ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ГЕОГРАФИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6–9 сыныптар
Астана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ГЕОГРАФИЯ
жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Карбаева Ш.Ш., Бейсенова Ә.С, Бірмағамбетов Ә.Б., Мамирова К.Н., Әбілмәжінова С.Ә., Қаймұлдинова К.Д.
Жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 31б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
І. ТҮСІНІК ХАТ
«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.
Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан - жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.
Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:
– оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;
– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;
– оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;
– негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;
– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;
– оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.
Географияның құрылымы мен оқу материалдарының мазмұны оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп әрі тереңдетіліп орталықтандырылған тәсіл бойынша құрылған, сонымен қатар 6–9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық - бағдарлану тәсілі қарастырылған.
«География» оқу пәнінің мазмұны «Жаратылыстану» білім саласы бойынша берілген жаратылыстану - ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану - ғылыми дүниетанымы мазмұндық желілеріне сәйкес келесідей құрылым арқылы беріледі:
1. Жер туралы географиялық білімнің дамуы.
2. Жер табиғатының ерекшеліктері.
3. Жер шары халқы және халықтың табиғатты игеруі.
4. Материктер мен мұхиттар.
5. Қазақстан географиясы
«Жер туралы географиялық білімнің дамуы» бойынша оқушылардың бойында география пәнінің ғылымдағы орны, рөлі, мақсаты мен міндеттері, географиялық зерттеулердің тарихи кезеңдері, қазіргі зерттеулер және олардың басты нәтижелері, картографиялық, кешенді физикалық -экономикалық - географиялық ұғымдар, жердің планда картада бейнеленуі туралы түсініктер және оларды түрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана алу біліктері қалыптасады.
«Жер табиғатының ерекшеліктерінде» оқушылар литосфера және Жер бедері, атмосфера және жер климаты, Дүниежүзілік мұхит – гидросфераның басты бөлігі, табиғат кешендері және табиғи зоналық ұғымдарымен танысып, жергілікті, аймақтық және дүниежүзілік жер табиғатының ерекшеліктерін оқып үйренеді.
«Жер шары халқы және халықтың табиғатты игеруі» оқушыларды Жер бетіндегі халықтар санымен, олардың орналасуымен, жер бетіндегі адамзат, нәсілдер, олардың сыртқы белгісіне қарай өзгешеліктерімен, қазіргі дүние жүзінің саяси картасымен, ондағы Қазақстанның орнымен таныстырады.
«Материктер мен мұхиттар» оқу материалдарының мазмұнында оқушылар материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігін және ерекшеліктерін оқып үйренеді.
«Қазақстан географиясы» негізгі орта білім беру деңгейіндегі базалық географиялық білім беруді аяқтайды. Оқушылардың бойында Қазақстан, оның табиғат жағдайы мен ресурстары, халқы және шаруашылығы туралы біртұтас түсінік қалыптасады.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «География» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6–9 сыныптарда аптасына 6,5 сағат, жылына 221 сағатты құрайды, оның ішінде:
6 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, жылына – 51 сағат;
7 сыныпта аптасына – 2 сағат, жылына – 68сағат;
8 сыныпта аптасына – 2 сағат, жылына – 68 сағат;
9 сыныпта аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат.
Оқу пәнінің вариативті бөлігі орта білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасын даярлауға бағытталған. Білім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата - аналардың сұраныстарына сәйкес бағдарламалар дайындалып, ол факультатив, таңдау курстары, қолданбалы курстар, жеке сабақтар түрінде жүзеге асады. Мысалы, «Ұлы саяхатшылар», «Қазақстанның табиғаты», «Картографиялық сауаттылық», «Конструктивті география», «Қазақстанның табиғат ресурстары», «География және экология», «Экономика және экология» және т.б.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
6–7 сыныптарда берілетін тараулардың тақырыптары әлемнің географиялық бейнесін сипаттайтын алғашқы физикалық–географиялық терминдер мен ұғымдар, жердің пайда болуының жалпы теориясы, Жер қозғалысының географиялық салдары, біртұтастық, саралану, даму қозғалысы (динамика), зоналық, зат айналымы, табиғаттың дамуы тәрізді географиялық қабық заңдылықтары туралы алғашқы түсінік береді.
8–9 сыныптарда Қазақстанның табиғи, әлеуметтік және экономикалық жүйесі туралы, оның табиғат жағдайлары мен ресурстарының әр алуандығы, табиғи және антропогендік факторлар нәтижесінде туындайтын экологиялық проблемалардың себеп - салдары қарастырылады.
6 СЫНЫП
(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат)
Кіріспе (2 сағат)
Географияның жаратылыстану пәндері жүйесіндегі орны. Географияның қазіргі құрылымы. Географияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Географиялық білім алу көздері. Географиялық ашылулар мен қазіргі зерттеулер.
Демонстрация:
1.Географияның құрылымы.
2.Ұлы географтар мен саяхатшылардың портреттері.
3.Бейнефильмдер мен СД.
План және карта (6 сағат)
Жергілікті жерде бағдарлау. Азимут. Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб. Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктері. Тегіс емес жердің горизонталь бейнесі. Планды практикалық іс–әрекетте пайдалану.
Глобус– Жер шарының моделі. Географиялық координаталар: ендік және бойлық. Географиялық карталар, олардың түрлері. Картада жер бетін бейнелеудің ерекшеліктері. План мен картаның ұқсастығы мен айырмашылығы.
Практикалық жұмыстар:
1. Көкжиек тұстары бойынша жергілікті жерді бағдарлау.
2. Карта бойынша Астана, Алматы және т.б. қалалардың географиялық координаталарын анықтау
Демонстрация.
Жергілікті жердің планы (сурет, сызба). Географиялық карталар. Глобус.
Жер қабықтары (29 сағат)
Литосфера (9 сағат)
Жердің құрылысы. Материктік және мұхиттық жер қыртысы. Литосфералық тақталар туралы ұғым. Жердің сейсмикалық белдеулері. Жер бедері және олардың алуан түрлігі.
Практикалық жұмыстар:
1. Жердің ішкі құрылысына сипаттама беру және оның сызбасын құрастыру.
2. Жер табиғатының апатты құбылыстарын сипаттау.
Демонстрация: Геохронологиялық кесте. Жер қыртысының тектоникалық картасы. Жер шарының гипсометриялық картасы.
Атмосфера (9 сағат)
Жер шарындағы ауа температурасының, атмосфералық қысымның таралуы. Ауа массалары. Ауа массаларының типтері. Тұрақты желдер. Жауын - шашынның жер шарында таралуы. Жер шарының климаттық белдеулері. Климаттық карта.
Практикалық жұмыс:
1.Климаттық карта бойынша Жер шарының климаттық белдеулеріне сипаттама беру.
Гидросфера және Дүниежүзілік мұхит (9 сағат)
Дүниежүзілік мұхит сулары, олардың шығу тегі. Беткі су температурасы. Су массасы. Су массасының типтері. Беткі ағыстар. Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік.
Практикалық жұмыс.
-
Карта бойынша Дүниежүзілік мұхит тереңдігін анықтау.
Биосфера (2 сағат)
Биосфера туралы түсінік. Тірі организмдердің таралу ерекшеліктері. Литосфера, атмосфера, гидросфераға тірі организмдердің әсері.
Географиялық қабық (7 сағат)
Географиялық қабық туралы ұғым және оның заңдылықтары. Табиғат кешені. Құрлық пен мұхиттағы табиғат кешендері. Табиғат кешендерінің алуан түрлілігі. Табиғаттағы зоналылық. Құрлықтағы табиғат зоналары, олардың материктерде таралуы және климаттық белдеулермен байланысы. Дүниежүзілік мұхиттағы табиғат белдеулері. Ендік зоналылық және биіктік белдеулілік туралы түсінік және олардың материктер мен мұхиттарда таралу ерекшелігі. Жер шарының табиғат зоналары картасы.
Практикалық жұмыс.
1.Климаттық белдеулер диаграммаларын құрастыру және оларды талдау.
Демонстрация:Климаттық белдеулер мен облыстар картасы. Дүние жүзінің топырақ картасы, топырақ типтерінің коллекциясы. Дүние жүзінің өсімдік картасы. Дүние жүзінің жануарлар картасы. Дүние жүзінің табиғат зоналары картасы. Таулардағы биіктік белдеулік сызбасы. Видеофильмдер мен СД таспаларын көрсету.
Жер беті халқы мен елдері (4 сағат)
Жер бетінде халықтың орналасуы. Жер беті халқының саны. Адамзат нәсілдері, этностар. Қазіргі діндер географиясы. Адамзат іс–әрекетінің нәтижесіндегі материалдық және рухани мәдениет. Адамзаттың қоршаған ортамен өзара байланысы.
Жер бетіндегі елдер. Дүние жүзінің саяси картасы, ондағы Қазақстанның орны.
Практикалық жұмыстар:
1.Оқулық және қосымша әдебиеттердегі мәліметтер бойынша жер бетіндегі халық санын анықтау.
2.Жер бетінде халық тығыз орналасқан елдерді кескін картаға түсіру.
Жергілікті жердің табиғаты (3 сағат)
Жергілікті жердің географиялық орны, аумағы, мен шекарасы. Жергілікті жер бедеріне сипаттама. Климаты. Табиғат кешендері. Жергілікті жердегі табиғи–тарихи, мәдени мұралар. Жергілікті жердегі өлкетану іс–шарлары. Топонимика. Жергілікті жер табиғатының адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне әсері. Экологиялық жағдайы.
Топсеруен:
1. Жергілікті жер бедерін оқып - үйрену.
2. Жергілікті жер климатын оқып - үйрену.
3. Жергілікті жердің органикалық дүниесін оқып - үйрену үшін табиғатқа жорыққа шығу.
7 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Жер туралы географиялық білімнің дамуы. Жер қыртысының дамуы туралы білімнің маңызы. Материктер мен мұхиттар. Материктер мен мұхиттарды зерттеу кезеңдері. Материктер мен мұхиттар картасы.
Жер ғаламшарының қазіргі бейнесі (7сағат)
Материктер мен мұхиттар жердің ірі табиғи кешені. Материктер мен
мұхит шұңғымаларының пайда болуы. Жер бетіндегі құрылық пен судың ара қатынасы, олардың жарты шарларда таралуы. Материктік және мұхиттық жер қыртысы. Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте. Литосфералық тақталардың қозғалысы. Жер бедері. Ішкі және сыртқы күштердің жер бедерін қалыптастырудағы рөлі мен мұхиттар карталары.
Материктер мен мұхиттар (55 сағат)
Солтүстік жарты шар материктері (1 сағат)
Солтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны, жер бедері, климаты, ішкі сулары мен табиғат зоналарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Еуразия (20 сағат)
Физикалық–географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Еуразияның жер бедері және оның басты ерекшеліктері. Ежелгі материктік мұз басулар. Жанартаулық әрекеттер мен жер сілкіну облыстары. Пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбалардың маңызды кен орындарының таралуы. Еуразияның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің ішкі сулары. Ішкі ағын аумағы. Өзендер режимі мен қоректенуінің негізгі типтері. Қазіргі мұз басу; көп жылдық тоң. Материктің табиғат зоналары. Альпі мен Гималайдағы биіктік белдеулік.
Еуразия материгіндегі халықтар мен елдер. Халықтың саны және географиялық орналасу ерекшеліктері. Нәсілдер мен этностар. Материалдық және рухани мәдениеті. Еуразия материгінде діндердің таралуы.
Практикалық жұмыс:
1.Еуразия материгінің географиялық координаталарын анықтау.
2.Материктің табиғаты мен олардың жеке компоненттері туралы хабарламалар мен рефераттар дайындау.
Демонстрация:
1.Жарты шарлар картасы, Еуразияның физикалық картасы, «Ұлы географиялық ашылулар», «Мұхиттар» картасы, Жер қыртысының тектоникалық картасы, Климаттық белдеулер мен облыстар картасы, Дүние жүзінің топырақ картасы, топырақ типтерінің коллекциясы, Дүние жүзінің өсімдік картасы, Дүние жүзінің жануарлар картасы, Дүние жүзінің табиғат зоналары картасы.
2.Таблицалар: «Жанартаулар мен жер сілкінулер», «Жер шарындағы тұрақты желдер», «Табиғат ресурстары», «Материктің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі», «Кавказ тауындағы биіктік белдеулік».
3. Видеофильмдер мен СД таспаларын көрсету.
Солтүстік Америка (9 сағат)
Физикалық - географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Жер бедері және мұз басулардың жер бедерінің қалыптасуына әсері. Пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбалардың маңызды кен орындарының таралуы. Климат. Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Табиғаттағы қауіпті құбылыстар. Қорықтар мен ұлттық саябақтар.
Солтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.
Оңтүстік жарты шар материктері (1 сағат)
Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны, жер бедері, климаты, ішкі сулары мен табиғат зоналарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Оңтүстік Америка (7 сағат)
Физикалық - географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалар. Жер қыртысындағы терең жарықтар. Пайдалы қазбалардың басты кен орындарының таралуы. Климат және климат қалыптастырушы факторлар. Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Анд тауындағы биіктік белдеулік.
Оңтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.
Практикалық жұмыс.
1.Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен табиғатына салыстырмалы талдау жасау.
Демонстрация:
1.Жарты шарлар картасы, Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың физикалық картасы, «Ұлы географиялық ашылулар», «Мұхиттар» карталары, Жер қыртысының тектоникалық картасы, Климаттық белдеулер мен облыстар картасы, Дүние жүзінің топырақ картасы, топырақ типтерінің коллекциясы, Дүние жүзінің өсімдік картасы, Дүние жүзінің жануарлар картасы, Дүние жүзінің табиғат зоналары картасы.
2.Таблицалар: «Жанартаулар мен жер сілкінулер», «Жер шарындағы тұрақты желдер», «Табиғат ресурстары», «Материктің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі», «Анд тауындағы биіктік белдеулік».
3.Видеофильмдер мен СД таспаларын көрсету.
Африка (10 сағат)
Физикалық–географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Жер бедері және мұз басулардың жер бедерінің қалыптасуына әсері. Пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбалардың маңызды кен орындарының таралуы. Климат. Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Табиғаттағы қауіпті құбылыстар. Қорықтар мен ұлттық саябақтар.
Африка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны. Нәсілдер мен этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.
Практикалық жұмыс:
1.Африка материгінің географиялық координаталарын анықтау.
2.Материктің климаты туралы хабарламалар мен рефераттар дайындау.
Демонстрация:
1.Жарты шарлар картасы, Африканың физикалық картасы, «Ұлы географиялық ашылулар», «Мұхиттар» карталары, Жер қыртысының тектоникалық картасы, Климаттық белдеулер мен облыстар картасы, Дүние жүзінің топырақ картасы, топырақ типтерінің коллекциясы, Дүние жүзінің өсімдік картасы, Дүние жүзінің жануарлар картасы, Дүние жүзінің табиғат зоналары картасы.
2.Таблицалар: «Жанартаулар мен жер сілкінулер», «Жер шарындағы тұрақты желдер», «Табиғат ресурстары», «Материктің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі».
3.Бейнефильмдер мен СД таспаларын көрсету.
Аустралия және Мұхит аралдары (5 сағат)
Физикалық - географиялық орны және материк пішіні. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климат. Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Органикалық дүниесінің өзіндік белгілері. Мұхит аралдары. Табиғатының ерекшеліктері.
Аустралияның халқы. Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.
Практикалық жұмыс:
1.Аустралияның географиялық орнын кескін картаға түсіру.
2.Органикалық дүниесінің ерекшеліктері туралы хабарламалар мен рефераттар дайындау.
Демонстрация:
1.Жарты шарлар картасы, Аустралия және Мұхит аралдардың физикалық картасы, «Ұлы географиялық ашылулар», «Мұхиттар» карталары, Жер қыртысының тектоникалық картасы, Климаттық белдеулер мен облыстар картасы, Дүние жүзінің топырақ картасы, топырақ типтерінің коллекциясы, Дүние жүзінің өсімдік картасы, Дүние жүзінің жануарлар картасы, Дүние жүзінің табиғат зоналары картасы.
2.Таблицалар: «Жанартаулар мен жер сілкінулер», «Жер шарындағы тұрақты желдер», «Табиғат ресурстары», «Материктің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі».
3. Бейнефильмдер мен СД таспаларын көрсету.
Антарктида (2 сағат)
Физикалық–географиялық орны және материк пішіні. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Материктің қазіргі зерттелуі. Антарктида табиғаты. Антарктида мұзы, мұз астындағы жер бедері Климат. Органикалық дүниесі.
Жер – біздің ортақ үйіміз (5 сағат)
Табиғат пен қоғам арақатынасы мен өзара байланысы. Табиғат ресурстары. Табиғат жағдайының адамдардың тіршілік әрекетіне әсері. Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Қазіргі кезеңдегі Жер шарының экологиялық жағдайы.
8 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Кiрiспе (1 сағат)
Қазақстан дүние жүзi мен Еуразия картасында. Қазақстанның физикалық және әлеуметтік–экономикалық географиясы. Қазақстанның географиялық орны, оның елдің дамуына әсерi. Табиғи ортаның, шаруашылықтың және халықтың өзара қатынасы. География ғылымының елiмiздiң экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк мiндеттерiн шешудегi маңызы.
Жер бетінің картографиялық бейнесі (2 сағат)
Жер шарын жазықтықта бейнелеу тәсілдері ретіндегі картографиялық проекциялар туралы ұғым. Масштабты пайдаланудағы Қазақстан карталарындағы бұрмалануларды ескеру. Қазақстанның, өз облысының, жергілікті жердің карталары, олардың айырмашылықтары.
Топографиялық карта, оның жергілікті жердің планы мен физикалық карталардан айырмашылығы. Магниттік ауытқу. Азимуттық түсірілім.
Қазақстан аумағы бойынша уақыт айырмашылықтары, сағаттық белдеулер. Жергiлiктi, белдеулiк, декреттiк, жаздық уақыт, оның шаруашылық пен адам өмiрiндегi рөлi.
Практикалық жұмыстар:
1.Карта бойынша Қазақстанның, жергiлiктi елдi мекеннiң географиялық орнын және шекарасын анықтау, оны кескiн картаға түсiру.
2.Қазақстанның әртүрлi жерлерiндегi белдеулiк уақытты анықтау.
Қазақстан аумағының зерттелу тарихы (5 сағат)
Қазақ Жерi туралы алғашқы мәлiметтер. Геродоттың Каспий теңiзiнiң арғы жағындағы жерлер туралы, Птолемейдiң Орал, Жем, Сырдария өзендерi туралы жазбалары. IХ–Х ғасырлардағы араб саяхатшыларының Арал, Сырдария, Жайық, Жем, Сағыз өзен, көлдерi туралы мәлiметтерi.
Әл–Фарабидың астрономиялық зерттеулерi.
М.Қашғаридың Жердi сипаттауы. Жiбек жолының маңызы. Орта ғасырлардағы атақты қалалар.
ХVIII – ХIХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Каспий теңiзiнiң, Алакөл, Балқаш көлдерiнiң, Тарбағатай, Жоңғар Алатауының географиялық сипаттамалары. Қазақ жерiнiң «Үлкен сызбаға» түсiрiлуi, және оның «Үлкен сызба кiтабындағы», «Сiбiрдiң сызба кiтабы» атласындағы сипаттамасы. П.П.Семеновтың Тянь–Шаньға саяхаты. Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулерiнiң рөлi. ХIХ ғасырдағы жалпы географиялық және арнайы зерттеулер.
Қ.И.Сәтбаев зерттеулерiнiң рөлi. Қазiргi кезеңдегi географиялық зерттеулер.
Практикалық жұмыстар:
1.М.Қашғари құрастырған картамен таныстыру.
2.Кескiн картаға П.П.Семеновтың Тянь–Шаньға саяхаты мен Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулерiнiң бағытын түсiру.
Қазақстанның физикалық–географиялық сипаттамасы (36 сағат)
Геологиялық құрылысы, жер бедерi және минералды ресурстары
(10 сағат)
Геологиялық құрылым мен жер бедерiнiң пайда болуы. Геологиялық жыл санау. Негiзгi тектоникалық құрылымдар және оның жер бедерiндегi көрiнiсi. Қатпарлы және платформалық аймақтар. Рельефтің басты белгілері, олардың литосфера құрылымымен байланысы. Пайдалы қазбалардың басты кен орындары және олардың орналасу заңдылықтары. Минералды ресурстардың алуан түрлілігі мен оларды тимді пайдалану проблемалары.
Жер қыртысы мен жер бедерiнiң табиғаттың жеке компоненттерiне, адамның өмiрi мен шаруашылық iс–әрекетiне әсерi.
Практикалық жұмыстар:
1.Қазақстанның тектоникалық және физикалық карталары бойынша нақтылы бір аумақтың тектоникалық құрылымы мен рельеф формалары және пайдалы қазбалары арасындағы байланысты түсіндіру.
2.Жергілікті жердің рельефіне сипаттамаберу.
Климат және агроклиматтық ресурстар (8 сағат)
Климат құрушы факторлар және Қазақстан климатының қалыптасуы. Шұғыл континенталды климат. Күн радиациясы және оның климатқа әсерi. Жер қыртысының климатқа әсерi. Ауа массалары және олардың айналымы. Атмосфералық фронттар, циклондар және антициклондар. Синоптикалық карта, Жергiлiктi жердiң климаты және ауа райын болжау.
Ең жоғарғы және ең төменгi температура, жауын–шашын мөлшерi. Климат жағдайларының адам өмiрi мен денсаулығына, шаруашылық iс–әрекетiне әсерi.
Агроклиматтық ресурстар. Вегетациялық мерзiмнiң ұзақтығы. Қауiптi климаттық құбылыстар. Қазақстанның агроклиматтық картасы.
Жергiлiктi жердiң климаты және агроклиматтық ресурстары.
Практикалық жұмыс.
1.Қазақстанның климаттық картасы бойынша қаңтар және шілде айларының орташа температурасының таралуын жылдық жауын–шашын мөлшерін анықтау және оны түсіндіру.
Ішкi сулары және су ресурстары (7 сағат)
Қазақстанның ішкі суларының ерекшеліктері. Өзен торларының таралуының әртүрлiлiгi. Өзеннiң қоректенуi, режимi. Басты өзен жүйелерi. Өзен суларын шаруашылықта пайдалану.
Қазақстан көлдерi, олардың пайда болуы, көлдердi шаруашылықта пайдалану. Арал, Балқаш, Каспий көлдерiнiң проблемалары.
Жер асты сулары. Мұздықтар, қар жамылғысы.
Судың табиғат пен шаруашылықтағы ерекше рөлi. Мелиорация. Сумен байланысты қауiптi құбылыстар (тасқын, су басу, қар көшкiнi, сел) және олардың алдын алу шаралары. Су ресурстарын қорғау.
Өз облыстары мен жергiлiктi жердiң iшкi сулары және су ресурстары, оларды қорғау шаралары.
Практикалық жұмыстар:
1.Карта және статистикалық материалдар бойынша өзен суларының жылдық ағысын, және оларды шаруашылықта пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
Қазақстанның топырағы және топырақ - жер ресурстары (3 сағат)
Топырақтың түзiлуi, олардың негiзгi түрлерi, қасиетi, құнарлылығы жөнiнен айырмашылығы. Топырақтың таралу заңдылықтары. Қазақстанның топырақ картасы.
Топырақтың бұзылуы және ластануымен күрес. Жер ресурстары және Қазақстанның азық - түлік мәселелері. Жер мелиорациясының рөлі. Жер мелиорациясының картасы
Топырақтың табиғаттағы және адамның шаруашылық iс–әрекетiндегi маңызы. Өз облысының және жергiлiктi жердiң топырағының ерекшелiктерi.
Практикалық жұмыс:
1.Қазақстан аумағында топырақ түрлерінің таралуын картадан оқып - үйрену.
2.Жергілікті жердің топырағының құрылымына, құнарлылығына, эрозиясына және т.б. бақылау жүргізу.
Қазақстанның биологиялық ресурстары (2 сағат)
Қазақстан аумағының өсiмдiк жамылығысы. Тіршілік үшін өсімдіктердің маңызы. Өсімдіктерді қорғау.
Қазақстанның жануарлар дүниесi. Биологиялық ресурстардың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетiндегi маңызы. Өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау шаралары. «Қызыл кітаптың» маңызы.
Өз облысы мен жергiлiктi жердiң биологиялық ресурстары.
Практикалық жұмыс.
1.Өсiмдiктер картасын пайдаланып, Қазақстан аумағында кездесетiн өсiмдiктер қауымдастығын анықтау.
Қазақстанның табиғат кешендерi (6 сағат)
Табиғи аудандастыру: табиғат зоналар және табиғи аудандар, олардың бөлiну принциптерi. Аудандастыру карталары.
Табиғи зоналар табиғат кешендерiнiң бейнесi iспеттес. Олардың компоненттерiнiң өзара байланысы мен бiр–бiрiне тәуелдiлiгi. Қазақстанның орманды дала, дала, шөлейт, шөл табиғат зоналары. Табиғат зоналарының климатына, жер бетi суларына, топырақ–өсiмдiк жамылғысына және жануарлар дүниесiне сипаттама.
Өз облысы мен жергiлiктi жердiң табиғи зоналары, оның экологиялық проблемалары.
Практикалық жұмыс.
1.Табиғат зонасының компоненттері мен ресурстарының бір - біріне тәуелділігін анықтау (таңдау бойынша).
Қазақстан аумағын географиялық аудандастыру (1 сағат)
Аумақты аудандастыру (физикалық - географиялық, тарихи- географиялық, табиғи - шаруашылық, экономикалық және т.б.). аудандастыру ұстанымдары мен факторлары. Қазақстанның табиғи аудандары.
Қазақстанның iрi табиғи аудандары (17 сағат)
Қазақстанның жазықтары (9 сағат)
Ірі табиғи аудандар: Шығыс Еуропа, Батыс–Сiбiр, Тұран, Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа).
Физикалық–географиялық орны. Геологиялық құрылымы және оның рельефтің ерекшеліктері мен пайдалы қазбалардың таралуына әсері. Жер бедерiнiң ұқсастықтары мен ерекшелiктерi. Табиғи ресурстары, оларды пайдалану. Климаттық ерекшеліктері мен агроклиматтық ресурстары. Өзендері мен көлдері. Ендiк зоналық. Зоналық табиғат кешендері. Табиғатты қорғау және қайта жаңғырту.
Қазақстанның таулары (8 сағат)
Қазақстанның таулары: Орал, Алтай, Жоңғар Алатауы, Саур Тарбағатайы, Солтүстiк Тянь–Шань.
Физикалық–географиялық орны. Геологиялық құрылымы және оның рельефтің ерекшеліктері мен пайдалы қазбалардың таралуына әсері. Жер бедерiнiң ерекшелiктерi, геологиялық құрылымы. Табиғи ресурстары. Климаты. Биiктiк зоналылық.
Практикалық жұмыстар:
-
Кескiн картаға Қазақстанның iрi табиғи аудандарын түсiру.
-
Қазақстанның табиғи аудандарының (жазықтары, таулары) профилiн сызу.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғатты қорғау
(6 сағат)
Табиғат ресурстарын пайдалану және қайта жаңғырту. «Табиғат жағдайлары», «табиғат ресурстары», «табиғи орта» ұғымдары. Табиғат ресурстарын пайдалану және қайта жаңғыртудағы география ғылымдарының рөлі. Табиғат қорғау мәселелерiнiң географиялық аспектiлерi. Адамның шаруашылық іс–әрекеті нәтижесінде табиғаттағы өзгерістерге болжау жасау. Табиғатты пайдалану негіздері және табиғат қорғау. Аймақтық экологиялық мәселелер. Ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан аумағындағы табиғи мұралардың Дүниежүзiлiк объектiлерi. Қазақстанның табиғат қорғау заңдары.
Практикалық жұмыстар.
1.Карта және статистикалық мәліметтер бойынша табиғат ресурстарының бір түріне жоспар бойынша (маңызы, құрамдас бөлігі, аумақ бойынша таралуы, табиғат қорғау жолдары мен тәсілдері және табиғатты тиімді пайдалану) сипаттама беру.
9 СЫНЫП
(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік георафиясы пәні, оның физикалық географиямен және қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қазақстан шаруашылығының дамуындағы әлеуметтік–тарихи факторлар, негізгі даму кезеңдері.
Халқы және еңбек ресурстары (4 сағат)
Қазақстан халқы. Халық саны, оның өзгеру себептерi. Таяу және алыс шетелдердегi қазақ халқының саны. Қазақ диаспорасы.
Халықтың орналасуы, халықтың орналасу тығыздығындағы айырмашылықтардың себептерi. Халықтың табиғи қозғалысы (туу, өлiм, табиғи өсiм).
Халықтың ұлттық (этникалық), дiни құрамы. Халықтың жастық және жыныстық құрамы.
Елді мекендер, қала және село халқы. Қалалардың өсуі. Село халқының орналасуындағы географиялық ерекшелiктер.Селоның қазiргi әлеуметтiк проблемалары. Халықтың көші–қоны (миграция).
Еңбекке жарамды жас және еңбек ресурстары ұғымы. Халық және қоршаған орта. Қалалардың экологиялық проблемалары.
Практикалық жұмыс:
1.Қазақстан халқының тығыздығын анықтау: а) елдегi халықтың орташа тығыздығы; б) жергiлiктi жердегi халықтың орташа тығыздығы.
2.Халықтың құрамы, құрылымы және орналасуы жөнiнен диаграмма құру (оқулықтың қосымшасындағы статистикалық материалдарды пайдаланыңыздар).
Қазақстанның шаруашылық географиясы (14 сағат)
Шаруашылыққа жалпы сипаттама (1 сағат)
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму тарихы. Ресей құрамындағы Қазақстан. ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіп өндірістерінің қалыптасуы. ХІХ–ХХ ғғ. Темір жол құрылыстары. Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан. Ғылыми–техникалық революция кезеңіндегі Қазақстанның шаруашылығы. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы жаңа кезеңдер. Қазақстан шаруашылығының дүниежүзілік экономикадағы рөлі мен орны. Экономикалық потенциалы мен даму болашағы.
Шаруашылық құрылымының ерекшелiктерi және оның жетекшi салалары, оларды орналастыру принциптерi. Қазақстан шаруашылығында өнеркәсiптің рөлі. Өнеркәсiп салаларының орналасуы мен дамуына әсер етушi факторлар. Тәуелсiз Қазақстан жағдайындағы өңдеушi өнеркәсiптiң даму саясаты.
Отын–энергетикалық кешен (3 сағат)
Елiмiздiң шаруашылығындағы маңызы, саланың құрамы. Қазақстанның отын ресурстары. Шетелдiк фирмалармен бiрлесiп жұмыс iстеу.
Мұнай өнеркәсiбi. Мұнай өндiретiн негiзгi аудандары, iрi кен орындары, оларды игеру мәселесi. Мұнай құбырлары: Мұнай саласының қазiргi жағдайы, негiзгi мәселелерi және даму болашағы.
Газ өнеркәсiбi. Негiзгi кен орындары. Құбыр жолдары жүйесi. Елiмiздiң экономикасындағы газ саласының рөлi. Қазақстанда iшкi газбен қамтамасыз ету проблемалары. Әлуметтік және экологиялық проблемалары.
Көмiр өнеркәсiбi. Отын–энергетикалық кешендегi көмiр өнеркәсiбiнiң рөлi. Негiзгi көмiр бассейндерi, оларды шаруашылық тұрғыда бағалау. Қазақстандағы көмiр қоры және оны өндiру. Жер асты және ашық әдiспен өндiру. Көмiрдi пайдалану. Көмiр өндiрiлетiн аудандардың әлеуметтiк және экологиялық проблемалары.
Электр энергетикасы, оның маңызы. Электр станцияларының түрлерi. Электр энергиясын өндiрудегi түрлi типтегi станциялардың үлесi. Аймақтық энергетикалық жүйе құру. Түрлi типтi электр станцияларының қоршаған ортаға жағымсыз әсерi. Табиғатты қорғау шаралары.
Практикалық жұмыс:
1.Шаруашылық құрылымының сызбасын құрастыру.
2.Кескiн картаға мұнай және газ кен орындарын, негiзгi көмiр бассейндерi мен электр станцияларын түсiру.
Металлургия кешенi (3 сағат)
Салалық құрамы, орналасу ерекшелiктерi, шикiзат базасы, iрi орталықтары. Республика экономикасындағы металлургия өнеркәсiбiнiң орны мен маңызы, басқа салааралық кешендермен байланысы.
Қара және түстi металлургия, салалық құрамы. Республика бойынша қара металлургияның дамуы: шикiзат базасы, кәсiпорындарының орналасу ерекшелiктерi, iрi орталықтары.
Қазақстан – түстi металдарды өңдеудегi iрi аудан. Рудаларды өндiру мен оларды қайта өңдеудегi негiзгi аудандар. Металлургия және қоршаған орта. Шетелдiк фирмалармен бiрлесiп жұмыс iстеу.
Практикалық жұмыс.
1.Карта және статистикалық материалдар бойынша бiр металлургиялық базаға сипаттама беру.
Машина жасау кешенi (2 сағат)
Елiмiздiң экономикасындағы машина жасаудың маңызы. Салалық құрамы, басқа салааралық кешендермен байланысы. Машина жасау кәсiпорындарының орналасу факторлары. Негiзгi аудандары мен орталықтары. Тәуелсiз Қазақстан жағдайында бiрлескен кәсiпорындар құру.
Практикалық жұмыс:
1.Карта мен статистикалық материалдарды пайдаланып, машина жасау кешенiнiң бiр саласына жоспар бойынша сипаттама беру.
Химия өнеркәсiбi кешенi (1 сағат)
Салалық құрамы, орналасу ерекшелiктерi, iрi кәсiпорындары және оның дамуы, басқа салааралық кешендермен байланысы. ҒТП ғасырындағы химия өнеркәсiбiнiң маңызы. Құрылыс материалдары өндiрiсi. Ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсiбi. Химиялық қалдықтармен ластанған қоршаған ортаны залалсыздандыру.
Практикалық жұмыс.
1.Химия өнеркәсiбiнiң салалық құрамының сызбасын құрастыру.
Агроөнеркәсiптiк кешен (3 сағат)
Агроөнеркәсiптiк кешеннiң құрамы және оның шаруашылықтағы маңызы. Ауыл шаруашылығы – кешендегi негiзгi сала. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Ауыл шаруашылығының материалдық - техникалық базасы.
Қазақстанның жер қоры. Жайылымдық және шалғынды жерлер.
Қазақстанның өсiмдiк шаруашылығы. Табиғат жағдайларына тәуелдiлiгi. Бидай шаруашылығы, таралған аудандары, олардың өсуiне табиғи және экономикалық факторлардың әсерi.
Қазақстан - iрi мал шаруашылықты аймақ. Негiзгi салалары және олардың республика аумағы бойынша таралуы. Республиканың мал шаруашылығының даму болашағы.
Ауыл шаруашылығы шикiзаттарын қайта өңдеу салалары. Тамақ және жеңiл өнеркәсiп салаларын шикiзат және тұтыну көздерiне таяу орналастыру. Тамақ және жеңiл өнеркәсiптерi дамыған негiзгi аудандар, олардың орналасуы.
Әлеуметтiк инфрақұрылым салалары. Әлеуметтiк инфрақұрылымның маңызы және оның құрамы. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету. Денсаулық сақтау. Бiлiм беру. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Негiзгi рекреациялық аудандар.
Жергiлiктi жердiң агроөнеркәсiптiк кешендерi.
Практикалық жұмыс:
1.АӨК–ң салалық құрамының сызбасын құрастыру..
2.Картадан дәнді және техникалық дақылдардың, сонымен бірге мал шаруашылығының таралуының басты аудандарын анықтау.
3.Тамақ және жеңiл өнеркәсiп орталықтарының орналасуына талдау жасау.
Көлiк кешенi және аумақтық–өнеркәсiптiк байланыстар (1 сағат)
Ел шаруашылығындағы көлік кешенінiң маңызы. Көлік түрлерінің жіктемесі, олардың жүк және жолаушы тасымалдаудағы рөлі. Ірі көлік магистралдары мен оның бағыттары,
Темiр жол көлiгi, оның маңызы. Iрi темiр жол тораптары. Темiр жол көлiгiнiң қазiргi жағдайы және негiзгi мәселелерi.
Автомобиль жолы көлiгi, оның маңызы, пайдалану шарттары. Негiзгi автокөлiк тасымалдаулары. Автокөлiктiң экологиялық және экономикалық проблемалары.
Су жолы көлiгi, оның маңызы, өзен навигацияларының шарттары. Әуе жолы көлiгi. Негiзгi әуе желiлерi және әуе жолы тасымалдаулары.
Құбыр жолы тасымалдары, мұнай және газ құбырлары желiлерi.
Телекоммуникация желiлерi, олардың ақпаратты сақтау және тасымалдаудағы маңызы. Телекоммуникация тораптарының дамуы.
Көлiк және қоршаған ортаны қорғау.
Практикалық жұмыс:
1.Карта бойынша көлiк кешенiнiң тораптарын, оның елiмiздiң аумағы бойынша таралуын оқып - үйрену.
2.Жергiлiктi жердiң көлiк кешендерi жұмысына талдау жасау.
Қазақстанның экономикалық аудандары (11 сағат)
Экономикалық аудандастыру (1 сағат)
Экономикалық аудандастыру принциптерi. Аумақтық еңбек бөлiнiсi.
Орталық Қазақстан (2 сағат)
Ауданның құрамы. Қазақстанның орталық, неғұрлым континенталды бөлiгiнiң географиялық орны.
Экономикалық ауданның республика шаруашылығындағы алатын орны. Табиғи ресурстары. Сумен қамтамасыз етiлу проблемалары. Халқы.
Шаруашылық географиясы. Көмiр – металлургия - машина жасау кешендерiнiң дамуы. Ауыл шаруашылық аудандары. Көлiк кешенi және аумақтық - өндiрiстiк байланыстар. Қарағанды - Темiртау, Балқаш және Жезқазған аумақтық өнеркәсiп тораптары.
Ауданаралық экономикалық байланыстары. Аудан аумағындағы бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар.
Қалалары, олардың даму тарихы. Жоғары концентрациялы өндiрiс жағдайындағы табиғат қорғау мәселелерi.
Практикалық жұмыс.
1.Орталық Қазақстанның табиғат ресурстарының ерекшелiктерiн анықтау. Кескiн картаға пайдалы қазбалар мен олардың кен орындарын түсiру.
Шығыс Қазақстан (2 сағат)
Ауданның құрамы, оның республика шаруашылығындағы алатын орны. Су энергиясы ресурстары. Жайылымдары мен шабындық жерлерi. Халқы. Рудалы Алтай – Қазақстанның ежелгi өнеркәсiптi ауданы.
Мал шаруашылығы мен егiстiк жерлерi. Көлiк кешенi. Өскемен, Семей өнеркәсiп тораптары. Экологиялық проблемалары. Ауданаралық экономикалық байланыстары. Аудан аумағындағы бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар. Қалалары, олардың даму тарихы. Табиғат қорғау шаралары.
Батыс Қазақстан (2 сағат)
Ауданның құрамы, республика шаруашылығындағы алатын орны. Қазақстанның батысындағы Азия мен Еуропаның шегiнде орналасуы. Аумағының жазық болып келуi, далалары, шабындық жерлерi, шөлдерi, климатының қуаңшылығы, өзендерiнiң суының аздығы, сумен қамтамасыз ету проблемалары. Жер қойнауының байлығы. Халықтың сирек қоныстануы, қала халқы мен село халқы. Әлеуметтiк–экологиялық проблемалары.
Мұнай - газ химия кешендерiнiң дамуы. Еркiн экономикалық зонаның қалыптасу мәселелерi. Мал шаруашылығы және егiстiк жерлерi, балық аулау және балық өңдеу. Көлiк кешендерi. Аумақтық - өндiрiстiк кешендерi мен өнеркәсiп тораптары. Экономикалық ауданаралық байланыстары. Аудан аумағындағы бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар. Қалалары, олардың даму тарихы. Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану.
Практикалық жұмыс.
1.Екi ауданның шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беру (мұғалiмнiң таңдауы бойынша).
Солтүстiк Қазақстан (2 сағат)
Ауданның құрамы, республика шаруашылығындағы алатын орны. Аумағының жазық болып келуi, орманды далалары, далалары және шөлейттерi. Дәндi дақыл егiстiктерiн егуге қолайлы мүмкiндiктерi. Жер қойнауының көмiр, темiр рудалары мен басқа да пайдалы қазбаларға байлығы. Аумағында халықтың қоныстануының бiркелкiлiгi және тығыздығы. Қала және село халқы.
Тың және тыңайған жерлердi игеру. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары. Дәндi дақылдар шаруашылығы мен мал шаруашылығы – аудан шаруашылығының дамуының басты бағыттары.
Ауыр өнеркәсiптiң, әсiресе, тау - кен өндiрiсi мен тау - кен байыту өнеркәсiптерiнiң дамуы. Түстi және сапалы қара металлургияның дамуы. Көлiк кешенi. Павлодар - Екiбастұз аумақтық - өндiрiстiк кешенi. Қостанай, Ақмола және Петропавл өнеркәсiп тораптары. Экономикалық ауданаралық байланыстары. Аудан аумағындағы бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар. Қалалары, олардың даму тарихы. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Оңтүстiк Қазақстан (2 сағат)
Ауданның құрамы, республика шаруашылығындағы алатын орны. Ауданның Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiк - шығыс шегiндегi географиялық орны. Табиғат жағдайларының алуан түрлiлiгi, таулары, тау алды жоталары және жазықтары. Ландшафт климатының алуан түрлiлiгi. Өзендерi – мелиорация мен электр энергиясының көздерi. Жер қойнауының полиметалл және фосфоритке байлығы. Халықтың тығыздығы. Қала және село халқы.
Шаруашылық географиясы. Химия, машина жасау, жеңiл, тамақ және құрылыс материалдары өнеркәсiбi.
Агроөнеркәсiптiк кешеннiң дәндi дақылды, индустриалды және мал шаруашылықты–индустриалды циклдерiнiң маңызы. Бақша егiстiгi, бақтар мен жүзiм өсiру. Мал жайылымдары АӨК–нiң басты саласы. Ауданның көлiк кешенi. Өнеркәсiп тораптары. Арал маңы, Балқаш аудандарының экологиялық проблемалары. Экономикалық ауданаралық байланыстары. Аудан аумағындағы бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк компаниялар. Қалалары, олардың даму тарихы.
Практикалық жұмыс.
1.Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстан экономикалық аудандарының ауыл шаруашылығына салыстырмалы экономикалық - географиялық сипаттама беру.
Қазiргi дүниедегi Қазақстан (3 сағат)
Қазақстанның дүниежүзiлiк картадағы геосаяси орны. Қазақстанның БҰҰ мен басқа да ұйымдарға мүше болып енуi.
Экономикалық байланыс түрлерi: сыртқы сауда; қаржы қатынастары; ғылыми–техникалық байланыстар; шетелдiк инвестициялар; бiрлескен кәсiпорындар құру; кәсiптiк серiктестiк және халықаралық туризм; патенттiк - лицензиялық жүйе; бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы байланыстар; көлiк байланыстары.
Экологиялық проблемаларды шешудегi бiрлескен ұйымдар.
Қазақстанның дүниежүзi экономикасындағы орны. Қазақстанның халықаралық, аймақтық салалық және гуманитарлық мемлекетаралық интеграцияға қатынасы.
Өз облысы мен жергiлiктi жердегi экономикалық байланыстар.
Практикалық жұмыс.
1.Қазақстанның экономикалық байланыстары жөнiндегi мерзiмдiк басылымдардағы статистикалық материалдармен жұмыс жасау.
Табиғат және қоғамның өзара әсерi (1 сағат)
Түрлi табиғат кешендерi компоненттерiнiң өзара байланысы, оларға адамның шаруашылық iс - әрекетiнiң әсерiн ескеру. Табиғи және антропогендi себептердiң әсерiнен табиғат кешендерiнiң өзгеруi. Антропогендi және мәдени ландшафтар.
Физикалық және экономикалық географияның табиғатты пайдалану мәселелерiн зерттеудегi өзара байланысы. Табиғат пен қоғамның қазiргi өзара әсерлесуі.
III.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6–7 сынып оқушылары:
-
қазіргі географияның құрылымын;
-
физикалық географияның пәні мен міндетін;
-
географиялық білім алу көздерін;
-
физикалық географияның зерттеу нысандарын;
-
Солтүстік және Оңтүстік жарты шар материктерін;
-
материктердің географиялық орнын;
-
әр материк табиғатының ерекшеліктерін;
-
материктер мен мұхиттардың ашылуы мен зерттелуінің негізгі кезеңдерін;
-
жалпы географиялық заңдылықтардың көрінісін;
-
геохронологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені;
-
ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалысын, платформалар мен геосинклинальдарды;
-
ірі сейсмикалық және жанартаулық белдеулерді;
-
құрлықтағы ірі жер бедері пішіндерін;
-
мұхит табанындағы ірі жер бедері пішіндерін;
-
климат қалыптастырушы факторларды;
-
негізгі ауа массалары мен басым желдерді;
-
температура, атмосфералық қысым мен жауын–шашынның таралу заңдылығын;
-
климаттық белдеулер мен облыстарды;
-
материктердің ішкі суларын;
-
табиғат кешендері мен материктер табиғатын қорғауды;
-
дүние жүзінің тарихи–географиялық аудандарын;
-
мұхиттарды: географиялық орнын, табиғат жағдайы мен ресурстарын;
-
мұхиттар табиғатының қазіргі зерттелуін;
-
мұхиттардың экологиялық проблемаларын білуі тиіс;
-
география пәні мен міндетін;
-
географияның оқыту нысандарын;
-
Жер және оның қабықтарының ерекшеліктерін;
-
материктер мен мұхиттардың географиялық орнын;
-
жер бедерін бейнелеу тәсілдерін атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;
-
жер бедерінің қалыптасуына сыртқы және ішкі күштердің әсерін;
-
материктердің географиялық орны мен ауданының оның табиғат жағдайына әсерін;
-
ауа массалары, қысым белдеулері, басым желдердің қалыптасуын;
-
клитаттың тіршілікке тигізетін әсерін;
-
дүниежүзілік мұхит суларының Жердегі тіршілік үшін;
-
мұхит ағыстары және олардың қалыптасуын;
-
табиғат кешендерінің зоналық және азоналық жіктелуін;
-
адам әрекетінің табиғатқа әсерін түсіндіре алуы тиіс;
-
материктер мен мұхиттар карталарының түрлерін;
-
материктердің шеткі нүктелері мен олардың координаттары, материктердің ендік пен бойлық бойынша градуспен және километрмен алғандағы ұзындығын;
-
ауа температурасы мен жауын–шашынның жылдық және маусымдық өзгерістерін;
-
ауаның абсолюттік және минимум температурасын;
-
басым желдер мен олардың бағыттарын;
-
әрбір материктегі табиғат зоналарының орналасу ерекшеліктерін анықтай және (немесе) өлшей алуы тиіс;
-
материктер пішіні мен мұхиттар аумағының литосфералық тақталар қозғалысы әсерінен өзгеруін;
-
адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғат кешендерінің өзгеру деңгейін қорытынды жасай алуы тиіс;
-
физикалық–географиялық білімдерін табиғат заңдылықтарын түсіндіру үшін;
-
географиялық зерттеудің қарапайым әдістері мен құрал–жабдықтарын;
-
географиялық карта мен нысандарды, жабдықтар мен саймандарды;
-
географияляқ нысандармен, жабдықтармен және құрал–саймандармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік шараларын;
-
анықтамалық материалдарды, қосымша әдебиеттерді қолдана алуы тиіс.
8–9 сынып оқушылары:
-
Қазақстан географиясы пәнiн;
-
Қазақстанның дүние жүзiнiң картасындағы орнын, жер көлемiн, теңiз жолы және құрылық жолы шекараларының ұзындығын;
-
жалпы топографиялық және тақырыптық карталардағы түрлi объектiлердiң бейнелену тәсiлдерiн;
-
Қазақстан аумағының зерттелу тарихын;
-
Қазақстан халқының жалпы санын, қазiргi туудың, өлiмнiң, табиғи өсiмнiң көлемiн, халықтың көп ұлттылығын, iрi қалаларды;
-
жер бедерiнiң халықтың орналасуына, оның тұрмысына және шаруашылық әрекетiне әсерiне, минералды ресурстарды тиiмдi пайдалану шараларына мысалдар келтiрудi;
-
негiзгi геологиялық дәуiрлердi; аумақтың сейсмикалық қауiптi зоналарын;
-
пайдалы қазбалардың негiзгi ресурсты аудандары мен бассейндерiн; мұнайлы - газды Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстауды; тас көмiрлi Қарағанды мен Екiбастұзды; рудалы Соколов–Сарыбай, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Зырян, Лениногор, Қарағайлы, Арқалық, Хромтауды, фосфатты Қаратау мен Мұғалжарды;
-
кешендердiң салалық және салааралық құрамын; пайдалы қазбалардың кен орындарын;
-
iрi электр станцияларына мысал келтiрудi;
-
негiзгi климат құрушы факторларды; күн радиацияларының негiзгi түрлерiн, климат құрушы ауа массаларының басты типтерiн;
-
су ресурстарының құрамын; оларды қорғау мен қалпына келтiрудiң шараларын; табиғаттың қатерлi құбылыстарын алдын алу шараларын;
-
топырақтың негiзгi зоналық типтерiн; жануарлар мен өсiмдiктердiң Қазақстанға тән типтерiн; жер және биологиялық ресурстарды тиiмдi және тиiмсiз пайдалануға мысалдарды;
-
табиғаттың ерекше қорғалатын аумақтары мен табиғи ескерткiштердi;
-
қоршаған ортаны ластау көздерi мен түрлерiн;
-
табиғи зоналар мен табиғи аудандарды және оларды бөлу принциптерiн, табиғи ресурстардың негiзгi түрлерiн; экологиялық проблемаларды; биiктiк белдеулiк аудандарды; топырақ түрлерiн;
-
машина жасаудың, металлургияның, мұнай, газ, көмiр, химия өнеркәсiптерiнiң негiзгi аудандары мен орталықтарына мысал келтiрудi;
-
көлiк магистралдары мен көлiк кешенiнiң тораптарына мысал келтiрудi;
-
Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сiбiр жазығы, Қазақтың ұсақ шоқылары (Сарыарқа), Тұран жазығы, Жоңғар Алатауы, Алтай, Орал, Тянь -Шань таулары сияқты iрi табиғи аудандарын;
-
Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстiк, Оңтүстiк экономикалық аудандарын;
-
Қазақстанның экономикалық байланыстарын (саяси, экономикалық, финанстық, транспорттық, мәдени және тағы басқа) атауы және (немесе) көрсете алуы тиiс;
-
экономикалық және әлеуметтік географияның негізгі түсініктерін;
-
саяси–экономикалық жағдай, ресурспен қамтамасыз етілу, табиғатты пайдалануды;
-
халықтың өсуі, урбандалу, дүниежүзілік шаруашылық, ғылыми– техникалық революция, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы;
-
қазіргі дүние жүзі елдерінің әлеуметтік–экономикалық типтерін, қазіргі кезеңдегі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым–қатынастар ерекшеліктерін, дүние жүзі табиғат ресурстарының таралуының негізгі заңдылықтарын;
-
дүние жүзі халқының табиғи қозғалысының негізі және географиялық ерекшелігін;
-
дүние жүзі халқының топтастырылуын және олардың жер шары бойынша таралуының негізгі белгілерін;
-
дүние жүзі региондары мен бірқатар елдердегі демографиялық жарылыс себептерін;
-
дүние жүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымының ерекшеліктерін;
-
шаруашылықтың негізгі салаларының орналасу ерекшеліктерін;
-
елдердің шаруашылық мамандануын білуі тиіс;
-
саяси карта бойынша шекаралас мемлекеттердi; карта бойынша сағаттық белдеулердi, түрлi елдi мекендердегi уақыт белдеулерiн;
-
түрлi карталарды салыстыра отырып, Шығыс Еуропа жазығының, Батыс Сiбiр жазығының, Қазақтың ұсақ шоқыларының (Сарыарқа), Тұран ойпатының, Жоңғар Алатауының, Алтайдың, Солтүстiк Тянь–Шаньның жер бедерiнiң тектоникалық құрылым мен сыртқы процестердiң әсерiне тәуелдiлiгiн;
-
климат картасы бойынша күн сәулесiнiң радиациясын, қаңтар мен шiлде айларының орташа және абсолюттi температурасын, жылдық жауын–шашынды, булануды, ылғалдану коэффициентiн, синоптикалық карта бойынша ауа райын;
-
карта және статистикалық материалдар бойынша Ертiс, Жайық, Сырдария, Ембi, Шу, Iле өзен жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;
-
карта бойынша топырақтың негiзгi зоналық типтерiнiң топырақ түзiлу шарттарын; топырақтың және өсiмдiктiң таралуын;
-
карта және басқа да бiлiм көздерiне сүйенiп табиғи ресурстарды және оларды игеру жағдайларын;
-
карта және статистикалық материалдар бойынша Қазақстан аумағында табиғи ресурстардың түрлерiнiң таралу ерекшелiгiн;
-
статистикалық материалдардың көрсеткiшi бойынша халықтың табиғи қозғалысын;
-
карта және статистикалық материалдар бойынша шаруашылық объектiлерiнiң ерекшелiктерiн, жеке салаларының орналасуын;
-
карта бойынша аудандардың экономикалық–географиялық орнын анықтай алуы және (немесе) өлшей алуы тиiс;
-
климатқа байланысты табиғаттың стихиялы құбылыстарын, климаттың адамның өмiрi мен тұрмысына әсерiн, сумен байланысты табиғаттың сұрапыл құбылыстарын;
-
жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң Қазақстанға тән түрлерiн, олардың сыртқы белгiлерiн, өмiр сүру ерекшелiктерiн;
-
табиғи зоналарды;
-
Қазақстанның жер бедерiнiң қалыптасуындағы iшкi және сыртқы күштердiң өзара байланысын;
-
жергiлiктi жердiң өзен аңғарларының дамуын: құлап ағуы, еңiстiгi мен өзен ағысының жылдамдығын;
-
өзен режимiнiң климат пен жер бедерiне тәуелдiлiгiн;
-
топырақтың алуан түрлiлiгi және олардың географиялық таралуын;
-
iшкi және сыртқы миграцияларды, олардың негiзгi себеп–салдарын;
-
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы салаларын сипаттай алуы тиiс;
-
Қазақстан географиясының табиғи және экономикалық проблемаларды шешудегi рөлiн; Қазақстан аумағындағы уақыт айырмашылықтарын;
-
тектоникалық құрылымға байланысты Қазақстанның жер бедерiнiң негiзгi ерекшелiктерiн, неоген - төрттiк дәуiрдегi қозғалыс сипаттарын, пайдалы қазбалардың орналасуын, сыртқы процестердiң әсерiнен жер бедерiнiң өзгеруiн;
-
“күн сәулесi”, ”атмосфералық фронттар”, “циклон”, “антициклон”, “ылғалдану коэффициентi” ұғымдарын;
-
атмосфера циркуляциясын, жер бетiнiң төсенiш сипатын, циклондар, антициклондар, атмосфералық фронттар және олардың ауа райының күйiне әсерiн, климаттың негiзгi түрлерiнiң ерекшелiгiн, түтiннiң пайда болуын;
-
негiзгi өзен жүйесiнiң ерекшелiгiн, су ресурстарының таралу заңдылықтарын;
-
«топырақ» ұғымын, топырақтың зона бойынша таралуын;
-
«табиғи зона», «ендiк зоналылық», «биiктiк белдеулiк» ұғымдарын; ендiк зоналылық пен биiктiк белдеулiктiң пайда болуын, ландшафтардың зоналылық және азоналылық саралану себептерiн; адамның шаруашылық iс–әрекетiн және экологиялық проблемаларды;
-
«қала», «еңбек ресурстары» ұғымдарын, халық санының табиғи және механикалық қозғалыстарға тәуелдiлiгi;
-
«металлургиялық база», «энергиялық жүйе», «отын–энергетикалық баланс» ұғымдарын;
-
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi рөлiн түсiндiре алуы тиiс;
-
табиғат компоненттерiндегi және геожүйедегi өзгерiстердiң адам организмiне әсерiн;
-
адамның iс–әрекетiнiң жеке аумақтардың климаты мен микроклиматына әсерiн;
-
атмосфераның, жер бетi суларының, топырақ жамылғысының және соған байланысты геожүйенiң ластануын;
-
өзен, көл, жер асты суларының адамның iс–әрекетiне байланысты өзгеруiн, су қоймаларын құрудың салдарынан табиғи кешендердiң өзгеруiн;
-
адамның iс–әрекетiнiң салдарынан топырақ, өсiмдiк жамылғысының және жануарлар дүниесiнiң өзгеруiн;
-
табиғи кешендердiң адамның iс–әрекетiнiң салдарынан өзгеруiн болжай алуы тиiс;
-
елдердің саяси - географиялық жағдайына сипаттама беруді;
-
оқулық мәтінін, күнделікті баспасөз құралдары мәліметтеріне талдау жасау, жекелеген региондардың түрлі табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі туралы;
-
түрлі білім көздеріне сүйене отырып, дүние жүзінің региондарындағы халықтың орналасуы, құрамы және ұдайы өсуіндегі айырмашылықтары мен жалпы белгілерін анықтау;
-
карталар және статистикалық мәліметтер негізінде дүние жүзіндегі өнеркәсіптің жетекші салаларын орналастыру факторларын айқындау;
-
дүние жүзінің шаруашылығы мен халқына сипаттама беру;
-
оқулық пен атлас карталарын оқи және талдай білу;
-
оқып - үйренген тақырыптар бойынша хабарлама және реферат дайындау;
-
халықтың табиғи өсуінің түрлерін және миграция себептерін анықтау және түсіндіру;
-
адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа тигізетін әсерінің аумағын бағалау;
-
экологиялық проблемалардың туындау себептері мен зардаптарын және оны шешу жолдарын анықтау;
-
жинақталған білімді табиғи және антропогендік сипаттағы төтенше жағдайларда пайдалана білуді түсіндіре алуы тиіс.
IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«География» оқу пәнінің мазмұны жаратылыстану - ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану - ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану - ғылыми дүниетанымы сияқты мазмұндық желілерге сәйкес құрылған.
Тұлғаға - бағдарланған білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі бағдарламада берілгендей білім беруді күтілетін нәтижелерге бағдарлау болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік жалпыға міндетті беру стандартындағы (ҚР МЖМБС 2.3.4.01–2010) оқыту сапасын көтеру мен оқушыларды тәрбиелеу талаптарымен келісіліп қойылған.
6 сыныпта «Жаратылыстану» курсынан география пәнінің курстарын оқытуға логикалық түрде көшу жүзеге асырылып, ол ары қарайғы оқушылардың білім географиялық алуына негіз болады.
Географиядан 6-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша берілген міндетті мазмұн көлемін сақтай отырып, оны оқытудың түрлі тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі география пәні оқушылардың алғашқы курсы физикалық–географияның алғашқы түсініктері мен ұғымдарын бере келе, ары қарай адамның табиғатпен қатынасы, халықтар туралы біліммен ұштастырылады.
Оқу бағдарламасында биосфераны сақтау бойынша дүниежүзілік экологиялық саясатты жүргізудің қажеттігі мен адамзаттың орнықты дамуы мәселелерін шешудегі оқытудың геоэкологиялық тәсілдері мен ерекше көңіл бөлінген.
Қазақстанның қоғамдық және шаруашылық тұрғыда дамуына орай мектеп географиясының мазмұнына өлкетану, топонимика, табиғи–тарихи және мәдени мұра, туристік - рекреациялық ресурстар, туризм индустриясы, инновациялық саясат, геосаяси жағдайы, кластер, стратегия және т.б. терминдер мен ұғымдар енгізілді.
Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалдарының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, картадан көрсетіп, атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болады.
Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың ғылыми - географиялық мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ол практикалық - бағдарланған тапсырмалардың кешенді сипатын қамтиды, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзыреттіліктерді шешуді қамтиды.
Географиядан оқу бағдарламасының астрономия, физика, биология, химия және тарих пәндерімен пәнаралық кіріктіруді жүзеге асыру мүмкіндігі зор. Бұл бір жағынан оқушылардың географиялық білімін тереңдетуге, әсіресе табиғи процестер мен құбылыстарды, географиялық қабықтың байланыстарын оқып - үйренуге көмектеседі. Екінші жағынан – аралас пәндер бойынша қоғамдық және табиғи объектілер туралы географиялық білімін толықтырады.
Географияны әртүрлі көрнекі құралдарды – оқулықта берілген сурет, сұлба, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып - үйренудің маңызы зор.
Географияны оқыту жүйесінің басты құраушыларының бірі оқушылардың оқыту үдерісіне белсене араласуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу іс–әрекеттерін ұйымдастырушы рөлін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |