатаң сақтау керек, яғни вагонның көтеруінің техникалық нормасы, сонымен қатар жүкті тиеуге қойылған уақыт.

Техникалық нормасы көрсетілмеген жүк үшін, вагоды тиеу вагон сыйымдылығын немесе оның жүккөтерімділігін толық пайдаланып По грузам, для которых технические нормы не уста­новлены, загрузка вагонов должна производиться до полного использования вместимости вагона или его гру­зоподъемности.

Жүктер ереже бойынша қозғалудан, құлаудан, зақымданудан сақталуы үшін вагонның еденінде бірдей жатуы керек. Мұнда неғұрлым ауырлары астында ,ал жеңілдеулері үстінде жатуы керек.

Қаланған жүктің беті түзу болуы керек: вагонның шеткі жақтарында жүктің есік аралығындағы кеңістіктен жоғары қалануын жібермеу керек, бұл жүктің құлауына, сонымен қатар оның бүлінуіне әкеледі

Бөшкелердегі жүктерді, кабелді катушкаларды және т.с.с тиегеннен соң (подклинить)қадап қою керек. Себеттерге немесе шарбақтарға қапталған бөтелкелердегі сұйық жүктерді, егер ол вагонның еденінің барлық ауданын алып жатпаса, тақтайлармен бекіту керек немесе ылғалдан қорықпайтын жүгі бар жәшіктермен тығыз қоршап қою керек.

Арнайы маркировкасы бар жүктерді, осы маркировканың талаптарына сәйкес вагондарға, осы маркировка көрініп тұратындай етіп қалау керек.

Жабық вагондарда есік аралық кеңістікте жүкті, вагонның екі жағында да еркін есік ашылатындай етіп қалау керек. Ыдысқа оралатын жүктерді, мысалы, вагон есігінен 25 см ден жақын емес етіп қалайды.

Вагонға әр түрлі аттардағы жүктерді тиеуге болмайды, егер оларды бірге тасымалдау бұл жүктердің бұзылуына алып келетін болса.

Жабық және изотермиялық вагондарға тиеуді аяқтағаннан соң, сонымен қатар цистерналар темір жолдың пломбаларымен пломбалануы керек.



Тиелудің(загрузка) техникалық нормасы деп -оның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын ескере отырып, көрсетілген вагонға салыну(загрузка) керек болатын, сәйкес дайындалған жүктің саны.

Бұл нормаларды, вагонның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығын максималды пайдалану қажеттілігінен өңдейді және жүкті тасымалдауға дайындаудың рационалды әдістерін ескере отырып (престеу, ыдысқа салу, бұзу және т.с.с.) жүктің сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды вагонда.

9-сурет. Станция қоймаларынан вагондарға тиеудің мөлшерлі графигі.

неғұрлым эффективті орналастыру әдістері.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жүкті жеткізу уақыты және оның орындалмауына жауапкершілік.

2. Вагондарды тиеуге дайындау.

3. Вагондарды тиеудің техникалық нормасын кім орнатады?


8-дәріс. Тиелудің техникалық нормасы.

Дәріс мазмұны:



  1. Вагонның орташа статикалық жүктемесі.

  2. Вагонды тығыздап жүктемелеудің әдістері.


Тиелудің(загрузка) техникалық нормасы деп -оның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын ескере отырып, көрсетілген вагонға салыну(загрузка) керек болатын, сәйкес дайындалған жүктің саны.

Бұл нормаларды, вагонның жүккөтерімділігі мен сыйымдылығын максималды пайдалану қажеттілігінен өңдейді және жүкті тасымалдауға дайындаудың рационалды әдістерін ескере отырып (престеу, ыдысқа салу, бұзу және т.с.с.) жүктің сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды вагонда неғұрлым эффективті орналастыру әдістері

Тиелудің техникалық нормасы қатынас жолдары Министрлігімен шешіледі(устанавливается) және тасымалдау ережелері және теміржол көлігінің тарифтері жинақтарында жарияланады.

Қатынас жолдары Министрлігімен шешілетін желілік техникалық нормалар, жүктердің әртүрлілігін, оларды дайындаудың және тиеу әдістерінің барлығын қамтымауына байланысты, Устав теміржолға өңдеу және жүкжіберушінің келсімімен вагодарды тиеудің жергілікті техникалық нормаларын орнату құқығын береді.

Техникалық нормасына дейін немесе сәйкес жағдайларда толық сыйымдылығына дейін немесе жүккөтерімділігіне дейін тиелмеген вагондарды станция басшысының қабылдаудан бас тарту және оны толтыруды талап етуге құқығы бар.

Вагондардың жүккөтерімділігін пайдаланудың сапасын сипаттатын негізгі көрсеткіші, ол статикалық жүктемесі- яғни бір вагонға келетін жүктің орта салмағы нетто. Вагонның орта статикалық жүктемесі тиелген жүктің жалпы тонна санын вагонның физический жүктемесінің санына бөлгенге тең. Бұл көрсеткіш бір вагонға тиелген жүктің тонна санын ескереді. Пайдалану дәрежесін жүккөтерімділігін пайдалану коэффициенті сипаттайды- статикалық жүктемесінің вагонның жүккөтерімділігіне қатынасы. көрсеткшінің.

Вагонның жүккөтерімділігін және сыйымдылығын тиімді пайдалану мақсатында, вагондарды тығыздап жүктемелеудің алдынғы қатарлы әдісі кең таралды

Вагонды тығыздап жүктемелеудің неғұрлым кең таралған әдістеріне жатады:

Салмақты жүктерді вагонның бортынан жоғары тиеу. Салмақты жүктердің бір бөлігін, жоғары емес салыстырмалы көлемдік массалы жүктерді(көмір, кокс, кірпіш және т.б.) «шапка» деп аталатын вагон бортының деңгейінен жоғары тиейді, ал орман материалдарын тасымалдауда тиеудің толық габаритін, оның ішінде оның тарылған (суженную) бөлігін де пайдаланады. Бірақ қазіргі қозғалыс жылдамдығымен көмірді және кокстық ұсақтарды «шапка»-мен тасымалдауда, үрленуден жүктердің көп көлемі азаяды. Осы жоғалуды азайту үшін бірнеше мероприятилар пайдаланады(арнайы катоктары бар виброқұрылғылар көмегімен жүкті тығыздау, жүкті майлармен жабу және т.б.). Орман материалдарын габариттің тарылған бөлігін пайдаланып тиеу әдісі вагон жүктемесін 20—25%-ке арттырады;

үлкенемес көлемдік массалы жүктерді(торф, кокс, қант свекласы) тасымалдауда вагон көлемін үлкейту үшін платформалар және жартылай вагондардың бортын өсіру және решеткалау;

автомобилдерді жартылай қисық қалыпта тиеу, әртүрлі машиналарды және механизмдерді араласытырып тиеу, оларды жартылай бөлшектеп тиеу;

вагонды жеңілсалмақты және ауыр салмақты жүктермен араластырып жүктемелеу. Жеңілсалмақты және ауырсалмақты жүктердің тиімді қатынасы есептеулермен анықталады;

ыдыстарды стандарттау және рационализациялау, олардың тиімді өлшемін орнату (планкалық обвязкаларды (планочной об­вязки) металдық ленталармен алмастыру, картондық және қағаз-беттік ыдыстарды пайдалану, полимерден ағаштан бірге жасалған ыдыстар). Өлшемі, вагон шанағының ішкі өлшеміне бөлінетін, ыдыстарды пайдалану жақсы эффект береді;

кейбір жүктерді престеу(мақта, шөп, метал­лической стружки, льна и др.). Пакеттелген тасымалдауды кеңейту;

вагондарға жүкті тығыздап себу, тиянақты тегістеу, платформаның және жартылай вагондардың бұрыштарын толтыру;

Тығыздап тиеудің алдынғы қатарлы әдістері, вагондарды жүктемелеудің прогрессивті техникалық нормасын орнатудың негізі болып табылады.

Осымен қатар олардың типіне және жүк тегіне байланысты вагондарды тиеуге рационалды тарату үлкен орын алады. Үдемелі жүккөтерімділігі аз вагондарды неғұрлым жеңілсалмақты жүктерді тиеуге беру және керісінше. Үдемелі(Удельная) жүккөтерімділік — вагон шанағының 1 м3 геометриялық көлеміне келетін, жүккөтерімділіктің тонна саны.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Вагондардың жүккөтерімділігін пайдалануды жақсарту іс шаралары.

2. Жүкті тиеу және түсіру уақыты және олардың орындалмауы кезіндегі жауапкершілік.

3. Поездың және жүктің келуі жайлы ақпараттау жүйесі.


9-дәріс. Жүктің келуі және оны түсіру, сақтау және беру операциялары .

Дәріс мазмұны:



  1. Жүктің келуі туралы мәлімет.

  2. Келген жүктерден жүк құжаттарын қабылдау.

Жүкалушылар мен темір жол арасында жасалатын келісім шарт бойынша жүкалушыларға жүкті қабылдауға дайындау жағдайын жасау негізінде станциялар жүктің келуі жайлы алдын ала мәлімет береді. Алдын ала мәлімет беру жүктің келуіне 12 сағат қалғанда, ал одан да нақты мәлімет 4 – 6 сағаттық кезеңмен беріліп отырады. Ірі жүк станциялардың тауар канторасында жүк қабылдауға жүктің өз мекен-жайына келген вагондар жайлы алдын ала хабарламадан кейін, жүкалушылардан тарифпен қойылған өлшемдер жиыны алынады. Уақытындағы және нақты ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін, жолдарда өтпелі және жүктік ақпарат, тасымалдау процесін автоматтандырылған жүйесін басқару болып табылатын мәлімет жіберетін жүйе орнатылады. Өтпелі станциялардағы бұл жүйенің құрамында ұйымдастырылған ақпараттық пункттер (АП)өтпелі станциялардағы бұл жүйенің құрамында ұйымдастырылған ақпараттық пункттер (АП), учаскелік және ірі жүк станцияларында – ақпараттық бюро (АБ), іріктейтін станцияларда ақпарат орталықтары (АО), жол бөлімшелерінде – бөлімшелік ақпарат орталығы. Барлық ақпарат жолдың есептеу орталығында ЭЕМ өңделеді (ЕО).

Поезд келгенше ақпараттық бюро телетайп арқылы телеграмма алады, келесі түрде беріледі: «НР вагон Р масса назн МСГ груз получ ПБ КТ ТАР 1 2327624 0 058 33720 000 50406 39610 2 0 21,0», мұнда НР – реттік номер; вагон – вагон номері; Р – роликті подшипниктегі белгі; масса – жүк массасы, m; назн. – жүкке арналған станция; М – маршруттық топ; С – келу шифрі; Г – габариттік емес; груз – жүктің атауы; получ – жүк алушы; ПБ – таңба мөлшері; КТ – контейнер мөлшері; ТАР – вагон тарасы.



10-сурет. Поездардың және жүктердің келуі жайлы ақпаратты беру және байланыс құралдарының схемасы.



Келген жүктерден жүк құжаттарын қабылдау.

Бақылау пунктында техникалық кеңсе жұмысшылары станцияға келген поездің барлық поезд құрамындағы вагондардың орналасуын арнайы станцияға келген поезді арнайы сәйкес байланыс құрылғыларымен жабдықталған және поезд құрамындағы вагондардың орналасуы жайлы барлық қажетті мәліметтер берілетін техникалық кеңсе жұмысшылары бақылау пунктінде тексеру жүргізеді. Станцияға келген жүктелген вагондардың тасымалдау құжаты вагон мен жүктің құжатқа сәйкестігін толықтай тексеретін техникалық кеңсеге түседі. Тексеруді болғаннан кейін оператор керек жағдайда телеграммаға өзгерістер енгізіп, ол жайлы маневрлік диспетчерге хабарлайды.

Тасымал құжатын тексеріп болғаннан кейін техникалық кеңсе операторы түсіруге келген вагондардың вагон парағында және жол ведомостьтарында күнтізбелік нұсқама қояды. Келген жүктің күні және уақыты жазылады. Сонымен қатар вагон парағында сол поездің номері көрсетіледі. Бұдан соң құжаттарды тапсыру кітабына жазады (Форма ГУ–48). әр жөнелту сайын вагон номері мен накладной номерін көрсетеді. Жол ведомостьтарын және накладнойларды тауарлық кантораға, ал вагон парақтарын–жүк алаңына немесе жалпылық қолданудағы емес түсіру пунктыларына жібереді.

Құжаттарды өткізу кезінде техникалық кеңсе жұмысшысы кітапқа қол қояды, ал тауар кеңсесінің жұмысшысы – қабылдау құжаттарына қол қояды. Тауарлық кеңсеге келген жүкке түскен барлық жол ведомостьтары мен накладнойларды жүктің келуі туралы кітапта тіркеледі (Форма ГУ – 42). Жергілікті хабарламаға, тікелей хабарламаға, халықаралық хабарламаға, әскери жүктерді тасымалдау құжаттарын жеке кітапқа жазады. Шағын жүк келу станциясында жол бөлімшесінің бастығы жүктің тізімін өзі қоятын құжаттарды келу кітабына кіргізбеуге де болады. Әр тәулік басында келу кітабының алғашқы бос жолында күні және айы жазылады. «Ескерту» жолағында жергілікті жағдайға байланысты жукті алушының немесе тусіру орнын көрсетуге болады, сонымен қатар басқа да мәліметтер. Осы жолдың толтырылу тәртібін станция басшысы қояды. Жіберуді жазғаннан кейін келу кітабының беткі жағының жоғарғы бөлімінде жол ведомостьіне «келу кітабының №» жолағын толтырады. Бұдан кейін тасымалдау құжаттарын тауар кассиріне жібереді, ол тасымалдаудағы жукті беру және соңғы әрі нақты есептеулерді жук алушылармен толтырады. Келу кітабының сәйкес жолақтарында берілетін жуктін мөлшері бойынша күнделікті реттік номермен беру есептеулері жазылады, сонымен қатар берілген күні де жазылады. Келу кітабында бұндай жазылулардың болмауы тасымалдау құжаттарының пайымдалмағанын көрсетеді. Келген жүктің құжатын тіркеген соң ақпараттық бюроға жіберіледі. Егер станция жүкалушыға жүктің келуі туралы хабарламаса, онда ол вагон мен контейнер турағына және сақталуына төлем ақы бермейді және бұл туралы оны хабардар еткенше жауапкершілікке алмайды. Құжаттармен орындалатын операциялардың графигі 11- суретте көрсетілген.

11- сурет. Құжаттармен орындалатын операциялардың графигі
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы.

2. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігін қамтамасыз етілмей қалуының түрлері және олардың алдын алудың түрлері.

3. Акт формалары және оларды жасау тәртібі.


10-дәріс. Вагондарды түсіруге жіберу. Қызмет көрсету реті және кірме жолдарға вагондарды тапсыру. Тиеп түсіру фронты.

Дәріс мазмұны:



  1. Кірме жолына вагондарды тапсыру.

  2. Тиеп түсіру фронты.

Құрамын реттеу және вагонды түсірілуге жіберуге дайындау іріктеме парағы бойынша іске асады, оны маневрлік диспечер толтырады. Вагондарды түсірілімге жіберу алдын ала хабарлау арқылы жазылған уақыты немесе уақыт үзілісі арқылы алушы құрамы мен іске асады. Вагондарды жіберу жайында станция алушыны 2 сағат бұрын хабардар етуге міндетті. Тәртіпке сай хабарламаны жүкалушыға телефон арқылы жеткізсе, онда алушы өз жағынан жауапты адамды белгілеп, оның тегі мен телефон номерін станция бастығына айтуы керек.

Вагондарды түсіруге жіберу уақытын анықтап, хабарлама жіберу үшін станцияда хабарлама кітапшасы бар(Форма ГУ – 2). Вагонды түсірілуге жіберген кешіккен жағдайда (2 сағаттан жоғары) станция жүк алушыға оның алдағы вагон жіберілуінің уақытын хабарлауы керек.

Белгіленген уақыт бойынша немесе уақыт үзілісі арқылы вагондарды жіберу тек кәсіпорынға кіру жолдарында және темір жол мен кәсіпорын арасында жасалатын келісім шарт арқылы іске асады. Жүктерді түсіру. Жабық вагоннан станция қоймасына түсірудің алдында қабылдап–жіберуші коммерциялық тұрғыдан тексереді және пломбылардың іске жарамдылығын тексереді. Егер тексеру кезінде шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соғатын жарамсыздық табылса, онда ол келеңсіздікті міндетті түрде басшылыққа жеткізеді.

Қызмет көрсету реті және кірме жолына вагондарды тапсыру.

Мекелемерде жататын кіру жолдары өз локомативтарымен қызмет көрсетеді. Егер мекеме немесе ұйымда өз локомотивті болмаса, вагондарды жіберу мен жинау ақылы түрде темір жол локомотивімен орындалады. Темір жолына жататын кіру жолдарға әрқашан темір жол локомотивті қызмет көрсетеді. Станция вагон жіберу туралы мекемеге 2 сағат бұрын айту керек. 50-ге жуық вагонды тиеп түсіру кезінде кіру жолдарында вагондарды жіберу мен қайта жіберу белгілі бір тәртіп бойынша және ереже бойынша орындалады. Берілген мерзімнен кешігіп тапсырылған вагондар жіберілген деп саналады:

хабарламамен және хабарламасыз жіберілген вагондар 2 сағат ішінде жіберілген вагондар;

кесте бойынша жіберілген вагондар – жаңа кесте басталған сәттен;

Вагондар кіру жолынан қойылған келісім шарттарғы тәртіппен қайтарылады. Осыған орай вагондар мекемеден тұрып қалған есептен алынады. Кіру жолына қызмет көрсету жол локомотивімен орындалады – вагондарды жинауға дайындығы туралы хабарлама алған сәттен бастап.

Өндірістің орны және тәртібі қабылда өткізу операциясымен келісім шарт бойынша кіру жолын пайдалану, вагондарды жіберу мен жинау келісімі бойынша орындалады.

Қабылдап өткізу операциясынң уақыты вагонға 1 мин. және барлық вагондар партиясына 30 мин. аспау керек.

Тиелген вагондарды кіру жолдарына тапсыру екі жақтың өткізу мен қабылдап алушы жұмысшыларының қолхатымен бекітімді. Тиелген волондарды тапсыру жүктің жағдайы мен орын санын тексеру арқылы жүзеге асырылады. Вагондардың техникалық қалпын анықтау үшін, кіру жолдарына жіберілетін және кері қайтарылатын вагондарды техникалық бақылау мен тексеру арқылы орындайды.



Тиеп түсіру фронты.

Тиеп түсіру фронты деп жүкті тиеп түсіруге арналған қойша жолының бір бөлігін айтады. Тиеп түсіру фронтының өлшемі вагон мөлшерімен анықталады.Тиеп түсірудің механизацияландырылған фронты мөлшерімен және механизмнің қайта өндіру қабілетімен анықталады.

Күніне бір және одан да көп маршруттарды қабылдайтын немесе жіберетін мекемелерде тиеп түсіруге жеткілікті маршруты бар фронт болу керек. Тиеп түсіру фронтының өлшемін анқтау кезінде жүкті сақтау амалдарын ескереді. Ашық жерде сақтаса, тек қойша жолының ұзындығы есепке алынады. Жабық жерде сақтайтын жүктерде қойша есіктерінің санын ескереді.

Вагонның айналым мерзімі – бұл барлық операциялары орындауға керек уақыт кіру жолында вагондарды қайта өңдеумен қабылданған уақыттан бастап қайта қабылдап өткізу жолына оралумен байланысты. Кіру жолындағы вагондардың айналым мерзімін бір операциялық (тиеу немесе түсіру) вагондарға, екі операциялық және маршрутпен жіберілетін вагондарға орнатады. Жалпы мерзімі кіру жолдарында үлкен вагон айналыммен және екі еселенген операциялармен жиі қойылады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігі қамтамасыз етілмей қалған жағдайда тергеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері.

2. Коммерциялық актілер бойынша жауапкершілікті қарастыру және анықтау, актілерді қайта жіберу.

3. Тасымалданатын жүк амандығы мен түгелдігіне темір жолдың жауапкершілігі.


11,12-дәріс. Тасымалданудағы жүктің сақталуын қамтамасыз ету.

Дәріс мазмұны:



  1. Сақталмаудың түрлері, актылар, қойылымдар, исктар, жүктердің ізделуі.

  2. Жүктің сақталмауының түрлері және оларды ескерту туралы шаралар.

  3. Акт және оның құрылуының тәртібі

  4. Сақталмай тасымалдаудың ретімен тексеру мерзімі.

Темір жол түрлі жүктер тасымалданады. Олардың жалпы құны 14 млрд. рубль құрайды. Тасымалдаудағы жүктің сақталуын қамтамасыз ету тапсырмасымен үлкен халықшаруашылық маңызы бар. Бұл тапсырма ресурстарды эканомдау, шығынмен күрес және барлығына күтімді қатынас жағдайында одан да үлкен өткірлік алады. Тасымалдаудағы бағалы материалдардың сақталуын толықтай қамтамасыз ету теміржолдың басты міндеті болып табылады және ол міндеттер кәсіпорындарға және жүкті жіберуші - жүкті қабылдаушыларда да болады. Сондықтан бұл Жарғы жүйе шегін қарастырады, осы міндеттерді атқаруға бағытталған және оларды орындамағанына сай санкция құрайды.

Жүктің сақталмауының түрлері және оларды ескерту туралы шаралар.

Жүкті тасымалдауда әртүрлі технологиялық бұзу және коммерциялық операция ережелерін бұзу болса және күзетте кемшілік болса, онда сақталмаудың тасуы туындайды. Сақталмай тасуға мыналар жатады: жоғалтып алу, кемшілік, жүктің бұзылуы немесе ұрлануы. Олардың бәрі алушыға дейін болса ғана, ол сақталмай тасу деп аталады. Сақталмай тасудың ең басты белгісі - берілгенге қарсы жетіспеушілік, құжатта көрсетілгендей сыну, жүкке зақым келу және де жүктің қасиетінің төмендеуін білдіретін белгілер жатады. Сақталмай тасудың анализ көрсеткіштері бойынша тасымал кезінде жүктің шығынына, жетпеуіне, бұзылуына негізгі себептер мыналар болып табылады:



  • Жүктің тасымалға жарамсыз, стандартқа сай емес сапа жағдайы және бұзылу белгілері мен (мысалы, тез бұзылатын жүктер), стандартқа қарсы жоғары ылғалдылық және т.с.с.

  • Жүк жөнделмейтін, сапасы нашар немесе стандартқа сәйкес келмейтін тара да және орамда өткізу, маркаланбаған немесе дұрыс маркаланбағандықтан.

  • Массамен орын санын дұрыс анқтамау

  • Вагонды пломбылау ережесін сақтамау

  • Жүкті өз түріне сәйкес емес вагонға тиеу (мысалы, ашық жылжымалы құрамның орнына жабық, жабық вагонның орнына изометриялық) істен шыққан немесе былғанған вагондардан.

  • Жолда тез бұзылғыш өнімдерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі

  • Қауіпті жүк тасымалы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау

  • Шығын бұзылу және жүктің жол апаты, қирауы және өрт кезінде істен шығуы жүктің құжатынан айырылу және оны белгіленген жерге жібермеу

Тасымал кезінде келеңсіздік туғызатын бұл жетіспеушіліктің жоғалуын тек жар,ымен тәртіпті қатаң сақтау негізінде жүзеге асады. Бұл барлық коммерциялық операциялардың орындалу жиынтығы (қабылдау тәртібі немесе жүкті өлшеу, маркалау, вагонды дайындау, тиеу, вагонды пломбалау, құжаттарды тіркеу, жүкті жолда күзету және қызмет көрсету және т.с.с.).

Акт және оның құрылуының тәртібі.

Жоғары жағдайына сәйкес жүк темір жол материалды жауапкершілікке тартады, жіберуші, қабылдаушы және жолаушылар темір жол тасымалы кезінде коммерциялық актісімен құжаттандырылады. Коммерциялық акт шығынды және бұзылудың жауапкершілігін анықтайтын негізгі заң құжаты. Ол мыналарды растау үшін құрылады:



  • аталуының сәйкес келмеуі, жүктің және багаждың массасы мен мөлшері

  • жүктің немесе багаждың бұзылуы мен зақымдалуы

  • жүктің және багаждың құжатсыз немесе құжаттың жүксіз немесе багажсыз болуы

  • темір жол тауар кеңсеасында жүк беру құжатын толтырғаннан соң 24 сағатқа толғанша жібермеуі. Бұл жағдайда коммерциялық акт тек жүк алушының талабымен толтырылады.

Коммерциялық аккты толтырады; жүкті түсіру күні жалпылама түсіретін жерлерде жүкті түсіреді, ал сәйкес жағдайда жүк алушы жүк алған күні толтырылады; жалпылық емес орындарда жүкті түсіруде – сол жүкті түсіру күні толтырылады. Коммерциялық акт берілген уақытында толтырылу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, ол келесі тәуліктен кеш толтырылмауы керек.

Сақталмау жағдайында тәртіп бойынша әр жіберілуде жеке акт толтырылады. Коммерциялық актының үш данасымен қойылған формада құрайды. бланкалар жазба машиналарында немесе қара сиямен, нақты, қатесіз, тазалаусыз және түзетусіз толтырылады.

Контейнерлік тасымалдау қызметі және коммерциялық жұмыс ГНУ – 4 формасы кітапшада коммерциялық актарды тіркейді, актта түсу күнінің күнін белгілейді. Бұл номер осы акт жұмысының номері болады және барлық хат жазысу осы номермен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет