Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Жүктік және коммерциялық жұмыс негіздері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#123975
түріБағдарламасы
  1   2   3




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-12.1.51/03-2013

«Жүктік және коммерциялық жұмыс негіздері»

пәнінен оқытушыларға

арналған жұмыс

бағдарламасы



18.09.2013

Баспа №1



«Жүктік және коммерциялық жұмыс негіздері»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013

Алғы сөз

1. Құрастырған

Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сағатбекова А.Б.
2. Талқыланды

2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов

2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж.

Төрағасы __________ Бекбаева Р.С.
3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.

Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж.

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.


4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

мазмұны

1. Дәрістер


2. Машықтану сабақтары

3. Студенттің өздік жұмысы




  1. Дәрістер


1-дәріс. Көліктің халық шаруашылығындағы ролі. Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.

Дәріс мазмұны:



  1. Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары

  2. Станциялар классификациясы.

  3. Жүк аулалары және тауар кеңселері.

Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары

Жүк тасымалдарын жетілдіру және дамудың негізіне тасымалдау процессінің жпңа технологиялары жұмылдырылған, олар тасымалдауда шығынның азаюын, ресурстардың жиналуын, экологиялық қауіпсіздікті және сервисті көлік қызметінқамтамасыз етеді. Олар көлік логистикасы және электроника құрылғылары, есептеу машиналары негізінде жасалған.

Тасымалдау процессінің жаңа біріккен моделі (ЕМПП) тасымалды автоматты түрде жедел басқару жүйесін (АСОУП) ауыстырады. Жүк тасымалдарына есептерді автоматтандыру жүйесі (АСГРП) жаңа ақпараттық технологиялар және қаржы-есеп негізінде жүк тасымалына келісім-шарт жасағанда тасымал процессінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты-технологиялық арақатнаты қамтамасыз етеді. Контейнер тасымалының жаңа автоматты басқару жүйесі (АСУКП) контейнерлердің қозғалуын және оларды бақылауды жақсартуы керек, сонымен қатар жүк станцияларында және контейнер пунктерінде ақпараттық қызмет қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған дайындық жүйесі және тасымалдау құжаттарын ресімдеу “ЭРТРАН” жүк тасымалдарын жаңа тәсілмен сапалы ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын енгізуге мүмкіндік береді.

Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және дамытудың негізгі басты бағыттары болып саналады:



  • “есіктен есікке”, “тікелей экспедиция”, мультимодальды, транзит, интермодальды тасымалдарды қоса есептегенде, жоғары сапалы көлік қызметіне есептелген, тасымалдау процессінің технологияларын енгізу;

  • халықаралық және ішкі қатнастарда қолданылып жүрген логистикалық жүйелерді жетілдіру және жаңасын енгізу;

  • автоматтандырылған жүйені енгізу, олардың орындалуын бақылау және ұзақ мерзімді контракттармен және келісімшарттармен тасымалдарды қамтамасыз ету жүйесіне өту;

  • жүк жөнелтушілермен және темір жол арасында, жүк қабылдаушылармен электронды құжат алмасу, олардың орталықтандырылған мәліметтер жүйесін енгізу, жүктердің тасымалына төлем ақыны енгізу жүйесін жетілдіру, жұмсақ тарифтік саясатты енгізу;

  • тасымал құжаттарын реальды уақыт режимінде өңдеу және құрастыру және олардың жүк жөнелтушіден жүк қабылдаушыға қағазсыз қозғалуы (электронды накладная);

  • аралас тасымалдарды дамыту, тікелей жеделдетілген контейнер және контрейлер поездарын ұйымдастыру, салмағы 40 футт контейнерлерді қазіргі заманға сай қайта тиеу терминалдарының құрылысын бастау;

  • автопоездардың, автоприцептердің, түсірілетін кузовтардың тасымалы үшін арнайы жылжымалы құрам жасау; жолаушы, жүк багаждарының және жеделдетілген жүк поездарында контейнерлердің тасымалы үшін жедел платформалар жасау; тиеу-түсіру, бекіту және жүктерді сақтау үшін жүк жөнелтушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жетілдірілген жабық вагондар жасау;

  • басқа көлік түрлерімен тығыз байланыс орнату, аралас темір жол – су компанияларын құру;

  • жаңа көлік коридорларын құру;

  • тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жаңа пломба құрылғыларын енгізу және жасау, сонымен қатар электронды, тасымалданатын және сақталатын жүктерді бақылау құрылғыларын орнату;

  • поездарды және вагондарды коммерциялық бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу (АСКОПВ);

  • тиеу-түсіру жұмыстарында өнімділігі жоғары жаңа механизмдерді пайдалану;

  • тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа изотермиялық көлік құрылғыларын енгізу; изотермиялық жылжымалы құрамдарды жетілдіру.

Аталған бағыттарды іске асыру үшін темір жол көлігінің құрылымындағы барлық бөлімшелерді, жүк жөнелтушілерді және жүк қабылдаушыларды біріктіріп қимылдауды талап етеді.

Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.

Темір жол станциялары контейнерлерде, вагондық және жөнелтіммен тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, жүк тасымалында операцияларын орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және коммерциялық операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.

Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын қабылдауға, таратуға, жинауға, коммерциялық қарауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөнелтуге, жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет үйлерінен тұрады. Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс өнеркәсіптеріне қызмет көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен пункті болып саналады (темір жолдың автомобиль, су, өндіріс, құбыр көліктерімен), сонымен қатар кең табанды темір жол көлігінің тар табанды темір жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады.

Жүк станциялары негізгі тағайындалуы бойынша және орындалатын жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер үшін) және әмбебап (әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.

әмбебап (тіректі аралық станцияларды және жол бойындағы жүк станцияларын қоса алғанда) ыдысты-дара жүктерді, контейнерлерде тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және басқа жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға (жалпы пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.

Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді жаппай тиеу және түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда, минеральды-құрылыс материалдары, мұнай, ағаштар және т.б.).

Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен қатар өзіне қарасты шағын жүк станцияларының тиеу-түсіру жұмыстарының коммерциялық операцияларды орындайтын жолдың ақпаратты-есептеуіш орталығының мәліметтер торабына қосылған, автоматикалық құрылғылармен жабдықталған, өзіне бекітілген станциялармен байланыс жүйесі (телефон, электронды) бар жүк станциясы аталады.

Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды жолға жүктерді көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.

Теңіз және өзен порттарына қызмет көрсету үшін темір жол көлігінен су көлігіне жүктерді ауыстырғанда және керісінше, порттық станциялар арналған. Олар портқа ең жақын орналасқан немесе порт аймағында орналасқан.

Теңіз паромдарына қызмет көрсету үшін паром станцияларын жасайды.

Контейнерлерге коммерциялық және техникалық қызмет көрсету үшін, сүрыптау, уақытша сақтау және қайта тиеу, қабылдау, жөнелту операцияларына байланысты операцияларды орындау үшін, ірі қалаларда және порттарда арнайы терминал-станцияларын жасайды, оларда жүк қимылдарына қызмет көрсету үшін жолдар және қайта тиеу кешені болады. Қазақстан Республикасының темір жолдарының және көрші елдердермен шекаралық аудандарында шекаралық станциялар және мемлекет арлық беру станциялары бар, олар тек технологиялық және коммерциялық операциялар жүргізіп қоймай, сонымен қатар кедендік, шекаралық, медицина-санитарлық, санитарлы-карантин және басқа операцияларда жүргізеді.

Жұмыс көлемінен және сипаттамасынан тәуелді жүк станциялары барлық темір жол станциялары сияқты, жолаушылар станцияларынан басқа, алты классқа бөлінеді: жоғарғы класс, 1, 2, 3, 4, 5 класстар.

жүк станцияларында көп көлемде келесі жүк және коммерциялық операциялар жүргізіледі: тасымалға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, сұрыптау және жүктерді беру; контейнерлерді өңдеу, тасымал құжаттарын ресімдеу, жүктің қабылданғаны, вагондардың тиеу және түсіру орындарына берілгені туралы жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға хабарландыру, жүктерді іздестіру, қаржы және касса есебі, тасымал ақысын есептеу және орталықтандырылмаған есептерде жүк қабылдаушылардан және жөнелтушілерден төлем алу.

Сонымен қатар жүк станцияларында техникалық операциялар жүргізіледі: қозғалыс кестесі бойынша поездарды қабылдау және өткізу, тарату, құрастыру, коммерциялық тексеру, техникалық қызмет көрсету және поездарды жөнелту, тиеу-түсіру орындарына вагондарды беру және жинау, өнеркәсіптердің кірме жолдарына және порт жағалауларына қызмет көрсету, құрамдарға қабылдау және жөнелту бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізу және с.с. жеке жағдайларда жүк станцияларында вагондарды жуу және дезинфекциялау және басқа операциялар (жолаушылар тасымалы және қала арлық билеттер сату) жүргізіледі.

Жүк, коммерциялық және техникалық операциялардың орындалуы барысында поездардың қозғалыс қауіпсіздігі және жылдамдығы және қабылданған контейнерлердің, жүктердің сақталуы қамтамасыз етілуі керек.

Барлық және кейбір операциялар орындалуы үшін темір жол станцияларын ашу немесе жабу «Қазақстан Республикасының темір жол көлігі жайлы» заңына сәйкес жүргізіледі.

Қабылдау және жіберу, тиеу, түсіру және уақытша сақтау операцияларының орындалуы үшін станцияларды ашық платформа және жабық қоймалармен қамтамасыз етеді. (1,2-сурет).

1- сурет.Жабық және ашық платформалы жабық қойма

Ірі жүк станцияларында жеке жүк түлерін қайта өңдеу үшін арнайы қоймалар тұрғызады: контейнерлік пункт(3-сурет), ұсақ жіберулер үшін сұрыптайтын платформа(4-сурет), ауыр салмақты жүктер үшін алаңдар, шашылатын жүктерге арналған қойма.

2- сурет. Жанынан бір жол енетін ангарлы қойма.



3- сурет. Контейнерлік пункт.



4- сурет. Сұрыптау платформасы.


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жүкті тиеуде қандай жалпы шартарды сақтау керек?

2. Вагондарды және құжаттарды станцияларда қабылдау және өткізу реті.
2-дәріс. Жүк аулалары, олардың қызметі және техникалық қамтамасыз етілуі.

Дәріс мазмұны:



  1. Жүк аулаларының типтері.

  2. Жүк аулаларының техникалық қамтамасыз етілуі.

Үлкен көлемді жүк қабылдау және жіберу станциялары жүк аулалармен жабдықталады. Жүк аулаларына жүк қабылдау, тиеу, түсіру, беру және сәйкес жағдайларда жүкті сұрыптауға арналған аудандармен және жол құрылғылармен жабдықтауды жатқызамыз.

Жүк аулалары біріктірілген және жеке жүктерді өңдеу үшін арнайы болады. Неғұрлым кең таралған тұйықталған типтегі жүк аулалары.(5- сурет). Көптеген жүк аулаларын өткінші типті, сонымен қатар тұйықталған және өткінші жолдармен кобинирленген схемамен жабдықтайды.

Қоймаларды, қызметші бөлмелерін және жүк құрылғыларын орналастыруда, жұмыстың технологиялық процесін, автокөлік қозғалысының графигін және маршрутын, құрылымның жақындау габаритін, өртке қарсы ережелерді және техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру керек.

Жүк аулаларын қорғанмен қоршайды және күзет сигнализациясының қажетті техникалық құрылғыларымен жаьдықтайды. Өту, кіру және шығу үшін арнайы тексеру постылармен күзетілетін қақпа қояды.

Рельс жанындағы қоймалар жалпыға пайдалану және жекелей пайдалану қоймалары болып бөлінеді. Жалпыға пайдалану қоймалары барлық жіберушілер мен қабылдаушыларға арналған.Жекелей пайдалану қоймаларына теміржолдан арендаға алатын қоймалар немесе станция маңында орналасқан кәсіпорын немесе ұйым: бидай қоймалары, элеватор, тоңазытқыштар жатады.

Сақталатын жүктің түріне байланысты, қоймалар әмбебап және арнайы деп бөлінеді. Арнайы қоймаларда жүктің бір түрі ғана сақталады, ал жалпы да бір біріне зиянын тигізбейтін әртүрлі түрлері сақталады.

Рельс жанындағы қоймалар жабық қоймаға (бағалы тағам және өндіріс тауарлары сақталатын) және жабық платформаға (атмосфералық қалдықтардан сақтауды қажет ететін қымбат емес жүкті сақтауға арналған); ашық платформаға(атмосфералық қалдықтардың оның сапасына әсер етпейтін жүктерді сақтауға арналған) бөледі.

5- сурет. Тұйықталған жүк ауласының схемасы: 1- вагоннан автомобилге жүкті қайта тиеуге арналған жол; 2- өзіжүретін жүктерге арналған платформа; 3- минералды-құрылыс жүктеріне арналған қойма; 4-жоғарылатылған жол; 5- ауыр салмақты жүктерге арналған алаң; 6- жүкті ыдысқа –орауға арналған қойма; 7- контейнерлік платформа.


6- сурет. Өткінші жүк аулаларның схемасы: 1- минералды-құрылыс жүктеріне арналған қойма;2- вагоннан автомобилге жүкті қайта тиеуге арналған жол;3- өзіжүретін жүктерге арналған платформа;4- жүкті ыдысқа –орауға арналған қойма;5- жоғарылатылған жол;6- ауыр салмақты жүктерге арналған алаң; 7- контейнерлік платформа.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Құжаттарыд(Накладной) толтырудың міндеті және реті

  2. Жүкті тасмалдауға дайындау.

  3. Жүкті марклеудің қызметі және мазмұны.



3-дәріс. Тауар кеңселерінің жабдықталуы және қызметі.

Дәріс мазмұны:



  1. Тауар кеңселерінде орындалатын операциялар.

  2. Есептеулерге арналған тауар кеңселері.

Тауар кеңселері жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жүкті жіберушілер және жүкті қабылдап алушылармен есептесу және жүкті тасымалдаумен байланысқан басқа да операцияларды орындауға арналған. Үлкен көлемді тиеу және түсіру жұмыстары атқарылатын кіру жолдарында тауар кеңселерінің бөлімшелері ұйымдастырылады.

Тауар кеңселерінде тасымалдауды ұйымдастырушы келушілерге жеке оқшауланған бөлме бөледі. Тауар кеңселерінің жұмыс реті жайлы хабарламалар, әртүрлі құжаттарды толтыру үлгілері, ұсақ жіберуменжіберілген жүктерді қабылдау күндерінің кестесі және тағы да басқа қажетті ақпараттарды іледі. Әрбір кассаның терезесіне орындайтын операциясы жайлы операциялар көрсеткішін іледі. Осында шағым және алғыстар кітапшасы болады.

Тауар кеңселерінің жұмысшыларының бөлмесі жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек және тасымалданатын,есептелінетін және ақшалық құжаттар сенімді сақталынатындай болуы керек. Бұл бөлмелерге сейфтер, информатор үшін телефон кабинасын, архивтік материалдарды сақтауға арналған шкафтар қояды. Құжаттарды басып шығару үшін басу машиналары және осында мөрлер жиынтығы болады. Тауар кассирінің (7- сурет) және таксировщиктің жұмыс орнын екі тумболы столмен және приставкалы столмен және көтеріліп-айналатын орындықпен жабдықтайды. Жұмыс орнының орналасуы құжаттарды жасау және өңдеу ағымын қамтамасыз ету керек.

Тауар кеңселерін есептеу орталықтарымен байланыстыру құралдарымен және санау,есептеу және тағы да басқа операцияларды автоматизациялау, сонымен қатар мехаизациялау үшін оргтехникалармен жабдықтайды. Тауар кассирінің жұмыс орны.



7-сурет. Тауар кассирінің жұмыс орны: 1- приставкалы жұмыс столы; 2- құжаттарды жасауға арналған терезе;3- көтеріліп- айналатын орындық; 4- кеңсе шкафы; 5- есептеу- пернелік машина; 6- телефон; 7- кестелеге төсеніш.



Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері
жүк және коммерциялық жұмыс шаруашылығында тауар кассирінің және жүкті қабылдап-жөнелтушінің жұмысы ең негізгі және жұмысы ең көп болып табылады. Олар тасымал процессінің бастапқы және соңғы операциялар кезінде жүк жөнелтушілермен және қабылдаушылармен қарым қатынаста болады. Тауар кассирінің және қабылдап-жөнелтушінің нақты және сапалы міндетін орындауынан жүктің сақталып және уақтылы жеткізілуі, жүктердің тасымалына алынаиын төлем ақылар уақтылы және толық төленуі, жүк және коммерциялық операциялардың орындалуын автоматтандыру, жүк операцияларында вагондардың тұру уақытының орындалуы, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, қауіпсіздік техникасын және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымал ақысын және алымдарды есептеудің дәлдігі, темір жол көлігіндегі қызмет көрсетуін пайдалануда жүк жөнелтушілерді және қабылдаушыларды тарту.

Қабылдап-жөнелтушілерге негізгі жүк және коммерциялық операциялардың орындалуы міндеттелген: қабылдауды ұйымдастыру, өлшеу, тиеу, сұрыптау, қайта тиеу, түсіру, темір жолда тасымалданатын жүктерді сақтау және жүктерді беру; жүктерді (автоколік кәсіпорындарынан) порттардан қабылдау және тапсыру; порттың немесе жүк жөнелтушінің (қабылдаушының) құрылғыларымен тиелетін немесе түсірілетін вагондарды, коммерциялық мағынада жүк тиелген және бос вагондарды, контейнерлерді қабылдау және тапсыру; темір жол кірме жолдарында немесе тиеу-түсіру операцияларындағы вагондардың болу уақытын есепке алу, ПЭВМ жүргізілген операцияларды енгізу.

Станция жұмысының жергілікті жағдайларынан және ерекшеліктерінен қабылдап-жөнелтушіге басқада коммерциялық операциялардың орындалуы міндеттеледі: вагондарды және поездарды коммерциялық тексеру, құжатсыз жүктерді ресімдеу, сақталмаған тасымалдардың тексеру материалдарын, коммерциялық актіні қарау және толтыру, оларға қосымшалар дайындау.

Тауар кассирі көптеген жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға қызмет көрстетеді, жүктердің тасымалына қабылданған өтініштердің станция бойынша және әр бір жүк жөнелтуші үшін орындалуына қатысады.

Тауар кассирінің міндеттеріне кіреді: жүк жөнелтушілердің жүк тасымалына берген өтініштерін есепке алу; жөнелтілетін және қабылданған жүктерге тасымал құжаттарын ресімдеу; контейнерлерді және вагондарды пайдаланғандары үшін алымдарды, жүктердің тасымалына төлем ақыларды есептеу; жүк жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есептесу, қолма-қол ақшаны қабылдау; тиелген вагондардың есебін жасау; Станция технология орталығына (СТЦ) және тасымал құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталыққа (ТехПД) немесе ТехПД біріктірілген көліктік қызмет көрсету фирмаларының аймақтық агенстваларына (РАФТО) беру үшін құжаттарды жинастыру; жүктердің кедендік ресімделуін тексеру, жүктердің мекен жайын өзгертуді ресімдеу және басқа операциялар
Есептеулерге арналған тауар кеңселері.

Негізгі міндеті: жүкті тасымалдаудағы тасымалдау төлемін анықтау және тасымалдаумен байланысқан қызмет үшін қосымша жинақ, кәсіпорындармен, ұйымдармен тасымалдау үшін Госбанк арқылы есептесу, тасымалдаудан түскен түсімнің толықтығын қамтамасыз ету, станциялардағы тасымалдау құжаттарының дұрыс жасалынылуын тексеру, жолдық ведомостардың және тасымалдау құжаттарының комплекттерінің шығынын есепке алу, жолдық машиналық-санау станциялары және қаржылық қызметтің көрсетілген есеп беру құжаттарын уақытында алу, операцияларды механизациялау және автоматизациялаудың жаңа құрылғыларын пайдалану негізінде орталықтандырылған есептеулердің технологиясын іске асыру, сонымен қатар еңбекті және алдыңғы қатарлы әдістерді ғылыми ұйымдастыру.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жалпыға пайдалану орындарында жүкті қабылдау қалай іске асырылады?

2. Жүктің салмағын анықтау реті.

3. Жүкті жіберуге қабылдау кітабына енгізудің реті.


4,5-дәріс. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындау.

Дәріс мазмұны:



  1. Жүкті тасымалдауға төлеу.

  2. Жүкті тасымалдауға қабылдау.

Тауар кеңселерінде вагон жүктемелерінің техникалық нормасының сақталуына көңіл аудара отырып және жүктемені тексерген аға қабылдап өткізушінің белгілеуіне көңіл аудара отырып, көрсетілген жүк құжатына қарап жүкті қабылдаудың дұрыс безендірілуін тексереді. Содан соң төлемдерді және жинақтарды анықтайды, құжатқа қажетті мәліметтерді енгізеді және жолдық ведомосттарды құрады. Жүкті тасымалдау үшін төлемақыны жүкті тасымалдауға жіберу кезінде жүкжіберуші жіберу станциясында төлейді. Жүкті өткізу кезінде жіберуші төлемақыны өткізбесе әрбір төленбеген күн үшін соманың 1 проценті көлемінде айыппұл алынады; жүкті теміржолмен жіберу төлемақы төленгенге дейін тоқтап тұрады.

Жүкжіберушулердің темір жолмен орындалатын жүкті тасымалдау ақысы, жүкті шығарып салушы жолсеріктердің жолақысы, теміржолдың құрылғыларымен орындалатын тиеу және өлшеу және т.б. операциялар ақысы жіберу станцияларына қолма қол ақшалай, МЕМ банк чектері арқылы төленеді.

Станциялармен үнемі есептесулері бар кәсіпорындар және ұйымдардың жүктерін тасымалдауды төлеу үшін, банктер шектелген немесе шектелмеген чек кітапшаларын береді.

Жіберушінің тапсырысы бойынша жіберу станцияларынан жүкті тасымалдау үшін есептесулерді Көліктік-экспедициялық ұйымдар атқарады.

Қазіргі уақытта жүкті тасымалдауда негізгі формасы орталықтандырылған есептесулер болып табылады.

Орталықтандырылған есептесулерде құжат болып, тасымалдауға арналған орталықтандырылған Госбанктің шектелген анықтамасының орнына, станциялар немесе есептесуге арналған тауар кеңселері беретін, Госбанктердің анықтамалары немесе ФДУ-89 формасындағы қолхат пайдаланылады.

Орман, мұнай және т.б. жалпы халық шаруашылығының жүктері үшін, яғни оларды тасымалдау шығыны жіберушіге байланысты болатын жүктер үшін, жол басқарымы арқылы ведомостаралық есептесулер пайдаланылады. Мұндай жағдайда тасымалдау құнын бір ай көлеміндегі түсірілген жүктің толық көлемімен анықтайды.

Жүкті тасымалдауға қабылдау.

Көптеген жүктер өзінің қасиеттеріне байланысты қабылдауда, тасымалдауда және беруде ерекше шарттарды сақтауды қажет етеді. Ондай жүктерге қауіпті, тезбұзылатын, қатып қалатын, габариттіемес және экспорттық жүктер жатады.

Жүктің көп бөлігін әртүрлі қораптарда (тара)ыдыстарда тасымалдайды. Кең таралған ыдыс түрлері қатты (жәшіктер, бөшкелер, бидондар), жартылай қатты (қорап, шарбақ, корзина) және жұмсақ (мешок, сетка).

Ыдыстың көптеген түрлерін бірнеше рет пайдалануға болады. Кез келген өнімді орауға болатын әмбебап ыдыстар болады және анықталған өнім түрлеріне ғана арналған (цементке арналған мешоктар, кислоталарға арналған бөтелкелер) арнайы ыдыстар болады.

Көптеген жүктерді орау тәсілдері ГОСТтармен қарастырылған және көрсетілген техникалық шарттармен қарастырылған; орамасында стандарттар көрсетілменген жүктер бар. Барлық жағдайда да ыдыс тасымалдауда жүктің сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Тасымалданатын жүктің сақталуын және оның уақытында жеткізілуін қамтамасыз етудегі басты роль, оның жіберу станциясы және жолы, бару станциясы және жолы, алушының аты, жіберушінің белгілері және маркалары көрсетілетін көліктік маркировкасында жатады.

Жүктің жеке түрлеріне жіберуші, оны тиеу- түсіру жұмыстары кезінде және сақтауда қасиеттерін көрсететін арнайы манипуляциялық белгілерді қою керек. Мысалы: «Байқаңыз», «Не кантовать», «Жоғары» т.с.с.

Жалпыға пайдалану орындарында(станциялық қоймаларда және алаңдарда) жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті станцияға әкелуге рұхсаты қойылған алдын ала толтырылған құжат(накладной) бойынша жүргізіледі. Әкелу рұхсатын тексере отырып, қабылдаптапсырушы жүкті жіберушінің көрсеткен жүгі, орындар саны және сыртқы орамының тегі құжатта көрсетілгендермен сәйкестігіне көз жеткізуі керек. Сыртына қарап тексеруде ыдысында немесе орамында, жүктің сақталуын қамтамасыз ете алмайтын, жеткіліксіздіктер болса, онда қабылдаптапсырушы ол жеткіліксіздіктердің жойылуын талап етуі керек немесе тасымалдауға болмайтын (нетранпортабельный) жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тарту керек.

Ыдыстардағы және бөлектенген(штучных) жүктерді қабылдауда, жүкжіберушінің құжатта олардың салмағы және оны анықтау тәсілдерінің көрсетілуін, қабылдаптапсырушы тексеруге міндетті. Жүктің салмағын салмақ өлшеуіштерде өлшеп немесе трафарет бойынша немесе стандарт бойынша жүк орындарындағы салмағын есептеу арқылы анықтайды. Егер жүктің салмағы трафарет бойынша есептеумен анықталған болса, онда оның дұрыс анықталғанына және мұндай трафареттердің жүк орындарында бар екендігіне көз жеткізу керек.

Жүкті және оның орамын тексерумен бірге оның көліктік маркировкасын тексеру керек. Тасымалдауға қабылданған жүкті қабылдапөткізуші жүкті жіберуге қабылдау кітабына жазады(форма ГУ-34).



Әрбір 100м үшін 0,25 мин және операция үшін плюс 2 мин

8-сурет. Станция қоймасына жүкті қабылдаудың графигі.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жүкті жіберуге қабылдау процесінің негізгі технологиялық элементтері.

2. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындауды безендіру реті.

3. Жүкжіберушінің жүкті тасымалдау үшін есептесуді іске асыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет